1 тақырып Фонетиканың зерттеу объектісі



бет16/41
Дата25.11.2023
өлшемі166,77 Kb.
#126815
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41
Дыбыстардың алмасуы. Тілдің ауызша фонемасында дыбыстар үндестік заңына сәйкес үнемі үйлесіп, жымдасып қолданылады. Егер айтуда осы үндестік сақталмаса, бұзылатын болса мұның өзі айтуы мен жазуы арасында өзгеріске ұшырайды. Өйткені жазу сөздің айтуын дәл бере алмайды. Оның үстіне морфологиялық принцип басшылыққа алынатын біздің жазуымызда түбірдің соңғы дыбысы көбіне өзгеріссіз жазылады. Мысалы: жан етістігінен өрбитін жанды, жанбады, жанған (жоқ) сияқты формаларда түбірдің бастапқы қалпы сақталып жазылады. Алайда мұндағы н әрпі үш сөз формада үш түрлі дыбысталады. Тілдің табиғатын, фонетикалық заңдылықты жақсы білгенде ғана мұның себебін нақты білуге, түсіндіруге болады.
Егер бұл сөзформалардың құрамындағы нб, нғ тіркестерін дәл жазылуындағыдай айтатын болсақ, үндестік заңына нұқсан келеді. Бұл заң бойынша нб, нғ тіркесі дауыс қатысы жағынан сәйкес келгенімен (үнді–ұяң), артикуляциясы жағынан оралымсыз; сонда қос ерін б өзінің алдындағы тіл алды н‑ны қос ерін м‑ға, ал тіл арты ғ тіл арты ң‑ға икемдейді. Соның нәтижесінде нб тіркесі мб (жамбады), нғ( жаңған) болып айтылады.
Қысқасы морфемалардың жігінде қатар келіп акустикалық немесе артикуляциялық жақтан тіл табыса алмаған жағдайда дыбыстардың бірі екіншісін өзіне жуық басқа дыбыспен алмасуға мәжбүр болады.
Алмасу - альтернация (лат. alternatio – және орысша чередование) – әр түрлі сөзформалардың құрамында кездесетін бір морфеманың бір дыбысының көрші дыбыстың әсерінен басқа дыбысқа өзгеруі. Әңгіме морфеманың дыбыстық құрамы болғандықтан, мұның өзі морфологияның да объектісі бола алады. Сонымен дыбыстық алмасу – фонетикалық жағдайдың (көрші дыбыстың) нәтижесі, мұны комбинаторлық (лат. біріктіру, тіркесу) немесе позициялық (лат. жағдай, шеп) өзгеріс деп те атайды. Ал сәйкестік спонтанды (лат. кенет пайда болған, байланыссыз) өзгеріс түрде танылады.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Үндестік заңының пайда болу себептері.
2. Үндестік заңының тілдегі көрінісі.
3. Қазақ тілінің ең негізгі заңы – үндестік.
4. Дыбыстардың үндесуіндегі ерекшеліктер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет