1 тақырып Фонетиканың зерттеу объектісі



бет20/41
Дата25.11.2023
өлшемі166,77 Kb.
#126815
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41
1. Біріккен сөздер: әргім (жазылуы - әркім), әрғашан (әрқашан), бетпұрыс (бетбұрыс), Дошшан (Досжан), Қыжжібек (Қыз Жібек).
Бірсыпыра біріккен сөздер аралығындағы дауыссыздар айтылуына жуықталып жазылып жүр: қолғабыс, қолғанат, жарғанат, қыстыгүні, алагөбе, алагүдік дегендердің аралығынан да осыны көруге болады.
«Қазақ тілі орфографиясы негізгі ережелерінің» соңғы вариантындағы (1983) елеулі өзгерістің бірі мынада:
а) екінші сыңары к,қ дыбыстарынан басталатын кейбір кісі аттары екі түбірдің үндесуі ыңғайына қарай да жазылады: алдыңғы түбір дауысты дыбыстар мен ұяң, үнді дыбыстарға аяқталғанда, келесі түбірдің басқы дыбыстары ұяңдап, ғ,г болып айтылса, ғ,г әріптері жазылады. мысалы: Жанғали, Күсепқали, Нұргелді, Есенғұл, Айтқожа, Қарагөзқаламқас, Бибікамал. Бұл өзгеріс «екі түбірдің үндесу ыңғайын», яғни олардың бір ритмикалық топ құрап айтылуын ескеруге негізделгенін аңғару қиын емес. Өйткені жастар жағы Қаракөз, Меңдіқыз деп дәл жазылуындай айтуды дәстүрге айналдырды. Бұл әрине, тілдің табиғи жарасымына қиянат.
2. Қос сөздер: қорағора(қора-қора), беспестен(бес-бестен), етегжең(етек-жең), қызғырқын(қыз-қырқын), бірдембір(бірден-бір).
3. Қысқарған сөздер: ҚазМУ, афком(обком), савхоз(совхоз), метотсавет(методсовет).
4. Өзара тіркескен(күрделі) зат есімдер: малғора(мал қора), қонағүй(қонақ үй), алтыңғасық( алтын қасық).
5. Күрделі сын есімдер: қарала(қара ала), алғызыл(ал қызыл), т.б.
Екпін. «Сөз ішінде бір буынның күшті айтылуын екпін дейміз. Қазақ тілінде екпін сөздің соңғы буынына түседі» [37]. Бұл – бізге мектептен таныс қағида. Мұның өзі бүкіл түркологияда бір ғасырдан астам уақыттан бері айтылып, қайталанып келеді. А.Байтұрсынов та «Қазақ тілінде екпін буынды сөздің я аяғында келеді, я аяғына таяу буын болып келеді» [44,45,54]. Бұл, әрине, түркологтар тарапынан бірден қолдау таба қойған жоқ. Тіпті мектеп табалдырығынан екпін бар деп үйренген қатардағы оқушыға да бұлай ойлау оңай бола қоймасы аян. Алайда бұл – шындық. Олай болса, жоқты жоқтап, дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Бунақ екпіні фразалық екпін, тіркес екпіні деп бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет