1 тақырып Фонетиканың зерттеу объектісі



бет23/41
Дата25.11.2023
өлшемі166,77 Kb.
#126815
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41
Байланысты:
Фонетика лекция

Тіл үндестігі
Дауыстылардың тілдің қызметіне орай бір сөз(сөзформа) көлемінде не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке ыңғайласып, үйлесіп келуін тіл үндестігі(лингвальды аттракция) дейді. Түркі тілдерінде, әсіресе қазақ тілінде сингармонизм заңы алдымен тіл үндестігі түрінде танып келді, яғни тіл үндестігі сингармонизмге синоним болып та қолданылады. Өйткені бұл заң тіліміздегі байырғы сөздерді түгелге жуық қамтиды, ал ерін үндестігі жазудың негізінде елеусіз қалып келді.
Тіл үндестігінің өзін екіге бөліп қарау керек болады: түбір тұрғысынан және түбір мен қосымшалардың ара қатысы тұрғысынан.
Қазіргі қазақ тілінде түбір(морфема) сөздер буын құрамына қарай көбіне бір буынды (бас, көз, қол, ақ, көк, бір, үш, ал, кел, жаз, күз), екі буынды (ауыз, құлақ, адам, жылқы, қара), үш буынды (көбелек, мемлекет, мақала), қала берді төрт-бес буынды (университет, ассимиляция) болады. Соның өзінде көп буынды түбірлер – негізінен кірме сөздер: мемлекет, мұғалім, университет, институт.
Түбір мен қосымшалардың арақатынасы тұрғысынан қазіргі қазақ тіліндегі қосымшалар түбірдің(мейлі кірме болсын) соңғы буынына толық тәуелді болады. Яғни түбірдің соңғы буыны жуан болса, қосымшалар да жуан буынды болады: мал-шы-лар-ымыз-дың, қала-мыз-да, қанағат-тан-ды-рыл-ды, пролетариат-қа т.б.
Қосымшалардың ішінде түбірдің соңғы буынына тәуеді болмай, өз қалпын әрқашан сақтап тұратын қосымшалар да кездеседі. Олар:
-бан, -гер, -еке, -жан, -кент, -қар, -кер, -кеш, -көй, -күнем, -қой, -қор, -мар, -маш, -нікі, -дікі, -тікі, -пен, -бен, -мен, -стан, -тал, -уар, -хана(бәле-қор, әсем-паз, гүл-стан, сезім-тал, сөз-уар, кітап-хана т.б.)
Тіліміздегі қосымшалар орыс тілінен енген сөздердің де соңғы буынына сәйкес жуан не жіңішке жалғанады. Алайда орыс тілінде буындардың жуан не жіңішкелігі көбіне дауыссыздарға байланысты болады да, оларды айыру оңай бола бермейді. «Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелерінде» (1957) осыған байланысты:
« а) рк, нк, кс, кт сияқты дауыссыздар тіркесіне біткен сөздерге қосымшалар жіңішке түрінде жалғанады. М ы с а л ы: парк-ке, банкі-ге, бокс-ке...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет