Аккомодация.Аккомодация (лат. бейімделу) – морфемалар жігінде қатар келмей дауысты және дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, бейімделіп айтылуы. Мысалы: ат, ет, от, өт деген сөздерде бір ғана т фонемасы дауыстылардың әсерінен төрт түрлі реңге ие болатынын білеміз.
Дауыстылар мен дауыссыздардың және керісінше, дауыстылардың дауыссыздармен көрші тұруында тарихи дамудың нәтижесінде қалыптасқан заңдылық бар. Аккомодация құбылысында қазақ тілінде негізінен дауыстылар дауысыздарға күштілік жасап, өз ықпалын жүргізеді, көбіне дауыстың қатысы және айтылуы жағынан өзіне бейімдеп тұрады. Мысалы: тарағы (та-рақ-ы), ағешкі (ақ ешкі) дегендерде дауыстылар дауыстың қатысы жағынан дауыссыздарды игеріп ұр деп түсіну керек. Ал дауыссыздардың артикуляциялық (айтылуы) жақтан әсері дегенде әсересе тілдің қалпы жағынан дауысыздарға етер ықпалын айту керек. Яғни, қазақ тілінде дауыстылардың жуан және жіңішке болып айтылуы көбінесе дауыстымен байланысты. Сондықтан да жақтың, еріннің де аздап ықпалы болады.
Морфемалар жігінді дауыстылар мен дауысыздар және керісінше, дауысыздар мен дауыстылар қатар келген кезде әрқашан дауыстылар күштілік жасайды да, аккомодациядағы ықпалдың түрі (прогрессивті, регрессивті) дауыстының орын тәртібімен байланысты болады. Сондықтан аккомодацияны екіге бөліп қарауға болады:
1. Дауысты мен дауыссыздың үндесуі (прогрессивті аккомодация).
2. Дауыссыздар мен дауыстылардың үндесуі (регрессивті аккомодация).
Дауыстылар мен дауыссыздардың, дауыссыздар мен дауыстылардың үндесуі. Сөздің соңғы дыбысы дауысты болса, онда оған жалғанатын қосымша тек дауыссыздардан басталады делінеді. Алайда кейбір оқулықтар мен ереже, зерттеулерде осы аксиомаға қайшы, жаңсақ пікірлерде кездеседі. Олар:
а) бу, су, ту, ми, қи, ине, иле, биле, у, жуан, уық сөздердің құрамындағы у, и әріптерін дауысты дыбыстар деп қарау. Бұлай болғанда бу-ын, бу-ады болып дауыстылар (уы, уа) түрінде қатар тұрар еді. Тағы қайьалап айту керек болады, жеке сөз тұрмақ, сөз бен сөздің аралығында да қатар келегн дауыстылардың бірі айтылмайды. Ал біріккен сөздерді Молдаахмет, Қандыағаш, Сарыағаш, Сарыөзек, өліара түрінде жазу – орфографиялық норманың ісі.
ә) «ы,і дыбыстарына бітетін етістіктерге тұйық райдың у жұрнағы жалғанғанда ы, і дыбыстары түсіріліп жазылады». Әрине әңгіме әріптер туралы болса, бұл қағидаға келісуге болар еді. Тұйық етістіктің у жұрнағы дыбыс емес, бір әріп. Оның дыбыстық бейнесі – ұу, үу.у (тау дегенде).
Үнді дауыссыздар. Әсіресе л,м,н,ң үнділерден жалғаулар да жұрнақтар да басталады және олар дауыстылардан кейін еркін тұра береді: қала-лар, қала-мыз, қала-ңыз. Ал р,й,у үнділерінен тек жұрнақтар ғана басталады: ала-й, ала-р. Үнді дауыссыздар дауыстылармен еркін қатар тұрып айтыла береді және ешқандай алмасуға ұшырамайды. Бұл қасиет олардың құрамында салдырдан гөрі дауыстың (тонның) басым болуымен байланысты.
Ұяңдардан тек г, ғ,д дыбыстарынан басталатын қосымшаларға ған дауыстылардан кейін тұра алады: терезе-ге, терезе-де, қала-ды. Ал сөз басында ұяңдар дауыстылардан кейін айтыла береді: қара белбеу, сары гүл, жаңа заң.
Әдетте дауыстыға біткен сөздерге қатаң дауыссыздардан басталатын қосымшалар жалғанбайды делінеді.Алайда с және ш қатаңдардадан басталатын қосымшалар бұл заңға көнбейді де, ретіне қарай дауыстымен көрші тұра береді. Мысалы:
-сы, -сі (баласы, әжесі)
-сыз, -сіз (баласыз, әжесіз). Сондай-ақ –т қатаңнан басталатын бірер қосымша кездеседі: т (ойнат, тілет), тай (әжетай, әкетай). Қтаң с және ш дауыссыздарынан басталатын қосымшаларды ерме қосымшалар дейміз. Өйткені бұлар алдыңғы фонеманың соңғы дыбысын талғамайды. Соңы дауыстыға біткен сөздерге басқа дыбысы қатаңдардан басталатын қосымшалар жалғанбайды дейтін қағида ең алдымен қатаң к, қ, п дыбыстарына негізделеді. Шыныңда да фонемалар жігінде қ,к фонемалары дауыстылармен тұра алмайды, тұра қалғанның өзінде (сөзбен сөздің аралығында) айтуда міндетті түрде ұяңдайды: қарағой (қара қой), жангелді (жаңа келді). Ал п қатаңының бұлардан бір ерекшелігі кейінгі сөздің басында ұяңдаңбай айтыла береді: бір пайда-пайда, екі пайда қайда (мақал).
Дегенмен к,қ қатаңдарының да бірер кірме фонеманың басында дауыстылардың ықпалына илікпейтін кездері бар: күнә-кар, айла-кер. Сондай-ақ Алма-күл, Бала-күл, Зейне-күл сияқты біріккен түбір есімдердің екінші сыңарындағы күл(гүл) сөзі де ұяңданбай айтылады. Рас, бұлардың ендігі жерде гүл түрінде айтылу тенденциясы басым екенін ескеру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |