1. Тақырып. ҚР-да салық жүйесін қалыптастыру кезеңі және қазіргі жағдайы



бет15/37
Дата30.11.2022
өлшемі246,54 Kb.
#53636
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37
Байланысты:
Лекция Салык есеп

Салық салу табысын түзету.
Салық төлеуші төмендегі жағдайларда пайда болған шығындарды салық салу табысынан үш пайыз шеңберінде алып тастауға құқығы бар:

  • әлеуметтік сала объектілерін эксплуатациялау кезінен алынған шығындардың табыстан асып кетуі шеңберінде әлеуметтік сала объектілерін ұстап тұруға шығындар төлеу жағдайында.

  • өтеусіз негізде мүлікті коммерциялық емес ұйымдарға беру кезінде.

  • демеушілік көмек көрсету кезінде, сол көмекті алушының жүгінуі негізінде.

  • ҚР заңдарына сәйкес жеке тұлғаларға атаулы әлеуметтік көмек ұсыну кезінде.

Мүгедектер еңбегін пайдалану кезінде салық төлеушілер салық салу табысын екі есе азайтуға құқығы бар.
Үш жылдан көп мерзімге келесіде оларды лизинг алушыға берумен қаржылық лизинг бойынша негізгі қаражат алу кезінде салық төлеушілер салық салу табысын сыйақы соммасына азайтады.
Корпоративті табыс салығының есебі
Корпоративті табыс салығының есебі салықтық тиімділік есебінің негізінде міндеттемелі әдіс бойынша жүргізіледі. Міндеттемелі әдіс бойынша корпоративті табыс салығы табыс алу мақсатында заңды тұлғалардың жұмсаған шығыны ретінде қарастырылады және сәйкес табыстары пайда болған сол кезеңге есептеледі, ХҚЕС шоттары бойынша 3110 – «Төленуі тиіс КТС» үшінші бөлімнің шотында көрсетіледі. Есепті кезең ішінде уақытша және тұрақты айырмалардан пайда болған салықтық тиімділік салық төлеміне қосылады және ХҚЕС шоттары бойынша «Мерзімі өткен табыс салығы» шотының орнына 4310 «Корпоративті табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер» шотында көрсетіледі. Салықтар бойынша міндеттемені болашақта күтілетін корпорациялық табыс салығының ставкасын, жойылмаған уақытша айырмалардың жиынтық сомасына көбейту жолымен есептейді. Жылдың соңына және басына берілген міндеттеме арасындағы айырмашылық мерзімі өткен табыс немесе ағымдағы есептік кезеңнің корпорациялық табыс салығы бойынша шығыны болып табылады. Салық кезеңі үшін салық төлемі келесілерді қосады: төленетін табыс салығы; ағымдағы тәртіпте жойылатын немесе пайда болатын уақытша айырмалардың салық тиімділігі; есепті кезеңнің басына мерзімі өткен табыс салығының түзетулері.
Міндеттемелі әдістің негізгі мақсаты төленетін баланста көрсетілетін, корпорациялық табыс салығы бойынша шынайы салықтардың бағалау сомасын көрсету болып табылады.
Міндеттемелі әдістің 4 негізгі қағидасы бар:
Міндеттемелі әдістің бірінші қағидасы орнын толтыру немесе төленетін салық ставкасының ағымдағы мөлшері негізінде салық бойынша шығынды немесе табысты мойындауды болжайды. Белгілі болғандай бұл ретте бухгалтерлік есепте Дебет 7700 Кредит 3110, ағымдағы аванстық төлемдер сомасында жүзеге асырылады.
Екінші міндеттемелі әдіс кезінде, болашақта күтілетін уақытша айырмалардың салық нәтижесі негізінде салық бойынша мерзімі өткен шығыс немесе табысты тану жүзеге асырылады және Дебеті бойынша 5410, 5430 ағымдағы жылдың табысы (зиян), өткен жылдардың табысы шоттарында, Кредиті бойынша мерзімі өткен төлемдерге 4310 КТС бойынша кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер шотында көрсетіледі.
Келесі үшінші міндеттемелі әдісте, бекітілген ставкалар негізінде салық бойынша ағымдағы немесе мерзімі өткен табыстардың есебі жүзеге асырылады, аударылған аванстық және мерзімі өткен төлемдер Дебеті бойынша 3110 – «Төленуге тиісті КТС», 4310 – «КТС бойынша кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер» шоттарында, Кредиті бойынша 1040 теңгедегі ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары шотында есепке алынады.
Төртінші міндеттемелі әдіс деректі куәлік және бағалаудың негізінде салық бойынша мерзімі өткен табыс сомасын азайтуды ұсынады және Дебеті бойынша 4310 (632) КТС бойынша кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер шоттарында, Кредиті бойынша 3110 (631) Төленуге тиісті КТС шотында көрсетіледі.
7700 – КТС бойынша шығындар шоттарының Дебетінде көрініс тапқан корпоративті табыс салығы бойынша аванстық төлемдер, салық салынатын табысты анықтағаннан кейін есепті кезең соңында 7700 шоттарының Кредитінен 5410 – есептік жылдың табысы (зияны) шотының Дебетіне аударылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет