Қыпшақтардың құрамына қарлұқ пен жікіл тайпаларының кірген кезі:
Қыпшақтардың ең беделді тайпасы:
Қыпшақтардың этникалық құрамы қалыптаса бастаған кез:
Қыпшақтардың қыстаған жерлері:
Қыпшақ хандығы құрылған мерзім:
3 тарау Ұлы Жібек жолы және тарихи маңызы Конспект Жібек жолы Хуанхэ өзені аймағынан басталып, Ұлы Қытай қорғанының батысынан өтіп, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетті. Жол осы арада оңтүстік және солтүстік бағыттарға тармақталды.
Б.з.б. 1 ғасырдың ортасында алғаш рет Қытайдан Батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер шыққан. 6 ғасыр – жібектің бүкіл Еуразияға әйгілі болған кезеңі. Жібек өндіру б.з. алғашқы кезінде Византия, Соғды елдерінде игеріле бастаған. Соғды елі жібек сатуда Қытаймен бәсекеге түскен. Қытайдың кейбір қалаларында соғдылықтардың сауда орындары болған. Жапонияның ертедегі астанасы Наргада да жібек сататын орындар болған. Нарга қаласындағы ғибадатханада осы уақытқа дейін соғды тілінде жазылған қолжазба сақтаулы тұр.
Византия шеберлері жасаған күміс құмыралар Тараз қаласынан табылды. Қытайдың фарфор ыдыстары Талғар, Испиджаб, Отырар қалаларынан табылды. Тараз, Баласағұн, Испиджаб қалаларынан әр түрлі діни нанымдарға байланысты мешіт-медреселердің орындары табылды. Б.з.б. 2 ғасырдың ортасында Жібек жолы халықаралық қатынас жағынан жандана бастады.