1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



Pdf көрінісі
бет120/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   135
Байланысты:
Фольклористика

§ 8. Айтыс 

 

Жалпы сипаты.  Айтыс –  халқымыздың ғасырлар бойғы ҿмірінің  талап-

тілектеріне сай туып, кең ҿркен жайған жанр. Осыған орай М.Ҽуезов кезінде: 

«Ауызша ҽдебиет ішінде айтыстан кҿп кездесетін ҿлең жоқ. Бҧл ҿлеңдер ҿте 

кҿп,  кҿптігі  жҧрттың  бҽріне  мҽлім.  Бҧл  кҥндері  баспаға  басылып,  ол  жазба 

кҥйінде жиналып жҥрген айтыстардан басқа талай-талай жақсы айтыстардың 

ҽлі  кҥнге  жазылмай,  жиналмай  жҥргені  де  толып  жатыр.  Бҧдан  айтыс  сҿз 

қазақ ескілігінде ҿте жанды, ҿте қызулы, бағалы болғанында дау жоқ»

2

, - деп 



жанр тарихының тамыры тереңде екенін таныған. 

«Айтыс» деген қазақтың тҿл сҿзі, ол ежелден айтысу, сҿз жарысы, пікір 

таласы деген ҧғымда қолданылып келген. Осы талапта айтыс шешендік қара 

сҿзбен  де,  кезектесіп  кҥй  тартысу  арқылы  да,  суырып  салып  айтылған 

тартысты ҿлең жолдарымен де іске асырылатын болған.  

Айтысты  зерттеушілер  шығармалардың  жасалу  тҥрі  –  екі  жақтан 

айтылуына  қарай  бҽрін  айтыс  жанрына  қосып,  бҽдік  айтыс,  ҿлі  мен  тірінің 

айтысы,  мал  мен  адамның  айтысы,  салт  айтысы  дегендей  жанрішілік 

тҥрлерге  бҿліп,  тҥрлі  жіктеулер  ҧсынғаны  белгілі

3

.  Дегенмен  айтыстың 



жанрлық  басты  ерекшелігі  –  екі  жақ  болып  айтысқандардың  бірі  жеңіп, 

екіншісінің жеңілуі мақсат болады. Фольклорлық мҧрамызда тек сыртқы тҥрі 

жағынан  айтысқа  ҧқсайтын,  бірақ    айтыс  жанрының  табиғатынан  бҿлек 

шығармалар  бар.  «...Бҽдікке  қатысты  қолданылатын  «айтыс»  сҿзін  жанр 

атауы  мағынасында  емес,  бҽдікті  қыз  бен  жігіттің  кезектесіп  айтуы, 

                                                

1

 Бҧл жыр «Тарихи жыр» тараушасында қаралғандықтан, оған талдау жасамаймыз. 



2

 Ҽуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. Алматы, 1985. 16-т. 400-б. 

3

 Мҧқанов С. Айтыс. Алматы, 1965. 17-35-б.; Жҧмалиев Қ. Қазақ ҽдебиеті. Алматы, 1950. 117-137-б.; Қазақ 



ҽдебиетінің тарихы. Алматы, 1960. 1-т., 1-кітап. 714-б.  


 

564 


орындауы  деген  тҧрғыда  тҥсіну  қажет  екені»

1

  белгілі.  Кҿне  фольклорлық 



туындылар  арасында  аруақпен  айтыс  бар.  Ол  кейде  ҿлі  мен  тірінің  айтысы 

деп те аталған. Бҧл аруақпен айтысты Х.Досмҧхамедҧлы жоқтаудың бір тҥрі 

деп  дҧрыс  атаған.  Ҿйткені,  бізге  жеткен  «Ақбала  мен  Боздақ»,  «Аймаңдай 

мен  Бабас»  мҽтіндерінің  мола  басында  айтылғаны  туралы  тҧрақты  тҥрде 

ескертіледі.  Шынында да, мола басына  ҿлген адаммен айтысып,  оны сҿзбен 

жеңу ҥшін емес, адам ҿліп жатса да, естиді деген тҥсініктен оған деген сыр-

мҧңын  айту  ҥшін  келеді.  Сондықтан  оның  да  айтыс  жанрынан  бҿлектігі 

айқындалады.  Дегенмен  айтыс  ҿлеңдерінің  арғы  тегін,  қалыптасу  барысын 

сҿз еткенде, М.Ҽуезов атап кҿрсеткендей, оның тым ҽрідегі ҽдет-ғҧрып, салт 

ҿлеңдерінің  ықпал  еткені  байқалады.  Шындығында,  бҽдік  пен  жар-жардың 

архаикалық  ҥлгілері  қандай  болғанын  дҽл  айту  қиын,  бізге  ҧзақ  ғасырлар 

бойы  жетіліп,  кемелденген  мҽтіндер  жеткенін  ескеруіміз  қажет.  Бҧлар  даму 

барысында  лирикалық  сезімді  де  белгілі  дҽрежеде  сіңіріп,  қыз  бен  жігіт 

айтысының бҿлініп шығуына жол салған.  

Айтыс  қазақтан  ҿзге  қырғыз,  қарақалпақ,  алтайлықтарда  да  бар.  Ҿзбек, 

тҥрік  секілді  ҧлттарда  айтыстың  сын-сықақтық,  кҥлдіргі  тҥрлері  ғана 

сақталып  қалған.  Тҥрік  елінде  ҥш  ақын  қатысып,  бір-бірін  ҽзілден  кҥлкі 

ететін  дҽстҥр  («Атышмалар»)  кең  тараған.  Бҧларға  қарағанда,  айтыс  тҥрік 

тектес елдердің бҽрінде де бар, алайда, бірінде мол, енді бірінде аз дамыған. 

Бҧған ҽр халықтың басынан кешкен ҿмір салты мен тҧрмыс-кҥйі елеулі ҽсер 

етіп отырған. 

Кҿне  дҽуірлерден  келіп  жеткен  жазба  мҧралардан  да  айтыстың  сол 

кездегі кҿрініс-сипаттарын танып, аңғаруға болады. Мҽселен, М.Қашқаридің 

«Диуани  Лҧғатит-тҥркі»  кітабында  жаз  бен  қыс  бір-біріне  айып-мін  тағып, 

ҿздерін  мақтасып,  бойындағы  артықшылық  қасиеттерін  тізбелеп,  кҿтере 

дҽріптейді.  Сол  арқылы  қарсыласын  тҧқыртып  жасытып,  мысын  басуды 

кҿздейді.  Бір  ерекшелігі:  екі  жақ  та  қарсыласы  айтқан  аталы  сҿзге  тоқтап, 

ҽділдік  танытады,  жеңілген  жағы  ҿз  кемшілігін  мойындап,  тосылғанын 

тайсалмай,  ашық  айтады.  Бҧл  жаз  бен  қыстың,  яғни  ҽр  жыл  мезгілінің 

антропоморфты  иесі  бар  есептегеннен  шыққан.  Халық  бҧл  айтыста  жаз 

мезгілінің жеңіп шыққанын қалайды. 

Ал,  Ахмет  Иассауидің  «Диуани  хикметіндегі»  пейіш  пен  тозақтың 

арасындағы  айтыс  мҧсылмандық  дінге  бой  алдырған  ақынның  авторлық 

туындысы  болуы  керек.  Мҧсылмандық  мифология  бойынша  мҧндай 

айтыстың болғаны ҽзірше белгісіз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет