1. Тақырып: Педагогика ғылымының қазіргі даму кезеңіндегі міндеттері. Тақырыптың негізгі сұрақтары


Жеке тұлғаның құндылық бағдарлары



бет18/23
Дата15.10.2023
өлшемі62,77 Kb.
#115210
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
ОСӨЖ Таштілеу Ақгүл СПО 13-12

Жеке тұлғаның құндылық бағдарлары - жеке тұлға ажырата алатын, өмірдің мақсаты және оған жету үшін қажетті негізгі құралдар ретінде керекті және осыған байланысты индивидтің әлеуметтік мінез-құлқын реттейтін маңызды функциясы бар әлеуметтік құндылықтар
Жеке тұлғаның интеллектуалды дамуы.
Зияткерлік мәдениетті дамыту ойлау қызметін жандандыруды, логикалық қабілеттерін дамытуды, білім алушылардың қызығушылығын арттыруды, олардың санасын сенімді білімдермен байытуды, ақыл-ой қабілеттерін дамытуды, ғылыми-зерттеу дағдыларын меңгеруді, таным объектілеріне шығармашылық пен жауапты тәсілді көздейді.
Жеке тұлғаның өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру «адам-табиғат», «адам-қоғам», «адам-техника», «адам-адам» жүйелеріндегі іргелі білімді қалыптастыруды көздейді. Өзін-өзі тану жасөспірімге айналасындағы әлемді түсінуге, өзін және оған өзінің қатыстылығын ұғынуға, өзінің өмірлік ұстанымын анықтауға, жалпы адамгершілік құндылықтар тұрғысынан қоршаған әлемге өз көзқарасын жүйелеуге көмектесу үшін бейімделген. Өзін-өзі тану жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру, оның қабілеттері мен мүмкіндіктерін жүзеге асырудың қажетті шарты болып табылады.
Жеке тұлғаның зияткерлік дамуының нәтижесі ғылыми және философиялық дүниетанымның негізгі қағидаларын меңгеру, жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілік, жоғары кәсіптілік болып табылады.



  1. Адам сенімі мен оның өмір салты арасындағы байланыстары

Әр адамның дүниетанымдық көзқарасы ұзақ та күрделі зияттық қызмет нәтижесінде


қалыптасады. Олар адамның рухани мәдениетінің негізін құрап, оның өмірлік
ұстанымдарын, ар-ұят, намысын анықтайды.
Сенім - көзқарастың ең жоғары күйі. Сенім білім сияқты обьективті шындықтың субьективті көрінісі, адамдардың ұжымдық тәжірибесін меңгеруінің нәтижесі. Сенім жеке тұлғаның ішкі ұстанымдарына айналған білім. Сенімге айналған білім мен биік мұрат (идея) дүние мен адамды өзгертіп, материалдық күшке айналдырады.
Сенім жеке тұлғаның рухани құндылықтары пен бағыттарын, мақсат-мүдделерін,
тілектері мен қажеттілігін, сезімі мен қылықтарын анықтап, біртұтастықты реттейді,
яғни жүйелеушілік қызмет атқарады.
Сенім жеке тұлғаның іс-әрекетін, болашақ өмір жолын анықтайды.
Сенім - жекетұлғаның өз құндылық бағыттары мен көзқарастарына сәйкес қызмет - әрекет етуге итермелейтін саналы қажеттілігі. Адамның сенім жүйесі оның дүниетаным көрінісі.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. https://stud.kz/referat/show

  2. https://stud.kz/referat/show/72578





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет