1 тақырып Фонетиканың зерттеу объектісі



бет14/41
Дата25.11.2023
өлшемі166,77 Kb.
#126815
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41
Буынның дыбыстық құрамы.
Қазіргі қазақ тіліндегі буындар дыбыстық құрамы жағынан мынандай болып келеді: бір дыбысты: а-та, ә-же, а-па, і-ні, а-ла, а-са, о-қы, а, ә, е, о, о-тыр. Бір дыбысты буындар тек дауысты болады да, жеке сөз түрінде, не сөз басында ғана кездеседі; екі дыбысты: ба-ла, қа-ла-да, та-за-ла, жа-ға, ой-на, та-ра, қа-ла-да-ғы-сы, ба-ла-сы, ал, ат, ақ, же, де, не; үш дыбысты: бас, бет, сөз, көз, өрт, бөл-шек-тер, тас-тақ, бал-шық, бөл-шек-тер, ұлт, үрт; төрт дыбысды: қант, төрт, былқ, жалт, жылт, салт, қарқ-қарқ, күрк-күрк.
Тіліміздегі байырғы сөздердің дыбыстық құрамы осы төрт дыбыстан аспайды. Ал орыс тілі арқылы енген сөздерде буын бес, тіпті алты дыбысты да бола алады:
бес дыбысты: пункт, спорт, текст, скетч, старт, фланг, трест, спирт, стенді;
алты дыбысты: спектр, спринт.
Құрамындағы буынның санына қарай қазіргі қазақ тіліндегі негізгі түбір сөздер (түбір морфемалар) мынадай болып келеді:

бір буынды: ай, ат, бал, бас, қол, көз, ал, кел, бар, ақ, көк, бір, үш, мен, сен, біз, тез, тым, тарс, жылт, да, де, ғой;

екі буынды: а-на, а-та, ә-ке, ба-ла, тү-йе, жыл-қы, қа-зан, ке-се, қа-ра, қы-зыл, жа-сыл, жа-тыр, о-тыр, ал-ты, е-кі, ке-ше, ер-те, тө-мен, дәп-тер, қа-лам, а-дам;

үш буынды: мұ-ға-лім, қа-на-ғат, қа-бі-лет, а-бы-рой, а-рыс-тан, жа-ма-ғат, ин-тер-нат, инс-ти-тут, ин-же-нер, ка-ме-ра, ка-ни-кул, та-би-ғат;

төрт буынды: ы-ра-қы-мет (рақмет), і-ре-зең-ке (резеңке), рес-пуб-ли-ка, про-це-ду-ра, фо-не-ти-ка;

бес буынды: у-ни-вер-си-тет, по-лик-ли-ни-ка, пуб-ли-цис-ти-ка.


Қазақтың байырғы сөздегі негізінен бір буынды, қала берді екі буынды болып келеді. Мұның өзі оның поэзия тілі болуымен де байланысты. Өйткені 11 буынды болып келетін қара өлеңде бунақтар 3-4 буыннан аспайды. Әлгі бір, екі буынды сөздерге орамды болу үшін жұрнақ, жалғаулар жалғану керек болады, ал төрт буыннан жоғары сөздер қара өлеңге оралымсыз болып шығады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет