Бөлімге сұрақтар:
1. Жерді есепке алудың мақсаттарын, мазмұнын және тәртібін кім анықтайды?
2. Жерді есепке алудың мазмұны мен мақсаты.
3. Жерді есепке алудың объектісі.
4. Жерді есепке алу принциптерін атаңыз.
5. Жерді есепке алу ерекшеліктері мен өзгешеліктері.
6. Жерді инвентаризациялау мақсаты.
ЖЕР КАДАСТРЫНЫҢ ЖҰМЫСТАРЫН АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕМЕН ЖҮРГІЗУ
Шымкент қаласы мысалында, ақпараттық жүйесі ақпараттарды жинақтау, сақтау, өңдеу, тарату
Жер кадастрлық құжатты жүргізу және жердің қоры мен үйлестірілуі туралы жылдық есепті құрастыру көптеген есептер мен жазуларға байланысты. Кадастрлік мәліметтерді алу, құрастыру бойынша жұмыстар әр деңгейде орындалады. Бұл ақпаратты деңгейлік тұрғыда өңдеуге мүмкіндік береді. Өңдеудің әр деңгейінде кіретін, шығатын құжаттар пайда болады. Кейде сол бір құжаттар бір деңгейде кіретін құжаттар болса, басқа деңгейде шығатын болып келеді.
Республика және облыстар үшін мұндай құжат болып алқаптар және жер пайдаланушылар бойынша жерлердің бар болуы және үлестірілуі туралы есептер, ал аудандар үшін пайдаланатын жер құрамында болып жатқан өзгерістер туралы жер пайдаланушылардың есебі.
Жер кадастры мәліметтерін өңдеуде шешілетін негізгі міндеттер:
- жер учаскелері, аудандар, облыстар, республика бойынша жер көлемдерін анықтау;
- алқап түрлері бойынша аудандарын есептеу;
- жерлердің және а/ш алқаптардың сапасын анықтау;
- жақсартылған жерлердің аудандарын және олардың жай-күйін анықтау;
- аудандар, облыстардың есептік мәліметтеріне өзгерістер енгізу.
Есептік кадастрлік құжаттарды құрастыру. Кадастрлік процеске компьютерлік технологияны енгізуге байланысты соңғы жылдарда жер кадастрын жүргізуде автоматтандыру мүмкіндіктері шұғыл кеңейді. Мысалы, жер учаскесін тіркеу кезінде олар және жер пайдаланушылар туралы барлық мәліметтер компьютерлік мәліметтер банкіне енгізіледі, бұл ауданның мемлекеттік жер кадастрлік кітабына жазылған бар мәліметтер компьютерлік мәліметтер толығымен ақпараттың магниттік таратушысына түсіріледі. Сонымен жер учаскесін тіркеуде барлық құжаттарымен жер кадастрлік іс қалыптасады, ол қатарласа жер учаскесі туралы барлық ақпарат тиісті бағдарлама бойынша компьютерге түсіріледі. Мұндайда сол ақпаратты автоматтық тәртіпте сақтаумен қатар, онымен жұмыс істеуге болады, былай айтқанда жердің негізгі және кезекті есебін жүргізуге болады /аудан, сапалық сипат жөнінде әр жер учаскесі, алқаптар, алқап түрлері және жер санаттары бойынша/.
Жер кадастрын ААЖ жүргізуді жер учаскелері бойынша келесі міндетті ақпараттар кіреді:
жер учаскесінің кадастрлік нөмірі;
әкімшілік аудан;
учаскесінің орны және оның жүйелік баяндамасы;
нысаналы арналуы;
бөлінуі;
пайдаланудағы шектеулер және ауыртпалықтар;
учаске ауданы.
Жер кадастрының компьютерге түсуі еліміз бойынша Астанада бірінші рет қолға алынып, жүзеге асқан шара болатын.
2002 жылы тамыз айында ҚР Жер ресурстарын басқару агенттіктің қолдауы мен 2 жүйе бойынша жоба жасалды. Олар МЖКААЖ және жер балансы. Бұл бағдарламалар Қазақстанның Солтүстік-батысында Ақтөбе облысының екі ауданында құрылған. Бұнда жер кадастрының тематикалық сандық карталарын құру үшін мынадай мәліметтер жиналған:
1) жер кадастрлық;
2) топографиялық;
3) топырақтық;
4) геоботаникалық.
Сонымен қатар жер учаскелерінің атрибутивті мәліметтері жинақталған, жер учаскесінің интенсификациялық мәлімет меншік иесі және олар арасындағы құқықтық қатынастар. Бұдан басқа сонымен мәліметтерді облыстық және республикалық жіберу механизмін дайындап шығару қажет болатын. Бұл кезде штабта 8 маман болса жылдың соңында 35 маманға көбейген. БМЖР мәлімет базасында мынадай талаптар қойылған: мәліметтерді сақтау мәліметті толық қамтамасыз ету, мәлімет алу үшін ешқандай шектеулердің болмауы. Ақпараттарды қорғау және т.б. мәліметтер базасы 102 кестеден, 4 процедурадан, 24 мінездемеден құрылған. Мәліметтер базасы жер кадастрының төмендегідей объектілері бойынша мәлімет сақталады:
- жер учаскелері (интенсификациялық, аудандық, эконо-микалық, құқықтық сипатталады);
- кадастрлық кварталдар (аудандық және құқықтық сипат-тамасы);
аудандық сипаттамалар;
облыстық сипаттамалар.
Мәліметтер базасында сақталған жермен өзара қатысты субъектілер бойынша мәліметтер бірнеше категорияға бөлінеді:
заңды немесе жеке тұлғалар;
мемлекеттік немесе мемлекеттік емес тұлғалар.
Азаматтық, ұйымдастырушылық және құқықтық формалары, мекен жайы, куәландыратын құжаттар, жалпы қабылданған кодтар, жетекшілер жайындағы ақпараттар.
Мынадай объектілерді графикалық түрде көрсету үшін мәліметтер сақталады: ғимараттар мен құрылыстар, топографиялық, сызықтық, полигондық және нүктелік жер учаскелері бойынша есептік кварталдардың аудандық елдімекендердің пункттерінің шекаралары. Алқаптар (сызықтық, полигондық, көлемдік), топырақтардың әр түрлілігі (ботаника, азықтық алқаптар). Бұл жобаның (жер балансының) соңғы модулінде жер кадастры бойынша әр жылдық есеп беру көрсетіледі. Оның негізгі мақсаты аудандық, облыстық жер комитетінің және ҚР жер ресурстарын басқару агентствосының жұмыстарын автоматтандыру. Бұл модуль құрылған жалпы жер мемлекеттік статистикалық есеп берудің бекітілген формаларын беруді көрсетеді.
2-сурет. Шымкент қаласының кварталдарға бөлінген электрондық картасы
Соның ішінде жерлердің санаттар бойынша бөлінуі, меншік иесінің жер учаскесіне жеке меншік иелері және жер пайдаланушылар туралы есеп. Жерлерді лимандық суару туралы ауылшаруашылық мақсатындағы жер алқаптары көлемінің өзгеруі бойынша анықтамасы. ҚР азамат және заңды тұлғаларға ауылшаруашылық емес және т.б. мақсаттарда тұрақты пайдалануға берілген жерлердің есебі: а/ш мақсатындағы жерлердің егістікті пайдалануы жайындағы анықтамасы, а/ш мақсатындағы жер учаскесінің шабындық және жайылымды түбегейлі жақсарту жайлы анықтама, әкімшілік аудан, облыстық және республикалық әкімшілік шекараларынан тыс пайдаланылып жатқан, ауданның, облыстың, республиканың жер пайдалану экспликациясы. ҚР азаматтарының және заңды тұлғаларының жер экспликациясы.2003 жылы Астана қалалық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеттің және «Астана қала ҒӨО жер» еншілес мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдастырылуымен осы қала бойынша жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің құрылымы Шымкент қаласындада ашылған.
МЖК ААЖ «элекрондық үкімет» шегінде екі негізгі мәселені шешуге міндетті:
Басқа да мемлекеттік ақпараттық жүйелерді жер ресурстары жөнінде ақпараттармен қамтамасыз ету.
Тұрғын халық пен басқа да заңды тұлғаларға ақпараттық қызмет көрсету (3-сурет).
3-сурет. Жер кадастрлық іс жүргізу
Достарыңызбен бөлісу: |