§ 5. Мақал-мәтел
Ҿткен ХХ ғасырда мақал мен мҽтел бҧрынғы дҽстҥрлік сипатын сақтай
алды. Саяси-қоғамдық ҿмір олардың мазмҧнына ҿзгеріс ҽкелді. Жаңа мақал
мҽтелдер туып, олардың тақырыптары ҿзгерді. Енді еңбекке, Отан
сҥйгіштікке, оқу-білімге ҥндейтін мақалдар саны артты. Бҧрын ауызекі
дҽстҥрімізде дҥниеге келген мақалдар бір адамдардың жадында ғана
сақталып, сол арқылы таралып, буыннан-буынға беріліп келсе, енді жазу-
сызудың кең ҿрістеуімен тікелей байланысты хатталып, кітап бетінде де
655
сақталуына жол ашылды. Қазіргі дҽуірде мақал-мҽтелдерді таратуда,
қолдануда баспасҿз, жазба ҽдебиеттің, радио, теледидардың ҥлкен қызмет
атқарып келе жатқанын атап кҿрсеткен жҿн. Кеңес ҥкіметі мақал-мҽтелдердің
тҽрбиелік мҽніне айрықша кҿңіл бҿлді. Жиырмасыншы ғасырда қазақ
мақалдарын жинау, жҥйелеу, бастыру бағытында кҿп шаруа атқарылды.
Алайда, ескінің кҿзіндей халық аузындағы шағын маржандарды тҥгел жиып,
теріп алдық деуге ертерек. Кеңестік дҽуірде фольклордың ҥгіт-насихаттық
пҽрменділігіне ден қойылды, сол қатарда мақал-мҽтелдерді идеологиялық
қҧрал ретінде пайдалану мақсаты кҿзделді. Аталған мезгілде мҧраға деген
солақай, сыңаржақ кҿзқарастан мақал-мҽтелдер де сырт қалмады. «Байтал
шауып бҽйге алмас» деген тҽрізді мақал-мҽтелдерді феодальдық-діни
кҿзқарастардың сарқыншағы деп, тҧрпайы таныммен бағалау, мансҧқтау
белең алды. Сол уақыттағы газет-журнал беттерінен ел, Отан, партия,
социализм, еңбекті мадақтаған мақалдарды жиі ҧшыратамыз. Кеңестік
дҽуірде жарық кҿрген мақал-мҽтел жинақтарында жоғарыда аталып ҿткен
тақырыптардағы мақалдар да ең алдымен берілетін. 1959 жылы
Ҿ.Тҧрманжановтың қҧрастыруымен басылған топтамадан жиырмасыншы
ғасырдың отызыншы-елуінші жылдары дҥниеге келген мақалдарды жазбай
танимыз
1
. Мҽселен:
Табы бірдің - ары бір,
Шын достың жаны бір.
Есепсіз колхоз – есіксіз ҥй.
Жеке-жеке қарып болдық,
Колхоз болдық, халық болдық
2
.
Ынтымақты колхоздың шаруасы сай,
Шаруасы сай колхоздың ҿмірі бай
3
, –
деген сол кезеңдегі ҥкіметтің таптық ҧстанымын, ҧжымдық еңбекті дҽріптеу
сезілсе, ал тҿмендегі мысалдардан партияны елдің кҿшбастаушысы,
ақылшысы ретінде кҿрсету мҥддесі айқын кҿрінеді:
Партия айтса болғаны,
Жеңістің қолға қонғаны;
Партия жеңіске бастайды,
Келелі кең іске бастайды;
Партия - халықтың кҿзі, қҧлағы,
Партия - халықтың ақыл-шырағы;
Партия - айымыз, кҥніміз,
1
Тҧрманжанов Ҿ. Қазақтың мақалдары мен мҽтелдері. Алматы, 1959.
2
Сонда. 18-б.
3
Сонда. 19-б.
656
Партия - жеңісті туымыз
1
.
Міне, бҧл мысалдардан жасандылық айқын байқалады. Халықтың
ҿмірлік тҽжірибесінен туындамаған мақалдар кҿпшіліктің жҥрегінен орын
ала алмай, қолданысқа ие болмай, шеттетіліп қала береді.
Еңбек тақырыбы Кеңес ҥкіметі тҧсында кеңейтіле тҥсті. «Ердің атын
еңбек шығарады», «Еңбек - ҿмірдің ажары», «Еңбек - дҽулет, бедел - сҽулет»,
«Еңбексіз ҿмір – сҿнген кҿмір», «Еңбек – адамның екінші анасы», «Еңбек –
ырыстың бҧлағы, бақыттың шырағы» деген мақалдың кейінгі дҽуір жемісі
екендігі сҿзсіз. «Отан» сҿзімен байланысты туындаған мақалдар кҿбейді.
Мысалы: «Отан оттан да ыстық», «Отансыз Адам – ормансыз бҧлбҧл»,
«Отанға опасыздық еткенің, Ҿз тҥбіңе жеткенің», «Отан - елдің анасы, ел –
ердің анасы», «Отанын сатқан - ант атқан», т.б. Отан соғысы кезінде Кеңес
ҿкіметінің басты мақсаты елді кҥреске жҧмылдыру, ерлікке ҥндеу,
патриоттық тҽрбиені кҥшейту, батырлықты мадақтау болды. Қатал да сын
сҽтте басқа да фольклорлық тҥрлер санатында мақалдардың тҽрбиелік
қызметіне айрықша мҽн берілді. Отаншылдықты, ерлікті, қаһармандықты ту
еткен мақалдар бҧрыннан келе жатқан мҧраларымыздың ішінде мол болатын,
соғыс уақытында бҧл тақырып ҧлғайып, толыса тҥсті. Жоғарыда аталып
ҿткен Ҿ.Тҧрманжановтың қҧрастыруымен шыққан жинаққа «Отан соғысы
кезінде туған мақалдар» деген айдармен 82 мақал енген. Топтамадағы осы
тақырып аясында берілген мақалдардың нақты авторлары бар екендігін
айқындау қиындық келтірмейді. Мҽселен:
Отан ҥшін отқа тҥс, кҥймейсің,
Арың ҥшін алыссаң, ҿлмейсің.
Тҽртіпке бас иген қҧл болмайды, –
деген мақалдардың авторы – Бауыржан Момышҧлы. Жинақтағы: «Қорқақтың
қолы қысқа»; «Қорқақтың қатыны болғанша, Батырдың жесірі бол» деген
мақалдарда ҿзек болған қорқақтық тақырыбына фольклордан кҿп мысалдар
кезіктіреміз. Ал тҿмендегі мысалдардың мазмҧны соны, мақалдар соғыспен
байланысты мҥлде ҿзге ҧғымдарды бедерлейтін «пулемет», «автомат»,
«зеңбірек», «солдат» сынды лексиканы пайдаланады:
Пулемет қонысын талғайды,
Автомат адамын талғайды.
Зеңбірек зіркілдесе,
Жаяу солдат еркіндейді.
Мақалдар кейінгі кезеңнің жемісі болғанымен, қҧрылымдық қалпы
1
Сонда. 20-б.
657
дҽстҥрлі. Екі тармақтан тҥзіліп, егіздеу тҽсілімен жасалған. «Сын тҥзелмей,
мін тҥзелмейді» деген мақал ҽу баста еңбекке байланысты, социалистік
жарыс, ҿзара сынмен байланысты дҥниеге келгенімен кейін баспасҿз бетінде,
ҽдебиет саласында, соның ішінде сын жанрына қатысты жиі қолданылатын
мақалға айналды. Нақты мамандыққа байланысты шыққан мақалдарды да
жолықтырамыз. Баспасҿз, газет – жаңа дҽуірде қазақ қоғамында орныққан
сала. Осы салаға қатысты «Газет - жаңалық жаршысы», «Газет - бір кҥндік»,
«Жақсы редактор тҥзейді, жаман редактор кҥзейді», «Жалқау тілші
телефоншыл», т.б мақалдар пайда болған. «Саясат - сайтанның сабалақ жҥні»
деген мақалдың бҥгінгі ҿмір шындығынан туындағаны кҥмҽнсіз, оның
жазбай танимыз, мазмҧны тың болғанымен, ежелгі мҧраларға тҽн ҥлгі,
кҿркемдік, бейнелілік қасиеті толық сақталған. Тҿрт сҿзден тҧратын
сҿйлемнің ҥш сҿзі «са» буынын қайталауы дыбыстық ҥйлесімділік, жағымды
саздылық дарытқан. «Шайтан» сҿзін тармақтағы сҿздермен ҥндестіру ҥшін
ҽдейі бҧрмалап, «сайтан» деп қолданып отыр, бҧл фольклорда қолданыла
беретін тҽсіл. «Сайтанның сабалақ жҥні» - образды, астарлы тіркес,
байыпсыз, тҧрағы жоқ, қҧбылмалы саясат ҧғымын астарлап жеткізуге
жҽрдемдеседі.
Мақал-мҽтелдің дҥниеге келуі аяқ астынан болуы мҥмкін, бірақ тапқыр
адамның тауып айтқан орамының бҽрі тҧрақталып қалмайды, тек ҧшқыр да
ҧтымды,
сҽтімен
табылған,
шымыр,
бейнелі,
ҿмір
шындығына
қабысатындары ғана екшеліп, жадыға тҥйіледі. Мақал мҽтіні қысқа, шорт
қайырылатынына қарамастан, ішкі мазмҧны бай. Аталған тҥрдің дамуы
байырғы дҽстҥр, ежелгі арна ауқымында жҥзеге асып отыр. «Мҽңгҥрт бҽрін
мансҧқтағыш» деген мақал да беріде қалыптасқан. Себебі «мҽңгҥрт» сҿзі ана
тілімізде ежелден болса да, оның ата-бабаларының, халқының ҿткенінен,
тарихынан, ҽдет-ғҧрпынан, тілінен бейхабар, тоғышарларға қатысты ҧғым
ретінде салмақ алуы - жазушы Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекет» атты
романы жарияланған ХХ ғасырдың сексенінші жылдарынан бергі кезең.
Мақал-мҽтелдік байлығымыздың ҥстемеленіп, кҿбейе тҥсуіне басқа
елдердің ықпалы болды. Бҧрыннан туыстас халықтардың, кҿршілес елдердің
дҥниеліктері жеңіл кҿшіп, сіңіп кетуі дағдылы қҧбылыс болса, енді алыс
жатқан, қарым-қатынасы кем жҧрттардың рухани қазыналарымен еркін
танысуға жол ашылды. Бҿгде жҧрттардың мҧраларымен кітап арқылы
танысып, аудару жолымен байырғы мақалдық қорымызды толықтыра,
дамыта тҥсуге де мҥмкіндік кҥшейді. «Шығыс халықтарының мақал-
мҽтелдері» (1968), «Ер айнасы – еңбегі» (1968), «Мақалнаме» (1970),
«Денсаулығыңды ойласаң» (1974), «Орыс халқының мақал-мҽтелдері» (1971)
атты жинақтарда ҿзге елдердің мҧралары ана тілімізде сҿйледі. Танымал
қаламгер
М.Ҽлімбаев
ҽлем
халықтарың
мақалдарын
қазақшалап,
жариялаумен кҿптен шҧғылданып келеді. Оның қҧрастыруымен шыққан
«666 мақал мен мҽтел» (1960) атты жинаққа – 21, «Маржан сҿз» (1978) атты
кітабына 70-ке тарта басқа халықтың мҧрасы тҽржіма жасалып кіргізілген.
Сырт елдердің мақалдарының ішінде тҿл туындыларымыздай болып
кеткендері аз емес. Ҽсіресе, орыс халқының тҿл мҧрамыздай болып кеткен
658
мақалдары біршама. Мҽселен, 1935 жылы Сҽбит Мҧқанов «Ақ аю» атты
поэмасында орыстың мақалын «Тауық тҥсінде – тары, тҥлкі тауық кҿреді»
деп тҽржімалап пайдаланады. Осы екі жолды мақал қазақ тілінде
ықшамдалып, бас-аяғы жҧмыр «Тауықтың тҥсіне тары кіреді» деген бір
жолды мақалға айналған. Мҧзафар Ҽлімбаев «Маржан сҿз» атты кітабының
алғысҿзінде: «...орыс халқының ҧтымды «Дружно, да не грузно» деген
мақалын ҿлең ҿрнегіне тҥсіру мҥмкін емес деп тапқандықтан, «жҧмыла
кҿтерген жҥк жеңіл» деп аудардық. Мен аударған бедерлі сҿздердің ішінде
ҿте-мҿте жҧлдызды боп туғаны осы. Бҧны республикалық баспасҿз бетінде
жиі кездестіруге болады. Халық қҧлағына сіңгені соншама, тіпті, бір
оппонентім «бҧл қазақтыкі ғой» деп таласқаны есімде,»
1
– деп жазады.
М.Ҽлімбаевтың осы кітабынан оның орыс тілінен тҽржімалап, ҧсынған қазір
жиі еститін «Сиырдың сҥті тілінде», «Жҧмыртқадан жҥн қырыққан,»
2
«Қанден ит қартайғанда да кҥшік»
3
, «Бейнеті кҿп, зейнеті жоқ»
4
, «Заманына
қарай адамы,» т.б. мақалдарын оқимыз.
Белгілі авторлардың, қаламгерлердің мақалдары халықтық мҧраға
қосылып, байыта тҥсті. М.Ҽуезовтің «Ел болам десең, бесігіңді тҥзе» деген
сҿзі жиі қолданылатын мақалға айналған. Сондай-ақ халықтық мақал-
мҽтелдердің ҥлгісінде қаламгерлер мақал-мҽтелдер туындатты. Бауыржан
Момышҧлының «Қанмен жазылған кітап» атты жинағына оның 39 нақылы
енсе, М.Ҽлімбаевтың «Кҿңіл кҥнделігінен» атты кітабынан Ҽ.Тҽжібаевтың
«Қоштасу оңай, достасу қиын, Ажырасу оңай, бас қосу қиын», автордың
ҿзінің «Ҿтірік ҿң болмас», «Қисынды сҿз қитығыңа тимес», «Сҧлулыққа
сҧқтанбаған - сҧмпайы», «Ҧлылардың бҽрі ҧстаз», т.б мақалдарын оқи
аламыз
5
. М.Ҽлімбаев «Халық - ғажап тҽлімгер» (1994) атты халықтық мақал-
мҽтелдердің тҽлімдік қасиеті жайындағы кітабының соңында ҿзінің
қаламынан шыққан 267 мақалды қосымша жариялаған.
Мақал кҿп сҿзділікті сҥймейді, келте қайырады, сондықтан нақты
адамдардың аузынан шыққандарының сын сҥзгіден ҿтіп, бас-аяғы
жҧмырланып барып қана айналымға берік орнығады. Ҿз пайым-
тҥсініктеріне, кҿзқарасына ҥйлесетін, тіліне оралымды болмаса, кҿпшілік
тарапынан қабылданбайды. Осы тҧста мақал-мҽтелдердің шындыққа
қатысына тоқтала кетейік. Ол ҿмір шындығына неғҧрлым жанасымды болып,
айналадағы
қҧбылыстарды,
кҿрген-тҥйгенін
жинақтап,
типтендіріп
бейнелегенде ғана кҿпшілік кҿкейінен орын алады. Оралымсыз, арқауы бос
тіркестер, кҿпшілік пікірін білдірмейтін мақалдар жылдам ҧмытылады.
Қазақтың мақал-мҽтелдері қанатты сҿздер есебінен де толысуда.
Қанатты сҿздерге тҽн сипат, ең алдымен, олардың тегінің ҽдеби
туындылармен тҿркіндестігінде ҽрі тарихи оқиғаларда айтылуында, танымал
адамдардың аузынан шығуында. Мҽселен, Жамбылдың 1936 жылы халық
1
Ҽлімбаев М. Маржан сҿз. Алматы, 1978. 8-б.
2
Сонда. 13-б.
3
Сонда. 14-б.
4
Сонда. 33-б.
5
Бҧл туралы кеңірек М. Ҽлімбаевтің «Кҿңіл кҥнделігінен» (Алматы, 1980) атты кітабынан оқуға болады.
659
ақындары, ҿнерпаздардың екінші слетіне қатысқандарға арнап айтқан «Туған
елім» деген ҿлеңінде айтылған «Қиналған Жамбыл жер осы» деген сҿзі бір
ойға алған шаруасы іске аспай, амал таба алмай қалғанда, сҿз таппай
қиналғанда қолданылатын мҽтелге айналған. Кҿнеден келе жатқан
мақалдарды негізге ала ҿңдеу, ҿзгертіп қолдану, тҥрлендіру, жаңа нҧсқасын
жасауымен ҿміршеңдік танытуда. Мақал-мҽтелдердің басқа нҧсқасының
туындауы да - жанрдың ҿмір сҥруінің формасы. «Қазақ ҽдебиетінің
тарихындағы» тҿмендегі пікірлер ойымызды қуаттай тҥседі: «Халық ауыз
ҽдебиетінде бҧрыннан бар мақалдың тек бірер сҿзін жаңадан қосу арқылы
жаңа мақал жасау белең алды. Мысалы, «Істің ағы білмейді, жігіттің бағы
біледі» деген мақал кейіннен «Жігіттің бағы білмейді, жҧмыстың бабы
біледі» немесе «Ат шаппайды, бап шабады» деген «Ат шаппайды, бақ
шабады» деп, ҿзгеріске тҥсті. Жаңа мақал жасаудың тағы бір тҽсілі ескі
мақалдың қҧрылысы ғана алынып, сол жолмен жаңа мақал қҧру»
1
.
М.Ҽлімбаевтың қаламынан шыққан «Аузы кҥйген ақылды» деген
фольклордағы «Аузы кҥйген ҥріп ішеді» дегенін аз-маз ҿзгертумен
жасалғанына кҥмҽн келтіру қиын. Мақал-мҽтелдердің ең басты қызметі
модельдендіруші, яки қоғамдағы, айналадағы қҧбылыс, жағдаяттардың,
оқиғалардың қалпын сҿзбен бейнелейді, екінші қызметі - нақыштаушылық,
сҿзді кҿріктендіруге септесуі, сондай-ақ ізгі қасиеттерге ҥндеу, жамандықтан
жирендіріп, жақсылықты насихаттау, ҿсиет, ҿнеге сипатында келіп, тҽрбиелік
жҥк арқалауы. Тҥйіндей айтқанда, мақал-мҽтел дамуын тоқтатпай, заманаға
ҥйлесіп, бейімділік танытып келе жатқан жанр. Мақал-мҽтел ауызша сҿйлеу
тілде, ҽдеби, жазба ҽдебиетте, баспасҿз бетінде де кең қолданылатын тҥр.
Достарыңызбен бөлісу: |