1. Тақырып: Педагогика ғылымының қазіргі даму кезеңіндегі міндеттері. Тақырыптың негізгі сұрақтары


Тұлға дамуындағы жас ерекшелік кезеңдерге сипаттама



бет15/23
Дата15.10.2023
өлшемі62,77 Kb.
#115210
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Байланысты:
ОСӨЖ Таштілеу Ақгүл СПО 13-12

Тұлға дамуындағы жас ерекшелік кезеңдерге сипаттама.

Жас ерекшеліктері дегеніміз өмір сүрудің белгілі бір кезеңіне сәйкес байқалатын анатомия-физиологиялық және психикалық қасиеттер болып табылады.


Даму үдерістерін дұрыс басқару үшін ертеден-ақ адам өмірі кезеңдерін жіктеп отырған. Мұндай жас кезеңдерін жіктеуде адам өмірінің әрбір кезеңіне сәйкес анатомия-физиологиялык және психикалық қасиеттерді негізге алған. Жас ерекшеліктері адамның денелік дамуына сәйкес анықталған. Денесінің өсуі, салмақ қосуы, сүт тістерінің пайда болуы, оның ауысуы, жыныстық пісіп-жетілуі және басқа да биологиялық үдерістер белгілі бір кезеңде сәл-пәл ауытқулармен жүріп отырады. Ал адамның биологиялық және рухани дамуы өзара тығыз байланысты болғандықтан, әр кезеңге сәйкес интеллектуалдық, әлеуметтік, рухани сфераларында да өзгерістер пайда болады. Әлеуметтік жетілу де, биологиялық сияқты, қатаң тәртіппен болмаса да, жас кезеңіне сәйкес рухани даму динамикасын байқатады.


Мектеп жасындағы адамның өміріне сәйкес жас кезеңдеріне бөлудің психологиялық және педагогикалық нүсқалары бар. Қазіргі ғылымда бала өмірін кезеңдерге бөледі. Педагогикалық кезеңдерге бөлу негізінен, бір жағынан, денелік жэне, екінші жағынан, рухани даму кезеңдері жүретін тәрбиелеу жағдайларын анықтайды.

Танымдық іс-эрекеті оқыту үдерісінде көбірек жасалады. Қарым-катынас жасау аясы кеңейеді. Бүл кезеңдегі қарқынды даму және көп жаңа қасиеттерді калыптастырып үлгеру кажеттілігі оқу-тәрбие іс-эрекетін қатаң бағыттап жүргізуді талап етеді. Кабылдауы тұрақты емес, бірак эмоционалдылығы жоғары. Кіші мектеп жасында еріксіз зейіні басым, түрақтылығы жеткіліксіз. көлемі аз. Сондықтан окыту-тәрбиелеу жүмысы зейін мэдениетін калыптастыруға бағытталүы қажет. Ол оку іс-эрекетін мотивациялау арқылы ерікті зейінін қалыптастыруды талап етеді.


Қазіргі педагогика және психология ғылымдары балалар мен жеткеншектердің дамуындағы биологиялық фактордың рөлін айрықша көрсетеді. Педагогика ғылымы жас ерекшеліктерін анықтауға баланың дамуына үнемі қозғалыс үрдісі ретіндегі қарастыра отырып, бұл қозғалыстан сан жағынан жинақталу, ал сапа жағынан елеулі өзгерістер болатынын алға тартады. Мәселеге бұлайша қарау балалардың дене және психикалық дамуының бірқатар кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік береді. Осының негізінде мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдердің өсіп – жетілуін мынадай кезеңдерге бөлу қабылданды:


1) Төменгі сынып шағындағы кезең (7 жастан 11 жасқа дейін);


2) Негізгі мектеп шағындағы жеткіншектік кезең (12 жастан 15 жасқа дейін);
3) Орта мектеп шағындағы жасөспірімдік кезең (15 жастан 18 жасқа дейін).

Соңғы жылдары симпозиумда қабылданған жас кезеңдерінің сызбасына жаңа туған баладан бастап жасөспірімдік шаққа дейігі өзгерістер кіреді. Олардың сатылары:


Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін);


Нәрестелік шақ (бір – екі айдан бір жылға дейін);
Ерте сәбилік шақ (бір жастан үш жасға дейін);
Мектепке дейінгі балалық шақ (төрт жастан 7 жасқа дейін);
Бастауыш мектеп жасы (7 жастан 11, 12 жасқа дейін);
Жеткіншек шақ (11, 12 жастан, 14, 15 жасқа дейін);
Жасөспірім шақ (14,5 жарым жастан, 17 жасқа дейін).

Төменгі сынып оқушыларының ойлануын дамытуда екі негізгі саты байқалады. Бірінші сатыда ойлау әрекеті мектеп жасына дейінгі баланың ойлануын еске түсіреді. Екінші сатыда оқушылар заттар мен жағдайларды сыртқы белгісі бойынша бағалайды. Есейе келе ойлау сипаттары өзгереді. Оқушылар білуге әуесқой болғандықтан, олардың табиғат құбылыстары, адамдардың өмірі туралы сұрақтары көбейеді. Шығармашылық ойындар баланың ақыл – ойын дамытады.





  1. Балалардың психофизиологиялық әркелкі дамуы («жас ерекшеліктер дағдысы», «дарынды балалар», «акселерация») және балалардың базалық психоәлеуметтік талаптары мәселелері, оларды оқу-тәрбие үрдісіне есепке алу

Балалардың психофизиологиялық әркелкі дамуы.Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңда мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту»,- деп атап көрсеткендей дарындылық тұлғаның ақыл-ойы, танымы, сана, оқуы, шығармашы-лық, тұлғаралық қатынаста және психомоторлық қызметтерінде көрініс береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет