Өзіндік жұмыстартапсырмалары 1. Жақсы тілшілер әдетте өздеріне қажеттен көбірек ақпарат жинайды деген пікірге көзқарасаңыз. 2. Тілшілер жариялаған мақаласының немесе дайындаған сюжеттерінің ақыры не болатынын болжай білуі керек пе? 3. Тілшінің оқиғаны қайта жасақтауы, фокусты өзгертуі оқырманда қандай пікірдің қалыптасуына ықпал етті? 4. Тілшілер әдетте сенімді және нақты дереккөздерге ғана сүйенеді. 5. Материалға қарама-қайшы пікірлер енгізу үшін тілшінің қандай міндеттемелерді орындауы керек? 6. Қандай да бір сыни пікірлерді енгізу үшін ол пікірлер қандай талаптарға жауап беруі тиіс және оны тілші қалай анықтайды? 7. Тілшілер күн сайын өз мақаласы мен сюжеттеріне қай деректі енгізіп, қайсысын қалдыру керектігін ойлап бас қатырады.
Бақылау жұмыстары 1. Журналист қоғамның ақпаратқа деген қажеттілігі мен одан келуі мүмкін зиянның, келеңсіздіктердің алдын алуда тепе-теңдікті сақтауы тиіс пе? 2. Ақпаратқа кейіпкер болған немесе қамтылып отырған адамдарға құрмет көрсетіп, жәбірленушілер мен қарапайым дереккөздердің де өміріне қатер төндіріп алмау туралы өз ойыңызды айтыңыз. 3. Әр адамның құндылықтары мен оның нәсілі, ұлты мен өзге де ерекшеліктері ескеру керектігі туралы көзқарасыңыз. 4. Мәліметтерді заңды жолмен алу мен ақпаратты жариялауда әдептілік негіздері бойынша ақ пен қараны ажыратудың айырмашылықтарын тану маңызды. 5. Жеке басқа қатысты ақпаратты жарияламастан бұрын, оның кесірі тиіп кету мүмкіндігін таразылайсыз ба? 6. Жарияланатын ақпараттың ұзақ уақыт бойы ақиқат күйінде қалуының қандай да бір формула немесе қағида бар ма?