1. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз


XVІІ- XVІІІ ғғ. қазақ-жоңғар қатынастары жағдайын сипаттаңыз



бет17/73
Дата25.05.2023
өлшемі224,01 Kb.
#97647
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   73
Байланысты:
Сессия тарих

18. XVІІ- XVІІІ ғғ. қазақ-жоңғар қатынастары жағдайын сипаттаңыз
XV ғасырда Қазақстанның қазіргі аумағына батыс моңғол тайпалары – ойраттар қоныс аудара бастады. Ойраттар Орталық Азия халықтарының жайлымдары мен Жетісу арқылы өтіп жатқан сауда жолдарын басып алуды көздеді.Бұл нәрсе қазақ 17 -18 ғасырда қазақ жоңғар қатынасының шиеленісіне алып келді Қазақ-жоңғар соғысы (1643 – 1759 жылдар аралығында) — Қазақ хандығы мен Жоңғар хандығының арасындағы XVII ғасырдың 40-шы жылдарынан XVIII ғасырдың ортасына дейін созылған қарулы қақтығыстардың сериясы.XVIII ғасырдың бас кезіндегі қазақ-жоңғар қарулы қақтығыстары көп жағдайда ойраттардың үстемдігімен аяқталып, қазақ қоғамының экономикалық, саяси және басқа әлсіз жақтарын көрсете бастады. Тәуке ханнан соң билікке келген Болат хан (1718—1729 жылдары) тұсында қазақ қоғамында феодалдық бытыраңқылық үстемдік алады. Кіші жүз бен Орта жүздің біраз бөлігі Әбілқайыр сұлтанды ақ киізге отырғызып, хан көтереді (1718—1748 жылдары). Ташкентте Ұлы жүздің өкілдері Жолбарыс сұлтанды хан сайлайды. Орта жүздің қалған бөлігі Сәмекені хан ретінде мойындайды. Орталық биліктің әлсіреуі жаңа жоңғар басқыншылығына жол ашқан еді.
XVIII ғасырда қазақ-жоңғар қатынасының асқынып кетуіне байланысты да сол жер мәселесі тұрды. Қонтайшы Севан Рабдан Жетісуды біржола ойраттарға қалдырып, сонымен бірге Түркістан арқылы өтетін сауда жолын да иемденуден үміттенді. Жоңғар хандығы бұл кезде біршама экономикалық және саяси өрлеу кезеңінде тұрды: егіншілік бұрын болмаған көлемге жетті, көрші елдермен сауда қатынасы өсті, қонтайшы Тибетті, Шығыс Түркістан мен қырғыздардың біраз бөлігін өзіне қаратты. Темір өндіру технологиясын игерген ойраттарға орыс шебері Зеленовский мен швед офицері Ренат мылтық және зеңбірек құю ісін, оқ-дәрі жасауды жолға қойып берді. 1723 жылы жоңғар қалмақтарының үлкен күші Жетісу арқылы Талас өңіріне, одан әрі Қаратауға жетіп, Түркістан мен Ташкенттен бір-ақ шығады. “Жұт — жеті ағайынды” дейді халық. Жұт әкелген ауыр қыстан соң, жайсыз көктемге енді ғана іліккен Ұлы жүз бен Орта жүз қазақтарының біразы қырғынға ұшырап, бірнеше мыңы тұтқын есебінде қалмақ жеріне айдалып, қалғаны мал-мүлкін тастап, Ходжент пен Самарқанға, Кіші жүз қазақтары Хиуа мен Бұхараға жетіп паналайды. Демограф М.Тәтімовтің болжамы бойынша, осы қасіретті кезеңде қазақ елі миллионнан астам адамынан айырылған. Осы оқиғаның ізін ала қазақ жұртына келген орыс елшісі А.И.Тевкелев елдің жағдайын білдіре келіп: “Қазақтар ойрандалды, тоз-тоз болды, жұрдай болып жұтады”, — деп жазды. Оқиға қазақ елінің тарихына “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” деген атпен енді.
1730 жылы Ұлы жүз Саңырақ, Орта жүз Бөгенбай, Кіші жүз Тайлақ батырлар бастаған қазақ қолдары Бұланты өзенінің бойында ойрат әскерін талқан етіп жеңеді. Кейін бұл шайқас өткен жерді халық “Қалмаққырылған” атап кетеді. Келесі ірі жеңіске қазақ қолдары 1730 жылы Балқаш көлінің батыс жағындағы “Аңырақай” деген жерде жетеді. Шамамен осы мезгілде Қойгелді Сартұлы, Тоқсанбай, Мәлік және Кеген билер бастаған халық көтеріліп, Түркістанға жақын маңда орналасқан қонтайшының өкілі Барша хан мен оның кеңесшісі Саңғалды өлтіріп, шағын әскерін тұтқынға аладыҚазақстанды Ресейдің отарлауы — 1731 жылы Кіші Жүз ханы Әбілқайырдың Ресейге қосылуынан басталды (қ. Әбілқайыр). Бұл процесс 130 жылдан аса уақытқа созылып, 19 ғасырдың 60 жылдарының ортасына қарай толық жүзеге асырылды. 1731 – 1860 жылдары Қазақстан Ресейге, көбіне сөз жүзінде ғана бағынып, іс жүзінде ру, тайпа билеушілері дербес саясат жүргізді. Патша өкіметі халық көтерілістерін аяусыз басып отырғанымен, елдің ішкі істеріне (сот жүйесіне, ру аралық мәселелерге) араласпады. Ел ішіндегі беделді адамдарға, ру басыларына жалақы тағайындап, әр түрлі атақтар беріп, екінші жағынан әкімшілік реформалар жасап, көнбегендерін жазалау арқылы өз билігін күшейтті. Мысалы, 1822 жылы Орта жүзде, 1824 жылы Кіші жүзде хандық басқару жойылды, қарсы шыққандар күшпен талқандалды (Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы). 19 ғасырдың ортасына қарай Батыс, Солтүстік-шығыс, Орталық Қазақстан Ресейге толық бағынды. Оңтүстік, Оңтүстік-шығыс Қазақстан Қоқан, Хиуа хандықтарына қарады. Олар жергілікті қазақтарға салықты үсті-үстіне көбейтті. Көтеріліске шыққан халық Ресей өкіметінен көмек сұрады. Бұған қоса осы кезде Орталық Азияны отарлау жөнінде Ресей мен Ұлыбритания елдері арасында бәсеке күшейе бастады. Үндістан арқылы Ауғанстан мен Иранға орныққан ағылшындар Қоқан, Бұхар, Хиуа хандықтарын Ресейге айдап салып, оларға өз ықпалын жүргізуге тырысты. Қоқан, Хиуа хандықтарының езгісіне қарсы көтеріліске шыққан қазақтарға көмек беруді желеу етіп Ресей өкіметі оңтүстік бағытта ел ішіне ене түсті. 1854 жылы Верный (Алматы) бекінісі салынды. 1862 – 64 жылдары орыс әскерлері Әулиеата, Шымкент, Түркістан қалаларын басып алды. Оңтүстік Қазақстанды бағындырғаннан кейін Қазақстанды Ресейдің оарлауы толық іске асты. 1867 – 68 жылғы Ресей үкіметінің “Уақытша Ережесі” бойынша әкімшілік және сот жүйелері толығымен Ресей өкіметінің қолына көшіп, қазақ жері облыстарға бөлінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет