1. Тақырып. ҚР-да салық жүйесін қалыптастыру кезеңі және қазіргі жағдайы



бет29/37
Дата30.11.2022
өлшемі246,54 Kb.
#53636
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37
Бақылау сұрақтары:

  1. Есепке жазылған өсiмпұлдар?

  2. Әлеуметтік төлемдер?

  3. Әлеуметтік сала шығындарының салық есебі?

  4. Әлеуметтік саладағы шегерімдердің салық есебі?


Әдебиеттер:
1.Сұлтанова, Б.Б. Салық есебі.- Алматы, 2008
2.Жақыпбеков, Д.С. Қазақстандық кәсіпорындардағы салық салу, салық есебі мен есептілігін ұйымдастыру.- Алматы, 2009
3.Шарипов, А.Қ. Салық есебі.- Алматы, 2009
4.Султанова, Б.Б. Налоговый учет.- Алматы, 2007
5.Нурхалиева, Д.М. Налоговый учет.- Алматы, 2007


Тақырып 12. Салық шегерімдері, айыппұлдар және өсімақылар шығындары.

  1. Есептелген айыпұлдар, салық шегерімдерінің тәртібі.

  2. Шығындардың салық есебі.

Алым дегеніміз белгілі бір қызмет түрін бастар алдында немесе осы қызмет түріне құқық берер кезде төленетін міндетті төлем.


2007 жылы алымдарға өзгерістер енгізілді.
1. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшiн алым.
2. Жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
3. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалған мәмiлелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
3-1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
4. Радиоэлектрондық құралдарды және жиiлiгi жоғары құрылғыларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
5. Көлік құралдарын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
6. Дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.
6-1. Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін алым.
7. Автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы.
7-1. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшін алым.
8. Аукциондардан алынатын алым.
9. Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым.
10. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат беру үшiн алым.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым
Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым заңды тұлғаларды және олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн құру мен қызметiн тоқтатуды мемлекеттік (есептiк) тiркеу, оларды қайта тiркеу, сондай-ақ олардың мемлекеттiк (есептiк) тiркеу туралы куәлiктiң дубликатын алуы кезiнде алынады. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлеттi орган (әділет органдары) жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес тiркелетiн заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкiлдiктерi алым төлеушiлер болып табылады.
Жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым жеке кәсiпкерлер ретiнде Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу кезiнде, сондай-ақ олар мемлекеттiк тiркеудi куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда салық қызметі органдары жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес тiркелетiн жеке тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
Алым төлеуден босатылады:

  • шаруа қожалықтары;

  • I, II және III топтағы мүгедектер;

  • Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын оралмандар.

Жылжымайтын мүлiкке және онымен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым жылжымайтын мүлiкке және онымен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды мемлекеттiк тiркеу кезiнде, сондай-ақ мемлекеттiк тiркеудi куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес тiркелетiн, жылжымайтын мүлікпен іс-қимылды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет