1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



Pdf көрінісі
бет64/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   135
«Ер  Сайын»  жырының  бастапқы  тҧсында  баласыздық  зарын  тартқан 

қарт  Бозмҧнайдың  намысын  жыртатын  баласының  жоқтығын  пайдаланып, 

оған  есігінің  алдында  жҥрген  тоқсан  қҧлы  қорлық  кҿрсетеді.  Ҿмір  бойы 

жинаған мал-мҥлкінің талапайға тҥскелі тҧрғанын кҿрген Бозмҧнай жатса да, 

тҧрса  да,  Тҽңірден  бала  тілейді.  Ақыры,  арманы  орындалып,  Ер  Сайындай 

ҧлды кҿреді. Осындай кҽміл пірлер  «кҿмегімен»  пайда болған  ҧлдардың бір 

де болса, бірегей туысты болып келетініне мысал мол. 

Эпостық  жырларға  хас  белгілердің  бірі  –  ел  қамқоры  батырдың  ең 

жақын  досы,  ҽрі  жары  –  тамаша  сҧлу,  ақылды,  опалы  ҽйелдер  бейнесінің 

жасалуы.  Ал  кейбір  халықтардың  (бурят,  т.б.)  эпосында  ҽйел  қаһармандар 

батырлық  жағынан  ерлерден  кем  қалмай,  кейде  асып  тҥсетін  болып 

суреттеледі

1



Батырлық  эпоста  қаһарманның  ҥйленуі  де  ерекше  жағдайда  ҿтеді. 



Сондықтан да оны фольклоршылар қаһармандық ҥйлену

2

 деп атайды. Ҽдетте, 



болашақ  батырға  ҿзінің  қалыңдығын  алу  ҥшін,  жаулармен  соғыс  жҥргізуге, 

тҥрлі  сындардан  ҿтуге,  палуандық,  мергендік  жарысында  озып  шығуға  тура 

келеді.  Бҧнда,  ҽрине,  терең  ҿмір  шындығы  бар.  Қаһарманның  алғашқы 

кҥрделі  қайраты,  тегеурінділігі  жар  ҥшін  кҥрестен  басталуында  символдық 

мағына  жатыр.  Елдің,  рудың  басшысы  болып  табылатын  жас  батырдың 

ҿмірлік  серігі  қандай  болу  керек  дегенге  эпос  ҿзгеше  мҽн  береді

3

.  Қазақтың 



қаһармандық  жырларында  батырлар  қашанда  ҿз  жарларын  ҥлкен  ҧрыс 

жҥргізіп,  жауын  мҧқатып  барып  алатындығы,  бір  жағынан,  кҿшпенді 

жаугершілік  ҿмірдің  объективтік  шындығына  сҽйкес  келсе,  екіншіден, 

эпостың қҧрылысындағы қажет кҿркемдік тҽсілдің бірі болып саналады. 

Қазақ  қаһармандық  эпосына  тҽн  ҿзгешеліктің  бірі:  тілдік,  тақырыптық 

қайталаулардың  (формулалықтың)  кеңінен  кездесуі.  Фольклоршылар  эпос 

тілінің  формулалығын  ҥш  тҥрге  бҿліп  қарайды.  Олар:  а)  жекелеген  бейнелі 

сҿз  тіркестері;  ҽ)  тҥрлі  ҧқсас  жағдайлар  суреттелгенде  қайталанып  келетін 

жолдар;  б)  эпостағы  дҽстҥрлі  ситуацияларды  бейнелейтін  кҥрделі 

суреттемелер

4

.  Ҽлбетте,  бҧл  тҥрлердің  ҽрқайсысының  қолданылу  жиілігі 



ҽрбір  шығармада,  олардың  версия,  вариантында  ҿзгеше  қҧбылып  отырмақ. 

Бҧл  тарапта  тҥрлі  халықтың  фольклорында  ортақ  ҧқсастық  та,  едҽуір 

айырмашылық та ҧшырайтыны табиғи. Мҽселен, кҿне эпостық дҽстҥрі кҥшті 

саха  (якут)  фольклорында  жекелеген  балама,  теңеме  сҿздер,  тіркестер, 

шумақтар ғана емес, тҧтас тақырыптық тараулар да бір эпостан екінші эпосқа 

                                                

1

 Кузьмина Е.Н. Женские образы в героическом эпосе бурятского народа. Новосибирск, 1980. С. 146. 



2

 Жирмунский В.М. Народный героический эпос. М.,-Л., 1962. 

3

 Марғҧлан Ҽ. Қазақ жырын туғызудағы мотивтер. 1940. 



4

 Гринцер П.А. Стилистическое развертывание темы в санскритском эпосе // Памятники книжного эпоса. М., 

1978. С.16. 



 

329 


еркін  «кҿшіп»  отыратындығы  байқалған.  Якут  халық  ҽдебиетінің  кҿрнекті 

зерттеушісі  И.В.Пухов  мҧндай  заңдылықты  жете  дҽлелдеп  шыққан.  «Бір 

олонходан алынған кез келген бір сюжет екіншісіне оңай ауыса алады немесе  

жекелеген  эпизодтар  мен  детальдарды  азайту  арқылы  сюжетке  нҧқсан 

келтірмей қысқартылады»

1



Қазақ эпостарында ҧшырайтын формулалықтың бір тобы қысқаша тілдік 

тіркестер,  тҧрақты  эпитеттер  мен  теңеулер  болып  табылады.  Бҧған  «жеті 

жҧмақ»,  «кҽміл  пір»,  «қозы  жауырын  жебе»,  «қҧмырсқа  бел»,  «алтын 

тҧрман»,  «қара  ат»,  «кҿк  бурыл»,  «кҿкала  бие»,  «сары  бел»,  «ақбҿкен», 

«ақсҧңқар»,  «ақсауыт»,  «ақ  найза»,  «алмас  қылыш»,  «ақсемсер»,  «тоғыз 

қабат», «кҿп жылқы», «қалың ҽскер», «ақ берен» секілділерді мысалға алуға 

болады.  Бҧлар  жыр  кҿлемінде  ҽлденеше  рет  қайталанып  келіп  отырады, 

эпостық бейнелеудің кҥрделі бҿлігі болып табылады.  

Эпостағы ауыспалы сҿздер мен тіркестердің енді бір парасы қайталанып 

келетін  жолдар.  Мҧндай 

тармақтар  эпостық  стильдің 

дҽнекері, 

байланыстырушы  элемент  секілді.  Жырдың  даму  барысында  оның  тҥрлі 

бҿліктеріне  тҽн  осындай  жолдар  мен  шумақтар  кҥрделі  орын  иеленеді.  Бҧл 

ҥлгідегі  формула,  қайталаулардың  кемі  бір  жол,  молырағы  бірнеше  жолға 

ҧласады.  Эпостық  жырлардағы:  «ҽулие  қоймай  қыдырып,  етегін  шеңгел 

сыдырып»,  «намаздыгер  ҿткенде,  намазшамға  жеткенде»,  «қабағына  қар 

қатып, кірпігіне мҧз тоңып»,  «жая десе жал берген, шекер десе бал берген», 

«буырқанды,  бҧрсанды,  мҧздай  темір  қҧрсанды»,  «ақ  сҽлдесі  басында,  ақ 

таяғы  қолында»,  «аш  кҥзендей  бҥгілді,  шыбын  жаннан  тҥңілді»,  «сарғайып 

таң  атқанда,  таң  шолпаны  батқанда»,  «сонда  батыр  сҿйледі,  сҿйлегенде  бҥй 

деді»,  «ертемен  шапса,  кеште  озған,  ылдидан  шапса,  тҿсте  озған»,  «шауып 

кетті  еліңді,  сындырып  кетті  беліңді»,  «шешесі  келіп  жылайды,  кҿзінің 

жасын  бҧлайды»,  «тар  қҧрсағын  кеңіткен,  тас  емшегін  жібіткен»,  «айт 

жануар  шу  деді,  аршындап  бурыл  гуледі»,  тағы  да  басқа  кҿптеген  байырғы 

балама,  ҧйқастар  шығарманың  кҿркем  сҿз  жҥйесінде  де,  қҧрылысында  да 

елеулі қызмет атқарады. 

Қазақ  эпосында  жиі  қайталанып  отыратын  тіркестердің  қатарында 

эпикалық сандарды да кҿрсетуге болады. Ҽсіресе, жеті, тоғыз, қырық, алпыс, 

сексен,  тоқсан  тҽрізді  сандар  молырақ  кездеседі.  «Қобыланды  батыр» 

жырында  «жеті»  саны  бірде  «жеті  пір»,  екіншіде  «жеті  жҧмақ»  тіркестері 

тҥрінде  жиырмадан  артық  қайталанған.  «Қырық»  санының  қолданылуы  да 

осы  шамалас.  «Алпамыс  батыр»  эпосында  бҧл  сҿз  «қырық  кҥншілік  шҿл», 

«қырық  кез  сандық»,  «қырық  шҿлмек  арақ»,  «қырық  қыз»,  «қырық  отау», 

«қырық  балам  бар  еді»,  «қырық  келінім  жанымда»,  «қырық  қақпалы  қала», 

«қырық  шиша»,  «қырық  қыз  нҿкер»,  «қырық  арқан»,  «қырық  қойдың 

қҧйрығы»,  «қырық  арқан  бойы  зындан»,  «қырық  кҥн  тойын»  сияқты 

тіркестер  кездеседі.  Сонымен,  эпикалық  сандар  да  ҿз  орнында  формулалық 

міндет атқарады. 

 

                                                

1

 Пухов И.В. От фольклора к литературе. Якутск, 1980. С. 7. 




 

330 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет