1 тақырып Фонетиканың зерттеу объектісі



бет30/41
Дата25.11.2023
өлшемі166,77 Kb.
#126815
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41
Байланысты:
Фонетика лекция

Тақырып бойынша сұрақтар:

  1. Ассимиляцияның түрлері.

  2. Дыбыстардың ассимиляцияға ұшырауы.

  3. Артикуляциялық ұқсастығы жоқ дыбыстар.



Пайдаланылған әдебиеттерәдебиеттер

  1. 1. Артыкова Т.М., Искакова С.С.Қазақ тілі: Оқу құралы, Нур-принт, 2016.

  2. 2. Салқынбай А.Б., Жұмағұлова А.Ж.,
    Иманқұлова С.М., Рысбай Б.Қ., Егізбаева Н.Ж. Қазақ тілі: оқу құралы. – 332 б. 2015.

  3. 3.Б.М. Сұлтанова. М.Ш. Тойғанбекова, Ж.С. Рақыш. Қазақ тілі. –Алматы, 2015. – 311 бет

  4. 4.Ж.Ә. Адрахмановна. Қазақ тілі. Алматы, 2015

  5. 5.Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. Зият Пресс, 2006.

  6. 6.Жұбанов А.Қ.Қолданбалы лингвистика : Формалды модельдер. Қазақ университеті, 2006.

  7. 7.Молдабек Қ., Ермекбаев М. Қазақ тілі : Фонетика. Лексика. Шымкент, 2001.

  8. 8.Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы, Арыс, 2009.

9.Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі, Сөздік-Словарь,1999


__12_ тақырып
ҚАЗАҚ ФОНЕМАЛАРЫНЫҢ САНЫ МЕН ТОПТАСТЫРЫЛУ ПРИНЦИПТЕРІ


Жоспары:
1 Қазақ фонемаларының саны мен топтастырылу принциптері(жіктелуі).
2 Тіл дыбыстарының жасалу жолдары.
3 Қазақ тілі фонемаларының құрамы мен түрлері.
4 Дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың өзара айырмашылығы.
Мазмұны
4.1 Қазақ фонемаларының саны мен топтастырылу принциптері(жіктелуі).
Фонетиканың ең басты мәселесі - тілдің фонемалар жүйесін, фонемалар құрамын айқындау және оларға қатысты заңдылықтарды жүйеге түсіру. Алғашқы зерттеулерге назар аударатын болсақ, қазақ тілі дыбыстарының санын анықтап, бас-аяғын түгендеуге талаптанған да А.Байтұрсынов болып табылады. Ғалымның фонетика, графика, орфографияға қатысты еңбектері, қазақ тілі дыбыстарын жіктеуі мен дыбыс санын анықтаудағы ізденістері ерекше маңызды деп білеміз. Ол қазақ тілінде 24 түрлі дыбыс бар екенін айта келіп, бес дауысты (а, о, ұ, ы, е), он жеті дауыссыз (б, п, т, ж, ш, д, р, з, с, ғ, қ, к, г, ң, л, м, н) және екі жарты дауысты дыбыс (у, й) деп жіктеген. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары күрделі болып келеді. Дыбыс сөйлеу мүшелерінің белгілі бір қатысымы арқылы жасалады. Сондықтан тілдегі дыбыстардың санын анықтау алдында, сөйлеу мүшелерінің қатысымына қарай жасалатын дыбыстардың жалпы ерекшеліктерін тани білу керек. Осы жалпы ерекшеліктеріне қарай дыбыстарды топ- топқа біріктіріп немесе бөліп, жіктеуге болады. Яғни бірнеше ұқсас дыбыстарды біріктіріп, басқалардан ажырататын айырым белгілерін анықтау қажет.Осы орайда, алғашқы кезекте, дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың айырым белгілеріне назар аударамыз: а) дауысты дыбыстарды айтқанда дауыс желбезегі толық тербеледі, ал дауыссыз дыбыстарды айтқанда дауыс желбезегі кем тербеледі немесе мүлде тербелмейді: ә) дауысты дыбыстар буын құрайды, ал дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды: б) дауысты дыбыстар жасалғанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында кедергіге ұшырамай шығады, ал дауыссыз дыбыстар жасалғанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында сөйлеу мүшелерінің бәрінің кедергісіне ұшырап шығады. І.Кеңесбаев еңбегінде жоғарыдағы айтылғандарға қоса айтуға болатын дауысты мен дауыссыз дыбыстардың тағы бір айырым белгісі көрсетілген: «Дауыссыздарды айтқанда, фонациялық ауа қарқынды (лепті) шығады да, дауыстыларды айтқанда, баяу, лепсіз шығады. Сондықтан ауа шығу ыңғайына қарай дауыссыздарды шартты түрде лепті, дауыстыларды лепсіз десе де болады». Қ.Жұбанов қандай дыбыс болса да, үн мен салдыр аралас болатынын айтып: «Дауыстыларда үн басым болады да, салдыр шағын болады, үнді дауыссыздарда салдыр басым болады да, үн кеміс болады. Бұлардан басқа, үн мен салдыры тең бірқатар дыбыстар бар, оларды сонар дыбыстар дейміз», - деген еді.
І.Кеңесбаев сонорларды ұяң, қатаң дыбыстардың қатарындағы үшінші топ ретінде дауыссыздар құрамында қарастырып, қазақ тілі дыбыстарын айырым белгілер теориясы тұрғысынан топтастыруды одан әрі дамытты. Қазіргі оқулықтарда дауыссыздар өз ішінде дауыстың (салдырдың) қатысына қарай 1/ үнді дыбыстар; 2/ ұяң дыбыстар; 3/ қатаң дыбыстар деп үш түрлі топқа бөлінеді.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесін эксперименттік жолмен зерттеген ғалым Ә.Жүнісбекк-қ дауыссыз дыбыстарын бір дыбыстың сингармонизмдік модификациясы, г-ғ дауыссыздары да бір дыбыстың сингармонизмдік варианты деп есептейді. Сол сияқты х, һдыбыстары туралы да өзіндік пікірі бар екенін айтып, бұл екеуін дауыссыздар құрамына енгізбейді. Орыс тілінен енген бес дауыссыз дыбысты да бөлектейді. Сөйтіп, ғалым Ә.Жүнісбек қазақ тілі дауыстылары саны 9 (а, ә, о, ө, ұ, ү, ы, і, е), ал дауыссыздарының санын 17(19) дыбыс (б, п, т, д, ж, ш, с, з, қ - к, ғ - г, р, л, м, н, ң, у, й),барлығы 26(28) дыбыс деп есептейді. Ол қазақ тілі дыбыстарын сингармонизмге қатысты қарастырып, әрбір дыбыстың буын деңгейіндегі ерекшеліктерін экспериментті әдістер арқылы анықтаған. Ә.Жүнісбек дауыссыз дыбыстардың да сингармонизмге қатысы барын, әр дауыссыз дыбыс сингармонизм заңдылығы тұрғысынан алғанда төрт сингармодыбыстан тұратынын айтады. Ана тіліміздегі дыбыстың саны мен сапасы туралы талас пікірлер Ә.Жүнісбек зерттеулері нәтижесінде шешімін тапты. Ал қазіргі жазуымыздағы дауыстылар қатарындағы и, у, ю, я, ётаңбаларын бірнеше дыбыстың қосындысы деп қарап, оны қазақ тілінің байырғы фонемаларынан бөлек қарастырған жөн. Бұл әріптердің дыбыстық бейнесін дұрыс тани білудің маңызы зор. Қазақ әліпбиіндегі э әрпі тек орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылатын фонеманың таңбасы болып табылады. Қазақ тілі үшін оның артикуляциялық базасында жоқ в, ф, х, ц, ч, щ орыс тілі арқылы келген кірме дыбыстар болып табылады. Сол сияқты «һ» фонемасының қазақ тілінде санаулы сөздерде, көбіне одағай сөздерде, араб тілінен енген сөздерде кездеседі.
Қазақ тілі дыбыстарының жіктелу жүйесі бірнеше кезеңдерден өткенін байқаймыз. Ә.Жүнісбек қазақ тіліндегі дыбыстарды 1) тербелмелі (дауысты), 2) тербеліссіз (қатаң), 3) тербеліңкі (ұяң), 4) тербелімді (үнді) деп жіктейді. Ә.Жүнісбекке дейін бір жіктеуде дыбыстардың барлық белгісі араласып, жүйесіз топтастырылды. Ең басты кемшілік дыбысты жіктеместен бұрын дыбысты қандай белгісіне қарай топтастыру керек деген талап қойылмады, сондықтан жіктелім белгі дұрыс анықталмады. Мысалы, дауыссыздардың жасалымы туралы жіктеу «дыбыс тек салдырдан тұрады» (қатаң), «дауыстан салдыр басым» (ұяң), «салдырдан дауыс басым» (үнді) деп айтылым, естілім белгілері дыбыстың жасалым белгісімен аралас түсіндірілді. Дауыссыз дыбыстарды дәстүрлі фонетикада айтылу жолына қарай шұғыл, ызың, діріл деп жіктейді. Осы жіктеуде «ызың» атауы айтылым-естілім белгісіне жақын болса, «шұғыл», «діріл» атаулары жасалымға да, естілімге де келмейтіні байқалады. Бұл атаулар (ызың, шұғыл) Ә.Жүнісбек еңбектерінде жуысыңқы, тоғысыңқы деп жасалу тәсілін көрсетіп тұр.
Дауыссыздарға артикуляциялық мінездеме бергенде оның 1). Жасалу орны; 2). Жасалу тәсілі; 3). Дауыс желбезегі; 4). Тілдің қозғалысы; 5). Дауыс шымылдығының қалпы; ескеріледі. Жалпы фонетикада тіл ұшының астыңғы тіске қарай түсіңкі болуы дросаль дыбыс, тіл ұшының үстіңгі тіске не альвеолға жуысуы не қабысуы апикаль дыбыс, тіл алды, ұшы сәл ғана үстіңгі күрек тіске не қатты таңдайға қарай жоғары иілуі какуминаль дыбыс деп аталады екен. Дауыссыздардың жасалу орны, жасалу тәсілі оның конститутивтік белгісі, дауыссыздардың қатаң-ұяңдығы, жуан-жіңішкелігі коррелятивтік белгісі, дауыссыздардың үнділігі мен үнсіздігі қатыстық белгісі деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет