Жеке табыс салығының есебі. Міндеттемелерді есепке алуда, бюджетке төленетін жеке табыс салығы, «3120 –Жеке табыс салығы», пассив шоты қолданылады және де келесі проводкаларда қалыптасыды:
Жеке табыс салығын төлеуде төлем тапсырмасын дайындау үшін салық комитетінің барлық реквизиттерін (аты, СТН, есеп айырысу шот номері, қызмет көрсетуші банкі, және оның БЖК нөмірі) білу керек. Бұл мәліметтерді салық комитетіндегі кез-келген салық инспекторынан алуға болады. Бұдан басқа жеке табыс салығын төлеуде төлем тапсырмасын дайындауда келесі ерекшеліктерді қамтиды:
Барлық салық комитетінің Кбе көрсеткіші – 11
Мәтінде міндетті түрде келесі мәселелер көрсетілуі тиіс: « 2008 жылдың күні, айына арналған жеке табыс салығы. ЖТС ұсталынбайды».
Салықтарды аударудағы төлемнің тағайындалуы – 911
Жеке табыс салығының бюджеттік классификация коды – 101201
Жеке табыс салығының бюджетпен есеп айрысу бойынша аналитикалық есеп регистрі болып, белгілі бір жеке тұлғаның табысынан қанша ЖТС сомасы ұсталғаны туралы көрсетілетін есеп айрысу ақпартізімі (ведомость) болып табылады.