1 тақырып Фонетиканың зерттеу объектісі



бет13/41
Дата25.11.2023
өлшемі166,77 Kb.
#126815
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41
Байланысты:
Фонетика лекция

Ашық буын деп - дауысты фонеманың өзiнен болған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға бiткен буынды айтамыз. Мысалы: а-на, ә-ке, i-нi, ә-же т.б. Қазiргi қазақ тiлiндегi ашық буындар буын iшiндегi дыбыстардың қатысуына қарай оның құрамы төмендегiдей болып келедi:
а) бiр дауысты дыбыстың жалғыз өзi тұрып-ақ ашық буын жасай алады. Мысалы: а-на, а-ға.
ә) қатарынан келген екi дыбыстың алдыңғысы дауыссыз, соңғысы дауысты болып та ашық буын жасай алады. Мысалы: ә-ли, а-ла, е-кi.
б) ашық буынның жалаң тγрi өз алдына жеке тұрып та сөз бола алады.

Тұйық буын деп - дауыстыдан басталып, дауыссызға бiткен буынды айтады. Мысалы: ат, iс, өрт т.б. Тұйық буынның негiзгi өзiндiк белгiлерi мыналар:
а) тұйық буын екi дыбысты болып келедi. Мысалы: ат, iс, өрт т.б.
ә) тұйық буын үш дыбысты болып келедi. Мысалы: ұлт, ант т.б.
Сондай-ақ тұйық буын өз алдына сөз болып және бiрнеше буынды сөздiң басында кездесiп отырады.

Бiтеу буын деп - ортасы дауысты болып, екi шетi дауыссыз болатын буынды айтамыз. Мысалы: тас, жол, тiс, көл, мол, көз т.б. Бiтеу буынның негiзгi өзiндiк белгiлерi төмендегiлер:
а) бiтеу буын үш дыбысты болып келедi. Мысалы: тiс, көл, мол т.б.
ә) бiтеу буын төрт дыбысты болып келедi. Мысалы: бұлт, жалт, жұлт, сарт.
Ал төрт дыбысты болып келген бiтеу буынның соңғы дыбысы қатаң болып, қатаңның алдында үндi тұрады. Бiтеу буын өз алдына сөз болып, бiрнеше буынды сөздiң басында да, соңында да кездесе бередi. Мысалы: бiрлiктiң, ұлттардың.

Буынның алмасуы.
Сөйлеу процесiнде бiр дыбыс екiншi дыбыспен, бiр буын екiншi буынмен, бiр сөз екiншi сөзбен ұштасып отырады. Сондықтан буындар өзара бiрiмен-бiрi алмасып, кейде бiр буынның жiгi ажырап, екiншi буынның дыбыс саны көбейiп отырады. Сөз iшiндегi бiр буын мен екiншi буыннын бiр-бiрiне жылысуын буын алмасуы дейдi. Қазақ тiлiнде тек қана жалаң ашық буын жинақты келедi де, қандай буынның болса да ықпалына көнбей, оқшау тұра алады.
Жалаң ашық буын сөздiң дәл басында тұрады да, онан кейiнгi буынның қай-қайсысы болса да онымен жартылай да , түгелдей де алмаса алмайды. Сондай-ақ жалаң ашық буын тұрақты келуiне орай басқа буындармен кiрiкпейдi де, жылжымайды да. Мысалы: ал-ла, i-лiм т.б.
Жалаң ашық буын өз алдына жеке сөз ретiнде айтылып, одан кейiнгi буынның қандайыннан болса да пауза арқылы бөлiнгендiктен ешбір өзгерiске көнбей, оқшауланып тұрып айтылады. Мысалы: Е, өзiң барсайшы! А, айтайық дейсiң бе? Сондай-ақ басқа буындар мынадай төрт түрлi жағдайда бiр-бiрiне алмасып отырады.
Екi дыбысты ашық буындардан соң жалаң ашық буын немесе тұйық буын келсе қатар тұрған екi дауыстының алғашқысып түсiп, буын ықшамдалып қалады. Мысалы: торы ала- торала (то-ра-ла).
Жалаң ашық буыны екi дыбысты тұйық буыннан кейiн келсе, дауыссыз дыбыс кейiнгi буынға сырғып кетедi. Мысалы: ат-ы, а-ты. Яғни бұл буын алмасуын төмендегiнше түсiндiруге болады. Тұйық буын + жалаң буын – жалаң буын + ашық буын. Бұл құбылыстың формуласы төмендегiдей болады: АВ+А-А-ВА. Яғни тұйық буын + тұйық буын – жалаң буын+бiтеу буын.

Екi дыбысты тұйық буын сол тұйық буыннан кейiн келсе, алғашқы буынның дауыссызы кейiнгi буынға сырғиды. Мысалы: ат-ақ-а-тақ. Мұның формуласы төмендегiдей: АВ+АВ-А+ВАВ. Яғни тұйық буын+тұйық буын – жалаң буын + бiтеу буын.2.Υш дыбысты тұйық буын γш дыбысты бiтеу буыннан кейiн келсе,алғашқы буынның соңғы дауыссызы кейiнгi буынға жылысады. Мысалы: жоқ-алт – жо+ғалт, формуласы төмендегiдей: ВАВ+АВВ – ВА+ВАВВ. Яғни бiтеу + тұйықбуын –ашық+бiтеу буын.

Сөйтiп, жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, төмендегiдей тұжырымдауға келуге болады. Дауыстыға бiткен буынға дауыстыдан басталған буын жалғанша, алғашқы дауысты дыбыс түсiп қалады. Мұны бiз буын ығысуы деймiз. Сондай-ақ кей буындарға екi дауысты тұйық буын, ал кей буындарға үш дыбысты тұйық буын жалғанса, алғашқы буынның соңғы дауыссызы да, кейiнгi буынға сырғиды. Мұны бiз буын жылысуы деп атаймыз. Мысалы: Е, солай ма? Па,шiркiн!- дегенде бiр дыбыстың өзi немесе дауыссыз бен дауыстының өзi буын ретiнде қолдынылып тұрады. Бiр буынды сөздер тұйық буыннан жасалады. Мысалы: ат, от, ар т.б.

1.Бiр буынды сөздер бiтеу буыннан жасалады. Мысалы: бал, көл, көк.

2.Екi және көп буынды сөздер тγбiр тұлғада кездеседi. Мысалы: ата, ана.

3.Қосымша тұлғалы сөздерде кездеседi. Мысалы: атты, аттарға.



4.Екi және көп буынды сөздер қос сөздерден де жасалады. Мысалы: әп-әдемi, пай-пай, түйе-мүйе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет