Қарғыс
Қазақ фольклорында бҥгінге дейін толық жиналмай да зерттелмей
келген жанрдың бірі – қарғыс. Мҽселенің бҧлай болуының бірнеше ҿзіндік
себептері бар. Жалпы, халық жайшылықта қарғыс айтуға қатаң тыйым
салады. Ертеде қарғысты екі адамның бірі айта бермеген, оны арнайы
айтатын адамдар болған, ал, ондай қарғысшылар сҿзін ҿтімді болдыру ҥшін
беталбаты жҧмсай бермей, қажетті сҽтке дейін қҧпия сақтайтын. Қарғыс
қастандық жасауға бағытталып, адамгершілікке жат саналғандықтан да
ҧлттық фольклортану ғылымының негізін салушылар оған мҽн бере қоймаса
керек. Ал, бертін келе бҧл жанрдың қызметі қоғамдық ҿмірден
ығысқандықтан оның мҽтіндері біртіндеп ҧмытыла бастаған.
Қарғыс туралы алғаш рет жазған Х.Досмҧхамедҧлы. Ол «Бата мен
алғысқа қарама-қарсы тҥр – қарғыс. Қарғысты дҧшпанына, ҽкесі – кҿңілі
ҽбден қалған ҧлы мен қызына, молла – діннен безгендерге, ру басы –
жаугершілік кезінде елін сатқандарға жҽне т.б. береді»
2
деп анықтайды.
Автор қарғыстың мақсаты мен міндетін білгірлікпен дҧрыс тҥсіндірген.
Бҧдан біз қарғысты кез келген уақытта емес, керісінше, адамдар басына іс
тҥскенде амалсыздан айтатындығын ҧғамыз. Кейбір зерттеушілер қазақтың
ашуланғанда кҥнделікті айтып ҽдеттенген «албасты басқыр», «тҧқымың
қҧрғыр», «желкең қиылғыр», «шешек келгір» сияқты т.б. балағат сҿздерін
қарғысқа жатқызады
3
. Біздің ойымызша, бҧл сҿздердің арғы тегі ежелгі
замандарда қарғысқа қатысты болғанымен уақыт ҿте келе кҿбінің мҽні
ҿзгеріске ҧшырап, бҥгіндері, ҽсіресе, ҽйелдердің жақтырмаған жандарды
сыбайтын сҿзіне айналып кеткен тҽрізді.
Ендеше басқа адамға қастандық жасау мақсатында сҿз киесіне сеніп,
арнайы шартпен айтатын магиялық ҿлеңнің шағын тҥрін қарғыс деп
атаймыз.
Қарғыс екі тҥрлі болады: ашық қарғыс, астарлы қарғыс. Ашық қарғыста
сҿздің ызыты, айбаты бірден айқын сезіледі. Ал, астарлы қарғыстың сыртқы
1
Бата-тілектер. Қҧраст.: Уҽлиҧлы Н. Алматы, 2005. 40-б.
2
Досмҧхамедҧлы Х. Аламан. Алматы, 1991. 21-б.
3
Қараңыз: Пантусов Н.Н. Образцы киргизской народной литературы. Казань, 1909. С.44-46; Тҿлекова С.
Қазақ тіліндегі алғыс пен қарғыс мҽнді фразеологизмдер. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми
дҽрежесін алу ҥшін дайындалған диссертацияның авторефераты. Алматы, 1974; Оспанова Б. Магические
жанры казахского фольклора. Диссертация на соискание ученой степени кандидата филологических наук.
Алматы, 2002.
152
тҧрпаты батаға ҧқсап келеді де, оны айтушы кекету ҽдісін (ҽдемі сҿздер
арқылы) шебер пайдаланып, арғы ойын жымысқылықпен тҧспалдап
жеткізеді
1
.
Ашық қарғыс ҥлгісін келтірейік:
Қысы-жазы ҥйіңді сҥзек жайлап,
Шҿліңді кҥндіз-тҥні қандырмасын.
Бойыңа қҧлғананың қҧрты кіріп,
Денеңнен тамтық қоймай тандырласын.
Сҥйегіңді артуға кҿлік шықпай,
Апарып кҿк есекке шандырасын.
Жаназаңды оқуға молда шықпай,
Тҧсыңнан орыс келіп балдырласын
2
.
Келесі бір қарғыс былай:
Шиден шымылдығың болсын,
Тастан молаң болсын.
Шҿлдеуік деген дерт келсін,
Бір кҿлдің суы ішкеніңе жетпесін
3
.
Бҧл екі қарғыста айтушының мақсаты ап-анық. Сҥзек, қҧлғана, шҿлдеуік
деген дерттерді шақыру арқылы кесапат келуін тілейді. Қарғыстың кҿбінде
осылайша жҧқпалы аурулар термеленіп, соның кҥшімен апат тҿндіру
кҿзделеді. Ҿйткені, ежелгі қазақ «адам баласына достық қылатын «иелер мен
жарыса қастық қылатын «иелер» бар деп білетін... Жҧт «жеті ағайынды» деп
аңыз қылатын жҽне малдың тҥрлі індет «иелері» мҽлік, ақшелек, топалаң,
бҽдік бар деп білетін»
4
.
Бір сҿзбен айтқанда, қарғысты айтушы табиғаттағы тылсым кҥштерге
иек артып, неше тҥрлі мифологиялық зияндас кейіпкерлерді қару етіп,
дҿңайбат жасап, сес қылады. Кҿшпелі халықтың ар-ҧждан қҧндылықтарына
ашық тіл тигізіліп, шабуыл жасалады. Біз келтірген мҽтіндерде аурудан азап
тартып, ҿлу, о дҥниеге жаназасыз кету, сҥйегі шандырланып, кҿк есекке
тиелу, мҥрдесі тас молада қалу сияқты жамандықтар шақырылған. Бҧлар
қазақтың жанын жаралап, сай сҥйегін сырқырататын келеңсіздіктер екендігі
белгілі.
Енді астарлы қарғыстан мысал келтірейік:
Шалғының басылмасын,
Кҥлің шашылмасын,
Тҥңлігің ашылмасын
5
.
1
Мҿнх Ц. Ардын яруу найргийн тухай. Ҧланбатыр, 1964. 87-б.
2
Сҽнік З. Баспай туралы ҽңгіме-жырлар. Бежин, 2006. 223-224 -б. Қарғысты айтушы Ауған Жақсылықҧлы.
3
Ақ бата: бата сҿздер. Қҧраст.: Негимов С., Қазиҧлы Т. Алматы, 1992. 192-б.
4
Сейфуллин С. Шығармалар. Алматы, 1964. 6-т. 187-б.
5
Мҧра. Ҥрімжі, 1991. № 3. 93-б.
153
Немесе:
Ҧлың – Ҧрымға,
Қызың Қырымға кетсін
1
.
Бҧлар бір қарағанда, бата секілді, ал, астарына ҥңілсеңіз, қарғыстың ең
жаман тҥрі екендігін білесіз. «Шалғының басылмасын» дегені – жайылатын
малың тҧтас қырылып қап, содан ҥйіңнің маңына кҿк шҿп жайқалып ҿсіп
кетсін дегені. «Кҥлің шашылмасын!» дегені – «ҥйіңде от жағатын адам
қалмай, бҽрі ҿлсін, содан отың ҿшсін, сҿнсін» дегені. «Тҥңлігің ашылмасын»
дегені – баспанаңнан сыртқа шығар тірі жан қалмасын, иен ҥйің қаңырап,
бос қалсын деген ишара. «Ҧлың – Ҧрымға, қызың Қырымға кетсін!» деген
сҿздің мҽнісіне келсек, ҧрпағың жат елге шашырап, бірін-бірі кҿрмей, тозып
кетсін, қаңғырып қалсын дегенге саяды. Туысқан алтай халқында «Келетін
жолыңа кесіртке ойнасын, баратын жолыңа бақа ойнасын»
2
деген қарғыс бар.
Бҧл астарлы қарғыста жауласқан адамның соқпағы қҧрып, жоғалып, оның
ҥсті бақа мен кесіртке ойнақ салатын батпақ пен шҿлге айналсын деген теріс
ниет тҧспалданған. Кҿтеріңкі кҿңіл-кҥй сыйлайтын «ойнасын» деген етістікті
жамылғы ету арқылы жасырын ажал шақырылған.
Сонымен астарлы қарғысты айтушы ойының арғы ниетін ҽдемі сҿзбен
далдалау, бҥркемелеу арқылы уытты тіл жебесін нысанаға дҽл кҿздеуді
мақсат етеді. Себебі дҧшпан одан сақтанып, қорғана алмай, бейғам жҥріп,
шын кесапатқа ҧрынуын кҿксейді.
Қарғысты кез келген адам айта бермейді дедік. Оны орындаушылар
ҽртҥрлі ырымдар жасап, символикалық заттармен сҥйемелдейтіні де белгілі
болып отыр. Мысалы, моңғолдар қарғысшының тіліне май жақса, оның сҿзі
дҿп тиеді деп иланған. Тіпті, олардың ежелгі қарғысшылары қҧтырған
сиырдың мҥйізінен арнайы магиялық сайман жасап, сонымен жауласқан
жаққа кезеп-кезеп қоятын болған
3
. Қалмақтар қарғысты таңсҽріде алақанын
шапалақтап айтып, қарғысшының оң шынашағын кҥйемен бояған
4
. Ал, алтай
қарғысшылары қызыл іңірде айтылған қарғыс ҿтімді деп сенген. Олар
«Тилим соолду эди, тандайым тишту эди...Тилим жедер, тизен чогор»
5
(«Тілім сҥйелді еді, таңдайым тісті еді... Тілім жетер, тізең шҿгер») деп айбат
жасаған. Тува бақсысы «қарғыш» айтқанда қара тонын, қара бҿрігін киіп,
қара даңғырасын, қара шоқасымен ҧрып ойнаған
6
.
Ал, қазақтар қарғысты тілінде қара дағы бар қара тілді, бір кҿзі шегір
нысаналы адам айтса, яғни Тҽңірі керемет сипатта жаратқан жандар айтса,
орындалады деп нанған. Қарғысты айтқанда дҧшпанының артынан топырақ
шашатын, алақанын теріс жаятын. Сол себептен кейде оны теріс бата деп
1
Казахский фольклор в собрании Г.Н.Потанина. Алма-Ата, 1972. С.186.
2
Шатинова Н. Об одной разновидности заклинаний в алтайском фольклоре // Улагашевские чтения. Вып.
1. Горно-Алтайск, 1979. С. 101.
3
Сампилдэндэв Х. Хараал зҥхэл // Монгол ардын аман зохиол. Ҧланбатыр, 1988. 81-б.
4
Борджанова Т.Г. Магическая поэзия калмыков. Элиста, 1999. С. 49.
5
Шатинова Н. Об одной разновидности заклинаний в алтайском фольклоре // Улагашевские чтения. Вып 1.
1. Горно-Алтайск, 1979. С.99, 102.
6
Монгуш Кенин-Лопсан. Тыва хамнарның торулгалары. Кызыл, 2002. 122-б.
154
атаған. Мҽселен, Базарбай Тҿлегенге ерем деушілерге «тҧзға қосып, теріс
бата берем»
1
деп, сес кҿрсеткен. Егер жерден кҿк шҿпті жҧлып ап, «Кҿктей
орыл!» деп қарғаса, ең ауыр болады деседі. Ҽйел адам сҥтін кҿкке сауып,
қарғаса, киесі оңдырмай атады деген де ҧғым бар. Бҧдан біз қарғысты тҧз,
топырақ, шҿп, сиырдың мҥйізі сияқты рҽміздік заттармен ҧштастырып,
ғҧрыптық ҽрекеттер жасап орындайтындығын да білдік.
Бҧрынғы заманда қарғысшыларды соғысқа да пайдаланатын болған.
Шыңғыс хан жорықта жҥргенде алдынан жаудың ҽйгілі бір қарғысшыл
кемпірі қарғап, содан кҿп бҿгет жасалады. Оны бақсылар білген соң мерген
Қасырға сол кемпірді атқызған деседі. Кемпірге оқ тиіп, қҧлап бара жатып,
қасындағы қаңбақты ҧстап, тҧрмақ болғанда, ол жҧлынып кетеді. Содан
кемпір кҿз жҧмарда «Қасырдың тҧқымы қҧрысын, қаңбақтың тамыры
ҥзілсін!» деген екен. Сол себептен Шыңғыстың інісі Қасырдың ҧрпағы кҿп
ҿспеген, қаңбақтың тамыры келте болған деседі.
2
Қазақта «атаның қарғысы – оқ, ананың қарғысы – боқ» деген сҿз бар.
Бҧдан біз қарғыс жанрына кейінгі дҽуірде ҥстемдік еткен атаеркі қоғамының
ықпалы тиіп, ер адамды киелі санаудың жоралғылары да ҿз ҿрнегін салғанын
байқаймыз. Сондықтан да қазақтың кейбір мифтерінде астамшыл мінезінің
салдарынан
ата
қарғысына
ҧшыраған
қыз-келіншектер
тау-тасқа
айналғандығы суреттеледі
3
. Ҽлбетте, ақ батаны да ақсақалды қария береді.
Яғни қарғыс пен бата жанрының салмағының арта тҥсуіне еркекті пір
тҧтатын ел ҽдеті де елеулі ҽсерін тигізіп тҧр.
Қарғыста кҿшпелілердің ең бір киелі нысандары термеленіп, соған
сойыл сілтеу кҿзделеді дедік. Сол себептен де оның сҿзі қатерлі де ҥрейлі
болып елестеп, тыңдаушыға психологиялық ауыр соққы береді. Мысалы:
Саған қас қылған кісінің,
Базарға барып, аты ҿлсін!
Ерте кетіп, қайтқанда,
Ҥйіне келсе, қатыны ҿлсін...
Шаңырағы шартылдап,
Шандырына қадалсын!
Босағасы бортылдап,
Борбайына қадалсын!
Кҥлдіреуіші кҥрт сынып,
Кҿтіне қадалсын!
4
Немесе:
Қия жолда атың туласын,
Жарым тҥнде ҥйің шуласын.
1
Козы-Корпеш и Баян-сулу. Кыз-Жибек: Казахский романический эпос. Москва, 2003. С. 121.
2
Эзэн богд Чингис хааны домог оршвой. Ҧланбатыр, 1992. 46-б.
3
Қараңыз: Досжанов Д. Келіншектаудағы тас тҥйелер. Алматы, 1979. 7-б.; Азанҧр жайлы ҽңгіме // Қазақтың
мифтік ҽңгімелері. Алматы, 2002. 99-б.
4
Радлов В.В. Образцы народной литературы тюркских племен, живущих в Южной Сибири и Дзунгарской
степи. Часть ІІІ. Киргизское наречие. СПб., 1870. С.6.
155
Еңісте тартпа айылың ҥзілсін,
Ҿрге шыққанда артқы айылың ҥзілсін.
Жете бергенде желкең ҥзілсін,
Таяй бергенде тақымың қиылсын
1
.
Бҧл қарғыстарда қазақтың тҧрмыс-тіршілігінде ең маңызды қызмет
атқаратын, ҿмірінің қажетіне айналған практикалық-қолданбалы сипатқа ие
қасиетті заттарына жаманшылық тіленген. Олар: шаңырақ, босаға,
кҥлдіреуіш, ат, ер-тҧрманның айылдары.
Қарғыс, шынтуайтында, жалпақ кҿпшілікке емес, ар-ҧяттан безген елдің
нақтылы бір жауына арналады. Қазақ халқы ҥшін сондай дҧшпандардың бірі
– малдың ҧрылары. Оны былайша қарғап-сілеген:
Менің ақ байталымнан жеген етің – қан болсын,
Ҥйіңді қҧйын қҧлатып, аузы-басың шаң болсын.
Ел ет жесе, сен дерт же,
Ел жал шайнаса, сен тал шайна.
Ел жілік жесе, сен бҥлік же.
Ел мойын жесе, сен сойыл же.
Ел айран ішсе, сен ойран іш
2
.
Қарғыс магияның бір тҥрі екендігі анық. Нақтырақ айтқанда, ол –
қатерлі магия. Оның мақсаты – бағытталған нысанына қастық жасау. Бҧл
тҧрғыдан келгенде оның кейбір сипаттары арбаумен ҧштасып жатыр. Бірақ
арбаудан елеулі айырмашылығы да бар. Алдымен арбауда тҥсініксіз сҿздер
мол болса, қарғыстың тілі халыққа тҥсінікті анық тіл. Арбау зиянкес
жҽндіктерді қууға, уын қайтаруға немесе табиғат қҧбылыстарын басқаруға,
меңгеруге бағышталып айтылса, қарғыс, негізінен, адамдарға арналады.
Ҽйткенмен, арбау мен қарғыстың арасында белгілі дҽрежеде байланыс та
бар. Мҽселен, тістің қҧртын арбаудағы «жайлауыңды жау алды, қыстауыңды
ҿрт алды» деген сҿздер бҧйрық рай тҥрінде қарғыста да жиі қолданылады.
Демек арбаудағы жекіру, ҧрсу, бҧйыру, дҿңайбат жасау сарындары кейіннен
тасымалданып, қарғыс жанрының қалыптасуына да қажетінше ҧйытқы
болған. Одан кейін батаның қҧрамында да қарғыстың шумақтары жҥргенін
байқаймыз. Мысалы:
Тасың ҿрге домалап,
Ҿсе берсін ырысың.
Саған қас сағынған дҧспанның,
Ҿз руы қҧрысын!
3
.
1
Бопай Б. Қазақтың алғыстары мен қарғыстары хақында // Мҧра. Ҥрімжі, 1991. № 3. 67-68-б.
2
Бопай Б. Қазақтың алғыстары мен қарғыстары хақында // Мҧра. Ҥрімжі, 1991. № 3. 67-б.
3
Васильев А.В. Образцы киргизской народной словесности. Молитвенных благожеланий «Бата соз». ХІІ.
Оренбург, 1905. С.14.
156
Қҧдайым, малды қыл,
Тең-қҧрбының алды қыл.
Қас сағынған кісіні
Қасқа шҧнақ жарлы қыл
1
.
Тіпті, «бҧл дҥниеде жиғаның болсын, о дҥниеде иманың болсын»,
«кҿсегең кҿгерсін, кҿрпең ҧлғайсын» деген сияқты алғыстар кейде кері
мағынаға тҥсіп, қарғыс пішінінде де айтылады. Халық шығармасында
жанрлар арасында ауыс-тҥйістер, байланыстар, тоғысулар жиі болып
тҧратындығының бір мысалы, міне, осы.
Қарғыстың тілі айшықты да ащы, тиіп кетсе, қиып кететін нағыз қиғыр
тіл. Батаны тілдің балы десек, қарғысты уы деуге болады. Оның поэтикалық
ҿрнегі кестелі. Ҽсірелеу, астарлау, ишаралау, кекету тҽсілдерін мол
қолданғандықтан сырлы да сиқырлы болып елестейді. Бҧл жанр қоғамдық
ҿмірден ҽлдеқашан ығысқанымен, оның мҽтіндері тіліміздің байлығы мен
шешендік қуатын байқататын, ҧлтымыздың тҿл дҥниетанымынан,
психологиясынан дерек беретін қҧнды тарихи-рухани ескерткішке айналып
отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |