жанр тарихының тамыры тереңде екенін таныған.
ҽдебиетінің тарихы. Алматы, 1960. 1-т., 1-кітап. 714-б.
564
орындауы деген тҧрғыда тҥсіну қажет екені»
1
белгілі. Кҿне фольклорлық
туындылар арасында аруақпен айтыс бар. Ол кейде ҿлі мен тірінің айтысы
деп те аталған. Бҧл аруақпен айтысты Х.Досмҧхамедҧлы жоқтаудың бір тҥрі
деп дҧрыс атаған. Ҿйткені, бізге жеткен «Ақбала мен Боздақ», «Аймаңдай
мен Бабас» мҽтіндерінің мола басында айтылғаны туралы тҧрақты тҥрде
ескертіледі. Шынында да, мола басына ҿлген адаммен айтысып, оны сҿзбен
жеңу ҥшін емес, адам ҿліп жатса да, естиді деген тҥсініктен оған деген сыр-
мҧңын айту ҥшін келеді. Сондықтан оның да айтыс жанрынан бҿлектігі
айқындалады. Дегенмен айтыс ҿлеңдерінің арғы тегін,
қалыптасу барысын
сҿз еткенде, М.Ҽуезов атап кҿрсеткендей, оның тым ҽрідегі ҽдет-ғҧрып, салт
ҿлеңдерінің ықпал еткені байқалады. Шындығында, бҽдік пен жар-жардың
архаикалық ҥлгілері қандай болғанын дҽл айту қиын, бізге ҧзақ ғасырлар
бойы жетіліп, кемелденген мҽтіндер жеткенін ескеруіміз қажет. Бҧлар даму
барысында лирикалық сезімді де белгілі дҽрежеде сіңіріп,
қыз бен жігіт
айтысының бҿлініп шығуына жол салған.
Айтыс қазақтан ҿзге қырғыз, қарақалпақ, алтайлықтарда да бар. Ҿзбек,
тҥрік секілді ҧлттарда айтыстың сын-сықақтық, кҥлдіргі тҥрлері ғана
сақталып қалған. Тҥрік елінде ҥш ақын қатысып, бір-бірін ҽзілден кҥлкі
ететін дҽстҥр («Атышмалар») кең тараған. Бҧларға қарағанда, айтыс тҥрік
тектес елдердің бҽрінде де бар, алайда, бірінде мол, енді бірінде аз дамыған.
Бҧған ҽр халықтың басынан кешкен ҿмір салты мен тҧрмыс-кҥйі елеулі ҽсер
етіп отырған.
Кҿне дҽуірлерден келіп жеткен жазба мҧралардан да
айтыстың сол
кездегі кҿрініс-сипаттарын танып, аңғаруға болады. Мҽселен, М.Қашқаридің
«Диуани Лҧғатит-тҥркі» кітабында жаз бен қыс бір-біріне айып-мін тағып,
ҿздерін мақтасып, бойындағы артықшылық қасиеттерін тізбелеп, кҿтере
дҽріптейді. Сол арқылы қарсыласын тҧқыртып жасытып, мысын басуды
кҿздейді. Бір ерекшелігі: екі жақ та қарсыласы айтқан аталы сҿзге тоқтап,
ҽділдік
танытады, жеңілген жағы ҿз кемшілігін мойындап, тосылғанын
тайсалмай, ашық айтады. Бҧл жаз бен қыстың, яғни ҽр жыл мезгілінің
антропоморфты иесі бар есептегеннен шыққан. Халық бҧл
айтыста жаз
мезгілінің жеңіп шыққанын қалайды.
Ал, Ахмет Иассауидің «Диуани хикметіндегі» пейіш пен тозақтың
арасындағы айтыс мҧсылмандық дінге бой алдырған ақынның авторлық
туындысы болуы керек. Мҧсылмандық мифология бойынша мҧндай
айтыстың болғаны ҽзірше белгісіз.
Достарыңызбен бөлісу: