Тақырып 3. Салық есебі мен бухгалтерлік есептің арақатынасы.
Бюджетке төленуге тиісті салық міндеттемесінің соммасын шегергенде бухгалтерлік есепті қолдану кезінде, ол 2 функцияны жүзеге асырады. Біріншісі есепті – қаржылық, екіншісі есепті – салықтық. Салық есептілігін дайындау әр түрлі сипатта болуы мүмкін, мысалы есептің континентік нұсқасын қолдану мен есепті – қаржылық функциясын орындау кезінде салық есептілігі салық салу мақсатында түзетілген бухгалтерлік есеп мәліметтері негізінде құралады. (2-сызба)
Сызба 2 – Түзету жолымен салық есептілігін құрастыруға арналған есепті мәліметтердің қозғалысы
Арнайы әдебиеттерді зерттеу барысында біз, салық есептілігінің құрылуын қамтамасыз ететін бухгалтерлік есеп жүйесінің есепті – салықтық функциясының орындалуымен кездестік. (2-сызба). Бухгалтерлік есеп мәліметтерін түзету жолымен салық есептілігін құрастыру тиімсіз болып табылады. Өйткені салық есебі бухгалтерлік есеп жүйесінің бір бөлігі ретінде бөлінгендіктен салық есптілігі салық есебі негізінде құрылуы тиіс. Ал 2-сызбада көрсетілген үлгі мүлдем қолдануға тиімсіз. Өйткені мұндай жүйені қолдану есептілікті дайындауда уақыттың көп шығындалуына әкеледі. 2- сызбада есетіліктің түрін анықтаған кезде басқару есептілігі көрініс тауып, ал статистикалық есептілік қарастырылмайды. Алайда қажеттілігіне қарай басқару есептілігі ішкі,ал статистикалық есетілік сыртқы болып табылады. Біздің ойымызша бұл екі есептіліктің маңыздысы статистикалық есептілік.
3-сызба– Тура әрекеттегі есепті мәліметтердің қозғалысы.
Салық есебі бухгалтерлік, аралас, абсолютті болып 3 негізгі түрге бөлінеді. Бухгалтерлік салық есебінде тек бухгалтерлік есеп негізінде қалыптасатын салық есебі көрсеткіштерін түсіну қажет. Аралас салық есебінде әртүрлі салық салу әдістерін қолдану арқылы салық есебі көрсеткіштерінің айқындалуы түсіндіріледі. Абсолютті салық есебі бухгалтерлік есеп пен салық салу әдістерінің қатысуынсыз қалыптасады. Салық есебін есептіліктің бір бөлігі ретінде бөлетін кейбір авторлар салық регистрлері мен салықтық есеп көрсеткіштеріне негізделетін құжаттар, салықтық есептер түрінде арнайы салық құжаттарды енгізуді ұйғарады. Салықтық есептер салық төлеушінің негізгі салық көрсеткіштері мен салық міндеттемесінің (есептер, декларациялар, кейбір салық түрлеріне байланысты арнайы есептер) есептелген сомасын арнайы типтік нысандарда көрсетеді. әрбір салық түріне бөлек және нақты есеп құжаты болатындығын айта өту қажет. Салық регистері – бұл салық есебінің нысандары, бұл нысанның пайдаланылуы тек қана салық салу мақсатыдағы алғашқы құжаттың тіркелуі бухгалтерлік регистрлердің жеткіліксіздігіне байланысты ұйымдастырылады.
Мұндай регистрлерге келіп түскен немесе есептен шыққан шот-фактураларды тіркеу журналы, кәсіпорынға алып келетін сатып алу кітаптары мен өткізу кітаптарын жатқызуға болады. Мұндай нысандарды қолдану салық есептілігін нәтижелі дайындауға мүмкіндік береді, яғни есептілікті толығымен дайындауға кететін уақыт шығынын ұтымдылыққа әкеледі.
Сызба 4- Салық есебін есептің бір бөлігі ретінде және салық есептілігінің есептіліктің бір бөлігі ретінде бөлу.
Достарыңызбен бөлісу: |