Жылдық жиынтық табыстан шегеруге жатпайтын шығындарға келесілерді жатқызуға болады:
жылдық жиынтық табысты алумен байланыссыз шығындар;
жалған кәсіпорын деп сотпен мойындалған, қылмыстық әрекетін бастау сәті сотпен бекітілген, салық төлеушілердің операциялар бойынша шығындары;
Қазақстан Республикасы салық төлеушілердің Мемлекеттік реестірінен шартты алынып тастау сәтінен бастап әрекет етпейтін заңды тұлғалардың операциялар бойынша шығындары;
Жылдық жиынтық табысты алумен байланыссыз, құрылыс және негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді иемденуге жұмсаған шығындары және салық төлеушілердің катиталды сипаттағы басқа да шығындары;
Мемлекеттік бюджетке енгізуге жататын айыппұлдар және өсімпұлдар, мемлекеттік сатып алу туралы келісім – шарт бойынша мемлекеттік бюджетке енгізілетін айыппұлдар және өсімпұлдарды қоспағанда;
Салық кодексімен бекітілген шегерімге жатқызу нормасын жоғарлататын жылдық жиынтық табыс алумен байланысты шығындар;
Қазақстан Республикасының нормативтік – құқықтық актілерімен бекітілген, нормадан жоғары төленуге (төленген) тиіс, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомалары;
Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын, құрылыс оъектілерін пайдалану және ұстап тұру бойынша шығындар;
Салық төлеушінің өтеусіз негізде тапсырған мүлік, атқарылған жұмыс, көрсетілген қызметінің құны;
өнімді бөлу туралы шарт бойынша қызметін жүзеге асыратын, жер қойнауын пайдаланушылардың қосымша төлеген төлемдер сомасы.
Корпоративті табыс салығының мөлшері салық төлеуші төлейтін және қаржы есептілігінің мәліметтерінде көрсететін, салық салынатын базаны дұрыс анықтауға байланысты. Бухгалтерлік және салық есебінде табыс мөлшерін анықтау әдістемесінің мәні салық және қаржы есептілігінің арасындағы айырмашылыққа әкеледі. Ол үшін салық салынатын табыс пен бухгалтерлік табысты салыстырайық.
Салық есебінде, табыс Салық Кодексіне сәйкес ЖЖТ мен тұрақты және уақытша айырмалардың түзетулері есепке алына отырып бекітілген шегерімдер арасындағы айырма сияқты есептелетін салық жылына табыс сомасы ретінде анықталады.
Бухгалтерлік және салықтық табысты құрастыру кезінде айырма пайда болады. Осылай, табыс бухгалтерлік есепте кәсіпорынның есеп саясатына және бухгалтерлік есептің түрлі әдістерін және тіркелген активтерді бағалауды қарастыратын бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес құрастырылады. Ал салық есебі ҚР – ның салық кодексіне сәйкес қалыптасады, мұнда бағалауды таңдау нұсқалары және салық есебін жүргізу тәртібі жоқ.
Табысты анықтау барысында кәсіпорынның бухгалтерлік есебі ХҚЕС мен есеп саясатын қатаң түрде ұстанады, ал салықтық табыс берілген уақыт кезеңінде мемлекеттің салық саясатына байланысты жедел түрде өзгере алады.
Салық есептілігін дайындау кезінде, жоғарыда айтылғандай, табыс және шығыс бөлігін анықтау кезінде әр түрлілік бар екенін ескеру қажет. Бухгалтерлік есеп және салық есебінің жалпы табыс және жылдық жиынтық табыстары бұрыннан бірдей сомалар, жалпы табыс сомасын көбейтпей, валюта операцияларынан пайда болған бағамдық айырма бөлек есептеледі. Айта кететін жайт, оң бағамдық айырма кезінде айырма сомасы ЖЖТ сомасынан шегеріледі.
Бухгалтерлік есепте жиынтық табыстың сомасында шығындар нақты шегерілген шығындар сомасымен есептеледі, ал салық есебі бойынша бұл шығындар толық сомасында шегерілмейді, өйткені кейбір шығындар бабы бойынша шек қойылады, мысалы үшін негізгі құралдар бойынша жөндеуге кететін шығындар салықтық жылдың соңына әрбір 4 топ бойынша құндық баланстан 15 % бен шектелген.