ы - жуан, езулік;
і - жіңішке, езулік;
ұ - жуан, еріндік;
ү - жіңішке, еріндік.
А ш ы қ т а р: а - жуан, езулік;
ә - жіңішке, езулік.
Д и ф т о н г і л е р:
е - жіңішке, езулік;
ө - жіңішке, еріндік;
о - жуан, еріндік.
Сонымен, қазақ тілінің дауыстылар жүйесін(анықтауға) сипаттауға қажетті екі принцип қарастырылды. Бірінші принцип сингармонияға қатыссыз: мұнда дауыстылар үш дыбыстық типке қысаң, ашық, дифтонг болып жіктеліп, қысаңдарға – төрт, ашықтар – екі, дифтонгілер – үш барлығы тоғыз дауыстыдан тұратыны баяндалады.
Ал екінші принцип дауыстыларды сингармония тұрғысынан сипаттауға негізделген. Төрт түрлі сингармотембрге тән белгілер айқындалады. Олардың әрқайсысы бірнеше сингармодауыстылардан тұрады: жуан езулік – 2, жіңішке езулік – 3, жуан еріндік – 2, жіңішке еріндік – 2, барлығы тоғыз сингармодауысты.
Сонымен қазақ вокализмі дауыстылардың үш сингармотипінен және тоғыз сингармодауыстыдан тұратын болды.
Сингармониялық тілде әрбір дауыссыз төрт сингармодыбыстан тұратын жүйе. Әрбір дауыссыздың сингармотембрі жуан//жіңішке, еріндік//езулік қасиеттердің қарама-қарсылығынан құралады. Тек буын деңгейінде ғана қарама-қарсы қоюға келетін дауыссыз дыбыстар жеке сингармотипке бірігеді. Сонда т сингармотипі төрт түрлі сингармодыбыстан тұрады: т(ат), т`(ет), т*(от), т`*(от). Яғни бұл төртеуі бір дыбыстың төрт сингармореңкі болып табылады. Бұлардың әрқайсысы белгілі бір фонетикалық позицияда(буында) ғана ұшырайды.
Ә.Жүнісбековтің екпін, дыбыс жүйесі, әсіресе сингармонизм жөніндегі мүлдем тың тұжырымдары болашақта толық қолдауын табуға тиіс.
Бұдан шығатын қорытынды: сингармонизм – тіліміздің бүкіл дыбыстық жүйесін қамтитын кең ұғым және мұның өзі тіліміздің ғасырлар бойы дамуының нәтижесінде қалыптасқан қалпын, өзіндік өрнек, үнін дәл танытатын заңдылық.
Сингармонизм туралы тың тұжырымдарды тыңғылықты қабылдап, тиянақты қалыптастыруда осы ұғымға орай қолданылатын терминдердің де маңызы зор.
Қ.Жұбанов: «Сингармонизм – грек сөзі. Қазақшалағанда – үндесу деген болады» [13,193] – дейді. Сингармонизм ендігі жерде дауыстыларды ғана емес, барлық дыбыстарды, сөздерді қамтып үндестік заңына синоним болып отыр.
Ә.Жүнісбеков сингармонизмге байланысты қолданылатын терминдерді ұсынады, тек орыс тілінде [45,31]. Соның кейбірін қазақша ұғымды етіп алу керек сияқты.
С о н д а:
Сингармонизм – үндестік
Сингармония – үндес
Сингармема – үндеспе
Сингармовариант – үндесвариант
Палатальный сингармонизм – тіл үндестігі
Лабиальный сингармонизм – ерін үндестігі
Сингармоязык – үндестіл
Сингармослог – үндесуын
Сингармослово – үндессөз
Сингармоморфема – үндесморфема
Сингармогласный – үндесдауысты
Сингармосогласный – үндесдауыссыз
Сингармотип – үндестип
Сингармоструктура – үндес құрылым
Сингармозвук – үндесдыбыс
Сингармотембр – үндестембр
Сингармоомоним – үндесомоним.
«Соны сүрлеу» біраз дайындықты қажет етеді. Сондықтан бұл жұмыста оқушыларды ойландыра отырып, қалыптасқан программа ауқымынан ұзамау жағы ескерілді. Яғни дыбыстар үндестігі төртке бөлінеді:
Сингармонизм
Аккомодация
Ассимиляция
Диссимиляция
Сингармонизм тіл және ерін үндестігі түрінде қарастырылады.