1. Тақырып: Педагогика ғылымының қазіргі даму кезеңіндегі міндеттері. Тақырыптың негізгі сұрақтары


Тақырып: Дүниетанымды қалыптастырудың әдіснамалық негіздері



бет17/23
Дата15.10.2023
өлшемі62,77 Kb.
#115210
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Байланысты:
ОСӨЖ Таштілеу Ақгүл СПО 13-12

4. Тақырып: Дүниетанымды қалыптастырудың әдіснамалық негіздері.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Дүниетанымның философиялық негіздері

Дүниетаным – құрылымы жағынан күрделі жүйе. Оның бастапқы және өзекті элементі – білім.Дүниетанымның құрылымдық жүйесі-не адамның негізгі принциптері мен рухани құндылықтары да кіреді.
Дүниетаным дегеніміз – дүниені түйсіну, түсіну арқылы адамның өзіне өзінің, сыртқы дүниеге қарым – қатынасын анықтаудың өзегі, күре тамыры. Жалпы, дүниетаным адамның тану функциясын орындайды. Бұл оның мәнінен туындайтын негізгі ролі. Сөйтіп, дүниетанымның әр түрлі түрі, қыры, типі бар.
Мифологоиялық дүниетанымның негізі – қиял, ойдан шығару. Г.Гегель миф дегеніміз – адам ақылының әлем алдындағы әлсіздігінің көрінісі деп жазған. Мифология ауқымды әрі жан – жақты құбылыс, ол әлем халықтарына түгел қатысты адамзат санасының өте ерекше қабаты.Миф - алғашқы қауым адамына тән ойлаудың бірінші, бөлінбеген формасы.
Діни дүниетаным құдыретті күшке, яғни құдайға сеніп, соған табынуға құрылған. Діннің дүниетанымдық принципі негізінде адам мен дүниенің жаратылуы туралы наным жатыр.
Ғылым, ең алдымен, ұғымдық дүниетаным болып табылады. Қарапайым дүниетаным адамдардың өзі және қоршаған дүние туралы күнделікті іс - әрекетінде пайда болып тұратын жекелеген білімдеріне негізделеді. Ол әркімнің жеке өмірлік тәжірибесінде көрініс табады. Қарапайым дүниетаным халық даналығына сүйенеді.
Философия ерекше дүниетаным және адамның рухани іс - әрекетінің көрнекті саласы ретінде аталған дүниетаным түрлерінің өзара қабысуының нәтижесінде қалыптасты. Бірақ ол олардан жоғары дәрежеге көтерілді, сонымен бірге, алғашқы бастауы, қайнар көзі ретінде олармен байланысын жоғалтқан жоқ.
Философия адамның дүниені тану тәжірибесін жинақтау, әлемнің біртұтас теориялық үлгісін жасау, әлемге қарым – қатынасты білдіру қажеттігінен туындаған ерекше феномен.

  1. Дүниетанымының мәні және құрамды бөліктері



Педагогикалық ғылыми еңбектерде дүниетанымның төрт құрамды бөлігі
көрсетіліп жүр. Олар: ғылыми білім жүйесі; дүниетаным; сенім; адам мұраты.
Білім объективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі.
Білім арқылы табиғаттың және қоғам құбылыстарының объектиівтік жақтарын
зерттейді, түсінеді, ұғады. ғылымын білім қалыптасудың және дүниетанымы
дамуының үлкен көрінісі. Міне, осының нәтижесіндс білім әр адамның көзқарасы сыни сеніміне айналады.
Дүниетаным жеке адампың табиғи және әлеуметгік құбылыстарын түсіндіру
туралы байымдауы, ой тұжырымы. Адамзаттың пайда болу тарихын түсіндіруде
түрлі көзқарастардың бар екеіні мәлім. Мысалы, материалистер мұндай проблеманы ғылыми дүниетаным тұрғысынан дәлелдесе, ал дін ілімінің өкілдері тәңірдің қалауымен деп тұжырымдайды.
Сенім терең, тиянақты ойланып айтылатын идеалардың жиынтығы. Сенім жеке адам өмірлік позициясының беріктігін анықтайды, мінез құлқын сипаттайды. Әр түрлі идея адам сенімінің негізгі, шындықты терең тану, оның соңынан еріп отыру. Адам мұраты жете түсінудің жоғары кемелі, адам баласының жоғары мұрат мақсаттары, өмірге ұмтылушылығы, талаптанушылығы. Мұрат айналадағы өмірді жетілдіруде және қоғамның әлеуметтік-экономикалық үдеуін дамытуда адамның сезімін оятады.
Дүниетанымның қалыптасуы үздік және күрделі процесс, оның нәтижссінде жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның өміет жасауына басшылық болады. Дүниетаным процесінде әртүрлі факторлар,мәселен, әлеуметтік және микроорта мен тәрбие, жаппай ақпарат құралдары т.б. әсер етеді. Олардың әрқайсысы іс-өміеттеріне әр түрлі ықпал жасайды.



  1. Жеке тұлғаның құндылық бағдары, оның интеллектуалды дамуы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет