Бунақ және екпін.Адам өз ойын сөйлем арқылы білдіретіні белгілі. Сөйлем сөздерден тұрады. Сөйлеу кезінде сол сөздер кейде жеке тұрып, көбіне екіден, тіпті үш-төрттен топ құрап айтылады. Мысалы, Үш күндік жолдың бүгінгі соңғы күніне шәкірт бала барын салды. (М.Әуезов). Осында үш күндік жол, соңғы күн, шәкірт бала, барын салды дегендер өзара тіркесіп, топ құрап тұр. Сөйлеу кезінде де бұлар жұбын жазбай, әрқайсысы өзіндік ырғаққа ие болады. Тек бастауыш болып тұрған бала сөз өзінің алды-артында тұрған анықтауыш, баяндауышты бауырына тартып шәкірт бала барын салды түрде тұтаса айтылуға тиіс. Бұдан сөйлемдегі сөздердің сөйлеу кезінде тұтасып немесе жеке-жеке тұрмай, топ құрап, әрқайсысы өзіндік екпін, ырғақпен айтылатынын аңғаруға болады. Осындай топтар ритмикалық таптар делініп жүр. Мұны тіркес, синтагма, фраза деп те атайды.
Ритм – кейбір белгілері жағынан өзара бірдей немесе біршама жуық элементтердің қайталануы. Бұл әсіресе өлең жолдарынан жақсы аңғарылады. Өлеңге тән буын, бунақ, ырғақ сияқты негізгі элементтердің әр тармақ, шумақта қайталануында белгілі бір тәртіп, жүйе болады.
Бұл жөнінде алғаш А. Байтұрсынов жақсы айтқан: «Сондай-ақ сөздің өлең болып, көңілге ұнап, реттілігінен туатын қасиет сөзді айтқан кезде сағаттың шық-шық жүргені сияқты, тамырдың бүлк-бүлк соққаны сияқты дауыстың бір түрлі ырғақ-ырғағы болады. Сағат шық-шық еткенінің, тамыр бүлк-бүлк соққанының арасы қандай бірдей болса, сөз сөйлегендегі дауыс ырғақ-ырғағы сөдерін бірдей буынға бөледі. Сондықтан сөз табиғи негізінде қамыс сияқты бунақ-бунақ буыны бар нәрсе болып шығады... Өлең ырғағы жорға жүрісінің тайпалуы, теңселуі сияқты екінші өңді ырғақ болады. Бұл ырғақ сөйлемдердің ішіндегі буын санының бірдейлігімен, кестелерінің реттілігімен, сөздердің әуездес ұқсастығымен келетін ырғақ».
Олай болса, біздің ритмикалық топ деп отырғанымыз – бунақ. Сонда сөйлем бунақтарға, бунақ сөздерге, сөздер буындарға, буын дыбытарға ажырайды. Әрине, қара сөздегі бунақпен өоеңдегі бунақтың ұқсастығымен қатар өзіндік ерекшелігі де бар.
«Жұрттың бір ауыз өлең дейтіні шумақ болады. Әр шумақта бірнеше тармақ болады. Тармақ дегеніміз өлеңнің әрбір жолы. Тармақ ішінде бірнеше бунақ болады. Бунақ дегеніміз өлеңді айтқанда сезілетін дауыс толқынының соқпа – соқпасының арасы.» «Бір бунақтың азы біреу, көбі төртеуден аспайды. Бір бунақтың азы біреу, көбітөртеуден аспайды. Бір шумақтың ішіндегі бунақтар бірыңғай орналасу керек. Бір бунақтағы буынның азы екеу, көбі төртеу болады.»
Қазақтың қара өлеңінің әр тармағы үнемі үш бунақты болып, он бір буыннан құралды және әр бунақтағы буындардың қайталануына да заңдылық бар. Олар көбіне 4-4-3, 3-4-4 және 4-3-4 буынды болып келеді де, өзара ритм, ағымы жағынан ерекшелінеді. Енді бір шумақ өлең алып қарастырайық:
/Ай қабақ/, алтын кірпік,/қызыл ерн/,
/Кел десең,/неге аяйын/ аттың терін//
/Сары ағаш / сазға біткен/ секілденіп/,
/Қай жерде / отыр екен / бұраң белім// (Халық әні).
Бұл шумақтың әр тармағында үш бунақ бар. Бунақтағы буындардың саны – 3- 4- 4. Әр бунақ өзіндік екпін, ырғағымен ерекшелінеді. Яғни әр бунақта бір-ақ екпін болады. Ол бунақ екпіні деп аталады. Бунақтар - өзіндік екпін, ритммен айтылатын сөздер тобы. Сонда бір бунаққа енген сөздердің аралығында қатар келген дыбыстар ғана бір-біріне ықпал ете алады, олар көбіне үндесіп, үйлесіп тұрады. Егер өзара акустика-артикуляциялық жақтан тіл табыса алмаса, онда біреуі /әлсіз/, кейде екеуі де алмасуға ұшырайды. Мәселен, жоғарыдағы шумақта мынадай ритмикалық топтардың аралығындағы дыбыстар алмасуға ұшырайды, айғабақ (ай қабақ), алтынгірпік (алтын кірпік), сарағаш (сары ағаш) дегендерде алдыңғы сөздің /неге сары/ соңғы дыбысы элизияға ұшырап, айтылмайды. Қалған ритмикалық топтардың аралығындағы дыбыстар өзара тіл табысып тұрғандықтан, алмасуға ұшырамайды. Сонда әлгі шумағымыздың айтылуы мынадай болып шығады:
Айғабақ / алтынгірпік / қызылерін/
Келдесең/ негеайайын/ алтынтерің//
Сарағаш/ сазғабіткен/ секілденіп//
Қай жерде / отұрекен / бұлаңбелім//
немесе
«Құйрығы жоқ, жалы жоқ,
Құлан қайтіп күн көрер?
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жылан қайтіп күн көрер?»
деген Асан қайғы афоризміндегі сөздер дауыс ырғағы жағынан былайша топталады:
Құйрұғұжоқ (жалыжоқ)
Құлаңғайтып күңгөрөр
Айағы жоқ (қолұжоқ)
Жылаңғайтып (күңгөрер)
Прозаға қарағанда, өлең текстеріндегі сөздердің ритмиклық топтарын ажырату оңайырақ. Өйткені өлеңнің өзі ырғаққа құрылатындықтан, ондағы сөздердің топтасуын өз-өзінен шығып тұрады, оның үстіне бұған әр тармақтың аражігі ұйқас дегендер де көмектеседі.
Қара сөзбен келген текстерде де сөздер ритмикалық топтарға жіктеліп айтылады. Мысалы, «Қарагөз» драмасындағы сырымның мына сөзі ритмикалық топтарға былайша бөлінеді:Қырықкүн //қаралы/қайғымен/жылаумен/ алдағашан/ өлөрмүн/ әлігүңге/ менарсыз/ тірімін/. Қырықкүн//қаралы қайғымен//жылаумен қырықкүн өттү//алдағашан өлөрмін//ит өмүрден кетермін дебедім//әлігүнге//менарсыз//тірімін//нетілеймін//.
Мұндағы бірінші пауза (қырық күн дегеннен кейінгі) өз алдына сөйлем іспетті ритмикалық топқа байланысты. Сырым бұл монологында «қырық күн» деп бөліп айту арқылы Қарагөздің қазасын, ол қазаның халық дәстүрі бойынша белгілі бір меже-мерзімі өткенін (қырқы өткенін) білдіреді де, сол уақытың ішіндегі өзінің жан күйінішін баяндайды. Қаралы қайғымен // жылаумен дегендердің арасындағы пауза бірыңғай мүшелерді ажыратады. Қырық күн өтті дегеннен кейінгі пауза сөйлемнің соңындағы дауыс үзілісін танытады, келесі екі пауза тағы да бірыңғай мүшелерді ажыратады да, ал мен арсыз деген тіркестің екі жағынан паузаның болуы оның орны ауысқан, логикалық екпін түскен бастауыш екеніне байланысты. Тірімін, кімді күтем, нені медеу қылам, не тілемін дегендердің арасындағы пауза олардың біыңғай баяндауыштар екеніне байланысты. Міне, сөйлем ішінде осы тәріздес ритмикалық топтардың ара жігінен өзге тұстарда да паузалар болады екен. Бұл паузалардың басым көпшілігі ритмикалық топтардың жігіне сай келеді.
Ақшоқыдағы туған өлең, өлең мен ән, көшіріліп жатталып, әуендеп толқып, тарап жатты. (Алуан түрлі жаңа сөз) арқаның қоңыр желіндей (жай жылжып, бірақ) кең жайылып тарады. (М.Әуезов). Мұндағы үтірлер дауыс ырғағына тура келіп тұр.
Сөйлеу актінде бір бунақ құрап айтылатындар алдымен күрделі сөздер және әр түрлі жолдармен тіркескен сөздер. Атап айтқанда: