1-тақырып. Картасыз жергілікті жерді бағдарлау. 2-сабақ. Тактикалық және топографиялық бағдарлау



бет2/3
Дата04.11.2023
өлшемі200,23 Kb.
#122260
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
1-2, Такт. және топогр.бағдарлану.

Өз орналасу орнын анықтау. Картада өз орналасу орны нүктесін картаға түсірілген қандай да бір жергілікті жердегі бағдардың (жолдар қиылысы, көпір, бөлек тұрған ағаш жэне т.б.) жанында тұрып ең оңай анықтауға болады. Бұл шартты белгінің картада орналасу орны ізделген нүкте болып табылады.
Барлық басқа жағдайда өз орналасу орнын келесі әдістердің біреуімен шамамен анықтауға болады:
-ең жақын бағдарлар бойынша көзбен ;
-өткен арақашықтықты өлшеумен ;
-жергілікті затты қиылыстырумен ;
-кері қиылыстырумен .
Бағдарларды танып білу тәртібі және картаны (сызбаны) жергілікті жермен салыстырып қарау. Картаны жергілікті жермен салыстырып қараудегеніміз - бұл картада қоршаған жергілікті заттар мен бедер элементтері бейнесін табу және керісінше - жергілікті жерден картада белгіленген объектілерді танып білу.


Сурет Картада тұру нүктесін ең жақын бағдарлар бойыншакөзбен өлшеп анықтау


сурет - Тұру нүктесін арақашықтықты өлшеп анықтау

Ұрыс алаңында бағдарлану барысында бөлімшенің жауынгерлік міндеттері соларға қатысты үйлесетін жергілікті заттар мен бедер элементтерін танып білуге ерекше назар аудару қажет.


Картада бақылайтын объектінің бейнесін табу үшін объектіге дейінгі арақашықтықты табу қажет, содан соң объектіге бағытты анықтау қажет (белгілі бағыт пен объекті арасындағы азимут немесе бұрыш). Осыдан кейін, картаға алынған бағытты өзінің тұрған орнынан түсіріп және алынған арақашықтықты карта масштабына салып, сол ауданда объектінің бейнесін табу қажет.





сурет - Тұру нүктесін кері қиылыстырумен анықтау

Кері міндетті шешу үшін, яғни жергілікті жерде объектіні танып білу үшін:



  • картаны бағдарлау;

  • өз орналасу орны нүктесін табу;

  • карта бойынша объектіге дейінгі арақашықтықты анықтау;

  • объектінің дирекциялық бұрышы мен магниттық азимутын анықтау, және осы деректерді пайдалана отырып, міндетті шешу қажет.

Жергілікті жерді картамен салыстырып қарау барысында бақыланатын жергілікті заттарды танып білу ғана емес, сонымен бірге, оның тән формалары мен жете ерекшеліктерін бағдар ретінде пайдалану үшін бедер құрылымын мүқият зерттеу қажет. Ол үшін командалық биіктіктерді анықтау және суайрық желілерін табу қажет, сондай-ақ бедердің ең тән элементтерінің өзара орналасу қалпын анықтау қажет.
Осыдан кейін картаға сүйеніп, онда жергілікті жерде байқалатын бедердің формалары мен жете ерекшеліктерінтанып білу қажет.


2-ші оқу сұрағы: Тактикалық және топографиялық бағдарлау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет