540
танылады. Аталған кейіпкерлердің шығыс жҽне аймақтық сюжеттерге
негізделген дастандардың кейіпкерлерінен атап ҿтерлік маңызды
айырмашылығы бар: олар қоғамның тҿменгі табынан шыққан жалғыз атты
жарлы, бҧқара халықтың ҿкілі. Олардың образдарында эпикалық тҥсініктегі
қаһармандық, батырлық белгі іс-ҽрекеттерінде де, сыртқы сипаттауында да
кҿрінбейді. Мҧнда кейіпкерлердің ҿзгеше қыры даралық сипатта танылады:
ақындық, ҽншілік, орындаушылық шеберлігін сипаттауға мҽн беріледі.
Ақындық, ҽншілік, сазгерлік қасиеттерін табиғи тҧрғыдан таныта отырып,
ақын-жыршылар оларды ҿз дҽуірінің идеалына жауап беретін,
халықтың
арман-тілегін танытатын тҧлғалар ретінде сипаттайды. Халық санасындағы
сал, сері, ақын – адалдықтың, намыс пен ардың, тапқырлық пен
ақылдылықтың жиынтығы, ҿнер мен сҧлулықтың жаршысы. Сондықтан бҧл
кейіпкерлерді бейнелеуде керемет сҧлулыққа немесе батырлық қасиеттерге
емес, таланты мен жеке қасиеттеріне деген қҧрмет ерекше басымдық алады.
Аталмыш шығармалар кейіпкерлерінің прототиптері ХІХ ғасырдың
екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында ҿмір сҥрген
тарихи адамдар
екенін аңғару қиын емес. Бҧл кезеңде ақындық, ҽншілік, орындаушылық
қабілеттерді қатар меңгерген сал-серілер ҿмір сҥрді. Халық олардың ҿнерін
жоғары бағалап, еркелетті.
Ҿмірде болған оқиға ізімен жырланған дастандар кейіпкерлердің
сезімін, сол сезімнің рухани негізі болып табылатын ғашықтардың ішкі жан
дҥниесін, жоғары адами қасиеттерін ашуға бағытталды. Бҧл шығармаларда
ХІХ ғасырдың ҽлеуметтік-тарихи жағдайы кҿрініс тауып, кейіпкерлердің
бақыт пен бостандық жолындағы жеке кҥресі ҽлеуметтік мақсаттармен тығыз
байланысты ашылады.
Қорыта
айтқанда, қазақтың романдық дастандары ҿзінің даму
барысында шығыстық ҽсерді қабылдады. Алайда, махаббат жолында «арып-
ашып», «мҽжнҥнге айналған» шығыс дастандарының кейіпкері қазақ
жерінде негізгі идеалға айналған жоқ. Бірақ шығыс дастандарының кейбір
жанрлық белгілері, мысалы, психологизм, нақтылық пен шынайылық, т.б.
жыршылардың назарын аударған негізгі мҽселе болды. Яғни, шығыстық
дастандарға тҽн кҿркемдік қҧбылыстар жергілікті
материалдар негізінде
қайта жаңғыртылды. Нҽтижесінде қазақ топырағында мҥлде тың
кейіпкерлерді дҽріптейтін шығармалар дҥниеге келді. Сҿйтіп, халық ауыз
ҽдебиетінің ҿзгеру, тҥрлену барысында классикалық ғашықтық эпосқа тҽн
лиро-эпикалық дҽстҥр ҿзгеріп, бірте-бірте жаңа сипат қабылдады.
Ғашықтық дастандар діни, хикаялық дастандар тҽрізді Қазан тҿңкерісіне
дейін кең дамыды жҽне кҿп таралды. Мыңдаған тираждармен басылып
шығарылды, қолдан кҿшірілді, ел аузында жатқа айтылды. Махаббат
символына айналған ғашықтық дастандар кейіпкерлерінің есімдері бірнеше
ҧрпақ жадында сақталды. Ҿз тағдырларын ҿзі шешуге ҧмтылып, ҿмірлік
серігін махаббат, сҥйіспеншілік негізінде ҿзі таңдаған жастардың махаббат
жолындағы кҥресіне халық аса ҥлкен қҧрметпен қарады. Екі жастың шынайы
махаббаты
мен сыйластығы, бір-біріне деген қайырымдылығы мен
мейірімділігі сияқты таза сезімдерін дҥниенің кҥллі байлығынан қымбат,