1-тақырып. Этикалық шешім қабылдау.Қамқорлық этикасы


АДАЛДЫҚ ЖӘНЕ ҚАСАҚАНА ІСТЕМЕУШІЛІК



бет5/9
Дата08.02.2023
өлшемі63,83 Kb.
#66322
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
4-6 дәріс

3. АДАЛДЫҚ ЖӘНЕ ҚАСАҚАНА ІСТЕМЕУШІЛІК
3.1. Журналист адалдық пен қасақанашылдық емес қағидаттарын ұстанады, кез-келген сырттан жасалатын қысымды жоққа шығарады.
3.2. Журналист кәсіби міндеттерін орындау барысында ақпарат алудың заңды тәсілдерін қолданады, ақпарат көзіне қысым көрсетпейді.
4. СЕНІМДІЛІК ЖӘНЕ ОБЪЕКТИВТІЛІК
4.1. Журналист объективтілік, қасақана емес қадам жасау қағидаттарын ұстанады.
4.2. Журналист белгілі бір мәселелер бойынша пікірлердің толық ауқымын қаперге алады және өзі сенімділігіне көз жеткізген ақпаратты ғана жариялайды.
4.3. Сенімділік, толықтық және объективтілік мақсатында журналист ақпараттарды түрлі көздерден алу үшін барынша күш-жігер жұмсайды.
4.4. Журналист өзінің қызметінде деректерді, пікірлерді, бағамдарды, болжамдарды, нұсқаларды және жорамалдарды жеке көзқарасы тұрғысынан нақты айыра біледі.
5. ДЕРЕККӨЗДЕР ЖӘНЕ ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ
5.1. Егер дереккөздің кінәсінен шындықты саналы түрде бұрмалаушылық орын алған немесе оны көрсету дүрбелеңнің, саяси немесе әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың болмаса жалпыұлттық ауқымдағы материалдық зиянның алдын алудың жалғыз тәсілі болып табылған жағдайларда журналист дерек көзінің ақпаратын ашу немесе құпиялылығын сақтау туралы шешімді өз бетінше қабылдайды.
5.2. Журналист құпия ақпаратты өзінің кәсіби қызметінде жеке мүддесі немесе басқа адамдардың мүддесі үшін пайдаланбайды.
6. ЖЕКЕ ӨМІРДІ, АР-НАМЫСТЫ ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК ҚАСИЕТТЕРДІ ҚҰРМЕТТЕУ
6.1. Журналист жеке өмірді, адамдық ар-намыс пен іскерлік қасиетті құрметтеу қағидатын басшылыққа алады.
6.2. Журналист азамат пен заңды тұлғаның заңнамалық тұрғыда қарастырылған жағдайлардан басқа кездерде қандай да бір ақпаратты ұсынудан бас тарту құқын мойындайды.
6.3. Журналист айрықша кінәсіздік қағидатын ұстанады.
7. БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
7.1. Журналист зияткерлік меншікті, оның ішінде өз әріптестерінің кәсіби қызметінен туындайтын зияткерлік меншік құқын құрметтейді.
7.2. Журналист әріптестерінің құқығын құрметтейді және адал бәсекелестік заңнамаларын ұстанады.
7.3. Журналистер кәсіби парызын орындау кезінде зардап шеккен өзінің әріптестеріне жәрдем көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет