1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ


Тарихта  орын  тепкен белгілі  оқиғалар мен істердің дәлме-дәл  шежіресі



Pdf көрінісі
бет63/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   135
Тарихта  орын  тепкен белгілі  оқиғалар мен істердің дәлме-дәл  шежіресі, 

кӛшірмесі болмағанымен, эпос сондай қҧбылыстардың терең, тҥпкілікті 

мәнін,  тҧжырымын  аңғартады.  Осы  тҧрғыдан  алып  қарағанда 

батырлық жырлар тарихтың желісі де емес, әрі сол желіден мҥлде «қара 

ҥзіп»  те  қалмайды.  Эпостық  жинақтаулардың  қайталанбас  ғажайып 

табиғатының бір қыры осында. 

Қаһармандық эпостың халыққа қызықты болып, атадан балаға, ҽулеттен 

ҽулетке ауысып, ҧмытылмай келуінің тағы да бір қҧпиясы оның теңдесі жоқ 

кҿркемдік  бітіміне,  ҿз  бойына  қиялдау,  бейнелеудің  алуан  ҿрнектерін 

сыйғыза  білгендігіне  байланысты.  А.М.Горькийдің  «ең  жарқын,  терең, 




 

323 


кҿркемдігі  кемел  тҧлғалар  ауыз  ҽдебиетінде  жасалған»

1

  дейтін  тҧжырымы 



мейлінше,  ақиқат.  Ерліктің,  отансҥйгіштіктің,  белгілі  бір  мақсат  жолында 

жан  аямай  кҥресетіндіктің,  намыстылықтың  неше  алуан  ҥлгісін  танытатын 

қаһармандар эпос туындыларында кҿптеп кездеседі. 

Адам  бойында  ҧшырайтын  ҧнамды,  ҧнамсыз  мінездер  мен  қасиеттерді 

ҽсірелеп,  ірілеп,  естен  кетпестей  кҿрнекті  етіп  бере  білушілік  те  эпоста 

ҽрдайым биік ҥлгі ретінде саналады. 

Ҽсіресе,  қаһармандық  жырларды  ел  жҥрегіне  жақын  ететін  олардың 

отаншылдық  идеямен  суарылғандығы.  Адамзат  қоғамы  дамуының  барлық 

кезеңінде  де  рудың,  тайпаның,  мемлекеттік  бірлестіктердің  тыныштығын, 

бҥтіндігін  қорғау,  қастасқан  жауды  жеңіп,  бақытты  ҿмір  орнату  мҽселесі  ең 

кҥрделі  проблема  болып  келген.  Дҽл  осы  аңсар  батырлық  жырлардың 

айрықша сипаты болып табылады. 

Батырлық  жырлардағы  ерліктің  сипаты  ҿзгеше.  Мҧндағы  қаһармандар 

ел ҥшін қандай да болмасын қауіпке қарсы барады, жаулармен арпалысады, 

неше  тҥрлі  сергелдең,  сарсаңға,  ауыр  сындарға  душар  болады;  ақырында, 

жеңіске,  мҧратына  жетеді.  Міне,  осындай  «жеңілмейтін  қаһармандарды» 

суреттеу жҽне оның басына ең асыл қасиеттерді жиып беруі халық қиялының 

шексіздігін кҿрсетеді жҽне эпостық жырлардың ерекшелігін танытады. 

Тарихтың ҧзына бойында орын тепкен  тҥрлі ҧрыстар, ел басына тҥскен 

ауыртпалықтар  эпостың  ішкі  заңдылығына  бағындырыла  сипатталады. 

Белгілі  бір  соғыстың  немесе  тартыстың  ауқымында  ғана  қалу  эпосқа  тҽн 

емес.  Эпос  ҿмірде  болған  оқиғалардың  санын  да,  хронологиясын  да 

қуаламайды.  Батырлық  жырға  қандай  да  болмасын  қҧбылыстардың  ел 

аңсарына сҽйкес тҧстары ғана іріктеліп алынады. 

Халқымыздың  тарихында  тҽуелсіздік  ҥшін  жҥргізілген  оқиғалардың 

ҧзын  тізбегі  бар.  Жеріміздің  байлығына  кҿз  тігіп,  халықтың  ішіндегі  тҥрлі 

қайшылықтарды, сҽтсіз жағдайларды пайдаланып, замандар бойында сыртқы 

жаулар  ауық-ауық  қырғын  соғыстар  ашып,  елді  ауыр  апаттарға  ҧшыратып 

отырған.  Тарихи  еңбектерде  сол  оқиғаның  нақты  себептері,  жағдайлары, 

қатысушылары,  нҽтижесі  тізілсе,  эпос  ҽлгіндей  қҧбылыстарды  ҿзінше 

пайымдайды.  Ҿмірде  орын  тепкен  ҥлкен  кҥрестердің  қашанда  себеп, 

тҥрткілері нақтылы болып отырса, эпос соларды барынша екшеп, сығымдап, 

ең нҽрін ғана талғайды. Тарихи еңбекте озбыр жаулаушының аты-жҿні анық 

ескертіліп,  мекені,  кҽсібі,  салты  неғҧрлым  толық  қамтылуы  шарт.  Ал  эпос 

ҥшін дҧшпанның аты емес, «заты» қажет. Сондай-ақ батырлық жырда «пҽлен 

соғыста  тҥген  батыр  ерлік  кҿрсеткенін»  дҽл  білу  міндет  саналмайды. 

Эпостағы қаһармандар кҿбінше ҿмірдегі болған адамдардың емес, ел тҥсінігі 

бойынша болуға тиісті жандардың бейнесін елестететіні осыдан. 

Батырлық жыры сҿз ҿнері  ретінде орта  ғасырларда қалыптасса да, олар 

мазмҧны  мен  идеясы,  қаһармандардың  іс-қимылдары  жағынан  архаикалық 

эпос, ру-тайпалық жҽне мемлекеттік эпос деп бҿлінетіні белгілі. Архаикалық 

эпос,  негізінен,  аңшы-мергеннің  неше  тҥрлі  мифологиялық  мақылҧқтармен 

                                                

1

 Горький М. Избранные литературно-критические произведения. М., 1954. С. 214. 




 

324 


кҥресін  баяндаса,  ру-тайпалық  эпос  классикалық  патриархалды  ру  мен 

тайпаларды қорғаған батырлар туралы ҽңгімелейді, ал, мемлекеттік эпоста ел 

басшысы мен оның сарбаздарының мемлекеттің бірлігін, тҽуелсіздігін сақтау 

жолындағы  қаһармандық  істері  туралы  жырланады.  Дей  тҧрғанмен,  бҧл 

жіктеудің  ҿзі  белгілі  дҽрежеде  шартты  жҽне  ҥш  топ  бір-бірімен  астасып, 

араласып,  тҧтас  бір  эпикалық  жҥйе  қҧрайды.  Сол  себепті  фольклорлық 

поэтика,  эпикалық  сана  бҽріне  ортақ.  Мҧны  «Алпамыс»,  «Қобыланды», 

«Қамбар» жырынан айқын кҿруге болады. 

«Қобыланды  батыр»  жырында  қаһарманның  айқасатын  жауларының 

ҧлты  бірде  қалмақ,  бірде  қызылбас  деп  аталады.  Осының  ҿзі  де  эпостық 

жинақтаудың заңдылығына тҽн кҿрініс. Жыршы мен тыңдаушы жҧртшылық 

ҥшін жаудың аты кім болғаны онша есеп емес, сол дҧшпанды жеңіп, кеткен 

есені  қайтару,  елдің  бірлігін  қалпына  келтіру,  бейбіт  ҿмірге  қолын  жеткізу 

маңызды.  Басқа  жырлардағы  эпостық  жаулар  табиғаты  туралы  да  осыны 

айтамыз.  Бҥкіл  қазақ  жырында  эпостық  жаулардың  екеу-ақ  –  қалмақ  пен 

қызылбас  болып  келуі  де  осы  пікірімізді  дҽлелдей  тҥседі.  Тек  Мҧрын 

жыраудан  жазылып  алынған  жырларда  ғана  тағы  да  бір  эпостық  дҧшпан  – 

ындыс  аталады.  Қазақ  халқының  сан  ғасырлық  тарихында  ҧшырасқан 

жауларының  аты-жҿні  бҧл  кҿрсетілгеннен  анағҧрлым  кҿп  болғанын білеміз. 

Бірақ олардың нақтылы аттары уақыт ҿте келе ҧмытылып, кейінгі замандағы 

кҿп  жауласқан  ел  –  қалмақтар  ғана  эпостық  дҧшпан  деп  саналған.  Мҧның 

тағы  да  бір  себебі  эпостық  шығармалар  тек  ҿткен  дҽуірдің  шындығын  ғана 

бейнелеумен  шектелмей,  ҿз  кезеңінің  де  жанды  сауалдарын  қамтып 

отыратындығында. Эпостың ҧмыт болмай, ғасырдан-ғасырға ауысып, ҧласып 

келуінің  де  мҽні  оның  заманалық  тілектерге  жауап  бере  алатындығында. 

Міне, мҧндай жағдайда ҧмыт бола бастаған бҧрынғы эпостық жаулардың, ру 

мен  тайпалардың  атаулары  кейінгі  нақтылы  тарихи  жағдайларға,  эпикалық 

процестерге  лайық  ҿзгеріп  отыруы  заңды  қҧбылыс.  Асылы,  ҿмірде  орын 

тепкен  кішігірім  істер,  кҥрестер  халық  жадында  сақталмайды.  Тағдыр 

жолында  сан  рет  қайталанған,  ел  есінен  мҽңгілік  кетпестей  болып  із 

қалдырған, жер бетінде бар болу мен жоқ болудың тайталасы секілді орасан 

оқиғалар  ғана  жыршы,  жырау  назарына  ілінген.  Сол  себептен  эпикалық 

санада нақтылықтан жалпы шындық басым жатады. 

Ел  жадында,  ҽйтеуір,  батырлық,  кҥштілік  атаулының  бҽрі  сақтала 

бермейді. Батырлық ру, тайпа, ел қорғауға, азаттық кҥреске жҧмсалғаны ғана 

ерекше  ілтипатқа  алынған.  Рулар  арасындағы  жҥріп  отырған  ҽдеттегі  талас 

немесе  кҿрші  халықтарға  жасалған  ҽділетсіз  шабуыл  халықтың  эпикалық 

санасында  сақтала  бермейтіні  байқалады.  Халықтың  ҽділетсіз  соғыстарды, 

кімге  де  болса,  нақақтан  тиісіп,  зҽбір  кҿрсетушіні  қолдамайтын  кҿзқарасы 

эпостың  ҿзінен  де  айқын  кҿрініс  беріп  отырады.  «Қобыланды  батыр» 

жырында  Қобыланды,  Қарамандар  Қазан  ханды  жеңіп,  қайтар  жолында 

Кҿбіктінің де елін «олжалай» кетпек болған ҽрекеті тосын қиыншылықтарға 

кездестіретіні мҽлім. Осы жолы Қобыландының ҿзі қолға тҥсіп, Қарлығаның 

кҿмегімен  ғана  тҧтқыннан  босайды.  Эпикалық  сана  ҽділдік  пен  қиянат 

мҽселесінде ешқашан ауытқымай, адаспай отыратынының бір мысалы осы. 



 

325 


«Қобыланды  батыр»  жырында  батырлар  бастан-аяқ  қыпшақ  елінің,  кең 

мағынасында  алғанда  ноғайлы  жҧртының  мҥддесі  ҥшін  кҥреседі. 

Қобыландылар  Қазан  ханның  еліне  ежелгі кекті  қуалап,  ата  жау  болған  соң 

ғана аттанады. Қазан да, Кҿбікті де, Алшағыр да кез келген сҽтте қыпшақты 

шауып  алуға  ҽзір  тҧрған  бітіспес,  мҽмілеге  келмес  жаулар  деп  есептеледі. 

Сондықтан да Қобыландының оларға аттануын «эпикалық сана» ақтайды, ҿте 

қажет,  орынды  ҽрекет  деп  есептейді.  Қобыландының  жорығына  ноғайлы 

қауымының  бір  бҿлегі  болып  саналатын  Қият  руы,  оның  Қараман  бастаған 

батырлары да қатысады. 

Зерттеушілердің кҿрсетуі бойынша қаһармандық жырлардың кҿбіне тҽн 

негізгі белгілердің бірі – болашақ батырдың ғажайып тууы болып табылады

1



Бҧл  сарын  (мотив)  эпостан  басқа  жанрларда  да  (ертегі,  аңыз)  кездесетіні 

белгілі.  Болашақ  батырдың  ғажайып  туысының  мифтік  персонаждармен 

генетикалық  байланысы,  мифологияның  ыдырауы  кезеңінде  пайда  болған 

кейіпкерлерге  қатысы  бар  екендігі  кҽміл.  Қаһарманның  қандай  жағдайда 

туғанын  тҽптіштеп  айту  тек  композициялық  тҽсіл  немесе  ҿмірбаяндық 

қажетті  элемент  қана  емес,  мҧның  мҽні  тереңіректе  жатыр.  Байқап  қарасақ, 

батырдың туғанына дейінгі ахуалды ескерту ҥлкен идеялық қызмет атқарады 

екен.  Қартайған  ата-ананың,  дҥйім  бір  елдің  жаратқаннан  перзент  сҧрап, 

мінҽжат етуі жеке отбасының ғана тілегі емес, белгілі бір ру, тайпаның шын 

мҥддесі  де  болып  есептелуі  эпостың  басталуына  ерекше  қҧпия  қуат 

дарытқандай  болады.  Демек,  қаһармандық  дастан  экспозициясы  аса  ҥлкен 

кҿркемдік рҿл ойнайды. 

Эпос  зерттеушілері  жырдағы  баласыздық  зары  сарынының  тҥбірін 

рулық-патриархаттық,  феодалдық  дҽуірдің  дҽстҥріне  байланыстырып 

тҥсіндіреді.  Патриархат  ҥстем  болғалы  бергі  кезеңнің бҽрінде  атадан  қалған 

мал-мҥлік ҧлға тиесілі болған. Сондай-ақ рулық ҿмірдің жалғасуы да тікелей 

сол  рудан  тараған  мҧрагердің  бар  немесе  жоқтығына  қатысты  еді.  Ҧлы  кҿп 

адамның  сҿзі  де  салмақты,  айбыны  да  артық  саналған.  Балалы  болушылық 

қауымның  мҥддесіне  қызмет  ететін,  ҥрім-бҧтақ  ҿсіретін,  ҿзгелермен 

қҧдандалы  болып,  бедел,  байлықты  кҥшейтетін  маңызды  шарттылық, 

қажеттілік болып есептелген. 

Егер  эпикалық  батырдың  ҿмір  бастауы  осындай  керемет  оқиғалармен 

ҿрнектелмесе,  оның  кейінгі  алуан,  сҧрапыл  ерліктерін  тҥсіне  алмаған  болар 

едік.  Есейіп,  ақыл,  қайраты  толысқан  кезде  мың  жауға  жалғыз  шабатын 

батырды  «жаратылысынан»  ерекше  ерен  етіп  кҿрсетудің  психологиялық 

мотивировкасы осында жатыр. 

Жалпы,  тылсым,  қҧпия  кҥштерге  сену  адамзаттың  табиғат 

қҧбылыстарына  тҽуелді  кезеңінің  санаға  сіңген  кҿрінісі  десек,  эпикалық 

аңыздауларда  бҧл  ҧғым  ҧзақ  сақталатынын кҿреміз.  Атап  кҿрсетерлік  нҽрсе 

сол – эпостың ҽсірелеуге (идеалдандыруға) қҧрылған табиғатына қаһарманды 

айрықша туған жан деп бейнелеу мейлінше қолайлы болып табылады

2



                                                

1

 Жирмунский В.М. Народный героический эпос. М.-Л., 1962. С.12. 



2

 Пропп В.Я. Русский героический эпос. М., 1958. С. 9. 




 

326 


Қаһармандық эпостың кҿбіне тҽн ерекшеліктің енді бірі – батырдың ерте 

есеюі,  алыптықты  жастайынан  танытып  отыруы

1

.  Бҧл  да  кездейсоқ  емес, 



эпикалық идеалдандырудың заңды сатысы. Архаикалық элементтері  кҿбірек 

сақталған  саха  (якут)  эпостарында  қаһарманның  жедел  жетілуі  соншалық 

кҿтеріңкі, ҽрі кең таратылып айтылады

2

. Қазақ эпосында да осы дҽстҥрдің ізі 



байқалады,  жалпы  тҥркі-моңғол  эпостық  жырларымен  типологиялық 

ҧқсастық заңдылығы анық сезіледі. 

Эпоста кездесетін тағы бір сарын – батыр балаларға кейде кеңес беретін, 

енді  бірде  ат  таңдайтын  яки  жол  сілтейтін  дана,  қамқор,  шын  берілген 

жҽрдемші, ақылшылар, дос пейілді жандардың болуы

3

. Бҧлар елдің болашақ 



тірегі,  ҿскелең  ерлерге  ҿздері  білген  ҿмір  тҽжірибесін  ҥйретеді,  қауіптен 

сақтандырады.  «Қобыланды  батыр»  жырында  мҧндай  ақылгҿй  Естеміс 

жылқышы  бейнесінде  берілген.  Ол  Қобыландыға  ат  таңдап  қана  қоймайды, 

аңшылыққа,  мергендікке  де  баулиды.  «Алпамыс  батыр»  жырының  басқа 

тілдес  халықтар  арасында  таралған  эпостық,  ертегілік  нҧсқаларында  жас 

батырға ат таңдап беретін жылқышы Қҧлтай кейде Қҧлтаба болып кҿрінеді

4



Батырларға  тарыққанда  медет  беретін,  тар  жол,  тайғақ  кешуде  кҿмекке 



келетін  кҽміл  пірлер,  ғайып  ерен  қырық  шілтендер  жҿні  басқа.  Бҧлар 

идеалдық  тҧрғыдан  алынған  іс-ҽрекеттердің  адам  нанбастық  халдерін 

жеңілдетіп,  шындықтың  «тігісін  жатқызып»  жіберудің  ҿзгеше  амалы. 

Реалистік  романдарда  қаһармандардың  ҽрбір  елеулі  істері  мен  аңсарларына 

жеткілікті  психологиялық  мотивировка,  жағдай,  орта,  мінез  шындығын, 

себеп  пен  салдарды  қатарластыра  келтіру  шарт  болса,  эпос  бҧл 

шарттылықтардан  сиқырлы,  ғажайып  кҥштерді  қатыстыру  арқылы  оңай 

қҧтылады. 

Батырдың  мінген  аты  жҥйрік  болып  кҿрсетілуі  қаһармандық  эпостың 

идеясына – елді сыртқы жаудан қорғау мақсатына тікелей байланысты. «Ат – 

ердің  қанаты»  деген  нақылда  замандар  бойында  қалыптасқан  тҥйінді  пікір 

жатыр.  Соғыстың,  жеңістің  тағдырын  атты  ҽскер  шешетін  заманда  жҥйрік 

аттың қаншалықты қадірлі болғанын тҥсіну қиын емес. Жҥйрікке қол жеткізу 

ер  жігітке  қаншама  мҽртебе  болса,  жаяу  қалу  соншама  қорлық  саналған. 

Қысқасы,  кҿшпенді  елдің  тҧрмыс  қалпында  қуса  –  жеткізетін,  қашса 

қҧтқаратын  аттың  орны  бҿлек  еді.  Міне,  осы  ҧғым  халықтың  эпикалық 

санасында  ҽбден  сіңгенін  кҿреміз.  Жырларда  жҥйрік  атқа  деген  махаббат 

ерекше кҿркемдік қуатпен бейнеленеді. 

Қаһармандық  эпоста  батырдың  аты  тҥрлі  жағдайға  алуан  сипат 

танытатын  киелі  жануар  есебінде  елестейді.  Сол  қасиеттерді  жинақтап 

келгенде  мынадай  белгілері  екшеліп  шығады:  ҧшқан  қҧстан  озатын  ересен 

жҥйріктігі;  алыс  жолға  алқынбай  жететін  қайратты,  тҿзімділігі;  батырдың 

мінезі  мен  тілегін  сезіп  отыратын,  дҧшпанның  арам  пиғылын  танитын 

естілігі;  қысылтаяң  тҧстарда  «тіл  бітіп»  сҿйлеп,  батырға  ақыл-кеңес 

                                                

1

 Жирмунский В.М. Народный героический эпос. М.-Л., 1962. 



2

 Емельянов Н.В. Сюжеты якутских олонхо. М., 1980. С. 188. 

3

 Жирмунский В.М. Тюркский героический эпос. Л., 1974. С. 61. 



4

 Башқорт халық ижады. Ҿфҿ, 1973, 2-к., 29-б. 




 

327 


беретіндігі;  сын  сағаттарда  тҥсін  ҿзгерте  алатын  сиқырлы  ҿнері  болатыны; 

жау келе жатқанын кҥн ілгері сезіп, иесіне қауіпті білдіретіндігі; батыр мерт 

болса, денесін далада қалдырмай, еліне алып келетін опалылығы, т.б. 

Жҥйрік  аттың  осындай  қасиетін  ерекше  бағалайтын  халық  оны  жан-

жануардың  бірі  деп  қана  қарамай,  адам  ойын,  ниетін  тҥсінетін  киелі  деп 

санаған. Батырдың кҿңіл кҥйін  «танитын», керек кезінде ақыл-кеңес беретін 

жҥйрік  кҿп  жырда  кездесіп  отырады.  Атты  «сҿйлетудің»  бір  мысалын 

«Қобыланды  батырдан»  кездестіреміз.  Қобыландының  қамшысы  жанына 

батқан Тайбурыл батырға «тіл қатады». 

Алпамыс батырдың киімінің иісін сезген Байшҧбар темір торлы қапасты 

«бҧзып»  шығады.  Жырдың  бір  нҧсқасында  қалмақ  батыры  Қараманның 

астындағы қара аты алыста  келе жатқан  Алпамысты  «болжап», аяғын  ілгері 

баспай қояды. «Ер Тарғын» жырында Тарлан ат соңынан қуғыншы бар екенін 

батырға  «сездіреді».  Жалпы  алғанда,  тҧлпар  тҧлғасының  жасалуы 

қаһармандық эпостың ең екшелген, кҿркемдік бояуы қанық тҧстарының бірі 

болып табылады. 

«Қарасай-Қази»,  «Ер  Сайын»  жырларында  ер  қанаты  –  аттың  қадір-

қасиеті  салдарлы  ҽңгіме  ретінде  кҿтерілген.  Заманында  талай  жауын 

мҧқатып,  ел  еңсесін  кҿтерген,  ерегіскен  дҧшпанға  «қысқа  кҥнде  қырық 

шапқан»  айбынды  Мамайдың  ҿзі  кҿздеген  атын  тақымына  баса  алмай, 

арманда кеткен делінеді.  Бҧл арманның кҿңілге ҧялағаны соншалық  – мҧны 

Мамайдың  батыр  туысы  Орақ  та  «шіркін,  сол  ат»  деп  балаларына  ҿсиет 

айтып  кетіпті.  Міне,  осы  аманат  тапсырма  Орақтың  баласы  Қарасайға 

кҿшеді. Мамай қолға тҥсіре алмай кеткен Қызылат жырда аңыздай бҧлдырап 

елестейді. 

Орал, Орал, Орал тау,  

Орал таудай тау болмас,  

Орал таудың басында  

Шҧбырып ҿскен бес тҧлпар,  

Бес тҧлпардай мал болмас.  

Бес тҧлпардың ішінде  

Ешкітҧяқ Қызылат... 

 

Қарасайдың алғашқы мықты ҽрекеті осы Қызылатты іздеуге кетеді. Орал 



тауды жайлаған бес тҧлпардың иесі Кҿкше деген қарт болады. Ол Қарасайға: 

«қарындасың  Қибатты  маған  берсең  ғана  Қызылатты  аласың»,  –  деп  шарт 

қояды. Ақырында, Қызылатты мініп, алыста жаумен алысып жатқан Мамайға 

Қарасай  кҿмекке  келеді,  дҧшпанды  жайпап  жібереді.  Кейіннен  Қырымның 

билеушісі Ҽділдің ҽскеріне басшылық етіп, қалың қызылбасқа аттанғанда да, 

батырдың сенімді аты оны қаншама қатерден қҧтқарады. 

Қазақ  жырларында  ерліктің  «тҧқым  қуалап»,  атадан  балаға  ауысатыны, 

бірінің  бастаған  ісін  екіншілер  жалғастыратыны  дҽстҥрге  айналған  нҽрсе. 

«Атадан  ҧл  туса  игі,  ата  жолын  қуса  игі»  деп  келетін  нақыл  жай  ғана  айта 

салынбаған.  Мҧның  терең  астары,  ірі  мағынасы  бар.  Кҿшпенді  ел 

жағдайында  ҽкеден  қалған  мҧраға  ие  болатын  ҧлдың  тууы  ерекше  оқиға 



 

328 


саналған.  Перзентсіздік  ең  ауыр  қасірет  болып  танылған.  Мҧның  кҿрінісі 

эпостық  жырларымызда  мейлінше  мол  орын  алғаны  белгілі.  Алпамыс  та, 

Қобыланды  да,  Шора  да,  Сайын  да  ата-аналарының  кҿп  арман  етіп, 

жаратқаннан  медет  тілеп  алған  балалары  болып  сипатталады.  Бҧл  сарын 

«Қорқыт ата кітабында» да кездеседі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет