§ 6. Әңгіме
Ҽңгімелер, ҽрине, ХХ ғасырда да ҿмір ағымымен туындап жатты.
Ҽсіресе, ел басына қиындық тудырған 1916 жылға байланысты да, Ҧлы Отан
соғысы кезінде де, одан кейінгі бейбіт заманда да фольклорлық ҽңгімелердің
болғаны ақиқат.
Мысалы: «...1942 жылы ел қатарлы менің де соғысқа аттанар уақытым
таяғанын білгендей, апам ҿзінің қолынан тоқыған қоржынын ортаға қойып,
ҽкемнің саптама етігін, тҥлкі тымағын ҽкеліп: - «Қарағым, балам, соғыс ауыр,
қыс даладасың, тоңасың. Тҥн мезгілінде мына саптама етікті аяғыңа, басыңа
тҥлкі тымақты киіп жат», - деп, менің «Соғыста ондай болмайды, заң барлық
солдаттарға бірдей», - деген қарсылығыма қарамай: «Анаңды ренжітпе,
айтқанымды орында», - деген соң, саптама етік пен тҥлкі тымақты қоржынға
салған кҥннің ертеңінде мен де соғысқа аттандым. Жолым болғанда
Баукеңнің (Бауыржанның) қарамағына тҥстім. Кҿп қазақтың ортасынан ол
кісі мені таңдап, ҿзіне кҿмекші етіп тағайындады. Соғыстан бір тыныс
болғанда, Баукең атқа мініп, барлау жасағанды жақсы кҿретін, сондай бір
кҥні мен Баукеңе: «Кҥн болса боран, тоңып қаласыз», - деп, қоржындағы
1
Қазақ ҽдебиетінің тарихы. Алматы, 1960. 1-т., 1-кітап. 193-215-б.
660
ҽкемнің саптама етігі мен кҥнге шағылысқан тҥлкі тымағын алып, Баукеңе
ҧсынып едім, «Мҧны қалай алып жҥрсің!» – дегендей қайран қалып:
«Баяғыда аталарымыз жауға қарсы осы киіммен шығып, ойсырата жеңді емес
пе?» деп, ҥстіне ақ шолақ тон, басына тҥлкі тымақ, аяғына байпақты саптама
етікті киіп, ақбоз арғымағына қарғып мінгенде, Абылай ханнан қашқан
қалмақтар сияқты немістер де қашып бара жатқандай ҽсер алдым»
1
.
Міне, бҧл – 85 жастағы қарттың соғыс жылдарындағы бір эпизод туралы
ҽңгімесі. Ҽңгіме, бір жағынан, естелік болса, екінші жағынан, соғыстағы
ҿмірдің бір кҿрінісі. Сонымен бірге мҧнда дҽстҥрлі фольклорға тҽн ҽсірелеу
де бар. Ол - ҽңгімешінің ҿз сезімі. Ҽңгіменің стилі де біршама ҽрленгені
байқалады. Кейіпкерлердің сҿздері мен іс-қимылдарында да фольклорлық
сипат сезіледі. Осының бҽрі - ҽңгіме айтқан ақсақалдың сҿзге шеберлігін,
ҽңгіме айтуға тҿселгендігінің белгісі.
Осы тектес ҽңгімелерде қиял да, ҽсірелеу де араласып келуі мҥмкін.
Ондағы оқиғалар мен кейіпкерлер де ерекше ғажайып қасиеттерге ие болады.
Шындық деректер мен тарихи адамдарды бейнелеуде ҽңгімешілер кейде
дҽстҥрлі хикаяның кҿркем тҽсілдерін де қолданады. Шындықты баяндауда
олар кҿркем қиял белгілерін пайдаланады. Бҧл белгілердің ҽңгімеде
қаншалықты басым болуы ҽңгімешінің шеберлігіне байланысты. Кейіпкердің
суретін кҿркем бейнелеу ҥшін ҽңгімеші фольклордағы хикаялық
кейіпкерлерге тҽн ерекшеліктерді қолданады. Хикаяны айтушы оқиғаны
тура ҿз басынан ҿткен қылып айтатыны ҽңгімешіге де ҥлгі болады. Мҧндағы
«мен» – айтушының ҿзі. Бірақ хикаяның белгілері ҽңгімеге тиісті негізгі
қасиеттердің орнын баса алмайды. Хикаялық сипаты бар ҽңгімелер азамат
соғысы мен Ҧлы Отан соғысы кезінде пайда болды. Онда шын
кейіпкерлердің есімдері, оқиғалардың болған жері мен географиялық
орындары кҿрсетіледі. Халық батырлары туралы ауызша ҽңгімелер
деректерге сҥйеніп, шын болған ерлік істер жҿнінде баяндайды. Ҽңгімешінің
санасында бҧл оқиғалар мен образдар қандай поэтикалық мағына береді жҽне
есте қалатындай қандай бояулардан жасалады – бҧлар ҽңгімешінің ҿзіне
байланысты. Мысалы:
«1942 жылы Москва тҥбіндегі бір шайқаста қазақы киім киген Баукең
екеуміз ертеңгі шабуылға барлау жасап келе жатқанымызда, тоғай ортасында
алты қанат киіз ҥйдей ақ шатырды кҿріп, ат басын бҧрсақ, кҥзетші босатар
емес. Мен ашуға булығып: - «Мына кісі Бауыржан Момышҧлы болады» деп
айтуым мҧң екен, біреуі шатырға қарай жҥгірді. Шатырға кірсек, ортада-
Г.К.Жуков, жанында - Рокоссовский мен Малиновский. Тҥлкі тымақты,
саптама етікті Баукеңді кҿріп: - «Ой, батыр қазақ келді, жоғары шығыңыз!» –
деп, естері шықты. Қой да сойылып, Баукеңе бас та тартылды. Кҿптен бері
табақтан ет жемеген мен де қарқ болып, мипалау жасап, оны ҥш маршалға
қолыммен асаттым-ау, – деп, Мырзакелді ата мҧртын сипап қойды»
2
.
Келтірілген мысал – фольклорлық ҽңгіменің ҽдемі ҥлгісі. Ол реалды
1
1998 жылғы экспедиция барысында Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы, 85 жастағы Байдалин
Мырзакелді ақсақалдан жазып алынды. Жинаған – П.Ҽуесбаева.
2
Бҧл да М.Байдалиннің ҽңгімесінен.
661
шындыққа, тарихи адамдарға қатысты. Ҥш бірдей маршалдың Баукеңді қазақ
батыры деп бірден тануы, оны қошеметтеуі, тіпті, қой сойып, бас тартуы,
одан ҽңгіме авторы – қазақ солдатының мипалау жасауы, оны ҥш маршалға
асатуы – бҽрі ҽсірелеп, қиялдаудың жемісі. Сырт қарағанда, ешқандай
таңқаларлық оқиға жоқ сияқты, бҽрі – ҿмір шындығы, ешқандай
фантастикалық, ертегілік стиль жоқ. Соған қарамастан ҽңгіменің мазмҧны –
адам сенбейтін қиялдан туған кҿрініс. Ҿкінішке орай, соғысқа қатысып, елге
оралған қазақ азаматтарының осы тектес ҽңгімелері жиналмай қалды. Орта
буын мен аға буын адамдары соғыстан кейінгі жылдары мҧндай ҽңгімелерді
майданнан қайтқан ағаларынан, ауылдастарынан естігендерін айтады.
Ал новеллалық ҽңгімелер ҥшін екі мысал келтіруге болады. Оның
бірінде: «Жазушылар одағының ҥйінде Хизмет Абдуллин, Қуандық
Шаңғытбаев, Шҽміл Мҧхаметжанов, Ізтай Мҽмбетов сияқты ақын-
жазушылар кҿрші тҧрады екен. Бірде бас қосып, ҽзіл-қалжың жарыстырып
отырғанда Қуандық:
- Ау, Хизмет, мына қазақтардың біріне Алтайдан, біріне Ақжайықтан,
енді біріне Арқадан ағылып, қой келіп жатады. Сен болсаң ғой, ауылың
Алматының іргесінде, ҿмірі бір қой алдыруды білмейсің, ҽлде ауыл-аймағың
малдың не екенін білмей ме? – деп ҽзілдейді ғой. Хизмет шыққан ортаның,
шындығында, малдан гҿрі жерді кҿбірек кҥйттегені рас. Алайда, ет жҿнінде
қазақтардан кем тҥскісі келмеген Хизмет: - Ҽ-ҽ, біздің ауылдың да ҽр
кҿдесінің тҥбі мал. Қой дегеніңнің кҥнде біреуін келтіруге болар еді. Бірақ
менде сендер сияқты балкон жоқ, бірінші қабатта тҧрамын ғой, - деп
жалтарады. Мҧнысына тоқтайтын жігіттер ме, «Ойбай-ау, ҿзің алдымен қой
алдыршы, сонсоң ет сақтауға келгенде бізде балкон дегенің жетеді ғой», - деп
тақымдап қоймайды. Сонда шегінерге жері қалмаған Хизмет: - Жоқ, қазақ
пен қасқырға етті сеніп қоюға болмайды, - деген екен. Арада бірер кҥн
ҿткенде телефон шыр етеді. Хизмет телефон қҧлағын кҿтерсе, Сҽбит
Мҧқанов екен: - Уай, Хизмет, мен Сҽбит қой, - деп, ҿзінің қырылдай
шығатын даусымен бір тҥрлі сергек тіл қатады. «Қазақ пен қасқырға етті
сеніп қоюға болмайды» деген сҿзің жақсы екен. Сҽбең кҥліп, телефон
қҧлағын қоя салады»
1
, - деп баяндалады.
Сондай-ақ «Ақын Нҧтфолла Шҽкенов бірде таңертең маңдайы қҧрысып,
желкесі тырысып, басы мең-зең тҿсектен тҧрады. Тҧрған бойда: - Бҽйбіше,
шалыңды ҿлтірмейін десең, бас жазар бірдеңе тапсаңшы? – дейді ҽйеліне
дауыстап.
- Ҥйбай-ау, Нҥкесі-ау, біздің ҥйде не тҧрушы еді, кеше достарыңмен
бҽрін сарқып қойдыңдар емес пе! – дейді ҽйелі алақанын жайып. Мҧндай
тығырықтан шығудың жолын ойлап, басы қатып отырған Нҧтфолла: - Ҽй,
бҽйбіше, кеше ҥш сом бар еді ғой сенде, соны берші, дҥкенге барып,
басымды жазып келейін, - дейді. Ҽйелі азар да безер болып: - Нҥкесі-ау, ол
ҥш сомға кеше нан жаятын оқтау алып қойып ем, - дейді. Сонда Нҧтфолла: -
Сен бір қызық адам екенсің! Ҿзі ақша жоқта ҥйге мебель алып... – деп,
1
Деген екен. Қҧрастырған: М.Ниязбеков. Алматы, 1992. 64-65-б.
662
ҽйеліне қатты ренжіпті»
1
- деп айтылатын шығармаларды ҥлгі етуге болады.
ХХ ғасырдағы фольклордың бір ерекшелігі – ҽңгімелердің арасында
анекдоттардың болуы. Ол қалалық фольклор деп саналады. Қазақ арасында
соңғы 20-30 жылдың ішінде анекдоттар кең етек ала бастағаны белгілі. Қазақ
анекдоттары жалпы анекдоттан сҽл ҿзгешелеу. Мҧнда қазақтың фольклорлық
дҽстҥрі, сҿйлесуі, ҽңгімелесу мҽнері, айту мен қабылдау ерекшеліктері, юмор
мен сатираға деген кҿзқарасына қазақ анекдоттары ҿзіндік сипат берген.
Достарыңызбен бөлісу: |