§ 9. Лирикалық ӛлең
Халықтың кҿне дҽуірден кҥні бҥгінге дейін жеткен рухани қазынасының
ішінде халық ҿлеңдері елеулі орын алып, халық тҧрмысы мен қоғам
тарихының даму жағдайына сҽйкес ҿзгеру заңдылықтарын басынан ҿткеріп
отырған.
«Ҿлең» деген ҧғымның ҿзі де уақыт ҿткен сайын, ҽртҥрлі мағынада
ҧғынылып, айтылу мақсаты, мазмҧнына жҽне орындаушысына байланысты
да тҥрлі сипат иеленген. Ол екі-ҥш ауыз жаттамалы салт ҿлеңдерінен бастап,
жеке дара талант иелері орындайтын биік ҿнер дҽрежесіне дейінгі даму
сатысынан ҿткен.
Мҽселен, XV-XVIII ғасыр мҧраларында «жыр», «сҿз», «толғау»
ҧғымдары жиі кҿрініп, «ҿлең» ҧғымы кҿп кездеспейді. Бҧл тҧрғыда
Ш.Уҽлихановтың ҿз тҧсындағы ҿлең сипатына тоқталып, тҧжырымдаған
ойларында ғалым, ең алдымен, «ҿлең» сҿзінің қазақ даласына кеңінен
қолданылуға кіргеніне елу-алпыс жылдан кҿп аса қоймағандығын айтып, бҧл
ҧғымның
бҧрынғы
тҥсініктерді
ҿзгерткендігі
жайлы
былайша
тҧжырымдайды: «Соңғы уақытта... қазақ сахарасында жыр поэзияның
ескірген, кҿне формасы ретінде қолданудан қалды. Қазір қобыз сарынымен
жыр айтушылық тек бақсылардың еншісіне ғана тиген. Домбыра мен ҿлең
бҧл кҥндері қобыз бен жырды біржола ығыстырып шығарды жҽне «қазіргі
ақындардың кҿпшілігі-ақ осы кҥнгі ҿлең формасын ең қолайлы ҿлшем
1
ОҒК қолжазба қоры. 261-бума, 3-дҽптер.
576
ретінде қолданып, соған ҿздері жаттығып алған»
1
, - дейді.
Қазақ фольклорында негізінен ҥш-тҿрт ауыз сҿзден аспайтын белгілі бір
ҿлең ҿлшемі, бунақ, буын заңдылықтары бар кҿбіне он бір буынды, тҿрт
жолды ҧйқаспен айтылатын, тыңдаушының жадында тез жатталып қалуға
бейім поэзиялық тҥрді «ҿлең» деп атау қалыптасқан. Ҿлеңдер ҿзінің жанрлық
ерекшелігіне, айтылу, орындалу жағдайына лайықты белгілі бір ҽуен-ырғаққа
қҧрылады. «Ҿлең» сҿзінің шығу тҿркіні кҿне қыпшақ тіліндегі «ҧла»,
«ҧлағыл» сҿзінің «ҽлденені жалғау, бір-бірін байланыстыру, бірін-біріне
қиюластыру» деген мағынасынан шыққанын зерттеушілер тҧжырымдаған
2
.
Халық ҿлеңдерінің композициялық қҧрылысы ҽртҥрлі жағдайдан
хабардар ететін жыр, толғауға қарағанда тҧрақты, жинақы, қысқа болып
келеді де, белгілі бір ойдың, сезімнің тҿңірегіне қҧрылады. Ҿте шағын
ықшам ҿлеңдер ғҧрыпқа, салтқа қатыссыз адамның тҥрліше кҿңіл-кҥйімен,
оның айналасына қарым-қатынасын бейнелейді. Сондықтан да халық
ҿлеңдерінің тақырып ауқымы кең. Ол жеке адамның сҥйіспеншілік
сезімдерін, арман-аңсарын, ҿмір, ҽділеттік пен ҽділетсіздік жайлы ой-
толғамдарын ҽр тараптан ҿрнектейді. Ғҧрыптың міндетті шарттарынан бҿлек,
ҿлең ҿріміне табиғат суреттерінің, адамның тҥрліше кҿңіл-кҥй, жҥрек
сезімдерін таныту тҽсілдерінің енуі ҿлеңнің даму жолындағы елеулі кезеңді
танытып, оның лирикалық сипатын арттыра тҥскен. Ҿйткені, «Лирикаға тҽн
ҥлкен қасиет – оның қысқа да сезімтал болуында, жҥрек толқытып, кҿңіл
сергітер шуақты рухында»
3
. Лирикалық ҿлеңдер ешбір рҽсімсіз кез келген
жағдайда орындала береді. Ҽрине, лирикалық сипат барлық салт ҿлеңдерінде
де бар, бірақ олар салтқа байлаулы. Алайда, фольклордағы лирикалық
ҧғымның ҿзіне ғана тҽн ерекшелігі бар. Онда лирика ҿзінше ҧғынылып,
ҿзінше байыпталады да, салт ҿлеңдерінің эстетикалық белгілері мен жалпы
лириканың ҿзіндік сипаты бірлікте кҿрінеді.
Лирикадан белгілі бір қоғамның ҽлеуметтік сыр-сипаты танылып, сол
дҽуірде ҿмір кешкен адамдардың кҿңіл-кҥйі, сыры аңғарылады да, ҿлеңді
айтушы ҿзі ҿмір сҥріп отырған дҽуірінің ҽлеуметтік жайын, саяси
идеологиялық мақсат-мҧратын ҿз атынан сырлы ҽуен-сазымен жеткізеді,
яғни ҿз кҿзқарасы, ішкі кҿңіл-кҥйін, сырын білдіреді. Сҿйтіп, ол заманына, ҿз
дҽуірінің идеологиясына ҥн қосады. Соның жырын жырлайды. Халық
лирикасы бҥкіл халықтың эстетикалық қҧралы болғандықтан, халық
лирикасы деп аталады. Бҧл жҿнінде ғалым С.Г.Лазутин: «Дҽстҥрлі
лирикалық ҿлеңдердің ҿміршеңдігі, олардың халықпен бірге ҿмір сҥріп, ҽрбір
тарихи кезеңдегі идеялық-эстетикалық қажеттік негізінде халықтың ҿмірі
мен
санасына
байланысты
байқалмай,
ҿзгеріп
отырғандығымен
тҥсіндіріледі»
4
, - дейді. Фольклорлық лирикалық ҿлеңдер бҧрыннан келе
жатқан кҿркемдік бейнелегіш қҧралдарды жаңаша тҧрғыдан пайдаланады.
1
Валиханов Ч. Собрание сочинении в пяти томах. Т.1. Алма-Ата, 1961. С.197-199.
2
Курышжанов А. Исследования по лексике старокыпчакского письменного памятника ХІІІ в. «Тюркско-
арабского словаря». Алма-Ата, 1970. С.209.
3
Уахатов Б. Қазақтың халық ҿлеңдері. Алматы, 1974. 231-б.
4
Лазутин С.Г. Фольклор и действительность. М., 1976. С.56.
577
Халық ҿлеңдерінің кҿлемі шағын болғандықтан, бір дҽуірдегі ҿлеңді
келесі бір дҽуірде ҿзгертіп, жаңа ой-ҧғымдарды жамап-жасқап айтуға ықшам,
ҿзгеріске бейім келеді. Ондағы дҽуір ізін анықтаудың қиындығы осымен
байланысты. Қазақ фольклорындағы ҿлең ҧғымының мҽні кең ауқымда
ҧғынылады. Ҿйткені: «...Ҿлең қазақ поэзиясының негізгі тҥрі, кҿне салт,
ҽдет-ғҧрып поэзиясы да, ҽндердің текстері де, айтыс, ғашықтық жырларының
кҿпшілігі де, кейінгі поэзияның негізі де осы ҿлеңмен жазылған. Ҿлең қазақ
ҽдебиетінде ҽн-ҿлең ҧғымында да, ҿлең-жыр (стих) ҧғымында да жҥреді.
Ҿлең қазақтың барлық тарихы ҿмірінде біте қайнасып, араласқан. Ойын-
сауығын да, ҽзіл-қалжыңын да, қайғы-қасіретін де, жорық-соғысын да, ҿлім-
азасын да, той, астарын да, мерекелерін де – бҽрінде ҿлеңмен бейнелеген
жҽне қазақтың бірер ауыз ҿлең айтпайтыны сирек»
1
.
Лирикалық ҿлеңде жеке адамның жан сезімінен бастап, ірі ҽлеуметтік
оқиғалар да, ел басына тҥскен тҥрлі ауыртпалықтардың ізі де бедерленеді.
Мысалы: қазақ хандығы деп аталатын ҥш жарым ғасырға созылған дҽуірдің
ең бір ҿзекті мҽселелерінің сҽулесі халық ҿлеңдерінде де бейнеленіп отырған.
Ҿз алдына мемлекет болып ҿмір сҥрген елдің алдында аса маңызды
ҽлеуметтік міндеттер болды. Олар: «...бірінші, малға, жанға жайлы қоныс
тауып, орналасу; екінші, ҿз алдына ерікті ел болып, ҿзін-ҿзі басқару; ҥшінші,
алауыздық танытпай, сҥттей ҧйып, ҧжымдасып, бірауызды ынтымақты болу,
ҿзінің елін-жерін - Отанын қорғау еді»
2
. Яғни бҧл кезеңде халықтың
қоғамдық-ҽлеуметтік қҧрылымындағы басты мҽселелер ықпалынан тарихи-
ҽлеуметтік лирика алғы кезекке шығып, басқа тақырыптар соның аясында
дамыды. Қазақ фольклорында Алтын Ордадан Жҽнібек пен Керейдің
бастауымен Шу ҿзені мен Қара Ертіс аралығында 1456 жылдары қҧрылған
қазақ хандығының бҿлініп шығу себебі туралы ҿлең сақталған.
Ҽбілқайырдың
екі
сҥйікті
адамы
Дайырқожа
мен
Қарақыпшақ
Қобыландының арасындағы дау-жанжалға, Дайырқожаның ҿлімі себеп
болып, Жҽнібек бірсыпыра қазақ руларын ертіп, Алтын Ордадан бҿлініп
кетеді. Осы тарихи оқиғаға байланысты жағдайлар Дайырқожаның ҽкесі
Қыдан тайшы айтты деген ҿлеңде сақталған:
Қарақыпшақ Қобыландыда
Нең бар еді, қҧлыным?
Сексен асып,
Таянғанда тоқсанға,
Тҧралмастай,
Ҥзілді ме жҧлыным?
Адасқанын жолға салдың,
Бҧл ноғайлы елінің,
Аққан бҧлақ,
Жанған шырақ,
1
Ысмайлов Е. Ақындар. Алматы, 1956. 66-67-б.
2
Кенжебаев Б. Тҥрік қағанатынан бҥгінге дейін. Алматы, 2004. 64-б.
578
Жалғыз кҥнде қҧрыдың,
Қарақыпшақ Қобыландыда
Нең бар еді, қҧлыным?
1
.
Алтын Ордадан бҿлініп, кҿңілі орнықпай, ҽлі хандық болып бекімеген
халықтың алаңдаулы кҿңілі мен жҥрекжарды сезімін танытатын кҿңіл-кҥй
сипаттары бізге «Қазақ-ноғай бҿлінгенде» деп аталатын шағын ҿлең арқылы
жеткен.
«Жылау, жылау, жылау кҥй,
Жылаған зарлы мынау кҥй,
Қазақ пен ноғай айрылды,
Қазақ сартқа қайырылды,
Ноғайлының ну елі,
Кҥңіренді, қайғырды
Қарақыпшақ Қобыланды,
Қара орнынан айрылды.
Ел қанаты қайрылды.
Зор кҥн туды, зор кҥндер,
Кетті кҥлкі мол кҥндер.
Жылау менен қоштасу.
Келер ме қайтып сол кҥндер
2
.
Халықтың ҿміріндегі белгілі бір тарихи оқиғалардың оның ой-танымы
мен рухани дҥниесінде де ҿзгеріс тудырып, ҿлең шығарудың дҽстҥрлі
принциптерінің жаңғыртатындығы да ҿлең дамуынан анық кҿрінеді.
Қысқа кҿлемді халық ҿлеңдерінде кең эпикалық баяндаулар, тарихи
оқиғаның тҧтас суреті емес, болған жағдайдың халық тағдырына тигізген
ықпал-ҽсері ғана сҿз болып, соған қатысты халықтың сезім сырын
(қуанышты, қайғылы) кҿрсету тҽн. Мҽселен: қазақ халқының тағдырындағы
«Ақтабан шҧбырынды оқиғасы» жайлы кҿп айтылып, жазылды. Осы
оқиғаның қазақ тҧрмысына, тіршілігіне қаншалықты ҽсер еткендігін
танытатын С.Сейфуллин келтіретін ҿлең ҥлгісінде бҥкіл мал-жанынан
айрылып, ҥдере кҿшкен елдің жаугершілік замандағы хал-кҥйі жан-жақты
сипатталған
3
.
Сондай-ақ ел-жҧртынан айрылған жҧрттың туған жеріне деген сағыныш
сезімі қоштасу ҿлеңдерінің ҥзінділері арқылы жеткен.
Ақшеңгелдің тҥбінде ін бар екен,
Біздің елге баратын кім бар екен?
Долана-ай.
Қанша жақсы болғанмен,
1
Сейфуллин С. Шығармалары. Алматы, 1964. 6-т. 342-б.
2
Кенжебаев Б. Тҥрік қағанатынан бҥгінге дейін. Алматы, 2004. 58-59-б.
3
Cейфуллин С. Шығармалары. 6-т. Алматы, 1964.
579
Ҿз еліңдей бола ма-ай
1
.
Халық ҿлеңдерінде тек іргелі ҽлеуметтік оқиғалар, таптық теңсіздік
тақырыптары ғана бейнеленбей, кҥнделікті кҥнкҿріс, тҧрмыс-тіршілікке
байланысты ҿмір суреттері де кҿрініс тауып отырған. Мҽселен, ата-
бабаларымыздың егіншілік кҽсібімен ежелден-ақ айналысқандығы ҿлең
ҿріміндегі тҿмендегідей жолдардан танылады:
Қҧрбым-ау, серттеселік, серттеселік,
Сақтаса серттен Қҧдай, ептеселік.
Кҿңілің, сірҽ, бізде болса егер,
Тасындай диірменнің беттеселік
2
.
Кҿзіме кҿрінесің егіндей боп,
Егіннің жаңа шыққан кҿгіндей боп.
Алыстан ат аямай келгенімде,
Ей, қҧрбым, кҥліп-ойна ҿзімдей боп
3
.
Ал, сауда-саттыққа байланысты ой-тҥсініктер:
Ауылым кҿшіп барады Сарымсаққа,
Қой айдаттым базарға алымсаққа.
Аулың алыс кеткенде, ей, қалқатай,
Жырлайды екен шыбын жан сағынсақ та
4
.
Базардан алып келген қызыл кілт,
Шығады кҥн батарда қызыл бҧлт.
Кеткенде аулың алыс, ей, қарағым,
Елесің кҿз алдымнан болмас ҧмыт
5
, -
деп ҿріледі.
Қазақтың
халық ҿлеңдерін жинап, бастырушылардың
ішінде
М.В.Готовицкий ҿлеңдердің лирикалық сипатына ерекше кҿңіл бҿліп,
оларды мазмҧны жағынан эпикалық, лирикалық жҽне драмалық деп жіктеп,
лирикалық ҿлеңдердің кең тарағандығын кҿрсеткен: «Лирикалық ҿлеңдер
табиғатты сипаттап, сҥйіскен жастардың жолығысқан жерін, олардың
айрылысуы мен аһ ҧрған кҥйінішін кҿрсететін кҿптеген қысқа ҿлеңдерден
қҧралған. Барлық шығыс поэзиясы секілді қазақ ҿлеңдерінде де теңеудің
атқаратын рҿлі ерекше. Бірақ бҧл парсы поэзиясындағыдай орынды-орынсыз
1
Уахатов Б. Қазақтың халық ҿлеңдері. Алматы, 1974. 227-б.
2
ҼҾИ қолжазба қоры. 898-бума.
3
Қазақ фольклорының тарихилығы. Алматы, 1993. 307-б.
4
ҼҾИ қолжазба қоры. 898-бума.
5
Сонда.
580
тықпалап, шектен шыға қолданылатын метафораға ҧқсамайды. Қайта қазақ
ҿлеңдерінің ҿзге текстері тҽріздес лирикалық ҿлеңдердің ерекше белгісі –
оның ешбір боямасыз, қарапайымдылығында»
1
, - деп кҿрсеткен.
Халық ҿлеңдеріндегі лиризмнің терең кҿрінісі – екі жастың махаббат
сҥйіспеншілік сезімдерін суреттейтін ҿлеңдерден айқын кҿрінеді. Онда
адамның бас бостандығын аңсау, еркіндікке ҧмтылу алғы кезекке
шығарылып, жеке адам бостандығына ҧмтылған азаматтық сарын басты мҽн
иеленеді. Мҽселен: қыз бен жігіттің салт ҥстіндегі жауаптасуларының ҿзінде
батылдық кҿріне бастайды.
Жігіт:
– Қарағым, айналайын, қалам қасым,
Сен – аққу кҿлден ҧшқан, мен – лашын
Ақ жҥзіңді ай-аптада бір кҿрмесем,
Бойыма тарамаушы ед ішкен асым.
Қыз: – Тал ҥйдің салдым жаңа тҥтіндігін,
Отырсың кетейін деп кҥтіп бҥгін.
Кісіге алған, берген не болады,
Кҿңілдің білдірерлік бҥтіндігін
2
.
Қазақ тарихындағы ХІХ ғасыр мҽдени дамудың ерекше бір ҿрлеу кезеңі
болып саналады. Бҧл кезеңде фольклордың ҿнер ретінде мҽні артып, ҽрі
ақындық поэзия да кең қанат жайып, олардың шығармашылығында
фольклорлық дҽстҥр мен заманның жаңалығынан туындаған ҥрдіс қатар ҿріс
тауып жатты.
Демек, ХІХ ғасырдағы лирикалық ҿлеңдер ҿнер иесінің кҿңіл-кҥйінің
елегінен ҿткен қоғамдық ҿмір кҿрінісі, ой-пікір, сезім сығындысы десек,
оның бастапқы қайнар бҧлағы – халқымыздың бай фольклорлық
қазынасында жатыр. Бесік жыры, жар-жар, қоштасу, сыңсу, кҿңіл айту,
естірту, жҧбату, жоқтау тҥріндегі ҿлең-жырлар арқылы ҧзақ тарихты бастан
кешірген лирика да біз қарастырып отырған дҽуір тҧсында ҿзінің бастапқы
табиғатын біршама ҿзгертіп, мағына тереңдігі, кҿркемдік бояуының
қоюлығы, сезім байлығы жағынан едҽуір ілгерілегені байқалды.
Бҧл уақыттағы лирикалық поэзия ҥлгілерінің ҿзіндік ерекшелігі: халық
лирикасымен жеке аты мҽлім ақындардың лирикалық шығармаларының
бірін-бірі толықтырып, дамытып отырғандығымен сипатталды. Яғни
қазақтың лирикалық ҿлеңдері халықтың эстетикалық ой-сезімі мен саяси-
қоғамдық кҿзқарасының айқын кҿрінісіне айналып, халықтың сол тҧстағы
аса зҽру арман тілегін білдірді.
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында отаршылдық саясат мейлінше кҥшейіп,
қазақ халқының азаттық, еркіндік жолындағы қаһармандық кҥресі аяқталып,
отаршылдық қамытына мойынҧсынған кезеңі болды. Басында патша ҥкіметі
1
Этнографическое обозрение. Кн.3. 1889. С.73.
2
Уахатов Б. Қазақтың халық ҿлеңдері. Алматы, 1974. 184-б.
581
аға сҧлтан тҽртібін орнатса, кейін оны жойып, болыс, старшын сайлау, штат
тҽртібін бекітіп, би сайлау тҽртібін шығарды. Мҧның бҽрі қазақ арасындағы
таптық шиеленісті кҥшейтті. Қазақ бҧқарасының малы жауға, басы дауға
тҥскен бҧл кезеңде ру аралық дау-жанжалды ҥкімет ҽдейі ҿршітіп отырды.
Елдің ішкі бірлігінің бҧзылып, қазақ жҥздерінің бет-бетімен ыдырап,
Орта жҥзді Абылайдың баласы Уҽли ханның билеуі, Ҧлы жҥзге Бҧхар –
Қоқан хандығы ықпалының артуы, Кіші жҥзде Бҿкей хандығының ҿз алдына
саясат жҥргізіп, оның біраз жерін (Маңғыстау, Арал маңы) Хиуа хандығының
басып алуы сияқты тарихи ҿзгерістер халық поэзиясындағы елдің
тҧтастығын, бірлігін аңсау идеяларын бҧрынғыдан да кҥшейте тҥсті.
Бҧрынғыдай заң қайда?
Ғаділдік еткен хан қайда?
Жамандыққа қадамат,
Қҧдай деген жан қайда?
Ілгері заман келмейді
Жаманның кҿңілі ҿр болды.
Санасы бар жақсының
Жҥрегі толы шер болды.
Опасы жоқ заманға
Қылған қайыр сор болды.
Осы кҥнгі жақсының
Уайымсыз кҥні жоқ
Қасіретсіз жатар тҥні жоқ
Мҧны байқап білетін
Аға менен іні жоқ
Ойында жҥрген пікірін
Айтайын десе тілі жоқ
1
.
Бҧл кезеңде салт ҿлеңдерінің ішінде жоқтаудың отбасылық мҽселе
ауқымынан
шығып
қоғамдық,
ҽлеуметтік
ой-айтудың
қҧралына
айналғандығы айқын аңғарылды.
Халықтың ежелгі ел іргесі бҧзылмаған дҽстҥрін аңсау сезімі қазақтың
соңғы ханы – Жҽңгір ханды жоқтаудан кҿрінді. Фольклордың ежелгі дҽстҥрі
кейіпкерді мінсіз етіп суреттеу заңдылықтары сақталатын ҿлеңде халықтың
еркіндік, азаттық аңсаған арманы мен елге тҧтқа болған ерлерді дҽріптеу
идеясы алғы кезекке шығады. Жҽңгір ханның тіршілігіндегі барлық қате-
кемшілігі кешіріліп, ел ҥшін істеген игі істері ғана тілге тиек етіледі. Хан
тҧтас ҽлеуметтің қамқоры ретінде фольклорлық тҧрғыда мадақталады:
Жетімдерге жем бҿлген,
Жесір ҥшін жер бҿлген.
Тентектер ҥшін тебіренген,
1
ОҒК қолжазба қоры. 1164а-бума, 4-дҽптер.
582
Ҽулие ханнан айрылдық
1
, –
дей отырып, басты назарды Жҽңгірдің ел ҥшін істеген ең ізгі ісі – мешіт
салғандығына аудартады. Бҧл ісі оның бҥкіл қазақ хандарынан ерекшелейтін
даралық қасиеті ретінде алынады. Мҧның басты себебі – сол тҧстағы саяси-
ҽлеуметтік жағдайларға байланысты. Ҿйткені, басып алған жеріндегі негізгі
тҧрғындарды діннен, тілден, тарихи жадынан айыру сынды мемлекеттік
дҽрежеде ойластырылып, қуатталған, отаршылдық жоспарлардың жҥзеге
асырыла бастаған кезі болатын. «Мҧндай шовинистік кҿзқарас тҿрт бірдей
казачествоның қоршауында тҧрған Еділ-Жайық – екі ҿзен аралығында, тіпті,
қарқынмен ҿрістеді. Алтын айдары Айға шағылысқан Орал қаласындағы екі
шіркеудің ҥлгісінде халық кҿп қоныстанған елді мекеннің бҽріне
православиялық дін орындарын салу міндеттелді»
2
. Алайда, Жҽңгір хан, ең
алдымен, мҧсылмандық мешіт салдыртты. Осы еңбегі жоқтаудың негізгі
ҿзегіне айналды.
ХІХ ғасырдағы Ресей еліндегі тҥрлі саяси, экономикалық ҿзгерістердің
ҽсерінен қазақ даласына да капиталистік қатынастардың еніп, ҿндірістердің
дамуы негізінде қазақ жҧмысшы табының негізі қаланды. Қазақ-орыс
шаруаларының бір кен орнында жҧмыс істеп, тҧрмыстың қатал шындығын
басынан бірге кешіруі халықтардың рухани жақындасуына себеп болды.
Орыс жҧмысшыларының ҽртҥрлі тҧрғыдағы ҿлеңдері қазақ жҧмысшыларына
ықпал етіп, жаңа сипатты ҿлеңдердің тууына ҽсер етті. Қазақ даласында
ашылған кен орындары ондағы жҧмысшылардың жай-кҥйі ауыр тағдыры мен
кҿңіл-кҥйі жҿнінде халық ҿлеңдерінен кҿп сыр аңғаруға болады.
Болыс пенен би алды,
Қарны жуан бай алды.
Мойны жуан мырза алды.
Қазынасын ақтарып,
Ағылшындар қол салды
3
.
ХІХ ғасыр поэзиясындағы кҿңіл аудартатын елеулі сарындардың бірі –
дін қағидаларына сҥйену, оны ҿмір қайшылықтарын шешудің бірден бір
жолы деп қарағандығы байқалады. Яғни «Жуасып, жҥдеген елге ақырғы
тыныштық жҧбаныш осыдан табылмас па екен, ендігі ҿмірдің емі
бойҧсынып, сабырмен шыдап, діннен тірек іздеу болмас па екен дейді. Ҽр
заманда ҽр елдің тарихында, ҥміт кемесі су астындағы жартасқа соғылып,
талқан болған шақта, ҽрбір жан ҿз жарасымен ыңырануға айналғанда,
осындай момындыққа тҥсіп, мҧңға батып, дін бесігін іздейді. Тағдырына бас
иіп, ҥміт, тілекке қош айтып, жарық сҽулені ол дҥниеден кҥтеді»
4
, - дейтін
М.Ҽуезов пікірінің жандылығы сол кезеңдегі шағын жҽне кҿлемді
ҿлеңдерден де байқалды.
1
Боздағым. Алматы, 1990. 41-б.
2
Қҧлкенов М., Отарбаев Р. Жҽңгір хан (даңқ пен дақпырт). Алматы, 1992. 15-б.
3
Қазақтың қазіргі халық поэзиясы. Алматы, 1978. 91-б.
4
Ҽуезов М. Ҽдебиет тарихы. Алматы, 1991. 220-б.
583
Қҧдайға еш мҥшкіл іс емес қиын
Қанша қапа болсаң да, хаққа сыйын.
Қҧдайым қҧдіретпен қылса рақым,
Тас еріп, шешіледі, темір тҥйін.
Ҽгарда қҧдіретпен қылса қаһар
Жоқ болар ғаламдағы жан-жануар.
Жер тамыры тартылып, кҿк тҧтылып,
Дарияның суы қҧрып, тау қозғалар
1
.
Мҧсылмандық сарын бір жағынан мҧсылмандыққа ҥндеу, екіншіден, сол
тҧста зорлықпен ендіріле бастаған христиан дініне деген қарсылық
идеясының қҧралы болғанға ҧқсайды.
Патшалықтың отаршыл-ҽкімшілік орындары қазақ қауымының ішіндегі
бҧрынғы феодалдық жол-жоралардың кертартпа тҧстарын ҿздерінің ҿлкені
билеуге байланысты жоспарларында айла-тҽсіл ретінде пайдаланып отырды.
Сҿйтіп, ел ішін алашапқын етіп қойды. «Қазақ сияқты Россиядағы кҿп
бҧратана елді билеуге патша ҿкіметінің ҿзі рушылдық, ескішілдік қалыпты
нық сақтап отырды. Бҧл елдерде ҿмір ҿркендесін, мҽдениет дамысын деген
ой онда мҥлде болған жоқ. Қайта жаңағы ескіліктің кертартпа қҧрылысын ҿз
керегіне пайдалана жҥріп, соны мызғытпай, сақтап отырды. Сондықтан да
болыстық, отаршылдық, билік ҥшін ел жуандары қырқысса, соны патшаның
ҧлықтары ҽдейі қоздырта тҥсетін»
2
.
ХІХ ғасырдағы қазақтың ҿз ішіндегі билік мҽселесінің шиеленісуі,
қазақтарды болыстық билік ҥшін бірін-бірі ҿлтіру оқиғалары орын
алғандығына – Ҽйекенің жоқтауы дҽлел.
Заман ҿзгерісіне байланысты дҽстҥрлі поэзияның ғасырлар бойғы
бҧлжымай сақталып келген, қағидаларына енген ҿзгеріс халықтың ҿлгенді
даттамайтын дҽстҥріне қайшы марқҧмның тіршіліктегі жағымсыз мінез-
қҧлқын ҽжуамен шенеген сарындар жамыла бастағандығынан да байқалады.
Билік қҧрған тҧсында еліне жағымсыз болған Орал дейтін болыс Ташкент
қаласына барып, шайханада шай ішіп отырғанда жер сілкініп, қҧлаған ҥйдің
астында қалып ҿлгенде оны дҽстҥрлі жоқтау ҥлгісінде мадақтай отырып,
соңында:
Шай іштің келіп дҥкеннен,
Тҥсірді Қҧдай бҥкеңнен.
Зарлатушы едің талайды,
Кҿріңде тҧрғыр тікеңнен
3
, -
деп тҥйіндейді.
Сондай-ақ «Кҿшенді жоқтаудың» мазмҧнынан да осындай ҿзгешелікті
1
ОҒК қолжазба қоры. 1164-бума.
2
Ҽуезов М. Ҽр жылдар ойлары. Алматы, 1959. 37-б.
3
Автордың қолжазба қорынан.
584
кҿруге болады.
Кҿшенім, менің еселім,
Жан едің тҥгел есебің.
Бір тоқтың ҿлсе жылайтын,
Шық бермес, шығай, пес едің
75-ке келгенше ҿлмейтін
Сен Қҧдайдың несі едің?
1
.
Сҿз болып отырған кезеңде ел ішінде ӛтірік ӛлеңдер де кең тараған.
Ҿтірікті қҧрал ете отырып, тҥпкі мҽні заман шындығын бейнелейтін ҿтірік
ҿлеңдер – қазақ фольклорында едҽуір орны бар жанр. Мҧнда «ҿтірік»
айтылса да, оның арғы негізінде шындық жатады. Ҿмірдің шындығын ашық
айта алмайтындықтан ҿтірікті желеу етіп, аллегориялық тҽсілмен тҥрлі
жағдайлар астарланып меңзеледі. Мҧнда ҿмір қҧбылысы мен адамның
ҽрекет, айласын бейнелеу, кҿбіне ҽсірелеу арқылы кҿрсетіледі.
Ҿтірік ҿлеңдер ҽзіл, сықақ тҥрінде халықтың кҿңіліне қонбаған
жағымсыз қылықтарды шенеп, кҥлкі арқылы ойлантуға қҧрылады. Мҽселен,
қалыңмал, ежеқабыл, қҧдалық сияқты салттардың ҿрескел тҧстарын ҽжуа,
сықақ етеді. Кейде бҥкіл шығарманың мазмҧнында ақылды, ақылсыз
адамдардың мінез-қҧлқын айқын сипаттап кетеді. Тҥркі халықтарына кең
таралған – бҧл оның ҽр ҧлттық жеке қалыптасуына дейінгі кезеңде туған
«Тазшаның қырық ҿтірігі» дейтін ҿлеңде қойшы бала ҿзінің тапқырлығымен,
тҽкаппар ханды жеңіп кететіні белгілі. Мҧнда ҿтірік ҿлеңге тҽн жанрлық
ерекшелік, адам ойының алғырлығымен, қиял ҿрісі арқылы кҿрінсе, екінші
жағынан, қарапайым тазша – қойшының, жағымды бейнесі арқылы халық ҿз-
арман аңсарын бейнелейді. Ҿтірік ҿлеңдер – сын-ҽжуаны астарлы образдар
арқылы беру таптық дҽуірде дами тҥскен. Патша ҥкіметімен сыбайласқан
қазақтың бек-феодалдары қазақ халқының бҧрыннан келе жатқан қыз ҧзату,
келін тҥсіру, жесір дауы, қҧн дауына байланысты ҽдет-ғҧрпын ҿз пайдалары
ҥшін қҧрал еткен кезде де ҿтірік ҿлеңдер ҿзінің жанрлық міндетін орындады.
Мҧндай жағдайдағы салт-дҽстҥрдің кертартпалық сипаттары сын тезіне
алынып, кҥлкіге айналдырылды:
Тілімнің келмейді ебі ҿтірікке,
Ойлашы, осыным да ҿтірік пе?
Қырық байтал қалыңмалға санап алып,
Қыз бердім, отау тігіп кекілікке.
Шындықтың кҥмбез еттім қу басынан,
Масаның арқан естім шудасынан.
Қырық қарға, отыз сона қҧда тҥсіп,
Инелік киіт киді қҧдасынан.
Беріпті бақа қызын кҿбелекке,
Жҥріпті қара шыбын жеңгелікке.
1
Сонда.
585
Бір туын қҧмырсқаның ҧстап сойып,
Той қыпты, ат шаптырым тҿңірекке.
Бай болдым тҿрт тҥлікке, тумай жатып,
Балама қалың бердім, бҽрін сатып.
Білімін мал жыюдың ерте біліп,
Сондықтан кедейлікке қалдым батып.
Жыйынға, салтанатқа кидім қҧрым,
Қытықтап зорға айтқыздым қыздың сырын.
Келгенде қалыңдығым 84-ке,
Қайныма бес жасымда бардым ҧрын.
Қайныма қарға мініп, ҧрын бардым,
Кҥйеуден ҿзім қатар бҧрын бардым.
Айғырын шегірткенің ҧстап мініп,
Алдынан қайын атамның қырындадым
1
.
Мҧнда елдің бҧрынғы салтындағы жағымсыз ҽдет-ғҧрпы мен тіршілігі
мінеліп, ҽзіл, ҽжуа кҿріктеу, бейнелеу, ҥнемі шендестіру (антитеза), ҽсірелеу
негізінде сынға алынады.
Патша ҥкіметінің отарлауы басталысымен-ақ қазақ даласында
саудагерлер, алыпсатарлар кҿбейіп, қазақ халқына таңсық, болмашы
заттарды қымбат бҧлдап, қазақ арасынан бағалы заттарды ҿте арзанға алу
арқылы қанаушылықты кҥшейте тҥсті. Ел ішіндегі атқамінер бай,
ауқаттылардың ҿзін алдап-арбап, халықты екі жақты қанауға ҧшыратқан
саудагерлердің озбырлығы жайлы ҿлеңдер де сақталған.
Орыс, ноғай байлары
Қолында тҧрған тауарын
Сатайын десе халыққа
Ақшасына ҿтпейді
Несиеден іс бітпейді
Тағы да тапты ақылды
Қазақтың байын ҧстады
Несиені беруге
Алып бер деп қыстады,
Қызықтырып байларды.
Кепілдікке он тиын
Мың тиынға жҥз тиын.
Шығарды ойлап нҧсқаны
Кей жақсы мен кей байлар
Нҽсіп етер осымен
Ҽр бақырда жҥреді
Тҽмҽм жақсы қосымен
Мҧғамиля кҥні туғанда
Кеңірдектен буғанда
1
Қазақ ҽдебиетінің тарихы. Алматы, 1948. 1-т. 297-б.
586
Таба алмаған біреулер
Айырылысады досымен.
Немесе:
Бҧл кҥндегі адамдар
Несиеге бек ынтық
Ақырғы бермек саудадан
Саудагер болып кҿбейді.
Қайсы біреу жаңадан
Кепілсіз нҽрсе алалмас
Анау тҧрған қаладан
Неғып берсін бҧларға
Ілгергі ҿткен мегзілде
Ҿз бетінен кҿп алып
Беруге артын дау қылып
Кҿбісі сынды жамаған
1
.
Жҽне:
Мен ҿтірік айтпаймын
Зорлықпен ҿткен қу заман
Қай кҥйіңді мақтайын
Кедей қайтіп ҧялсын
Бай адамдар жҥн сатады,
Кедей алып қояр деп,
Қойына тығып қымтатады
2
.
Осындай алыпсатар саудагерлердің, кедейлерді несиеге, ҿсімге мол ақша
беріп, алдап-сулап, қарызға кіргізіп, кіріптар еткен іс-ҽрекеттеріне деген
халық наразылығы да ҿтірік ҿлеңдер арқылы астарланып берілген.
Серік боп қҧрқылтаймен қылдым сауда,
Айналды бҧл саудамның арты дауға.
Борсыққа жарап жҥрген міне шауып,
Ҧрандап, бір бҥйірден тидім жауға.
Ҥш жаста мергеншілік кҽсіп қылдым,
Ши оқпен мың қҧланды атып қырдым.
Ауынан ҿрмекшінің кілем тоқып,
Ҧялмай, 190-нан сатып тҧрдым
3
.
Сондай-ақ ҿтірік ҿлеңдерде халықтың діни сенімдерге деген тым ҽсіре
1
ОҒК қолжазба қоры. 1164а-бума, 4-дҽптер.
2
ОҒК қолжазба қоры. 1164а-бума, 4-дҽптер.
3
Қазақ ҽдебиетінің тарихы. Алматы, 1948. 297-б.
587
кҿзқарасы да сынға алынып отырды.
Басына Қап тауының қора қылдым,
Бітер деп, бес мың жылқы жора қылдым.
Топан су, тау басына дамыл бермей,
Қылмасқа енді қора тҽуба қылдым
1
.
Халық сҥймеген жағымсыз ҽдет қылықтарды мазақ етумен бірге, ҿтірік
ҿлеңдерде алдымен балалардың, қала берді, ересек адамдардың ой ҿрісін
кеңейтетін фантазия, қиял элементтері басым болып келеді. Қиял мен
жорамал арқылы болмағанды болғандай етіп кҿрсететін. Ҿтірік ҿлеңдер
халық драмасы сияқты кҿңіл кҿтеру қызметін атқарып, мазмҧны тҥгелінен
кҥлкіге, сайқымазаққа қҧрылады. Егер кҥлкінің ҿзі қайшылықтан, яғни бір
затты, оның ҽдеттегі қасиетіне ҥйлеспейтін жағдайлармен кҿрсетуден туады
десек, ҿтірік ҿлеңдер де осы тҽсілдерге негізделген. Мҧнда ҿз алдына, ҿзімен
ҿзі болып жатқан ҽрі анайы, ҽрі жабайы, ҽрі тҥсінікті, ҽрі қызық, кҥлкілі
жағдайлар кҿп-ақ.
Аспанға алты жерден тіреу қойдым,
Той қылып, мың масаны сонда сойдым.
Жҥрегін біреуінің тҿрт бҿліп, жеп
Нансаңыз, ҿмірімде бір-ақ тойдым
2
.
М.Ҽуезовтің: «Махамбеттен соңғы ақындар, бҧрынғы Бҧқар жырау
тҧсындағы ҿлең сҿзді ойға ҽкеліп тҥсірді. Бҧлардың тҧсында ҿлең ел ҿмірінің
ҧсақ салаларына тарауға айналды. Бҧрынғы ауыл қазақ ҿмірінің ҧлы
қҧрсауын, ҥлкен ауданын сҿз қылса, бҧлардың сҿздері, кҥндегі ҿмірдің
ҧсақтаған жамаушысы сияқты болып, жеке-жеке дертке арналатын болды»
3
, -
деп тҧжырымдағанындай, ХІХ ғасырдағы фольклорлық ҿлеңдерде негізінен
ел ішілік мҽселелер кҿбірек орын алып, халықтың тҧрмысына, ҽдет-салтына
енген ҿзгерістерге деген наразылығы, қазақтың байырғы тҧрмыс-тіршілігін
аңсау сезімдері бой кҿрсетіп отырды.
Сондай-ақ халықтың ішкі ҽлеуметтік жағдайы, бай мен кедейдің
арақатынасы, байдың қытымыр сараңдығы мен отаршылдармен ауыз
жаласқан екіжҥзділігі, кейбір кедейдің шаруаға қырсық, жалқаулығы да
халық ҿлеңдерінде сынға алынып отырды.
Байларды кедей сағалап,
Жақсыларды жағалап,
Кедей біткен кер болды,
Кҿкіректері ҿр болды.
Ойлағаны зор болды.
1
Сонда.
2
Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз ҽдебиеті. Алматы, 1958. 44-б.
3
Ҽуезов М. Ҽдебиет тарихы. Алматы, 1991. 212-б.
588
Мырзаларды іліктеп,
Кҿбісі сылқым сор болды
Қымызын ішіп байлардың
Кҽсіпке мойны бҧрылмай,
Іс істеуге жалығып
Ҧйқы да оған сор болды.
Сҿйте-сҿйте еңкейіп,
Қайсы бір кедей шер болды
Сҥйкімі кетіп байларға
Бишаралар қор болды
Кедейге нағып мал бітсін
Бір Қҧдайдан сҧрау жоқ
Кҽсіпке шҧғыл бойҧсынып
Халалдықпен қҧрау жоқ
1
.
Немесе:
Ҿңшең кедей бірігіп,
Іздегені бай болар
Аңдығаны байғҧстың
Ҿсекпенен шай болар
Ішсе кҿңілі жай болар
Бір тойып бойдан кеткен соң
Қарынбайдай бай болар
Кҽсібі сол олардың
Ойлағаны харамдық,
Іс қылмайды халалдық.
Халық лирикасының ертеректегі ҥлгілері 7-8 буынды болса, келе-келе он
бір буынды ҿлеңдермен аралас кҥйде кҿрінеді. Бҧл заңдылықты Б.Уахатов
қазақ халқының ҿміріндегі ҿзгерістермен байланыстырып, 7-8 буынды ҿлең
ҥлгілерін ел басына кҥн туған ауыртпалық тҧстарда, он бір буынды ҿлеңдер
кҥнделікті, алаңсыз бейбіт, еркін ҿмір тҧсында туған деп есептейді.
Ғҧрыптық ҿлеңде жеке адам сезімі ру мҥддесімен тығыз тҧтастықта
кҿрінетіндіктен ҽрі топ болып орындалатындықтан онда ҧжымдық сипат
басым. Қоғам ҿзгерісіне сай уақыт ҿте келе жеке адамның жан сезім
даралығына ҧмтылыс басымдық ала бастайды. Мысалы: салтқа деген
наразылық, қарсылық арқылы ҿлең тақырыбы мен тҥріне де ҿзгеріс енеді де,
ҿлең ҽлеуметтік-қоғамдық ой айтудың қҧралына айнала бастайды. Қазақтың
халық ҿлеңдерінің кҿлемі шағын болғанымен, ҿзіне тҽн композициялық
қҧрылымы болады. Ең алдымен ҿлеңді айтушы ҿзінің ой-толғамының
кіріспесінде ҿлең айтуды ҿзіне мҽртебе кҿретіндігін баяндайды. Яғни
алғашқы жолдарда кіріспе мен емеурін білдірілсе, 3-4 жолда ой қорытылады.
1
ОҒК қолжазба қоры. 859-бума, 4-дҽптер.
589
Белгілі бір ҿлең ҿлшемі мен ҽуені бар бҧл ҿлең тҥрінде кҿпшілік жиналған
тҥрлі шаралардағы сҽлемдесіп, тіл қатысудан бастап, қоғамның, елдің
жағдайлары да тілге тиек етіледі.
Қай мазмҧн, қай тақырыпты айтса да, ҿлеңші адам ҿзін-ҿзі мадақтап
кҿтермелеп, сонан соң барып негізгі айтар ойға: ҿмір, дҥние туралы
толғаныстарда немесе ҿз басына тҥскен кедейлік, қорлық-зорлық пен
қоғамдық, халықтың арман-тілегін бейнелейді. Яғни ҽрбір ҿлең ҿзінше
басталып, ҿзінше аяқталады. Демек, ҽу баста белгілі бір ғҧрыпқа, салтқа
байланысты туып, бірақ одан ірге ажырата келе жеке бір арна қҧраған
халықтың лирикалық ҿлеңдерінің бізге жетуі дҽрежесі ҽртҥрлі. Оның негізгі
мҽселесі – адамның ақыл ой-еркіндігін, азаттық, бостандық сҥйгіш ой-сезімін
бейнелеуінде. Оның ҿзі сан-салалы сипат иеленгені кҿрінеді (тарихи,
ғашықтық, салттық, т.б.).
Ел басындағы елеулі оқиғалармен бейнеленетін тарихи ҿлеңдер мен
қатар шағын кҿлемді лирикалық ҿлеңдер де қабат дамыған. Тек маңызды
ҽлеуметтік-тарихи мҽселелер кең қанат жайғандықтан, оларға кҿп кҿңіл
бҿлінбегендіктен бізге жетпеген сыңайлы.
Ал ХІХ ғасырдағы лирикалық ҿлеңдерде халық тҧрмысының кҥнделікті
жайттары кҿбірек кҿрініс тауып, халықтың екі жақты ҽлеуметтік қайшылық
қысымынан қиналған кҿңіл-кҥйі мен алдан кҥткен ҥміті бейнеленді.
Ал кеңес ҿкіметі тҧсындағы ҿлеңдердің саяси-ҥгіттік мақсаты жаңа
қоғамды мадақтау, оны орнықтыру жолындағы қызметке жҧмсалды.
Яғни ҿлең жанрының даму эволюциясында салт ҿлеңнен лирикалық
ҿлеңге, лирикалық ҿлеңнен кеңес дҽуірінде туып қалыптасқан азаматтық
немесе саяси-ҥгіттік ҿлеңге дейінгі даму, жаңару, жаңғыру жолдары
танылады.
Жинақтай келгенде айтарымыз: халық кҿңіліндегі қайғы мен қасіреттің,
қуаныш пен шаттықтың серігі болған халық ҿлеңдері кҿп тҥрлі, кҿп салалы
жанр. Кҿне рулық замандағы ғҧрыптық ҿлеңдерден бастау алып, жеке адам
сезімін тереңдете суреттейтін лирикалық мҽн иеленген кезеңдер мен саяси-
ҥгіттік ҿлеңдерге дейінгі аралықта жанрлық тҧрғыдан жіктеліп, салаланып,
тақырыптық ауқымы кеңейіп, ҽртҥрлі даму жолдарынан ҿткен.
Достарыңызбен бөлісу: |