1 тақырып Фонетиканың зерттеу объектісі



бет40/41
Дата25.11.2023
өлшемі166,77 Kb.
#126815
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Зерттеу нысаны. Флексия құбылысы, түркі тілдеріндегі және қазақ тіліндегі ішкі флексия қалдықтары.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты – флексия құбылысының қыр-сырын тани отырып, түркі тілдерінің, оның ішінде қазақ тілінің тарихқа белгісіз дәуірде флективті тілдер қатарынан орын алғандығын анықтау. Осы мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер белгіленді:
- Типологиялық классификация бойынша тілдердің типтік белгілерін сипаттау;
- Жалпы флексияның табиғатын танып-білу;
- Флективті тілдердегі флексия құрылымының түркі тілдерінде типологиялық жағынан қайталанатындығын ашып көрсету;
- Түркі тілдеріндегі флексия құбылысы туралы зерттеушілердің еңбектеріне шолу жасау;
- Қазақ тіліндегі ішкі флексия қалдықтарының барлық сөз таптарында кездесетіндігін көрсету арқылы бұл құбылыстың тіл тарихында орын алатындығын ашып-айқындау;
- Қазақ тіліндегі ішкі флексияның позициялық орнын көрсету;
- Қазақ тіліндегі ішкі флексия формаларының семантикалық реңктерін ашу және оларды топтастыру.
Зерттеу материалдары ретінде қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінен 15 есім сөз, 10 етістік, 2 үстеу, 7 еліктеуіш, сондай-ақ көмекші сөздер мен жұрнақтар, барлығы 40-қа жуық ішкі флексия қалдығы алынды.
Зерттеудің дереккөздері. Тілдік деректер он томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен», «Орфографиялық сөздіктерден» және ДТС-тен («Көне түркі сөздігінен») алынды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Диссертациялық жұмыстың басты жаңалығы – қазақ тіліндегі ішкі флексия құбылысы бірінші рет арнайы зерттеу нысаны болды. Дауыстылардың ішкі флексия заңдылықтарына орай өзгеріп, құбылып семантикалық мән білдіру тәсілдері ашылды. Флективті тілдер саналатын үндіеуропа мен семит-хамит тілдеріндегі флексия құбылысының негізгі заңдылықтары басшылыққа алынып, қазақ тіліндегі ішкі флексия қалдықтары анықталды. Мамандардың пікіріне сүйене отырып, сыртқы флексия мен ішкі флексияның айырмасы көрсетілді. Агглюнативті «түркі тілдерінде ішкі флексия құбылысы болған» деген пікірдің дұрыс екендігі анықталды. Қазақ тіліндегі ішкі флексияның қалдықтары барлық сөз табында және көмекші сөздер мен қосымшаларда ұшырасатындығы нақты фактілермен дәлелденді. Қазақ тіліндегі ішкі флексия құбылысының құрылымдық сипаты флективті тілдермен салыстырыла отырып түсіндірілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет