Тойбастар. Кез келген істің басталуы, оның ҧйымдастырушысы
болатыны сияқты, ҽрбір ғҧрыптың да басталуын ҧйымдастырушысы болған.
Мҽселен, тҽңірлік дінде ол қызметті бақсылар, абыздар атқарса, ислам
дінінде қожа-молдалар, ал халықтық ғҧрыптарды ел ішіндегі ақсақалдар мен
ҽже-апалар атқарады. Ғҧрыптық фольклор ҿзінің тҧрмыстық негізінен
алыстап, кҿркемдік сипат ала бастаған кезден бастап, ҥйлену ғҧрпын
бастаушы мен ҧйымдастырушының да сипаты ҿзгерген. Ҿйткені, заман оза
келе тойдың ҿзі ғҧрыптық мҽннен гҿрі ойын-сауықтық мҽдени шара
деңгейіне кҿтеріліп, елдің кҿңіл кҿтеретін, ҿнер қойылымы ретіндегі сипаты
арта тҥскен. Той бастауға ақын-жыршылардың арнайы шақырылып, той-
думанды бастап, қыздыра тҥсетін дҽрежеге кҿтерілетін тҧсы да осы кезге дҿп
келеді.
Қазақ халқының рулық қоғамнан келе жатқан дҽстҥрі бойынша жиын-
тойда, аста атқарылатын рҽсімдік жол-жоралғылардың қай-қайсысын да ҽр
жҥздің «ноқта ағасы» саналатын рулардың белгілі адамдары бастайтын
болған. Мҧндай ғҧрып ертеректе тойбастарда да сақталған. Мҽселен,
Н.И.Гродековтың айтуынша, Ҧлы жҥздің қыз ҧзату, келін тҥсіру тойларын
міндетті тҥрде Жалайыр руының ақын-жыршылары бастайтын болған
1
.
Ҿйткені, ноқта ағасы ретіндегі жол – солардікі. Жҽне олар сол ҥшін жоғары
қҧрметке, сый-сияпатқа ие болады.
Тойбастар – аты айтып тҧрғандай, той басталар сҽтте айтылады. Оны
дҽстҥрлі тойбастарлардың мҽтіні де дҽлелдейді. Барлық тойбастарлар ең
алдымен:
– Ассалаумағалайкум, жиылған топ,
Бҧл тойға тағдыр айдап келіппіз дҿп.
Болыпты жҧрт кҿрмеген бір ҧлы той,
Таң қалып қарағандай жер менен кҿк
2
,–
деп, жҧртқа сҽлемдесуден басталып, ҿзін жҧртқа таныстыра отырып, той
жасаушыны дҽріптейді, тойдың сҽн-салтанатын мадақтайды, арасында ҿзін
де кҿтермелей отырып, той иесінен кҿрсетілетін сый-сияпаттың мырзалық
белгісі екендігін ескерте кетеді. Қыз ҧзату тойындағы тойбастардың соңы
тілек айтумен, ҧзатылатын қызға бата берумен аяқталады. Ал, жігіт ҥйінде
1
Гродеков Н.И. Киргизы и каракиргизы Сыр-Дарьинской области. Юридический быт. Ташкент. 1889. Т.1.
С.7.
2
Тал бесіктен жер бесікке дейін. Қазақтың отбасылық ғҧрып жырлары. Қҧрастырып, алғысҿзі мен
тҥсініктерін жазған К.Іслҽмжанҧлы. Алматы, 1996. 46-б.
74
болатын келін тҥсіру тойында бата айтылмағанмен, келінге ҿсиет, жастарға
бақыт тіленеді. Бҧл композициялық қҧрылым – тойбастарлардың барлығында
сақталатын қалыптасқан ҥрдіс. Соның ішінде той бастаушының ҿз дҽрежесін
асқақтата, серпіле жырлау дҽстҥрі, ақындарға тҽн шабыт шақыру, шарықтау
ҿрнегі ерекше кҿрінеді.
Тойыңды баста десе бастайтҧғын,
Бергенше біздер бастап саспайтҧғын.
Сҧрасаң, арғы атамды қол бастаған,
Ҿлең тҥгіл жауыңнан қашпайтҧғын
1
.
немесе:
Бҧл тойды кім бастайды мен тҧрғанда,
Аузымда алақҧйын жел тҧрғанда.
Бҧл тойды алдыменен біз бастаймыз,
Жол қайда шҧқанаққа кҿл тҧрғанда
2
,–
деп желпініп алады. Бҧдан ҽрі тойбастаушы:
Белгілі бҧл қазаққа тілдің желі,
Той екен жҧрт жиналған мерекелі.
Сҽрсенбі - сҽтті кҥні той жасапсыз,
Тойыңыз тойға ҧлассын берекелі
3
,–
деп, қҧтты болсын айтып, қыз ҧзату тойында арғы жағын кҿп жағдайда
ҧзатылатын қызға айтылатын марапатқа ҧластырады:
Тҥймедей басың сҧлу домаланған,
Жібектей шашың майда шҧбаланған...
Мҿлдіреп екі кҿзің тҧнжырайды,
Суреттей қойған жасап мірғарадан.
Айнадай екі бетің жарқырайды,
Айындай он бесінде қорғалаған.
Таудағы сен бір жатқан қызыл тҥлкі,
Ізіңе талай жандар қақпан қҧрған
4
,–
деп, барынша мақтай келіп, жҧбату айтады. Ал, жігіт ҥйіндегі тойда мҧндай
марапат айтылмайды, тек той иесінің жомарттығы айтылып, кейде тойға
келген қонақтарды санамалап таныстыратын сҽттер болады.
Мҧндай сипаттауларда жалпы фольклорлық шығармалардағы сияқты
жалпылама суреттеулер кҿрініс береді. Онда ҧзатылып жатқан қыздың
1
Сонда. 47-б.
2
Сонда.
3
Сонда. 48-б.
4
Сонда. 50-б.
75
немесе жаңа тҥсіп жатқан келіннің нақты портреті, мінез-қҧлқы жоқ. Ондағы
айшықты сҿздер – баламалар, теңеулер мен эпитеттердің барлығы да
дҽстҥрлі фольклордағы сҿз қолданыстардан кҿп ҧзап кетпейді. «Басы
тҥймедей», «шашы жібектей», «кҿзі қарақаттай», «жҥзі – он бесінде туған
айдай», т.б. деген сияқты болып келеді. Мҧндай суреттеуді кез келген қызға
қаратып айтуға болады. Демек, тойбастар кҿркемдік жағынан дҽстҥрлі
фольклорлық тҽсілдермен ҥндесіп жатыр.
Мазмҧн жағынан келгенде, тойбастар – той басталуының хабаршысы,
оның сҽн-салтанатын арттырып, қызға, той иесіне мадақ айту, жас
жҧбайларға бата беріп, ақ тілек, ҿсиет айту сияқты тағылымдық ҿнегеге
қҧрылады.
Формалық жағынан тойбастарлар айтушының ыңғайына қарай ҽртҥрлі
болып келеді. Ақын-жыраулар айтатын тойбастарлар он бір буынды жыр
ағымымен, шумақталмай, тҿгіле айтылса, кезектесіп айтатын сҽтте кҿбінесе
тҿрт тармақтан тҧратын қара ҿлең ҥлгісінде жырланады.
Достарыңызбен бөлісу: |