1. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз


Қазақстаның қауіпсіздік бойынша халықаралық және аймақтық ұйымдармен ынтымақтастығы нәтижелеріне баға беріңіз



бет72/73
Дата25.05.2023
өлшемі224,01 Kb.
#97647
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Байланысты:
Сессия тарих

89. Қазақстаның қауіпсіздік бойынша халықаралық және аймақтық ұйымдармен ынтымақтастығы нәтижелеріне баға беріңіз
Қазақстан іргелес бес елмен 14 мың шақырымнан астам әлем­дегі ең ұзақ құрлық шекараларын ал­ғаш рет әлемдік тәжірибеге сай халықаралық шарттармен бекітіп, көршілес және әлемнің жетекші елдерімен достық және өзара пайдалы ынтымақтастық қатынас­тарын құрды. Бүгін еліміз 140-тан астам мемлекетпен дипломатия­лық қарым-қатынас орнатты. Қазақстанның шетелдерде 70-тен астам дипломатиялық миссиялары, кәсіби дипломаттарының жеткілікті саны бар. Шетелдермен белсенді ынтымақтастықтың нә­ти­жесінде мемлекетаралық, үкі­мета­ралық және ведомствоара­лық деңгейде 3 мыңнан астам әр түрлі салалардағы халықаралық шарттар жасалды.
1992 жылы ерікті түрде ядро­лық қарудан бас тартып және жа­һан­дық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы Елбасының халықаралық бастамаларының арқасында қарусыздану үдерісінің және жаппай қырып-жою қаруын таратпаудың белсенді жақтау­шысы бола отырып, Қазақстан әлемнің жетекші ядролық державаларынан халықаралық қауіп­сіздік ке­пілдіктерін алды.
Қазақстанның әлемдегі қуаты жағынан 4-ші ядролық арсеналынан өз еркімен бас тартқанына екпін түсіре келіп, өзге елдерді осы үдерістен үлгі-өнеге алуға ша­қыр­ды. Осындай жағдайда, яғни бүгінгідей дағдарысты кезеңде ядролық қарудың лаңкестердің қолына түспеуінің маңызы зор. Қазақстан ядролық терроризм ак­тілерімен күрес жөніндегі жа­һан­­дық бастамаға белсенді қа­тысу­шы болып табылады. Бұған елімізде соңғы жылдары өтіп келе жатқан «Атом-антитеррор» жат­тығу­лары мен ядролық материалдарды физикалық қорғау жөнін­дегі халықаралық конференция ұйым­дастырылғаны дәлел бола алады.
2010 жылғы сәуірде Вашин­гтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммит бары­сында АҚШ президенті Б.Обама Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевты «халықаралық ядролық қаруды таратпау үдерісінің көшбасшысы» деп атады.
Шығыстағы ұлы көршіміз – Қытай Халық Республикасымен барлық бағытты қамтитын страте­гиялық ынтымақтастық қатынас­тарды нығайту Қазақстан сыртқы саясаты сындарлылығы­ның айға­ғы. Жаһандық ықпалы арта түсіп отырған осы елмен екіжақты сауда-экономикалық байланысты тереңдету арқылы еліміз әріптес­тік әлеуетін өз мүддесіне пайдалануда.
Стратегиялық әріптестік дәне­керлері Қазақстанды Америка Құрама Штаттарымен бай­ланыс­­тыруда. Бұл факт екі ел пре­зидент­терінің 2006 және 2010 жылдарғы Біріккен мәлімде­меле­рінде көрініс тапқан. Өзара қыз­меттестіктің қол жеткізілген дең­гейі өңірлік жә­не жаһандық қа­уіп­сіздікті қам­тамасыз ету, яд­ро­лық қаруды тарат­пау режимін бекіту, халықа­ра­лық терроризм мен экст­ре­мизм­ге қарсы тұру, энергетикалық тепе-теңдікті сақ­тау мәселелерін­дегі өзара тиімді және тең құқылы ынтымақ­тас­тық­қа негізделуде.
Тәуелсіздіктің барлық жылдары ішінде Еуроодақпен белсенді саяси үнқатысу сақталуда. «Еуро­па­ға жол» Мемлекеттік бағдарла­масын іске асыру нәтижесінде Қазақстан негізгі Еуропа мемле­кет­терімен ынтымақтас­тықты әріптестіктің аса жоғары деңге­йі­не шығара алды. Еуроодақ елдері бүгін Қазақстанның әлемдегі бас­ты сауда және инвестициялық әріптесі болып табылады. Елдің индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру мақсатында ЕО елдерінен озық техниканы және технологияларды тарту Қазақстанның сөзсіз жетіс­ті­гіне айналды.
Қазақстан ЕО-ның берік және жауапты энергетикалық әріптесі болып қалуда. Қазақстан Еуропаға қуат көздерін жеткізуде ОПЕК-ке кірмейтін елдер ішінде Ресей мен Норвегиядан кейін үшінші орын алады. Еуропалық әріптестерге көпжақты немесе екіжақты пішін­де «Қазақстан – ЕО: 2020» Энер­гети­калық хартиясын дайындау және қабылдау жөнінде ұсыныс жасалды. Біздің Еуропа елдерімен көпқырлы ынтымақтастығымыз ҚР мен ЕО арасындағы жаңа ар­қаулық келісімде көрініс табуы қажет.
Еуропалық бағытта қол жет­кі­зілген табыстар Қазақстан сыртқы саясатының азиялық векторын күшейту туралы шешім алуына мүмкіндік берді. Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан Орталық Азиядағы өз ұстанымдарын ны­ғайт­­ты. Отанымыз өңірлік экономиканы белсенді инвестициялау мен қазіргі кездегі сынақтар мен қатерлерге бірге қарсы тұруда Орталық Азия елдерінің күш-жігерін біріктіру бойынша саясат жүргізуде. Қауіпсіздік, су-энерге­ти­калық ресурстарды тиімді пайдалану, еңбек миграциясы проб­лемалары мен өңір өмірінің басқа да өзекті мәселелері назарымыздан тыс қалмақ емес.
Қазақстан аумағынан халы­қ­ара­лық терроризм, есірткі трафи­гі, діни экстремизм қатерлері шы­­ға­тын Ауғанстанның тұрақты және орнықты дамуына мүдделі. Елімізде ауған жастарын оқыту үшін 50 млн. доллар бөлу жөніндегі бастаманы қоса алғанда, Қазақ­-
с­тан­ның ИРА-ға гуманитарлық кө­мек көрсету туралы шешімі де әлемдік қоғамдастық тарапынан қанағатпен атап өтілді. ЕҚЫҰ-ға төрағалығы барысында ұйымға мүше елдердің назарын Ауғанстан мәселесіне бұрып, оның тек аймақ мемлекеттеріне қатысты емес екендігін түсіндіріп, ортақ проб­леманы бірге шешуге қатысты нақты ұсыныстар жасады.
Сыртқы саясат және дипломатия әрқашан да елдің әлеуеті мен қуатының көрсеткіші ретінде қала береді. Біз қарқынды дамып келе жатқан көпұлтты еліміздің мүдделеріне халықаралық аренада табысты өкілдік етудеміз.
Еліміздің жаһандық және өңір­лік деңгейлердегі көпжақты құрылымдар жұмысына белсенді қатысуы халықаралық беделіміз­дің күшеюіне мүмкіндік беруде. Бұл ретте Қазақстан қызметі БҰҰ жарғысының мақсаттары мен қа­ғидаларына сәйкес келетін ха­лы­қаралық ұйымдарда ғана кө­рініп отыр.
БҰҰ мүшесі ретінде, өткен жылдар ішінде Қазақстан осы бе­делді көпжақты ұйымда көрнекті орын­ға ие бола алды. Қазақс­тан­дық бастамалардың бірқатарын әлем­дік қоғамдастық қолдады, бұл еліміздің жағымды халық­-
а­ралық беделінің қалыптасуына жәрдемдесті. Кейбіреулері ілгері­лету кезеңінде тұр. Сөйтіп, Қазақ­с­­тан БҰҰ Бітімгерлік күш-жігер қорын құруды, Жаһандық энерге­тикалық-экологиялық стратегияны қабылдауды ұсынды, «Жасыл көпір» кең ауқымды экологиялық бастаманы және бірқатар басқа идеяларды алға шығарды. Еліміз­дің жаһандық мәселелерді шешу­дегі нақты қадамдары мен сыртқы саясатының жетістіктерінің нәти­жесінде 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайланды. Бұл Қазақстанның әлемдік қауымдас­тық алдындағы саяси салмағының өсуі мен ширек ғасырдағы дипло­ма­тиясының жеңісі.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары аймақтағы қауіпсіздік проб­лемаларын шешу БҰҰ Бас Ассамблеясында Азиядағы өзара келісім шаралары жөніндегі кеңес құру туралы бастама көтеріп, аймақтағы жетекші 16 мемлекеттің басшыларын жинап, оның Алма­ты­дағы алғашқы саммитінде, со­ғыс алдында тұрған Үндістан мен Пәкістан басшыларын дөңгелек үстел басына отырғызып, қақты­ғыстық жағдайды алдын алуға мүм­­кіндік берді. Қазақстан сол кезде ұйымның жұмысына қар­қын беруінің арқасында бүгінде ауыз толтырып айтарлық табыс­тарға қол жеткізуде. Бүгінгі таңда әлем­дік қоғамдастық еліміздің бұл бастамасын Азиядағы қауіп­сіз­дік проблемалары бойынша үнқатысу мен консультациялар өткізу, пәтуа негізінде шешімдер қабылдау және нақты шараларды іске асыру үшін бірегей мемлекет­аралық алаң ретінде қабылдауда.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы төрағалық және 2010 жылы Астанада осы ұйымның Саммитін өт­кізу қазақстандық дипло­матия­ның ең ірі жетістіктерінің бірі бол­­ды. ЕҚЫҰ-дағы төрағалық Отанымыздың жылнамасына жарқын тармақ болып мәңгілікке енді, ал Астана саммиті XXI ға­сыр­дың бірінші онжылды­ғын­дағы ең ірі халықаралық оқиға­лар­дың біріне айналды. ЕҚ­ЫҰ-­ның құл­дырап бара жатқан қызметін жаңа сатыға көтерді. Қазақстан ЕҚЫҰ-да посткеңестік елдердің ішінен және Орталық Азия респуб­лика­лары арасынан алғаш төраға болған ел болған­дықтан, ұйымның жұмы­сын же­тіл­діріп қана қоймай, оның және мүше мемлекеттердің көңі­лін аймақ мәселелеріне бұрып, өңірде көптен бері қордаланып қалған, күр­меуі қиын, барлығына ортақ сұ­рақтарды шешуге бұрғаны белгілі.
Қазақстаның 2010-2011 жыл­дар­дағы Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы төрағалығы табысты болды. 2011 жылғы 15 маусымда Астанада өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің мерейтойлық отырысы елімізді шырқау биікке көтерді. Саммит қорытындылары сыртқы саясат­тың жаһандық және өңірлік мәсе­лелерін шешудегі Қазақста­ның ролі мен орнын одан әрі жоға­рылата түсті.
2011 жылғы Ислам Ынтымақ­тас­тығы Ұйымындағы төрағалы­ғы аса үлкен табыспен өткені баршамызға белгілі. Қазақстан ұйымның жұмысына жаңа серпін беріп, ЕҚЫҰ-дағы табысты төра­ғалығының жеңістерін пайдалана отырып, ислам әлемі елдеріндегі қордаланған мәселелерді орнынан қозғауға барынша атсалысқаны белгілі. ШЫҰ-на мүше мемлекет­тер­дің Астанадағы кездесуі мұ­сыл­­ман қоғамдастығы үшін сол кезең­дегі ең ірі саяси оқиға қата­рын­да есте қалды. Төрағалық барысында ислам әлемі мен Батыс арасындағы үнқатысуды кеңейтуді қоса алған­да, бірқатар нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүм­кіндік бергені белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет