15 апта : Шағын комплекті мектептерде дүниетану пәнін оқыту ерекшеліктері



Дата12.05.2023
өлшемі15,04 Kb.
#92525
Байланысты:
15апта дуниетану (копия)


15 апта :Шағын комплекті мектептерде дүниетану пәнін оқыту ерекшеліктері

Шағын комплектілі мектепте дүниетану пәнін оқытуда қолданылатын әдістерді бірнеше топқа бөлуге болады.
 Сөздік әдістер- баяндау, түсіндіру, әңгімелесі, сөйлету, таратып беретін түрлі
карталар. Тапсырмалар бойынша сөйлету.
 Көрнекілік әдістер. Көрнекілік оқытуда заттар мен құбылыстардың өзіне тән
жаратылыс бітімін сезім мүшелері арқылы көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен тыңдап қабылдауға баулитын дидактикалық үрдісі.
 Көрнекілікті 12 ғасырда Чехтің ұлы педагогы Ян Амос Каменский еңгізді.
 Неміс педагогы Дистерберг пен Орыстың ұлы педагогы Ушинский “Көрнекілікті барлық пәндерге қолдану мүмкін және қажет” деген. Көрнекілікті үлгілерін пайдалануға Қазақтың ұлы педагогы Ы. Алтынсарин да зор көңіл бөлген. 

Көрнекі құралдарды пайдаланғанда мынадай талаптарды ескерген жөн:
- Көрнекі құралдарды пайдаланғанда мынадай талаптарды ескерген жөн:
- Көрнекі құралдар оқу бағдарламасына сай дайындалуы керек.
- Әр көрнекі құрал өткізілетін тақырыптың мазмұнын ашып, толықтыратындай дәрежеде болуы тиіс.
- Көрнекі құралдар эстетикалық тәрбие беру көздерін көздеу.
Бақылау әдістері көрнекті педагог Ушинский шағын комплектілі мектептің оқушыларының логикалық ой мен тілін дамыту сөзге емес, тікелей қоршаған ортадан алған әсерлеріне негізделуі керек. Мұғалім оқушыларды алдымен бақылауға , содан соң бақылауларын жинақтап , ой қорытуға үйретуге міндетті.
Бақылауды бүкіл сынып бір мезгілде өткізуі және жалпы бір ғана табиғат және еңбек күнтізбесімен жұмыс істеуге болады. Тек қана әр сыныпқа сәйкес сұрақтар қоюы тиіс. 
Оқулықпен жұмыс шағын комплектілі мектептерде оқушының оқулықпен жұмыс істеуін ерте бастап, яғни баланың мектепке келгеннен бастап дағдыландыруымыз керек. Егер мұғалім осы күннен бастап, оқушының оқулықпен жұмыс істеуін дұрыс жолға қойса, онда келешекте мұғалімнің күнделікті жұмысын ұйымдастыру жеңіл болады.

Шағын комплектілі мектепте 4 сынып оқушыларының білім сапасын жақсартуда, ой-өрісін кеңейтуге арналған, ой-қылықтарды толықтырып, бұрын өткен материалдарды бір жүйеге түсіру үшін тест пайдалану өте тиімді.
Шағын комплектілі мектеп үшін барлық класты біріктіріп , экскурсия өткізу тән
құбылыс болып табылады. 3-ші сыныпта бір мезгілде күндізгі экскурсия өткізуге болады.
- Мысалы: 1 сыныптағы экскурсия тақырыбы “Тірі және өлі табиғатты күзде
бақылау”, сыныптағы экскурсия тақырыбы ” Өсімдіктер мен жануарлар
тіршілігіндегі күзгі өзгерістермен таныстыру.”, 3сыныпта “өз туған жеріндегі
жануарлар мен өсімдіктер”, Мұғалім мұндай жағдайда әрбір класқа нақтылы
тапсырмалар береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет