Акселерация биологиялық фактор, әлеуметтік жағдайлардың жақсаруы, урбанизация (қалалардың өркендеп өсуі) факторы, елдің миграциялық өсуі, транспортпен байланысты қатынастың дамуы, радиотолқындардың және географиялық климаттық жағдайлардың өзгеруі сияқты мәселелерді қамтиды. Сондықтан, білім беру мен тәрбие жұмысының мазмұны, әдісі, жұмыс факторлары акселерация құбылысының ерекшеліктеріне сай құрылуы керек (мысалы, баланы алты жастан оқыту, т.б.). Балалардың дене және психикалық дамуында айқындалған күрделі өзгерістердің бірі – организмнің жедел дамуы.
Бұл құбылыстарды акселерация (лат.– жедел) деп атайды. Акселерацияға тән ерекшелік: баланың бойының, салмағының, бұлшық етінің жедел түрде өсіп жетілуі.
Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұ-рақтылық, әрқашан қызметке дайын болу; мақсатқа жетуде ақылға сай табандылыққа ие, еңбекте шаршап-шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интеллекттік деңгейі жоғары. «Дарындылық» — бұл адамның белгілі іс-әрекет аумағында ерекше табыстарға жетуге көмек-тесетін, қабілет дамуының жоғары деңгейі. Дарындылық пен қабілеттілік түсініктері бір- біріне өте жақын ұғымдар.
«Қабілеттілік, ‑ деп атап көрсетеді Д.Н.Ушаков, ол табиғи дарын, бір нәрсені жасай алу мүмкіндігі». Қабілеттілік тұлғаның іс -әрекеттің бір саласына, нақты бір ғылымға өзіндік бейімін, қасиетін көрсете білуі. Бұл тұлғаның бойында білім, білік, дағды, тәжірибелік іс-әрекетінен, тәрбиелік қа-рым-қатынасынан, зеректік, тапқырлық, байқағыштық қасиеттерінен еркін көруге болады. Қабілетсіз тұлға болмайды. Қабілеттің өзі жалпы және және арнайы болып екіге бөлінеді. Жалпы қабілет көптеген дара тұлғалардың зеректік, тапқырлық, байқағыштық қасиеттері арқылы кө-рініс береді. Ал, арнайы қабілет әсіресе өнер адамдарында, айтыскер ақындардың суырып салмалығы, композитор, әнші, суретші т.б. атауға болады.
Дарындылық — адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көр-сетуі. М.Горький «адамдағы дарындылық қасиеттің туа бітетіні, жүре пайда болатыны да болады. Туа бітетіні тұқым қуалаушылық. Бұл биік деңгейлерге көтерілуі де мүмкін, өшіп те қалуы мүмкін. Дарын-дылықты үнемі дамытып отыру қажет», - деп атап көрсетеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018
https://multiurok.ru/index.php/files/zhiekie-tu-lg-anyn-damuyndag-y-zhas-ieriekshielikt.html
Достарыңызбен бөлісу: |