1 тақырып Фонетиканың зерттеу объектісі



бет37/41
Дата25.11.2023
өлшемі166,77 Kb.
#126815
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
жияды(жиады емес).
Я, ю әріптерінің алдында ы, і әріптерінің орнына и әрпі жазылады. Йы, йі дыбыстар тіркесі мен ы, і дыбыстарына бітетін етістіктерге көсемшенің -й жұрнағы жалғанғанда, соңғы ый. ій әріптерінің орнына бір ғана и әрпі жазылады. Жазу сауатымызды арттыруға септігі тиген жасанды әрпі бұл күнде сөздеріміздің айтылуын қиындатып жіберді. Басқаны айтпағанда, орфоэпиялық сөздіктердің авторлары да и әрпінің дыбысталуын біркелкі тани бермейді. Мәселен, Қ. Неталиева «ғанійбет, дарыйға, естыйар, пійала, пійаз» десе, М. Дүйсебаева  «ғаныйбет, дәрійға, естійар, пыйала, пыйаз» түрде айтамыз дейді. Осыдан кейін мектеп оқушысы «мійіміз әшійді, әшйін есеп» десе, таңдануға бола қоймас. Мұның өзі и әрпінің ережедегідей тек «қосарлы ый, ш дыбыстарыньң таңбасы» ғана емес, үй, үй де болатынын, айтуда бұл әріптің жіңішкеріп кете беретіні орыс тілінде жіңішке естілетін жалаң и дыбысының әсері екенін ескеруді керек етеді.
Йы, йі тіркесі мен ы, і дыбыстарына бітетін етістіктерге келтірілген мысалда: оқы-й-ды — оқиды (оқыйды емес, суы-й-ды — суиды (суыйды емес), мойы-й-ды —мойиды (мойыйды, моиды емес), құры-й-ды — құриды (цұрыйды емес) сияқты сөздер жүр. Әңгіме әріп туралы болса, мұнымен келісуге болар. Ережеде дыбыс жайында болғандықтан, оқы, мойы, суы, құры сөздері «ы дыбысына» емес, ұ дыбысына (оқұ, сүуұ, мойұ, құрұ) аяқтальщ тұрғаны айқын.
И дыбысына бітетін етістіктер де қазақ тілінде жоқ. Дұрысы, ый, ій (и, ки, ци, жи дегенде). Мұнда да әріп дыбыспен шатастырылғанын аңғару қиын емес.
5.У әрпі мынадай орындарда жазылады: а) түбір сөзде де, туынды сөзде де бірде жуан, бірде жіңішке естілетін дауысты у дыбысының, сондай-ақ дауысты дыбыстан бұрын және кейін келетін үнді у дыбысының таңбасы ретінде қолданылады. ә) к, і дыбысына бітетін етістіктерге тұйық райдың -у жұрнағы жалғанғанда, ы, і дыбыстары түсіріліп жазьлады: Мысалы: оқы — оқу, тоқы — тоқу, жібі — жібу, ірі — іру, суы— суу. Мұнда да әріп пен дыбыс ажыратылмаған. Мәселен, бірде жуан, бірде жіңішке естілетін дауысты у дыбысының ұу, үу дыбыстарының қосындысы екенін білеміз. Мұны орыс тілінен енген сөздердің құрамындағы жалаң дауысты и деп түсіну керек болар. Орыс тілінен енген сөздерде әр уақытта жуан естілетін жалаң дауысты у боп параграфта ескерусіз қалған. ы, і дыбыстарына бітетін етістіктерді оқы, тоқы сөздері бастап, суы сөзі аяқтап тұр. Бұл сөздерде ы дыбысының жоқтығын, оқұ, тоқу, сұуұ түрде дыбысталатын бұл сөздерге — у жұрнағы жалғанғанда, түсетін ешнәрсе де жоқ (оқұу, тоцұу, сұуұу) екенін тағы да қайталап айту керек шығар. Егер ы, і әріптері түсіріліп жазылады десе, сөз басқа.
6. Ю әрпі мынадай орындарда жазылады:
а) сөз кұрамындағы дауысты дыбыстан кейін қосынды й+у дыбыстарының орнына қолданылады. Мысалы: аю, ою, уюлі, кею, көркею. Әрине, бұл қосынды орыс сөздеріне байланысты айтылса, үндемеуге болар еді. Мәселе қазақ сөздеріне қатысты болып отыр. Мұндай жағдайда у дыбыс болмайтыны, оның үу, үу түрде дыбысталатыны, сонда ю әрпі йұу, йүу екені белгілі.
7. Я әрпі мынадай сөздерде жазылады: а) сөз басьнда және дауысты дыбыстардан кейін қосынды й + а дыбыстарының орнына қолданылады. Мысалы: яки, яғни, якорь, қоян, таяқ, ая, мая, сая, қия, мия, сия, қияқ, тұяқ, саяқ.
Бұл қағиданы да құлай қабылдауға болмас. Алдымен, я әрпі таяқ, ая, мая, сая, тұяқ, саяқ сөздерінде қосынды й + а дыбыстарының орнына қолданылып тұрғаны даусыз. Ал қия, мия, сия, қияқ та солай десек, онда қи-й-а, ми-й-а, си-й-а, қи-й-ақ, болып шықпай ма? Бұл сөздерде я әрпі а дыбысына сәйкес келсе керек: қи-а, ми-а, си-а, қи-ақ. Және бір түйткіл, я, яғни, япыр-ай, япыр-ау, япырым-ай, япырым-ау сөздерінің басындағы я әрпіне байланысты. Ереже ол сөз басында й-а дыбыстарының орнына қолданылады дейді. Бұл, әрине, орыс графикасының табиғатымен үйлеседі. «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде» (3-басылым): ягуар, ядро, январъ, яктарь, ярд, ярус, ясли, яхта, яшма сияқты он шақты сөз бар. Бұлардың кейбіреуі якорь сияқты орыс тіліне әуестіктен туған (мәселен, ярус сөздіктерде қабат деп аударылған) сөздер. Ал қазақ тілінде сөз й дыбысынан басталмайтыны белгілі, йа (я), йағни (яғни), йапыр-ай. (япыр-ай) деу қалай болар екен. Барша сөзден ала бөтен бұл бір-екі сөз қалай пайда болған? Парсы тілінде йа (орысша или, либо), иаһни (то есть, иначе говоря) түрде болып келеді. Қазіргі қазақ тіліндегі жад, жады, жарақ, жеке, жеңге сияқты сөздер парсы тілінде осы й дыбысынан басталады. Олай болса, я сөзі де үйірден шықпай, жә түрде айтылса керек еді. Түсіндірме сөздікте (4-том) бұл бар. Сонымен тілімізде сөз й-ден басталмайды, басталады десек, оның алдынан қысаң дауысты селбесіп (протеза) айтылуға тиіс. Дауысты дыбыс әріптерінің қолданылуы деп аталатын тақырыпшада 8 параграф, 4 ескерту бар. Осылардың бәрі де әріп деген сөзден басталады да, ара-тұра дыбыспен алмасып, шатасьп кетеді. Әсіресе и, у, ю, я әріптерінің дыбыстық бейнесін әлі танып болғанымыз жоқ. Қазақ тілі оқулықтары мен орфографиялық, ережелері и,у әріптерін дауысты дыбыс деумен келеді. Мұның өзі сөздің дыбыстық, буын құрамын тануды, білуді қиындатып жүр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет