7-тақырып. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың негізгі тенденциялары. (2 сағ.)
Қазақстанның білім беру саясатының негізгі бағыттары.
“Білім туралы” заң. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат, оның негізгі принциптері. Қазақстан Республикасында орта білімді дамыту бағдарламасы (1997, 2003, 2004 ж.ж.). Мемлекеттік жалпы орта білім беру стандарты және оның негізгі қызметі. Базалық оқу жоспары, оқу бағдарламары. Оқу жоспарының көп түрлігі.
12 жылдық білім беру – қазақстандық білім беруді модернизациялаудың маңызды бағыты
Ұлттық идеяның білім беруді дамытудағы мәні.
Қазақстан Республикасында білім беру мекемелерінің мемлекеттік және мемлекеттік емес түрлері. Лицейлер, гимназиялар, колледжілер, олардың оқу-тәрбие жұмыстарының ерекшеліктері мен мазмұны. Шетелдердегі халыққа білім беру жүйесі.
8-тақырып. Тұлғаны дамыту, тәрбиесі, тәрбиелеу және қалыптастыру. (2 сағ.)
Жеке тұлға туралы ұғым. “Адам”, “индивид”, “даралық”, “жеке тұлға” ұғымдары туралы түсінік. Жеке тұлғаның құрылымы: биологиялық, психологиялық және әлеуметтік, олардың өзара байланысы.
Тақырыптың тірек ұғымдары.
Тұлғаны дамыту және қалыптастыру факторлары
Тұлғаны дамытудағы іс-әрекет түрлері
Тұлғаның жас кезеңдері
«Тұлға» деген ұғымға түсінік беріңіз. Қандай адамды «тұлға» деуге болатынын деректі материалдарды тірек ете отырып ашып көрсетіңіз.
«Тұлғаны дамыту», «тұлғаны қалыптастыру» ұғымдарының өзара байланысын ашып көрсетіңіз. Оларға ықпал ететін факторларға тоқталыңыз.
«Ортаның» тұлғаны қалыптастырудағы мүмкіндігін деректі материалдарды негізге ала отырып мазмұндаңыз.
Тұлғаны дамытудағы іс-әрекет түрлеріне тоқталыңыз.
Мазмұндық сипаттама беріңіз. Мысалдар келтіріңіз, өзіңіздің көзқарасыңызды негіздеңіз.
Ғалымдардың пайымдауынша: «Дүниеге жеке адам болып келеді. Тұлға болып қалыптасады. Даралық дәлелденеді». Осы ой-тұжырым бойынша өзіңіздің көзқарасыңызды негіздеңіз.
Көркем әдеби шығармалардың немесе тарихи көркем фильмдердің негізінде белгілі бір тарихи дәуірде өмір сүрген ғұламаның тұлғалық бейнесіне (МЫСАЛЫ, Шоқан, Абай, Ыбырай) сипаттама беріңіз.
Бүгінгі шынайы өмірден алынған мәліметтерді пайдалана отырып тәрбиенің қоғамдағы рөліне және адами тұлғаны қалыптастыруға аса мән беріле бастағанын көрсетіңіз.
Тұқымқуалаушылық фактордың өзіндік ерекшеліктері мен тұлғаны дамытып, қалыптастырудағы мүмкіндіктерін деректі материалдарды негізге ала отырып мазмұндаңыз.
Қазақстанның бүгінгі экологиялық жағдайына тоқталыңыз. Соның ішінде Семей полигонының тұлға дамуына ықпалын деректі материалдардың негізінде ашып көрсетіңіз.
Әртүрлі жастағы оқушылардың психикалық, танымдық ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау беріңіз және олардың оқу әрекетін ұйымдастыру барысындағы ықпалына тоқталыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |