1 тақырып Фонетиканың зерттеу объектісі


Пайдаланылған әдебиеттерәдебиеттер



бет17/41
Дата25.11.2023
өлшемі166,77 Kb.
#126815
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41
Байланысты:
Фонетика лекция

Пайдаланылған әдебиеттерәдебиеттер

  1. 1. Артыкова Т.М., Искакова С.С.Қазақ тілі: Оқу құралы, Нур-принт, 2016.

  2. 2. Салқынбай А.Б., Жұмағұлова А.Ж.,
    Иманқұлова С.М., Рысбай Б.Қ., Егізбаева Н.Ж. Қазақ тілі: оқу құралы. – 332 б. 2015.

  3. 3.Б.М. Сұлтанова. М.Ш. Тойғанбекова, Ж.С. Рақыш. Қазақ тілі. –Алматы, 2015. – 311 бет

  4. 4.Ж.Ә. Адрахмановна. Қазақ тілі. Алматы, 2015

  5. 5.Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. Зият Пресс, 2006.

  6. 6.Жұбанов А.Қ.Қолданбалы лингвистика : Формалды модельдер. Қазақ университеті, 2006.

  7. 7.Молдабек Қ., Ермекбаев М. Қазақ тілі : Фонетика. Лексика. Шымкент, 2001.

  8. 8.Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы, Арыс, 2009.

9.Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі, Сөздік-Словарь,1999
_9__ тақырып
Ықпалдың түрлері. Буын және екпін


Дәріс жоспары:

  1. Қазақ тіліндегі дыбыстардың бір-біріне ықпалы.

  2. Бунақ және екпін.



Мазмұны
Үндестік заңы көрші дыбыстар мен буындардың бір-біріне ықпал етіп, бірінің екіншісіне бейімделіп тұруына негізделеді. Ықпал негізінен морфема мен морфеманың аралығында(жапсарында) қатар келген дыбыстар мен буындардың арасында болады. Ал морфеманың өз ішіндегі дыбыстар мен буындар(көп буынды сөзде) тарихи дамудың нәтижесінде қалыптасқан құйма деп қараймыз да, сол дайын күйінде танимыз. Сонда түбір морфеманың соңғы буыны қосымша морфеманы(бұл көбіне бір буынды болып келеді) тілдің қатысы жағынан жуан немесе жіңішке етіп игеріп тұрады: дала-ның дала-ға, университет-тің, университет-ке, қасиет-ті, қасиет-і. Сондай-ақ ерін қатысы жағынан да ықпал ете алады: үй-гө, үй-дү, үй-дің, үр-үп, үр-дү, үр-ө, өс-үр, өс-үп. (Буындардың бір-біріне ықпалы сингармонизмде айтылады).
Дыбыстардың бір-біріне етер ықпалы негізінен екі түрлі болады: а) дауыс(салдыр) қатысына қарай және ә) айтылу орнына(артикуляциясына) қарай.
Қазақ тіліндегі морфемалар жапсарында қатар келген дыбыстардың көбіне алдыңғысы(яғни алдыңғы морфеманың соңғы дыбысы) кейінгісінде(яғни кейінгі морфеманың басқы дыбысына) дауыс (салдыр) қатысы жағынан ықпал етіп, өзіне бағындырып тұрады.
Мұндайда дыбыстардың күшті не әлсіз болуы ондағы дауыстың мөлшеріне байланысты. Дауыстылар тоннан жасалғандықтан әрқашанда басқа дыбыстарға ықпалын жүргізеді. Бұл жағынан үнділер де қалыспайды. Олар да дауыстылар сияқты үнсіз дауыссыздарға күштілік жасайды. Дауыс қатысы жағынан да ең әлсізі қатаң дауыссыздар. Олар өзара болмаса, басқа дауыссыздарға(ұяң б дыбысынан басқасына) толық ықпал ете алмайды.
Түбірдің соңғы дыбысы қосымшаның басқы дыбысын дауыс(салдыр) қатысы жағынан әрқашанда тәуелді етіп, игеріп тұрады. Үндестік заңында дыбыстардың осы қасиеті қатты ескеріледі. Күшті дыбыстар әлсіз дыбыстарға кейін тұрып та ықпал ете береді: қабы(қап-ы), тарағы(тарақ-ы), күрегі(күрек-і).
Көрші дыбыстар айтылу орны жағынан да бір-біріне азды-көпті ықпал етіп тұрады. Кейде ол дыбыстардың алмасуына себепші болады: жаңған(жан-ған), жанбады(жан-бады), ашшы(ас-шы), ашша(ас-ша).
Дегенмен түбір мен қосымшаның аралығында қатар келген дыбыстар алдын ала ыңғайласып, үйлесіп келетіндіктен дыбыс алмасулары да онша көп емес. Бұларға қарағанда сөз бен сөздің жапсарындағы дыбыстар көбірек алмасуға ұшырайды. Олай болатыны, лексикалық единицалар(сөздер) қосымшалар сияқты көп вариантты емес, олар сөйлеу актісінде өзара жымдасып, үйлесіп айтылады.
Алмасу фонетикада негізгі және алғашқы түсініктердің біріне жатады. Алмасу болу үшін көрші екі дыбыстың(буынның) күштісі әлсізіне акустика-артикуляциялық жақтан ықпал етіп, өзіне бейімдеп, игеріп тұрады. Бұл комбинаторлық(игерулі) алмасу делінеді.
Көрші дыбыстардың(буындардың) бірі игеріп, екіншісі соның ықпалына көніп, игеріліп тұрады. Игерудің өзі екі түрде болады: а) толық игерудәл өзіндей ету; ат-ты, кес-се, тарақ-қа, қап-пен, ашшы(ас-шы), ашша(аш-са), жасса(жаз-са), жұжжыл(жүз жыл), жашшықты(жаз жықты), белбау(белбеу), ышқыр(іш құр), бүгін(бұл күн), сексен(сегіз он); ә) жартылай игеру – өзіне жуықтату – бейімдеу: ат-қа, кес-ті, тарақ-ты, қап-қа, ас-ты, аш-ты, жаз-ды. Игеру бар жерде үнемі алмасу бола бермейтіні есте болға тиіс. Өйткені көрші дыбыстар біріне-бірі алдын ала ыңғайланып, үйлесіп келеді, тек олай болмаған жағдайда ғана алмасуға мәжбүр болады.
Игеретін дыбыстың орын тәртібіне қарай қазақ тілінде дыбыстардың біріне-бірі ықпалы үш түрлі болады:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет