1. Тақырып. ҚР-да салық жүйесін қалыптастыру кезеңі және қазіргі жағдайы


Тіркелген салық есебі және есептілігі



бет18/37
Дата30.11.2022
өлшемі246,54 Kb.
#53636
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37
Байланысты:
Лекция Салык есеп

Тіркелген салық есебі және есептілігі
Тіркелген салықтың есебін жүргізу үшін шоттардың Бас жоспарында 3190.2 – «Тіркелген салық» субшоты қарастырылуы тиіс, бұл субшоттың негізінде әрбір салық объектісі бойынша кіші субшоттар ашылуы абзал. Мысалы: 3190.2.1 – «Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы», 3190.2.2 – «Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы», 3190.2.3 – «Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер», 3190.2.4 - «Ойын жолы», 3190.2.5 – «Карт», 3190.2.6 – «Бильярд үстелі». Сонымен қатар, кәсіпорынның есеп-қисап бөлімінде келесідей проводкалар жүргізілуі мүмкін:







Дт

Кт

1.

Кәсіпорын қызметіне тіркелген салық есептелінді

6010

3190.2

2.

Тіркелген салық бюджетке төленді

3190.2

1010
(1040)

Тіркелген салықты есептеу әрбір күнтізбелік тоқсанда жүргізіледі. Тіркелген салық сомасын есептеу үшін келесі формуланы пайдалануға болады:


Σ сал і = С сал объ і * Ст сал і

Мұнда: Σ сал.і – тіркелген салықтың і объектісінің салығының сомасы;


С сал объ і – і салық салу объектісі;
Ст сал і – і объектісіне тиісті ставкасы.

Егер тіркелген салық салу объектілері айдың 15-іне дейін пайдалануға берілсе немесе 15-інен кейін есептен шығып кетсе, тіркелген салық белгіленген ставка бойынша есептелінеді. Ал, егер тіркелген салық салу объектiлерi айдың 15-інен кейін пайдалануға беріліп немесе 15-іне дейiн есептен шығып қалса, онда белгіленген ставканың 1/2 мөлшерінде есептеледі.


Тіркелген салық бойынша декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етіледі және есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады.
Егер тіркелген салықты төлеушілер қызметтің басқадай түрлерімен іс-әрекет жүргізетін болса, онда әрбір іс-әрекет түрі бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысу жүргізуге міндетті.
Қызметкердің төлем көзінен салық салынатын табысын анықтау кезінде төлемдердің кезеңділігіне қарамастан, күнтізбелік жыл ішіндегі әрбір ай үшін мынадай салық шегерімдері қолданылады:
1. тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшеріндегі, табыс есебіне жазылатын тиісті айдағы сома. Бір жылдағы салық шегерімінің жалпы сомасы дара кәсіпкерлерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеу мақсатында салық салуға жататын табыстың жеке табыс салығы салынбайтын мөлшерін жеке тұлға үшін күнтізбелік жылда тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінің сомасынан аспауға тиіс;
1) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгіленген мөлшердегі міндетті зейнетақы жарналарының сомасы;
2) өз пайдасына енгізілетін ерікті зейнетақы жарналарының сомасы;

  1. жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша өз пайдасына енгізетін сактандыру сыйлықақыларының сомасы;

4) Қазақстан Республикасының резиденті жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінен алған қарыздары бойынша сыйақыны етуге бағытталған сомалар;
5) күнтізбелік бір жылдағы салық шегерімінің жалпы сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 8 еселенген мөлшерде және шарттарда медициналық қызметтерге (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар.

  1. Cалық шегерімінің сомасына түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын, міндетті зейнетақы жарналарының сомасына азайтылған, қызметкердің бір айға айқындалған табысының сомасынан асып кетсе, онда асып кеткен сома қызметкердің салық салынатын табысын азайту үшін күнтізбелік жыл шегінде келесі айларға рет - ретімен ауыстырылады.

  2. Егер жеке тұлға бір ай ішінде он бес жұмыс күнінен аз уақыт қызметкер болса, онда қызметкердің табысын айқындау кезінде салық шегерімі жүргізілмейді.

  3. Салық шегерімі құқығы салық төлеушіге өзі берген өтініштің негізінде, жұмыс берушілердің біреуінен ғана алатын табыстары бойынша беріледі.

  4. Салық шегерімі құқығына тиісті құжаттар:

1) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт және ерікті зейнетақы жарналарын төлегенін растайтын құжат;
сақтандыру шарты және сақтандыру сыйлықақыларын төлегенін растайтын құжат;
3) тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен Қазақстан Республикасының аумағындатұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жүргізуге арналған банктік қарыз шарты және аталған қарыз бойынша сыйақылардың өтелгенін растайтын құжат болған кезде беріледі.
6. Егер:

  1. күнтізбелік бір жылдағы салық шегерімінің жалпы сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 8 еселенген мөлшерінен аспаса;

  2. қызметкер медициналық қызметтер (косметологиялық қызмет көрсетуден басқа) алғанын және оларды төлеуге арналған нақты шығыстарды растайтын құжаттарды табыс етсе;

3) күнтізбелік жыл iшiнде әрбiр төлем түрi бойынша тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгі жалақының 8 еселенген мөлшері шегiнде медициналық қызмет көрсетулерге (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақы төлеу үшiн, бала туылған кездегі, жерлеуге арналған төлемдері қолданылмаса, салық төлеушіге күнтізбелік бір жылдағы салық шегерімінің жалпы сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 8 еселенген салық шегерімін жасау құқығы беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет