Салықтар – бұл мемлекетпен біржақты тәртіппен заң жүзінде бекітілген, белгілі бір мөлшерде алынатын, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер.
Салық төлеушілер – бұл салық төлеу міндеті жүктелген жеке немесе заңды тұлға. Салық, салық төлеушінің табысты төлеу көзінен немесе тікелей салық төлеушінің өзінен ұсталуы мүмкін емес.
Салық салу объектісі – бұл мүлік пен іс-әрекеттердің бар болуы нәтижесінде салық міндеттерін тудырады. Салық төлеу міндетін тудыратын объектілерге кіріс, тауарлардың өткізу құны (орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет) құндық, сандық, физикалық түрде болатын экономикалық негіз жатады.
Салық салу объектілерін келесі түрге бөлуге болады:
мүліктік құқық (мүлікке меншік құқығы, меншікті пайдалану құқығы);
мүліктік емес құқық (пайдалану құқығы, қызмет түріне құқық);
субъектінің әрекет етуі (қызметі), тауарларды өткізу (жұмыс, қызметі), бағалы қағаздардың операциялары, мемлекет территориясына әкелу немесе шығару;
шаруашылық қызметтің нәтижелері (қосылған құн, кіріс).
Салық базасы – салық салу объектісінің құндық, физикалық немесе басқада сипатта болатын және осының негізінде салық сомасы мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері анықталады.
Салық базасы былай анықталуы мүмкін:
1) құндық көрсеткішпен (кіріс сомасы);
2) көлемді құндық көрсеткішпен (өткізілген қызмет көлемі);
3) физикалық көрсеткішпен (өндірілген шикізат көлемі).
Салықтық міндеттің пайда болу сәтін дұрыс анықтау үшін салықтық базаның қалыптасу әдісін анықтаудың маңызы зор.
Салықтық базаны есептеуде кассалық және есептеу әдісі кеңінен қолданылады.
Есептеу әдісімен төленуге тиісті салықты есептеу кезінде, есептік кезең уақытына өткізілген тауарлардан, орындалған жұмыстан және көрсетілген қызметтен түсім төлену уақытына байланыссыз есепке алынады. Одан есептік кезеңдегі тікелей және жанама шығындар алынып тасталады.
Кассалық әдіспен төленуге тиісті салықтарды есептеу кезінде, өткізілген тауарлар, атқарылған жұмыс және көрсетілген қызметтерден нақты келіп түскен ақша қаражаттары (мүлік) есепке алынады, яғни есепке алуға негіз болып қаражаттың банк шотына және кассаға келіп түскен күні табылады, басқа да мүліктің (жұмыс, қызмет) және мүліктік құқықтың келіп түсуі.
Кейде бұл әдістен басқа арнайы есептеу әдісі қолданылады, мысалы құрылыста – бірнеше жылда салынатын объектілер. Бұл жағдайда, әдетте «орындау пайызы бойынша» әдісі қолданылады, осыған сәйкес табыс әр жылы келісімшартта көрсетілген, берілген жылда орындалуын және процентпен көрсетілген барлық жұмыстың бөлігіне сәйкес, келісімшарттың жалпы сомасынан үлес ретінде анықталады.
Салықтық жеңілдіктер – бұл салық төлеушінің салық төлеуден босатылуы немесе салықты аз мөлшерде төлеуі. Салықтық жеңілдіктің мақсаты - әлеуметтілік, экономикалық реттеу әдісі ретінде болуы мүмкін.
Салықтық жеңілдіктер мемлекеттің заң шығарушы органдарымен қарастырылған жағдайда салық төлеуші мен мемлекеттік өкілетті органдар арасындағы келісім бойынша бекітіледі. Бірінші жағдайда, барлық салық төлеушілер бекітілген жеңілдіктегі құқықтық нормалардың талаптарына жауап беретін болса, екіншісі – нақты тұлғаға берілетін «салықтық несие» және «инвестициялық салықтық» түріндегі жеңілдік.
Жеңілдік жалпы салық салу режимінен ерекшеледі. Бұл жеңілдіктер, заң бойынша жеңілдік алуға құқығы бар, салық төлеушілердің белгіленген тобына немесе нақты тұлғаларға қолданылады (келісім бойынша жеңілдік). Салықтық жеңілдіктер салықтың құрылысына байланысты болады. Өткізілетін тауарлардың кейбір түрлеріне (мысалы: өте маңызды және өмірге қажетті дәрі-дәрмектерді) қосылған құн салығын немесе тауарды сату кезіндегі салықты төлеуден босату салық жеңілдіктері ретінде қарастырылады. Жеңілдік салық төлеушінің салық төлеу құқығынан толық немесе жартылай босатылуын салық сомасының азаюын немесе салық салудан басқа да шарттарының өзгеруін қарастырады. Соның нәтижесінде салық төлеушінің салықтық міндеттемесіне түзетулер енгізілді.
Экономикалық және әлеуметтік мақсаттағы мәселелерді шешуде, белгілі бір салық төлеушілерге берілген жеңілдіктер барлық уақытта мемлекеттің салық саясатымен байланысты болады. Сонымен қатар, салықтық жеңілдіктерді 3 топқа бөлуге болады:
Алу – салық салудың жеке объектілерін салық салудан босатуға бағытталған салық жеңілдіктері (салық төлеушілердің барлығына немесе жеке категорияға тұрақты немесе шектеулі мерзімге берілуі мүмкін);
Салық базасын қысқартуға бағытталған жеңілдіктер, лимиттік (жеңілдіктер мөлшері шектеулі), лимиттік емес (салық базасы төлеушінің барлық шығындар сомасына азаюы мүмкін), жалпы (барлық салық төлеушілерге арналған) және арнайы (субъектілердің жеке категориясына арналған) болып бөлінеді;
Салықтық несие, бұл салық ставкасына немесе салық мөлшерінің азаюына бағытталған (салық ставкасының төмендеуі салық мөлшерінен шегеру, салық төлеудің мерзімін ұзарту немесе кейінге қалдыру, бұрын төленген салықты қайтару (салықтан босату).
Аталған салықтық жеңілдіктер топтамасы атауына емес мазмұнына қарай нақтылауды талап етеді, яғни осы топқа не кіретінін анықтау қажет. Салық салудың жалпы ережесіне сәйкес Ұлы Отан Соғысына қатысқандар, мүгедектер жер салығын төлеуден босатылады. Бұл жалпы ережеден ауытқуды білдіреді және салық жеңілдіктері ретінде қарастырады. Салық салудан толық босатылу тек қана, салық төлеуші тұлғаның салық жеңілдіктеріне байланысты салық салынбайтын мүлікке (табысқа) ие болғанда ғана қол жеткізеді. Осыған орай, ЖТС салынатын табысты есептеу барысында, салық салуға жататын табыстар – мемлекеттік зейнетақылар болып табылады.
Салық мөлшерінің азаюын қарастыратын жеңілдіктер:
Төмендетілген салық ставкасын бекіту. КТС-ң жалпы ставкасы 20 пайыз болған жағдайда, жер өндірістің негізгі құралы болғандықтан салық төлеушілер 10 пайыздық ставкамен салық төлейді;
Белгілі бір мүлікті (кіріске) салық салынатын объект ретінде мойындамау немесе оны салық салу обьектісінен алып тастау. Осыған орай, ЖТС есептеу және төлеу барысында табыстар қатарына балаларға және қарамағындағы адамдарға алынған алимент кірмейді. Салық төлеушінің кейбір категориялары үшін олардың қызметін жеңілдендіру тәртібінде салық базасын есептеудің ерекше тәртіптерін бекіту, соның ішінде осы базадан ерекше шегерімдерге құқық беріледі. Мойындамау салық мөлшерінің азаюына әкеледі және олар лимиттік және лимиттік емес болып бөлінеді. Салық объектісін лимиттік емес мойындаудың мысалы ретінде, ЖТС мен салық салуға жатпайтын Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығынан алынған зейнетақы сомасын жатқызамыз.
Салық мөлшерін лимиттік қысқартуға мысал ретінде I, II топ мүгедектерін, Ұлы Отан соғысы ардагерлерін мемлекет 480-айлық есептік көрсеткіш шегіндегі табысы жеке табыс салығынан босатқанын айтсақ болады.
салық міндеттерін немесе оның есебін жүргізуді оңтайландыру жеңілдіктері.
Одан басқа, мемлекет салық салуды қоғамның экономикалық әсер ететін құрал ретінде дамуына қолданады. Мемлекет салық жеңілдіктерін жасай отырып, экономиканың осы жеңілдіктерін қажет ететін салалардың дамуын ынталандырады.
Салық ставкасы – салық есептеулерінің көлемі, салық базасының өлшем бірлігіне көбейткенге тең. Ол салық базасының өлшем бірлігіне қатысты пайыз немесе абсалютті шамада бекітіледі.
Экономика ғылымында біз түрлі проценттік, пропорционалды, қатаң, прогрессивті, регресивті салық ставкілерін анықтаймыз:
проценттік ставка әр бір салық салу базасына проценттік қатынаста есептеледі; (салықтың көбісі)
пропорционалды ставка салық объектісіне, оның көлемінің дифференциациясы есебінсіз бірдей проценттік қатынаста есептеледі;
қатаң ставка салық салу объектісіне абсолютты соммада орнатылады; (акциздің кейбір түрі)
прогрессивті - ставка көлемінің өсуі табыс көлемінің өсуімен байланысты болады;
регрессивті - ставка көлемінің кемуі табыс көлемінің өсуімен байланысты болады.
Салық кезеңі – бұл белгілі бір жеке салықтарға тиесілі күнтізбелік жыл немесе уақыт кезеңі. Бұл кезең аяқталғаннан кейін салық базасы анықталады және төленуге тиісті салық соммасы есептеледі.
Көптеген салық салу объектілеріне белгілі бір уақыттағы қайталанбалылық, ұзақтық сияқты қасиеттер тән. Сонымен қатар, салық салудың бірреттілік проблемасының бар болуы берілген элементтердің қажеттілігін түсіндіреді.
Салықты есептеу тәртібі – салық төлеуші салық кезеңіне төленуге тиісті салық сомасын салық базасына, салық ставкасына және салық жеңілдіктеріне негізделе отырып есептейді, салық сомасын есептеу міндеті салық төлеушінің өзіне (ҚҚС, корпорациялық табыс салығы), салық органына (жеке тұлғаның мүлкіне салынатын салық) және салық агенті рөлінде өзін ұсынған үшінші тұлғаға жүктелуі де мүмкін (жеке тұлғаның табыс салығы, шетелдік заңды тұлғаның табысына салынатын салық).
Салық төлеу тәртібі – белгілі бір белгіленген уақытта, барлық салық соммасын бірреттік төлеу қолма-қол және қолма-қолсыз форма түрінде жүзеге асырылады.
Салық төлеу тәртібі келесі сұрақтардың шешімін анықтайды:
төлем бағыты (бюджетке немесе бюджеттік емес қорға);
салық төлеу қаражаттары теңгелік қаражатта, валютада;
төлем механизмі (қолмо-қол немесе қолма-қолсыз тәртіпте);
салықтың төленуін қадағалаудың ерекшеліктері.
Салық төлеудің негізгі 3 әдісі бар: бірінші әдіс, салықты декларация бойынша төлеу, яғни салық төлеуші тұлғаға салық органына белгіленген уақытта өзінің салықтық міндеттері бойынша ресми мәліметтерді тапсыру міндеті жүктеледі; екінші әдіс, салықты табыс көздерінен төлеу, табыс алу кезінде салық төлеу сәтінің орындалуы; үшінші әдіс, кадастрлық, салық соммасы, алынуға тиісті орташа мүлік табысының сыртқы белгілері негізінде анықталады.
Салықты төлеу мерзімі күнтізбелік күнмен немесе уақыт кезеңімен оның ішінде жылдар, тоқсан, айлар апта, күндер бойынша есептеледі.
Салықты төлеу мерзіміне байланысты салықтар жедел және кезеңді күнтізбелік болып бөлінеді. Мысалы, лицензияда қарастырылған, белгілі бір оқиғаның орын алған кезінде жер қойнауын пайдаланғаны үшін төленетін бір реттік төлемақы жедел салықтарға жатады. Ал кезеңді-күнтізбелік салықтар өз кезегінде декадалық, айлық, тоқсандық, жартыжылдық, жылдық болып бөлінеді.
Жоғарыда атап көрсетілген элементтер қорытындылай келе салық өндірісі деп аталатын жүйеге алып келеді.
Салықты есептеу және салықты төлеу барысында қолданатын, салық төлеуші тұлғаға өз міндетін жүзеге асыруға көмек беретін құралдар, әдіс-тәсілдер жиынтығы салық өндірісі болып табылады.
Салық өндірісі салықты есептеу және салық төлеу тәртібін реттейтін нормаларды біріктіреді. Заңмен белгіленген әдіс- тәсілдер жиынтығы заңды тұлғалардың салық қатынасындағы атқаруға тиісті міндеттерді анықтайды.