1-тақырып. Этикалық шешім қабылдау.Қамқорлық этикасы


ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК



бет6/9
Дата08.02.2023
өлшемі63,83 Kb.
#66322
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
4-6 дәріс

8. ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
8.1. Журналист зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қатері, тіл тигізу, материалдық немесе моральдық зардап жағдайында Қазақстан заңнамасында қарастырылған тәртіп бойынша сот және басқа да барлық қорғану кепілдіктерін пайдаланады.
8.2. Журналист Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын мойындайды және оны бұзғаны үшін жауапкершілікті сезінеді. Дегенмен, Кодекс журналисті заңды және жеке тұлғалар тарапынан сот тәртібімен қудалауға негіз болмайды.
8.3. Журналистің Кодекс ережелерін бұзуы моральдық жазғыруға ұшырайды.
ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Аталған Кодекс журналистердің - Қазақстан азаматтарына және қатысы бар.
Журналистің Кодекске қарым-қатынасы - ар-ұятына байланысты. Кодексті ұстануға немесе бұзуға мәжбүрлеуге жол берілмейді.
Қазақстан Журналистер одағы және
Бас редакторлар клубы басқармаларының
бірлескен отырысында қабылданды.
2012 жылғы 30 қазандағы № 1 хаттама.
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары:
1. Кұкықтык актілердегі этикалык нормалар мен ережелер.
2. Шетел журналистикасының этикалық кодекстері.
3. «Журналистің кәсіптік этикасы Кодексінің» міндеттері.
Негізгі әдебиеттер:
1.Бейнбриж Ж. Медиа және журналистика: теория мен практикаға жаңа көзқарас : оқулық / Ж. Бейнбриж, Н. Гок, Л. Тайнан. - 3-ші бас. - Алматы : "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2019. - 592 с. - (Рухани жаңғыру)
http://rmebrk.kz/search/?search=%D0%B6%D1%83%D1%80%http://rmebrk.kz/search/?search=%D0%B6%D1%83%D1%80
2.Абишева В.Т. Электронные СМИ: язык и стиль : учебное пособие для студентов, обуч. по спец. 050504 "Журналистика" / В. Т. Абишева. - Алматы : Эверо, 2020. - 212 с
http://rmebrk.kz/search/?search=%D0%B6%D1%83%D1%80
3.Дудинова Е.Н. Этика журналиста : учебное пособие / Е. Н. Дудинова ; КазНУ им. аль-Фараби. - Алматы : Қазақ университеті, 2017. - 266
http://rmebrk.kz/search/?search=%D0%B6%D1%83%D1%80
4. Әлімжанова А.Б Мультимедиялық журналистика:монография/А.Б Әлімжанова-Алматы:Қазақ университеті,2020.-163б ISBN 978-601-04-4773-8

Қосымша әдебиеттер:


1.Barlybaeva S. Audiovisual and digital media : educational manual / S. Barlybaeva. - Almaty : Qazaq university, 2019. - 162 с


http://rmebrk.kz/search/?search=%D0%B6%D1%83%D1%80
2.Абишева В.Т. Электронные СМИ: язык и стиль : учебное пособие для студентов, обуч. по спец. 050504 "Журналистика" / В. Т. Абишева. - Алматы : Эверо, 2020. - 212 с http://rmebrk.kz/search/?search=%D0%B6%D1%83%D1%80

3.Рамазанова Ж.С. Телерадиожурналистика : Практикум / Ж. С. Рамазанова. - Алматы : "Эверо", 2019. - 100 с


http://rmebrk.kz/search/?search=%D0%B6%D1%83%D1%80.

5.Әбдіжәділқызы Ж. Тележурналистика : оқу құралы / Ж. Әбдіжәділқызы ; Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. - Алматы : Қазақ университеті, 2018. - 154 с http://rmebrk.kz/search/?search=%D0%B6%D1%83%D1%80


10.Асанов Қ.Д. Сөз өнері және журналистика : Оқу құралы / Қ. Д. Асанов. - Алматы : "Эверо", 2020. - 176 с


Бейнбриж Ж. Медиа және журналистика: теория мен практикаға жаңа көзқарас : оқулық /
http://rmebrk.kz/search/?search=%D0%B6%D1%83%D1%80
11.Введение в журналистику : Хрестоматия : Учебное пособие. - М. : Высшая школа, 1986. - 336 с
Дудинова Е.Н.
http://rmebrk.kz/search/?search=%D0%B6%D1%83%D1%80
11.Қазақстан журналистерінің тәжірибесінен: Тәжірибелік нұсқаулық. - Алматы : MediaNet Халықаралық журналистика орталығы, 2008. - 432 с
http://rmebrk.kz/search/?search=%D0%B6%D1%83%D1%80
12.Жақсылықбаева Р.С.Журналист этикасы.Оқу құралы. Алматы «Қазақ университеті» 2017ж.
13. Сұлтанбаева Г., Әліқожа Б. Медиа және ақпараттық сауаттылық. Оқытушыларға көмекші құрал. Алматы.«Қазақ университеті» 2018ж.
14. Колесниченко А.В. Практическая журналистика:15 мастер-классов.Учебное пособие- М:Аспект-Пресс, 2018,-112 с.
15.Тер-Минасова С.Г. Тіл және мәдениетаралық коммуникация. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қоры, 2018 . -320 б.
16Ли Энн Пек, Гай С. Рил.Медиаэтика. Жасмамандар тәжірибесінен. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы. – 2018 жыл. – 304 бет.
17. Пинкер С. Тіл – инстинкт. Ағылшын тілінен аударма / Жалпы редавтор В. Д. Мазо. — М.: Едиториал УРСС, 2019. - 456 б.
18.Янсон Т. Тіл тарихы: Кіріспе. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 244 бет.
19.Фромкин В., Родман Р., Хайамс Н. Тіл біліміне кіріспе. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 624 бет.
20.Л.Э,Пек .,Г.С.Рил. Медиа этика жас мамандардың тәжірибесінен .Алматы: Ұлттық аударма бюросы – 2019ж
http://rmebrk.kz/search/?search=%D0%B6%D1%83%D1%80.


6-дәріс. Кәсіби және жеке стандарттарды қорғау.Интернеттегі ақпараттарды тексеру. Интернет арқылы алдау, әлеуметтік медиа, осал адамдарды қорғау. Объективті болу, оқиғаның мән-жайын анықтау
Дәрістің негізгі терминдері
1. Фотожурналистика – фотосуретті негізгі ойды білдіру құралы ретінде қолданатын журналистиканың ерекше түрі. 2. Фрилансер – әртүрлі компанияларға немесе әртүрлі тапсырысшыларға жұмыс істейді, сонымен бірге бизнес-әріптестерді және клиенттерді өзі таңдайды. 3. Блог (ағылш. blog, web log дегеннен, «желі журналы не оқиға күнделігі») – үнемі жаңаланатын қысқа жазбалардан, суреттерден, таспалардан тұратын мәнді мағлұматы бар желі. 4. Поттер қорабы – этикалық шешім қабылдау үшін қажетті қарапайым ұсыныстарды қамтиды. Ол этикалық пайымдаудың төрт өлшемі: дерек, құндылық, принцип, адалдыққа негізделген. Саяси кампания – саяси партиялар мен үміткерлерге сайлау кампаниясын дайындау мен тиімді өткізу. Саяси менеджер – саяси кампания жетекшісі, оның негізгі мақсаты – саясаткерге, мемлекеттік басшылыққа немесе басқа мүдделік топтарға саяси кампанияны ұйымдастырып, өткізуге көмектесу. Саяси технологиялар – нақты субъектінің белгілі бір уақыт пен белгілі бір жерде мақсаттары мен міндеттерін оңтайлы және тиімді жүзеге асыруға бағытталған, бірінен соң бірі қолданылатын процедуралар, қызмет әдістері мен тәсілдер жиынтығы. Facebook (ағылш. [ˈfeɪsˌbʊk], қаз. Фейсбук) — әлемдегі ең ірі әрі ең танымал әлеуметтік желі. 2004 жылы Марк Цукерберг Facebook-тың негізін қалаған. Twitter (ағылш. twitter «сайрау», ауыспалы мағынасы «көп сөйлеу») – қысқа мәтіндік жазбалар жазуға арналған веб-сайт немесе жүйе.
Моральдық даму теориясы. Адалдық
Дэвид Калверт 25 жасынан бастап бірнеше жыл бойы ұлттық телеграф қызметі, газеттер мен басқа да клиенттер үшін фото түсірумен айналысқан. Жоғары оқу орнында фотожурналистикадан сабақ беретін ұстазының да оның таңдауын қолдағаны оны тіптен шабыттандырып жіберді. Колледж бітірген соң штаттан тыс фото бизнес ашып, ірі жаңалықтарды, ұлттық спорт шаралары мен маркетингтік кампанияларды, тіпті тойларды да суретке түсіріп жүрді. Жақсы табыс тапқанына, өз шығармашылығына, тапсырмалардың әралуандығына разы еді. Калверт өзінің мектебі мен жұмыс тәжірибесінің арқасында этикалық және кәсіби қызметінің стандарттарын жасады. Ол жаңалықтар суретін өзгертуді дұрыс емес әрі аудиторияны алдау деп түсінді. Қиып, аздап өңдеуден басқа өзгерістер жасауға болмайды деп санады. Көптеген кәсіби семинарлар, сабақтар мен ұстаздары да оның бұл стандартын бекіте түсті. Бірақ бірде ол ірі спорт жарысында түсірілген суреттің басылым бетіне дайындалып жатқанын көріп, қатты таңданып қалды.
Ой құралы
Гарвардтың әлеуметтік этика профессоры Кіші Ральф Поттер ашқан Поттер қорабы этикалық шешім қабылдау үшін қажетті қарапайым ұсыныстарды қамтиды. Ол этикалық пайымдаудың төрт өлшемі: дерек, құндылық, принцип, адалдыққа негізделген. Этикалық дилеммаларды шешу үшін алдымен деректерден бастап, құндылықтарды анықтап, принциптерді айқындап, сосын адалдықтың қаншалықты маңызды екенін білу керек. Соңғы жол дилемманы шешудің төте жолына әкеледі. Қажет болса, бұл процесс дерек, құндылық, принцип және адалдық сәйкескенше және шешім қабылданғанша қайталана береді. Деректер. Адалдық. Құндылықтар. Принциптер. Калверт жаңалықтардағы суреттердің дұрыс болуы керектігіне, кәсіби мамандардың шынайы болуы керектігіне сенді. Адамгершілік құндылығы оның фотографты жария түрде масқаралайтын әрекетке бармауынан көрінді. Нақты құндылықтардың маңызын түсіну проблеманы шешу кезінде нақты әрекеттерді бағалауға мүмкіндік береді. Принциптер. Құндылықтарды түрлі этикалық жүйелердің призмасы арқылы қарастыру әрекет ету мүмкіндіктерін құрастыруға жол ашады. Бұл принциптер Аристотельдің доктринасын, Канттың категориялық императивін немесе Милльдің пайдалылық принципін қамтуы мүмкін. Калверттің жағдайына келсек, Аристотельдің доктринасына сүйенсе, ол экстремалды әрекеттерді анықтай алады – ештеңе істемей отыра береді немесе кәсіби фотографтарға арналған сайтта өзі түсірген видеоны жариялайды, әрекет ету жолдарын ойластырды.
Тығырық: әшкере ету керек пе, әлде үнсіз қалған жөн бе?
Канттың категориялық императиві бойынша Калверт газет редакторына хабарласып, оған фотографтың өтірік айтқаны туралы хабарлай алады, яғни егер біз Канттың теориясы бойыншаешкім өтірік айтпауы керек десек, онда өтірікті жазалап, шындықты көтермелеу керекпіз. Милдің утилитарлық принципі бойынша санды емес, сапаны ескеретін балама таңдауымыз керек. Біз қарастырған жағдайда фототілшінің үндемей қалғаны тек оның өзіне ғана пайда әкеліп, мамандық пен қоғамға кесірін тигізді. Ал ол туралы әңгіме болса, қоғамға да, мамандыққа да пайдасы тиіп, кәсіби стандарттарды қадағаламаған фототілші ғана сынға ұшырар еді. Адалдық. Процестің бұл сатысында кімге, неге адал екенін анықтау пайымдауды жеңілдетеді. Бұл жағдайда Калверттің өзіне, өзінің мамандығына және қоғамға деген тұрлаулылығын атауға болады. Ол өзінен басқа фототілшіге деген адалдықтың қоғам мен мамандыққа деген адалдықтан да маңызды болуы мүмкін бе деп сұрауы мүмкін. Мамандыққа деген адалдық, қоғамға деген адалдық фотолардың өңделуін болдырмауды талап етеді. Мамандыққа немесе қоғамға адал болу туралы шешім қабылданған кезде бағыт айқын болады. Тек бұл шешімді сыйластық пен тиімділікке негіздей отырып, қалай қабылдауға болатынын анықтау керек.
Шешім: кеңесшіден көмек сұрау
Калверт бұл дилемма туралы екі күн ойланды. Әрине, проблема басқа тараптан толық болмаса да шешімін тапты. Бірақ қоғамдық көзқарасы айқын болмай қалды. Кейбір редакторлар «қателікті түсінгендіктен», фотоны өзгерткен тілші жұмысын жалғастырып, жұртты тағы да алдайтын еді. Калверт желілік қызмет архивінен осы фотографтың басқа да суреттерін тапты. Осы мамандықтың иесі ретінде Калверт кәсіби стандарттардың орындалғанын қалады. Егер ол стандарттардың бұзылғанын көріп тұрып, елеусіз қалдыратын болса, онда өзінің стандарттарды орындамағаны деп ойлады. Себебі ол стандарттар фотожурналистикаға деген қоғамдық сенімді қолдау үшін керек деп ұқты. Ол өзі сенетін стандарттарды қорғауды парызым деп санады.
Іс-әрекет құралы: этика кодексі
Визуалды журналистиканы дамытумен айналысатын Фототілшілердің ұлттық ассоциациясының Этикалық кодексі визуалды журналистердің стандарттары мен идеалдарын айқындайды. Кодекстің қосымшасында келесі ережелер жазылған: Визуалды журналистер қоғамның қамқоршысы секілді әрекет етуі керек. Біздің негізгі рөліміз – қоршаған ортадағы маңызды оқиғалар мен көзқарастарды визуалды түрде көрсету. Біздің негізгі мақсатымыз – объектіні нақты көрсету және тура сипаттау. Визуалды журналист ретінде біз қоғамды ақпараттандырып, образдар арқылы оның тарихын сақтауымыз керек. Фотосурет пен видео ұлы ақиқатты анықтап, қателіктерді тауып, үміт сыйлап, визуалды түсінік арқылы әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдарды бір-бірімен байланыстыра алады. Фотолар өзгертілген болса, ол басқаларға кесірін тигізуі мүмкін. Кодекс екі бөлімнен тұрады. Біріншісінде визуалды журналистердің күнделікті жұмыстарында сүйенетін стандарттар белгіленген.
Соңы: кәсіби стандарттарды қорғау
Редактор блогындағы хабарламадан кейін желілік қызмет фотографпен келісімшартты бұзды. Кейін фрилансердің архивтегі бұрынғы суреттерін де өшірді. Архивтегі суреттерді де өшіру қалыпты жағдай ма, әлде оған электронды пошта әсер етті ме, ол жағын Калверт білмейді. Бірақ желілік қызмет бұл құқық бұзушылықты байыппен қабылдап, толығымен қарастырды. Калверт өз мамандығының кәсіби стандарттарын қорғап, адал, орынды және тиімді әрекетке бардым деп ойлады. «Ондай адамдар үнемі ерекшеленіп тұрады. Мен бұлай еткеніме разы емеспін, бірақ жаңалықтар қызметі өз фотографтарының бірі этикалық принциптерді бұзып жүргенін білгені жөн деп ойладым. Жұрт не болып жатқанын білуі керек», – дейді Калверт. Егер... Сіз – жергілікті телеарнаның тілшісісіз. Radio Television Digital News Association ұйымының Этикалық кодексімен және жұмыс орныңыздың этикалық ережелерімен таныстыңыз. Онда суреттер мен видеоны өзгерту және жалған видеоларды қолдану этикаға сай келмейтіні, оларды қолданған жағдайда журналистің жұмыстан қуылатыны туралы айтылған. Бірақ сіз әріптестеріңіздің өз стандарттары бар екенін білесіз. Этикалық мәселе туралы айта бастасаңыз, редакцияда жұмыс істеудің өзі қиынға соғатынын байқайсыз. Сосын жұмысыңызды дұрыс атқарып, байсалдылық танытқанды жөн көресіз. Бірақ үш айдан кейін айналадағылардың этикаға сай келмейтін әрекетіне алаңдай бастайсыз.
Оқиға: жоғары деңгейдегі саяси кампания
Элон университетінде стратегиялық коммуникациялар мамандығы бойынша оқитын Николь Миллер алғашқы тағылымдамасында президенттікке үміткер кандидаттардың бірін қолдады. Оқудан тыс уақыттарда ол кандидатты қолдауға, кампанияның жұмысын белсенді орындауға, тағылымдаманың талаптарына сай болуға тырысты. Ол кезде Миллер саясат әлемі туралы ештеңе білмеген еді. Бұл саламен тағылымдама барысында танысамын деген ойда болды. Ол күн сайын кандидаттың атынан сөйлейтін бұқаралық медиамен, түрлі қауымдастық өкілдерімен тығыз байланыста болды. Тағылымдама барысында жақсы жазуды, стратегиялық ойлауды үйренді. Сөйте тұра, өзіне саяси мансаптың қажет емес екенін түйсінді. Миллер өкілдік еткен саяси партия бәсекелестерімен өзара қарым-қатынас барысында этика мәселесі туындады. Кандидатты қолдайтын кампания шараларына оның жақтастары ғана емес, қарсылас кандидаттың да жақтастары қатысты. Көп ұзамай оның командасында өздері қаламаған адамдар көбейіп кетті. Алғашқыда Миллер мұның не үшін керектігін түсінбеді. Кейінірек «ойынды» түсінді, әрі екі жақ та оны жақсы ойнап жатыр деген ойға келді. Кампания менеджерінен ол сайлау кампаниясында түрлі стратегиялар қолданылатыны туралы білді. Мәселен, кампанияға қарсы екенін көрсетуге міндеттелген өз адамдары, әлеуметтік желіде бәсекелестерінің әрекеттерін аңдып отыруға арналған фейк аккаунттар, бұқаралық ақпарат құралдарына берілген жалған хабарламалар қолданылған екен.
Тығырық: адастыру немесе басқа жаққа назар аударту
Екі тараптың да іс-әрекеттерін білген соң Миллер бұл кампанияның мүшесі болу этикалық талаптарға сай келетініне күмәндана бастады. Тағылымдамадан өтуші болғандықтан, оған шаралар кезінде шерушілерді «стратегиялық» түрде орналастыру, жалған әлеуметтік аккаунттар арқылы жағдайды бақылап отыру жұмысы тапсырылды. Ол өз партиясының жақтастарын оппозиция белгілерімен қамтамасыз етіп, жалған әлеуметтік фейк аккаунттар арқылы қарсыластарын да бақылап отырды. Сайлауда жеңіп шығу үшін науқан барысында кез болған күмәнді баспасөз материалдарын сараптап, оқиғаларды жаңсақ түсіндіруі мүмкін ақпараттық хабарламалар таратуға мәжбүр болды. Әртүрлі адамдардың атынан ашылған жалған Twitter аккаунттар кандидаттың мәлімдемелері туралы сындарға жауап беріп отырды. Миллер мұндай жалған аккаунттар олардың қарсыластарында да бар екенін білді. «Біз олардың атауларын сайлаушылар арасындағы тізіммен сәйкестендіріп көрдік. Шешім: өзінің «моральдық құбыланамасын (компасын)» ұстану
Бұл мәселе Миллердің «моральдық құбыланама» туралы ойлануына түрткі болды. Екінші курс студенті болғандықтан ол университетте этика мен коммуникациялық құқық курстарын әлі оқымаған еді. Ол оқу бағдарламасы барысында этика туралы аз ғана мәлімет алған, яғни ол өзінің ұстанымдарын негізге алды. Сонымен қатар ол Американың қоғаммен байланыс қауымдастығы секілді бірнеше этикалық кодекспен таныс еді. Миллер құқық пен этика курстарынан өтпесе де, жұмысындағы кей жағдайларды PRSA этика кодексімен сәйкестендіріп көрді. Одан кейін бастығына барып, кейбір тапсырмаларды орындау оған ыңғайсыздық тудыратынын айтты. Ой құралы: PRSA этика кодексі. PRSA этика кодексі насихат, адалдық, ниеттестік, тәуелсіздік және әділдік секілді кәсіби құндылықтарды қамтыған. Кәсіби құндылық саналатын насихат ережесі кез келген маман белгілі бір тұтынушы мен ұйымның атынан әрекет етсе де, қоғамның мүддесін бірінші орынға қою керектігін айтады. Адалдық ережесі партияның атынан әрекет ететін маман нақтылық пен шынайылықты назарда ұстауы керектігін көрсетеді. Ниеттестік «қоғам мүддесін назарға ала отырып, клиентке адал болу» қажеттілігін ескертеді.
Соңы: Саяси сауаттылық
Миллер өзіне кейбір тапсырмалардың ұнамайтынын айтқан соң, мұндай жағдайға қайтып тап болмады. Ол әлеуметтік желілердегі хабарламаларға барлық талаптарға сай бақылау жасап, кандидаттың кампаниясы үшін стратегиялық ойлауды қамтамасыз ететін ақпараттарды жинаумен айналысты. «Менің басшым мені жақсы түсінді. Ол саясат басқа арена екенін, оған үйрену үшін уақыт керек екенін айтты. Ол не себепті осындай амалдар таңдалғанын айтып, барлығын түсіндіруге тырысты», – дейді Миллер. Ол басшысы сипаттаған саясат аренасын өзі үйренісіп кете алатын орта деп санамады. Миллер тек өзінің этикалық ұстанымдарын сақтай отырып, тағылымдамадан өткісі келді. «Мен стратегиялық ойлау мен этикалық ойлаудың арасы өте нәзік әрі күрделі екенін білдім. Біз атқарған істердің барлығы қоғам алдында, жария түрде болғандықтан, мен оны этикаға сай емес деп санадым. Себебі кампания ақпарат алатын стратегиялық әдістерді ойдан шығарған», – дейді Миллер.
Оқиға: қала әкімінің кеңесшісі ойындағысын айтты
Миранда Уотлинг есімді журналист Lafayette Journal & Courier деген журналдың жаңалықтар бөлімінде жұмыс істеп жүрген кезінде Google-дан ескерту алды. Оқиға былай болды. 2008 жылдың ақпан айы еді. Уэст Лафайеттедегі мектептерді қалаға қосу мәселесі қызып тұрған кез болатын. Мектеп басшылығы да оқу орындарын қаланың білім басқармасына қосу бюджет үнемдеу тұрғысынан ұтымды шешім екенін айтқан. Алайда қозғалған ешкім болмады. Ол кезде 22 жастағы Уотлинг Journal & Courier журналы мен Индиана штатындағы Gannet басылымына он екі жылдық білім беру жүйесі туралы бір жылдай тұрақты мақала жазып жүрген еді. Жазғандарының біразы басылымда бас мақала ретінде де жарияланып жүрді. Осы мәселелерге қатысты жазылған материалдар көптеген кездесулер мен шараларда талқыға түсіп, кейбірі осы саладағы үлкен өзгерістерге түрткі болып, лауазымды қызметкерлердің жұмысына әсер етсе, енді бірі сол жазылған күйі қалып қойып жатты. Мәселе тым күрделі болғандықтан бастапқы жиналыстарда сұрақ қоюшылар болмады.
Іс-әрекет құралы: блогты жаңалықтарда қолдану тәсілдері
Интернет – дереккөзбен байланыс орнату мен халықтың кері реакциясын анықтаудың таптырмас құралы. Алайда блогтарда немесе басқа да онлайн желілерде жарияланған
мәліметтерді қолданар алдында оны журналист ретінде қалай тексеру керектігін білмесең, өте үлкен қиындыққа соқтыруы мүмкін. Сондықтан мына тәсілдерді қарастырыңыз: Түпнұсқалығын растау. Мақаладағы мәліметті растау үшін, қандай да бір блогқа сілтеме жасау үшін оның авторын анықтап алу керек, яғни авторға тікелей хабарласу керек. Өйткені лауазымды тұлғалардың блогтарында, Facebook, Twitter парақшаларында олардың өздері емес, көмекшілері отыруы мүмкін. Ал кейде біреулер лауазымды тұлғалардың атынан жалған парақша ашып алуы да мүмкін. Сондықтан Интернеттегі жазбаның нақты сол адам жазғанын тікелей хабарласу арқылы анықтайсыз. Хабарлау. Әдетте кез келген ақпаратты қалай зерттейсіз, мұны да солай зерттеңіз. Әдетте блогтағы жазбалар тез ескіріп кетеді. Сіз аудиторияға онлайн пікірталастардан да мәлімет шығарып бере аласыз. Ашық болу. Кімнің онлайн отырғанын тани біліңіз. Аудиторияға ақпаратты қайдан алғаныңызды айтыңыз. Мәселенің ақырын ескеру: егер этикалық тәртіп сақталмағаны туралы күмәніңіз болса, материалды жариялай салмай, қайта қарап шығыңыз.
Тығырық: блогтағы жазбалардың барлығынан ақпарат жасау керек пе?
Бандердің жазбасы мәселені терең қозғағандықтан, Уотлинг оны өз мақаласында қолданбақ болды. «Мемлекеттік орган қызметкерлері ішінен осы мәселеге қатысты алғаш пікір білдірген, оның пайдалы және зиянды тұстарын тарқатып айтқан алғашқы адам», – дейді Уотлинг. Уотлинг барлық лауазымды тұлғалардың ой-пікірін анықтамақ болды. Алайда алдымен блогты шынымен де Бандердің өзі жазғанын анықтау керек деп шешті. Журналист осы идеяларын J&C басылымының жергілікті редакторы Дейв Бангертке айтты. Редакторы осы аймақта бірнеше жылдан бері жұмыс істегендіктен, проблеманы тереңірек білетін. Уотлинг мекемеге қоңырау шалып, Бандердің блогын Бандердің өзі жүргізетінін, ондағы жазбалардың барлығы соның жазғаны екеніне көз жеткізді. Ақырында Уотлинг мақаласында Бандердің жазғандарын еркін пайдалана отырып, оның жоғарыдағы бастамаға қатысты күмәнді ойларын да кірістірді.
Шешім: жарияла да таңғал!
Уотлингтың осы мақаласы сенбі күнгі басылымда бас мақала ретінде бірінші бетке шықты. Мақалада Бандердің блогындағы соңғы мәлімдеменің де қамтылғаны анық. Оның ішінде Бандердің «Мен бұл мектептерді біріктіру туралы идеяның қай жері маңызды екенін көре алмай тұрмын» деген сөзі де бар болатын. Мақала жарияланып, мәселе аз уақытқа жабылғандай болды. Уотлинг әлі де болса интернеттегі жазбаны мақалаға пайдаланудың жөн-жобасын зерттеумен болды. Негізінен, мемлекеттік лауазымға сайланған кез келген тұлға журналист пен халықтың назарында екені анық. Ал қоғамдық мәселелер туралы мәлімдеме жасаған кезде олардың жеке бас құпиясы деген нәрсе болмауы керек. Екінші бір мәселе – әділдік. Әділдікті сақтаған журналист мәлімдемені кім айтқаны мен қалай айтқанын айна қатесіз жеткізіп қана қоймай, оны түсіндіріп, мәселенің түп-төркінін де таныстыруы керек.
Ой құралы: Дэйдің ЖСШ (жағдаят, сараптау, шешім) шешім қабылдау моделі
Уотлингтің жағдайында ол өзі агент бола отырып, ақиқат, адалдық пен құпиялылықты ескерді. Дэй этика туралы сыни көзқараста ойлау үшін мәселені дұрыс баяндау керектігін айтады. Екінші кезеңде Дэй сараптаманы ұсынады. Екі түрлі таңдау сәті туғанда әлдебір нәрсенің құндылығы мен принциптерін ескеру керек. Бұл мәселе ақиқат пен құпиялылықтың екі жаққа тартқан тұсы ма? Лауазымды тұлғалардың мүддесі мен репутациясы қатерге тігіліп тұрған жоқ па? Көп жағдайда бірнеше мәселе мен сыртқы құндылықтар рөл ойнайды. Соның ішінде қайсысы маңыздырақ және қажетті? Негізгі мүдделер қайшылығын анықтаңыз. Мүмкін белгілі бір тұлғалар мен ұйымдар осы мәселенің айтылуына мүдделі шығар. Сіздің шешіміңіз оларға қалай әсер етеді? Луизиана университетінің профессоры, бірнеше кітаптың авторы Дэй ЖСШ (Жағдаят, Сарап, Шешім) атты этикалық шешім қабылдау моделін ұсынады. ЖСШ тұжырымдамасына сәйкес, журналист ең алдымен ситуацияны түсінуі керек. Соңғы шешімді қабылдайтын адамның кім екенін анықтаңыз. Оны тұжырымдамада «моральдық агент» дейді. Одан кейін мәселенің этикалық құндылығын түсініңіз. Мәселен, әлеуметтік әлсіз топ өкілдерін қорғау немесе дереккөздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Соңы: блогтардың маңызы артты
Меранда Уотлингтің пікірінше, Бандердің жазбасы туралы мақаласы көпшіліктің мектептерді біріктіру мәселесін өзге қырынан түсінуіне көмектесті. Мақала жарияланғаннан кейін осы мәселеге қатысты басқаша пікірлер қылаң бере бастады. Соның ішінде кей тұрғындар бастамаға қарсы шыға бастағаны да көрінді. Басылым осы мәселеге қатысты әртүрлі көзқарас пен көпшіліктің пікірі қамтылған бірнеше мақала жариялады.
Қорытынды
Блогты жаңалықтарда қолдану тәсілдері этикалық нормалар мен моральдық ұстанымдарға жаңа талаптар қоюда. Цифрлық қоғамда блогтардың маңызы артуы ақпараттық өмір сүру модасын дүниеге әкелді. Қазақстанда бесінші билік – блогосфера қалыптасуда. Ең танымал саяси тұлға Қасымжомарт Тоқаевтың блогы оқырманы көп саналады. Елде аудиториясы көп блог платформалар – yvision.kz, massaget.kz, aitaber.kz, afftor.kz, blogos.kz. Қазақтілді блогерлер жыл сайын әр өңірде Блогқұрылтайы өтеді. Бұл платформа кәсіби мамандар мен блог бастаушылардың еркін пікір алмасу алаңы.
Өзіндік жұмыстар тапсырмалары
1. Этика және «саяси ойын» туралы сипаттама беріңіз. 2. Саяси кампаниялардағы бұрмаланған ақпарат пен әртүрлі көзқарас туралы материалдарды талдаңыз. 3. Саяси науқан кезіндегі үгіт-насихат пен әділдікті тең ұстану жайлы БАҚ материалдарына шолу жасаңыз. 4. Интернеттегі ақпараттарды тексеру әдістерін атаңыз. 5. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған саяси кампаниялар кейсін талдаңыз.
Бақылау жұмыстары
1. Саяси технологиялардағы адастыру немесе басқа жаққа назар аударту туралы не білесіз? 2. Медиа маманның «моральдық құбыланамасын (компасын)» ұстануы жайлы ойыңыз. 3. Лауазымды тұлғалардың блогтағы пікірін қалай пайдаланған жөн? 4. Блогтағы жазбалардың барлығынан ақпарат жасау керек пе? 5. Көпшілік алдында сөйлейтін сөзге қойылар талаптар қандай? 6. Prsa этика кодексіне шолу жасаңыз. 7. Саяси сауаттылық туралы көзқарасыңыз. 8. Саяси кеңесшінің блогы туралы не айтасыз? 9. Блогты жаңалықтарда қолдану тәсілдеріне сипаттама беріңіз. 10. Дэйдің ЖШС (жағдаят, сараптау, шешім) шешім қабылдау моделін сипаттаңыз. Өзіндік жұмыстар тапсырмалары
1. Газеттегі фоторедактор өңделген фотолардың растығын анықтамай, сол күйі жариялады делік. Сіз қандай шешім қабылдауыңыз мүмкін? 2. Кәсіби этикалық стандарттарды бұзудың жеке этикалық стандарттарды бұзудан айырмасы бар ма? 4. Кейбір адамдар фондағы кемшіліктерді алып тастау суреттің толық мазмұнын өзгертпейді деп есептейді. Сіз қалай ойлайсыз? 5. Жаңалықтарға арналған суреттерді түсіруге қандай ұсыныс айтар едіңіз? 6. Фотоларды түрлі бағдарламалық жүйелер арқылы өзгерту кең тарағандықтан, адамдар барлық суреттер өзгертілген болуы мүмкін деп ойлайды. Сіздің көзқарасыңыз қандай? 7. Өңделген фотолардың фотожурналистикаға қандай әсері болуы мүмкін?
Бақылау жұмыстары
1. Фотоны өзгерту (монтаждау) әрекеті кездескен жағдайда Сіз қандай этикалық шешім қабылдайсыз? 2. Этикаға сай келмейтін әрекеттерін көрген кезде не істеу керек? 3. Этикаға сай келмейтін әрекеттеріне қарсы тұру немесе ол туралы хабарлау үшін сіздің қандай жауапкершілігіңіз бар? 4. Кәсіби тәуелсіз фотограф ірі спорт шараларын түсіргенде кәсіби стандарттарды сақтамады. Әшкерелеу керек пе? 5. Журналистердің ұлттық ассоциациясының Этикалық Кодексінде қандай құндылықтар белгіленген? 6. Фотожурналистердің кәсіби стандарттарына шолу жасаңыз. 7. NPPA Этика кодексіне талдау жасаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет