№ 1 тақырып - Модернизм және постмодерниз мәселелері 1-апта. 1 сағат М.Эпштейннің "модерн" деген екі үлкен айырмашылығы бар ұғымды ажыратып береді.
1) Модернділік ("modernity" немесе орыс терминологиясымен сәйкес "жаңа уақыт") Ренессанс дәуірінен басталып ХХ ғасырдың ортасына дейін жалғасқан орта ғасырдан бастау алып жарты мыңжылдықты қамтыған бүкіл әлем тарихындағы үлкен дәуір.
Модернизм ("modernism") – модерн дәуірін аяқтайтын жарты ғасыр өмір сүрген ХІХ ғасырдың аяғынан дейін жалғасқан немесе бірінші дүние жүзілік соғыстан 1950–1960 жылдарға дейін созылған белгілі бір мәдени кезең . Яғни постмодернизмдегі "пост" деген сөздің түп төркіні "после" деген сөзді берсе "постмодернизм" термині "после пмодернизма" яғни "модернизмнен кейінгі" деген ұғымды береді. Б.Майтановтың пікірінше бұрынғы бір реализм бағытында жазылған деген туындыларымызда модернизмнің белгілері бар.
"Модернистер дөрекі, алабажақ, тұрықсыз шындықтың жан-жағынан жоғарғы шындық, жоғарғы өмір, сабақтас әлем, іргелі тұтастық, өзгеше ой, тым ауқымды идея іздестірді. Өмір олар үшін көріксіз де, тазалық пен әлемдік өнерде ғана сақталмақ. Постмодернизм мұндай кемшіліктерден ада, олар біріншіден осы сәттегі, тысқары дүниедегі күнделікті тіршіліктегі бар нәрсеге назар аударады. Олар үшін мұражайдағы сурет пен жыртпалы күнтізбедегі соның көшірмесі бірдей деген П.Гречконың мысалға келтіреді [31;8]. Соңғы уақытта қазақ әдебиетіндегі ғалымдар Б.Майтанов, А.Ісмақова, Ш.Әдебаева, Л.Сафронова осы екі ағымның қазақ әдебиетіндегі орны туралы біраз пікірлер білдіруде.
П.Гречко. Модернизм өзгемен еркін сөйлесе алмаса, постструктуралистік молекуляризмге тән плюрализм "өзгені' екіншi 'Менге' айналдырады. Екі ортада диалог орнайды. Қысқacы, модернизм көз алдында тұрған шындықты мice тұтпаса постмодернизм өмірдегі құндылықтарды үлкен, кіші деп бөлмейдi, кез келген зат, құбылысты дүние санауға бейім. Ол техногенді Постиндустриалды қоғам негізінде бей-берекет тiршіліктің безер болудың орнына бәріне көнген, бекінген, қасіретін ішіне түйген қалыпта, еш нәрсеге қатты алаңсыз жүйкесін сауытпен қоршап күн кешуді жөн санайды. Тығырықтан шығар жол іздеудің қажеті жоқ. Егер адамзат өркениеттің жарқабағында тұрса оған амал іздеу мүмкін емес. Әркім өзінде бар әлем, үлесіңе тиген тағдыр мен сағат, сәттің тұтқынында сол күйіне жасымай, зар төкпей тынытауы қажет.
Ал, постмодернизм поэтикасына қатысты мына тұжырымды айналып өтпеген дұрыс, «Постмодернизмге тән негізгі сипаттар туралы пікірлер әр түрлі. Ихаб Хасан бұл бағыттағы қаламгерлерге тұйықтық, бұлдырлық хас, олар ешнәрсені ашып айтпайды. Соңғы ақырғы сөз қозғаудан аулақ десек, Алан Уайлд постмодернизм өмір көріністерінің бәріне дерлік өзгеше ирония мен қарайтынын атап өтеді. Негізінен әдеби постмодернизм теориясын зерттеген, Д.Лодж постмодернистік мәтін оқырман көңілінде оқиға барысына қатысты үнемі күмәнділік тудырады деп біледі», әрине бұл көркемдік ағымында анықтайтын сипатты осымен шектелмейді, әрі барлығы дерлік күмәнсіз емес. Біз қазіргі қазақ прозасын модернизм және постмодернизм ыңғайымен сөз еткенде барша қаламгерлер мен шығармаларды түгел қамти алмайтынымызды ескертеміз.