Тақырыпқа сәйкес сұрақтар:
Бөлек жазылатын сөздер.
Орфографиядағы дұрыс жазылу принциптері.
Ғылыми пікірлер.
Пайдаланылған әдебиеттерәдебиеттер
1. Артыкова Т.М., Искакова С.С.Қазақ тілі: Оқу құралы, Нур-принт, 2016.
2. Салқынбай А.Б., Жұмағұлова А.Ж.,
Иманқұлова С.М., Рысбай Б.Қ., Егізбаева Н.Ж. Қазақ тілі: оқу құралы. – 332 б. 2015.
3.Б.М. Сұлтанова. М.Ш. Тойғанбекова, Ж.С. Рақыш. Қазақ тілі. –Алматы, 2015. – 311 бет
4.Ж.Ә. Адрахмановна. Қазақ тілі. Алматы, 2015
5.Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. Зият Пресс, 2006.
6.Жұбанов А.Қ.Қолданбалы лингвистика : Формалды модельдер. Қазақ университеті, 2006.
7.Молдабек Қ., Ермекбаев М. Қазақ тілі : Фонетика. Лексика. Шымкент, 2001.
8.Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы, Арыс, 2009.
9.Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі, Сөздік-Словарь,1999
№ _15__ тақырып
Флексия. Ішкі және сыртқы флексия
Дәріс жоспары:
Флексия түрлері.
Ішкі флексия.
Сыртқы флексия.
Мазмұны
Флексия (лат. flexіo — майыстыру) — флективті тілдердің типологиялық белгілеріне сәйкес грамматикалық құрылымы мен сөздердің атқаратын қызметін анықтайтын көп мағыналы термин. 1808 ж. Ф.Шлегель құрған Флексия бастапқы кезде грамматика алмасуға байланысты қолданылған. Кейін үндіеуропа мен семит-хамит тілдеріндегі түбір сөздегі өзгерісті қамтитын ішкі флексия терминімен ауыстырылды. Флексия сөздің морфемалық құрылымының формалды сыңарының сыртқы флексияға қарама-қарсы ұғымын білдіреді. Флексия — сөз түрлендіретін аффикс, формант, форматив. Демек, грамматика мағына мен синтаксистік байланысты білдіретін сөз формасының бөлігі. Грамматикалық мағынаны білдіретіндіктен, флексия түбірге қарама-қарсы. Үндіеуропа тілдерінде әрбір туынды сөз тұлғасы түбір мен флексияға бөлінеді. Релятифті формант (жалғау) ретінде дериватифті (жұрнақ) форматқа қарама-қарсы қойылады. «Флексия» термині «сөз түрлену» сөзімен синонимдік қатар құрауда екі түрлі кең мағынаға ие болады: 1) бір сөздің әр түрлі грамматика формада түрленуі. Мысалы, зат есімнің жекеше және көпше формасын, етістіктің шақ және вид (түр) категориясын білдіретін қосымшамен түрленуі; 2) нақтылы флексия сын есімнің тек (род), септеу, жекеше, көсемше жалғаулары, етістіктің тек, жақ категориясын білдіретін қосымшалар арқылы түрленуі. Егер сөз тұлғасындағы өзгеріс түбір сөзді де қамтитын болса, оны «сөз тудыру түрленісі» деп атайды. Флексия термині өзгеріске түскен түбірдің қосымшасына ғана қатысты қолданылады.
Ішкі флексия тәсілі. Грамматикалық мағыналарды білдірудің басты тәсілдерінің бірі - флекция тәсілі. Ішкі флексия тәсілі дегеніміз — түбірдің дыбыстық құрамының өзгеруі арқылы грамматикалық мағынаны білдіру тәсілі. Мысалы: ходить>хожу. Бұл тәсіл әсіресе семит тілдеріне (араб, еврей т.б.) тән тәсіл. Мысалы, араб тіліндегі "жазу" деген сөз - ktb деген дауыссыз дыбыстардан құралады . Осы түбірді ktb деп өзгертсек, ол "жазып отырушы", кітап", kutub - "кітаптар", каtава — "жазды", aktub — "мен жаздым ", uktub — "сен жаз". Бұл мысалдан араб тілінде түбірдің құрамындағы дауыссыздардың аралығына дауыстылардың енуі және өзгеруі аффикстердің қызметімен пара-пар екенін көреміз.
Ішкі флексия - түбірдің дыбыстық құрамының өзгеруі, сыртқы - жалғау қосылу. Ішкі флексия неміс (mutter - шеше, mutter— шешелер), ағылшын (foot — аяқ, feet - аяқтар), орыс называть - назвать) тілдерінде де кездеседі. Мысалы, орыс тіліңдегі убирать — убрать (несов.), посылать - послать деген сөздерде видтік мағына, жекешелік мағына, етістік мағына бар. Алайда аталған тілдерге сыртқы флексия да жат емес. Яғни бұл түбір сөздерге аффикстер де жалғана береді деген сөз. Дегенмен оларда флексия айрықша қызмет атқарады. Сондықтан да, бұл тілдер флективті тілдердің қатарына жатады.
Грамматикалық мағына білдірудің ерекше бір тәсілі – флексия. Флексия категориясы XIX ғ. Бастап қолға алынып, үндіеуропа мен семит-хамит тілдерінде түбегейлі зерттеліп келеді. Тіл білімінің соңғы жетістіктеді нәтижесінде агглютинативті тілдердің де бір кездерде флективті дәуірді бастан кешіргендігі нақты фактілермен дәлелденуде.
Қазіргі түркология саласында сыртқы флексия мен ішкі флексияның көне формасы, ондағы семантикалық және тұлғалық өзгерістері сөз болып жүр. Көне түркі жазба ескерткіштерінде, қазіргі түркі тілдерінде ішкі флексия құбылысының іздерін ашу семантикалық реңктерді анықтауда теңдесі жоқ мүмкіндік береді.
Түркі тіл білімінде ішкі флексияның тарихы туралы зерттеу жүргізген ғалымдар: Б.Я.Владимирцов, Т.А.Бергатаев, Г.Д.Санжиев, Б.М.Юнусалиев, А.Г.Гулямов, О.П.Суник, Э.В.Севортиян, Н.А.Баскаков, В.А.Боровков, С.Аманжолов, Б.Сағындықұлы т.б. болды. Ал қазақ тіл білімінде бұл тақырып арнайы зерттелмеген. Зәрулігі, өзектілігі де шәк туғызбайды. Үндіеуропа тілдері, семит-хамит тілдеріндегі флексия құбылысының заңдылықтарын басшылыққа ала отырып, түркі тілдері, оның ішінде қазақ тіліндегі ішкі флексия қалдықтарын анықтау қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |