§ 6. Жҧмбақ
Халық мҧраларының ҥлкен бір мҽуелі бҧтағы – жҧмбақтар. Жҧмбақтар
телегей-теңіз фольклорлық дҥниеліктер арасында ауқымды орны бар, халық
болмысымен ежелден біте қайнасып келе жатқан, ҧрпақтан-ҧрпаққа
жалғасып, қазіргі уақытта да тарих сахнасынан сыпырылып қалмай, жаңа
даму кезеңін бастан ҿткеріп отырған бағалы жауһарлар санатына жатады.
Басқа фольклорлық мҧралар сияқты жҧмбақтың да пайда болу,
қалыптасу, даму тарихы бар. Жҧмбақтың арғы тегі ежелгі дҽуірлерден тамыр
тартып, алғашқы қауымдық кезеңдерден бастау алады. Халықпен бірге
жасасып келе жатқан жҧмбақ жанры ҽлі де дамуын тоқтатпай, дҽстҥрлі
сабақтастығын жалғастыру арқылы ҧдайы толығу, жетілу, шыңдалу ҥстінде.
Ғалымдар айтылмыш жанрдың ҽуелгі тегі тыйыммен тҿркіндес деген
тҧжырым жасайды. Д.К.Зеленин аңшылық жҽне тҧрмыс-салттағы тыйым
турасындағы арнаулы еңбегінде «астарлы сҿйлеудегі» кейбір сҿздер мен
халық жҧмбақтарының ҧқсас, сҽйкес тҧстарына кҿңіл аударады
1
. Алғашқы
қауымдық қҧрылыс дҽуірлерінде адам табиғат қҧбылыстарының шын сыр-
сипатын ҧғына алмаған, сондықтан оларды сҽбилік балаң кҿзқараспен
тҥсіндірген. Бағзы дҽуірлерде адам айналадағы ҿктем кҥштердің
қастандығынан секемденген, сақтанған. Аңшылық немесе бақташылық
кезінде ҽлгі кҥштер зиян жасайды деп сенгендіктен оларды алдау керек деп
ҧққан, астарлы сҿйлеу қажеттігі осыдан туындаған. Мҽселен, аңға шығар
алдында адамдар ҿз ниеттерін басқалардың сезіп қалмауы ҥшін олжалы
қайтсақ деген оймен, аң-қҧстың да, қҧралдардың да аттарын ауызға алмаған,
ҿзара шартты сҿздермен тілдескен. Мҧндай жҧмбақ сҿйлеуді аңшылықта
болсын, жай кезде болсын, сол қауымның ҽр мҥшесі тҥсініп, қолдана білуі
міндеттелген.
Д.К.Зеленин тыйым сҿздерді ҿндірістік жҽне ҿндірістен тыс деп екіге
бҿледі. Ҿндірістік тыйым сҿздер аңшылық, балық аулауға байланысты, оны
негізінен, ерлер қолданған десе, екіншісін ҥй жағдайында ҽйелдер шығарған
1
Зеленин Д.К. Табу слов у народов Восточной Европы и Северной Азии. Запреты на охоте и иных
промыслах. Л., 1928. Ч.І. С.151.
244
деп есептелген. Зерттеушінің кҿне аңшылық тыйымдар жан, рух туралы
анимистік тҥсініктерден бҧрын шыққан, кейін анимистік тҥсініктермен
араласып, кҥрделене тҥскен деген тҧжырымы да кҿңіл аударарлық.
Н.А.Алексеевтің айғақтары да бҧл пікірді нақтылайды:
«Аңшылық мезгілдегі сҽттілік, ең алдымен, табу сҿздерді сақтаумен
іліктес. Сахалар аңдар адамзат тілін ҧғады деп иланған. Сондықтан ерекше
аңшылық тіл ойлап тапқан. Нағыз аң аттары мен аңшылық қҧрал-
жабдықтары орнына жалған атауларды қолданған. Мылтық (саа) деудің
орнына – қыталақ («ақ тырна»), аюды (эһэ) – кырдьагас (бҧрынғы), қасқырды
кутурутаах («қҧйрықты») деген
1
.
Сібір халықтарынан жиналған мол этнографиялық материалдар аң
аттарын тҧспалдағанда оны сыртқы қасиетін кҿбірек негізге алып,
ауыстыратынын кҿрсетеді. Осындай шарттар кейінгі жҧмбақ жанрының
кҿркемдік ауыстыруларында дамытыла тҥскен.
Қазақтардың бҧрын аңшылыққа байланысты қалыптасқан табу сҿздері
біршама болғанымен, ҿкінішке орай, жиналмай қалған. Аңшылардың ҧстаған
аңын сойды деп айтпай, кҿбіне майланды деп айтуы ежелгі дҽуірде туған
жҧмбақ ҥшін жасалған ауыстырулардан қалған.
ХVІІІ ғасырдың танымал саяхатшысы С.П.Крашенинниковтың ертеде
бҧлғын аулаған орыс аңшыларынан жазып алған «астарлы сҿздерінің» мҽні
туралы орыс фольклоршылары В.П.Аникин мен Ю.Круглов:
«С.П.Крашенинниковтың куҽлігі біз ҥшін бағалы болатын себебі:
біріншіден, мҧнда шартты аңшылық сҿйлеудің нақты образдары келтірілген,
екіншіден, «бейтаныс есімдермен» («странные имена») қҧпия сҿйлесудің
кҿне ғҧрып екендігі аталып ҿтілген. Емеурін арқылы тілдесу Сібірді
бҧрынырақта мекендеген бҧлғын аулайтын орыстардың бабаларына таныс
болған. С.П.Крашенинников келтірген «жалған сҿйлеу» (саяхатшы жазған
«бейтаныс есімдер» – «странные имена» деген сҿз ғылымда термин ретінде
орныққан – В.П.) – байырғы қҧпия сҿйлеудің жаңғырықтары, бҧнымен халық
жҧмбақтары да тікелей байланысты»
2
, – деп жазған.
Халқымызда атам заманнан желі тартатын, ҽртҥрлі наным-сенімнен
ҿрбіген салттар баршылық. Сондай салттың бірі – ҽр нҽрсені ҿз атымен емес,
басқаша астарлы сҿздермен, меңзеумен жеткізуі. Қазақтың байырғы ҽдеті
бойынша келіндерге ата, қайнаға, қайныларының атын атауға тыйым
салынған, мҧны бҧзуды ҽдепсіздік деп саналған.
Сыйлас аруақты адамдарды «аты теріс», «адам аттас» немесе «атамның
атасы» деп атаған. Кіші жҥз ішінен шыққан Кҿтібар батырды келіндері
«Атамда бар, басқада жоқ» деген тіркеспен тҧспалдаған. Осы ҿлкеде Мҿңке
Тілеуҧлы атты шешен ҿткен, оны кҥні бҥгінге дейін халық қҧрмет тҧтып,
ҽулиеге балайды. Мҿңке – балықтың бір тҥрінің атауы. Ҽулиенің
ҧрпақтарына кҥйеуге шыққан соң, келіндер оның киесінен қорқып, атын
атаудан секемденіп, «Шорағай атам» дегенін бала кезімізде сан рет
1
Алексеев Н.А. Ранние формы религии тюркоязычных народов Сибири. Новосибирск, 1980. С.116.
2
Аникин В.П., Круглов Ю.Г. Русское народное поэтическое творчество. М., 1987. С.104.
245
естігенбіз. Шорағай деген де – балық аты.
Мҧндай салттың шығу тегін табу сҿздерден іздестіру жҿн. Дж. Фрэзер
алғашқы қауымдық дҽуірдегі адамдар зат пен сҿздің аражігін толықтай
ажырата алмаған, сол себепті адамның есімі оны қорғаштап жҥреді деп
сенген деген тҧжырым жасаған. Ол кезеңде біреуді есімімен атаса, қас
кҥштер естіп қойып, оған кесір жасайды деген сенім орныққанын, сондықтан
басқаша айту қажеттігі туғанын жҽне мҧндай табу тҥрі дамудың бағзы
сатысында тҧрған кҿптеген тайпалар арасында таралғанын кҿптеген
мысалмен дҽлелдейді
1
. Мҧндай сенім қазақта дҥниеге келген сҽбиге ат қою
ҥрдісіне де ықпалын тигізген. Бабаларымыз жас балалары шетіней беретін
болса, нҽрестелеріне «Кҿтібар», «Боқкҿт», т.б. тҽрізді ерсі ат қойып, айдар
тағу жолымен жамандық ауылын аулақтатуды ырым тҧтқан. Адамның аты
неғҧрлым бейпіл, ерсі болса, жамандық жасайтын қас кҥштер жоламайды деп
иланған.
Біздің ойымызша, жоғарыда айтылған ат тергеу ҥрдісіміз ҽу баста
тыйымнан ҿрбіген, ҽйел-еркек қауымы тегіс сақтайтын тҽртіп болса, кейін
ҽйел заты ғана орындайтын міндеттілікке айналған.
Қазақта кҿне дҽуірлерден сақталып қалған наным-сенімнің кҿрінісі
болып табылатын табу сҿздер мол. Халқымыздың қасқырды ҿз атымен
атамай, қара қҧлақ, ҧлыма, серек, ит-қҧс деуі де тотемдік тҥсініктерге
байланысты қалған. Тҥркі жҧртының кҿпшілігінде қасқырды тікелей атамай,
басқа тҧспалдармен білдірген, ҽзербайжандар ағзығара (аузы қара),
тувалықтар кҿк карак (кҿк кҿз), сахалар уһун кутурук (ҧзын қҧйрық), халлан
уола (аспан ҧлы), таңара уола (тҽңірі ҧлы), чуваштықтар пігимбар ити
(пайғамбар ити) деген ауыстыруларды қолданған
2
. Буряттың «утаһуултэй»
деген ауыстыруы негізінде: «Ута һуултэй уһа долеоно» (Ҧзын қҧйрықты су
жалап жатыр деген жҧмбақ пайда болған
3
.
Жолға, сапарға шығар алдында адамдардың мақсатын білдірмеуге
ҧмтылуы қаскҿй кҥштерден қауіптенуден шыққан, ниетіміз туралы тіке
айтсақ, қас кҥштер естіп, жолай кедергі келтіріп, дҧшпандық жасайды деп
иланған. Сондықтан қас кҥштерді адастырып, алдау ҥшін сапар турасында
бҥркемелеп, бҥкпелеп сҿйлеген. Қазақтар бҧрын кетейік, қайтайық деудің
орнына кҿбейейік деп айтқан. Жолға шығатын адамнан «қайда барасың?» деп
сҧрамай, тек «жолың болсын!» деп айтатын болған. Егер біреу сҧрап қалса,
жаман ырымға балап, ол адамға зекіп тастауы да осындай наным-сенімнен
шығуы мҥмкін.
Қазақтың тілдік қорында тҧспал сҿздер бар. Мҽселен, қоян – қалқан
қҧлақ, тышқан – жорғалауық, қаптесер, қамшы – жылқы айдар, жылан –
жҧмырбас, т.б. болып айтылады.
Жҧмбақ жанрлық қалыптасу тарихында магиялық та, ғҧрыптық та
қызмет атқарған. Мҽселен, Н.Адриянидің жазуына қарағанда, торадж
1
Фрэзер Дж. Золотая ветвь. М., 1986. С. 235-251.
2
Щербак А.М. Название домашних и диких животных в тюркских языках // Историческое развитие лексики
тюркских языков. М., 1961. С. 132-133.
3
Бардаханова С.С. Система жанров бурятского фольклора. Новосибирск, 1992. С.194-195.
246
тайпасы жҧмбақ шешу егістің бітік шығуына септеседі деп иланған
1
.
Оңтҥстік Африканы мекендеген банту тайпаларында жауын шақыру ғҧрпы
кезінде ҽйелдер би билеп, ҽн айтса, ерлері жҧмбақ айтады екен
2
.
Жҧмбақ айтуда шектеулердің де болғанын байқауға болады. Мҽселен,
эвенктерде кҿктемде бҧғылар бҧзаулайтын мерзімде, ауа райы ҿзгергенде,
адам дҥниеге келгенде не қайтыс болғанда, т.б. қиын сҽттерде жҧмбақ айтуға
тыйым салынған.
Вотяктарда қысқы «важо» уақытында айтылатын «қауіпті» жҧмбақтар
тобы да бар.
Татарларда Нардуган мейрамы уақытында кҥн, ай, жер, су, жыл,
жаңбырды мадақтап, жҧмбақ айту ҿріс алған. Осылайша аспан ҽлемінің,
табиғат кҥштерінің рақымын тҥсіруді ойлаған. Осы тақылеттес маусымдық
жҧмбақтарды Наурыз мерекесі кезінде айту тҥркімендер арасында
орныққан
3
. Қазақтар бҧрын Наурыз қарсаңында жақсылық пен жамандық,
суық пен жылы, қыс пен жаздың кҥресін бейнелейтін «Ҿлі мен тіріні»
айтыстырып, қыс бейнесі Қалтырауық қамыр кемпірді кҥресте жеңілдіріп,
жас жігіттер мен қыздарды ортаға шығарып, айтысқа шақыратын. Жас
жігіттер мен қыздардың айтысы жҧмбақ жасырысуға ойысып, жҧмбақ
тақырыбының мақсаты табиғат ананы мейірлендіріп, жыл ішінде береке,
молшылықты қамтамасыз ету ҥшін уақытты, мезгілді арқау ететін
4
.
Ал гректердің кеудесі ҽйел, денесі арыстан, қанаты қҧстардыкіндей
Сфинкс аталатын мақҧлық ҿткен-кеткендерге: «Жаны барлардың ішінде
қайсысы ертеңгісін аяқпен, кҥндіз екі аяқпен, ал, кешкісін ҥш аяқпен
жҥреді?» – деген жҧмбақ жасырады, шешуін таппағандарды жоқ етіп
отырады. Бҧл жҧмбақтың шешімін Эдип патша адам деп табады. Ҽлгі
мақҧлық дҧрыс жауапты естігенде дағдарып, ҿзін-ҿзі ҿлтіреді.
Гавайлықтарда жҧмбақ шешімін таппаған адамдардың сҥйегі жағылмай,
тек олжа ретінде сақталған, олардың ҧрпақтарына жҧмбақ жасыруға рҧқсат
етілмеген
5
.
Бҧл мҽліметтер жҧмбақтарды ежелгі адамдар қасиетті санап, оны шеше
білуді қажеттілік деп есептегенін кҿрсетеді. Жҧмбақты дҧрыс табу бақыт
ҽкелсе, оны білмеу ҿлімге соқтырады деп сенген.
Алайда, «жҧмбақ ҽуел баста ҿмірге ойын ретінде келген. Сҽби кҿзін
жҧмып тҧрып, затты жҧмбақтаған (жасырған). Демек жҧмбақ – кҿзді жҧмбақ,
жасырғанда тапбақ (тап-бақ) деген тҥбірлерден тараған. Кейін кҿзді жҧмып
табу (жедел ойлап, тез шешу) мағынасына ие болған. Кҿз жҧмбақ жҽне
жасырғанды таппақ деген екі сҿз ықшамдалып, кірігіп, «жҧмбаққа» айналып,
жанрлық термин ретінде қалыптасқан»
6
деген пікірге қосылмаймыз. Жҧмбақ
тарихын зерттеушілердің пікірлерін саралағанда тҧспалмен сҿйлеп, қаскҿй
рухтарды адастыру, болып жатқан жағдайды жасыру мақсатын кҿздеуден
1
Оглоблин А.К. Типы яванских загадок // Паремиологические исследования. М., 1984. С.81.
2
Лавонен Н.А. Карельская народная загадка. Л., 1977. С.17.
3
Бҧл туралы Ш.Керімнің «Қазақ жҧмбағы» атты монографиясынан кеңірек мағлҧмат алуға болады.
4
Иванов И. Встреча весны у киргиз // Тургайская газета. 1903. № 20. С.6.
5
Колесницкая И.И. Загадка в сказке // Ученые записки Ленинградского университета. 1946. С.114.
6
Қазақ ҽдебиеті (газет). 1987. № 26, 26 июнь.
247
туған деген тҧжырымдар, шындығында, мҽселенің тереңіне бару, қҧптарлық
пікір.
Қазақ жҧмбақтарының кҿне ҥлгілері ХІ-ХІІІ ғасырларда қыпшақ
даласында дҥниеге келген «Кодекс куманикусте» сақталған.
Бҧл сҿздіктегі жҧмбақ саны – 47. Американдық ғалым А.Титце
«Кодекстегі» жҧмбақтардың қазіргі тҥркі тектес халықтардың фольклорлық
қазыналарымен сҽйкес тҧстарына тоқталады. Татар фольклортанушысы
Х.Махмутов қыпшақ дҽуірінен жеткен жҧмбақтарды татар жҧмбақтарымен
салыстыра тексереді. Бҧл екі зерттеу қазіргі тҥркі жҧмбақтары мен ежелгі
байланыс, сабақтастықты танытады.
«Кодекстегі» жҧмбақтарға ҥңілгенде ертеден-ақ қыпшақтардың ойлау
жҥйесінің ҿте жақсы дамығанын аңдау қиынға соқпайды. Сҿзіміз дҽлелді
болу ҥшін мысал келтірелік:
Сенде, менде йоқ,
Сеңгір тавда йоқ,
Ҧтлу ташда йоқ,
Қыпчақта йоқ.
Аудармасы:
Сенде, менде жоқ,
Сеңгір тауда жоқ,
Ҿте берік таста жоқ,
Қыпшақта жоқ (Қҧстың сҥті).
Жҧмбақта жасырылып отырған заттың нақты белгісі, не қасиеті
кҿрінбейді, мҧнда осы жанрда жиі кездесетін пародокс тҽсілі қолданылып
тҧр. Бҧл жҧмбақ қиыннан қиысқан ой-қиялдың, терең кҿркемдік
ассоциацияның жемісі.
«Кодекс куманикус» мысалдары XI ғасырда тҥркілерде жҧмбақтың табу
мен магиядан бҿлектеніп, ҿзіне тҽн кҿркемдік-поэтикалық қҧралдарын
белгілеп, ҽдеби сипаты бар жанрға айналып ҥлгергенін куҽландырады.
Жҧмбақтың айтылатын жері – кҿбіне ойын-сауық ҥсті, той-думан, ол
шілдехана кезінде кҿңіл кҿтерудің, сейілдеудің қҧралы болған. Бҧрын
магиялық, ғҧрыптық-діни нанымды білдірсе, кейін мҧндай сипатынан
айрылған. Академик Ҽлкей Марғҧланның жазуына қарағанда ертеректе
жҧмбақты қарт кісілер айтатын да, шешуін жастар табатын.
Халқымызда жҧмбақ жарысы кезінде қазылық етіп, ҽділ билік ету ҥшін
қазы, тҿреші белгілеу тҽртібі де болған. Ел аузынан жиналған мҽліметтер
бойынша ойын тҿрешісі қарсылас топтардың қанша жҧмбақ шешкенін,
қаншасы шешілмей қалғанын қадағалап отырғанын білдік. Тҿреші бҽсеке
соңында қайсы топтың қанша ҧпай жинағанын есептеп, соған сҽйкес
жеңімпаз топты айқындаған. Ел ішінде жҧмбақ жарыс ойын тҥрінде ҿтетіні
белгілі. Мҧндай жарыстың ҿтуі былай: жҧмбаққа жҧмбақпен жауап береді.
Егер біреуінің жҧмбағы шешілмесе, қарсы жағы да жҧмбақ айтады, егер
айтатын жҧмбағы болмаса, екінші жағы «сатам» дейді.
Кҿп ырғасудан соң жеңілген топтың адамдарын «сату-саудаға салып»,
кҥлкі-ҽжуалауға ойысады. Жеңімпаз топтың бір адамы:
– Сатам, – дейді
Екінші адам:
248
– Нені сатасың? – деп, қарсы сҧрақ қояды.
– Қадірбектікін (жеңілген жақтың адамының аты) сатам.
– Несін саттың?
– Қазандай болған басын (оның басы ҥлкен болған соң ҽдейі айтып
отыр).
– Алдым.
– Оны қайтесің?
– Мына Ақадыр шетіне қарақшы етіп қоямын. Осындай жауаптан соң
жҧрт қыран-топан кҥлкіге батады.
– Шоқайдың қарнын сатам (Шоқай – жеңілген топтың адамы, оның
қарны ҥлкен болғандығы ҥшін ҽдейі тілге тиек болады).
Ҥшінші адам:
– Алдым. Оны итаяқ қылмақпын, – дейді.
– Тортайдың салпы аузын сатам.
– Алдым.
– Оны не қыласың?
– Ҧлытып, айқайлатып қоямын.
Осылайша жеңілген жақ адамдарының дене мҥшелеріндегі, киім
киістеріндегі кемістіктер келемежке айналады. Ойынды тҿрешінің мына сҿзі
тоқтатады:
– Болды. Енді сататын ештеңе қалмады, жаңадан бастаймыз»
1
.
Айтылмыш диалог қатысушы адамдардың шешендік ҿнеріне, мінез-
қҧлқына сҽйкес ҽртҥрде ҿрбуі мҥмкін. «Жҧмбақ таба алмағанның кҿзін сатам
– тҥнде қарауыл қаратам; қолын сатам – жҥн тҥттірем; мҧрнын сатам – нҽжіс
иіскеттірем деп, т.б. адам мҥшелері аталып, кҥлкі-мазақ ҥшін қолданылады»
2
.
Жҧмбақты дҧрыс шешпеген кісілерді кҿпшілік кҥлкіге айналдыра
отырып, намысына тиіп, қалайда сайысқа даяр болуға, есесін жібермеуге
ҥйретеді. Қиын-қыстау жерде абыржып, ыңғайсыз жағдайларға тҥсіп қалмау
ҥшін, тҽлкекке ҧшырамас ҥшін жҧмбақтың образдық ҿрнегіне, айтар
тҧспалына ойлы кҿзбен қарауға, тапқырлық пен сергектік танытуды
жҥктейді.
Демек, жҧмбақ жарысы басталуы, шиеленісуі, шешілуі бар драмалық
сипатты ойын іспеттес. Оның композициясына зер салсақ, басталуы – топқа
бҿлініп, тҿреші сайлау, қызған шағы – жҧмбақ шешу, соңы – жеңілген жақты
ҽжуаға айналдыратын бҿліктерден тҧратын қалыпты қҧрылымы бар екені
байқалады.
Қарақалпақтарда жҧмбақты қыз-жігіт болып бҿлініп жарысып, оған
тҿрелік жасаушы – жасы ҥлкен адамдар, жҧмбақты жақсы шешкендер
тҿрешілер тарапынан марапатталса, оны шеше алмағандар қырық қасық су
ішу, маңдайынан, ҧртынан шерткізу, жолдастарын ҥйіне шақырып, қонақ ету
тҽрізді «жазалар» тҥрін ҿтеген. Алтайлықтар жаза ретінде қызды – шалға,
бозбаланы кемпірге «сататын» болған.
1
Автордың жинаған материалынан. Мҽлімет беруші – ф.ғ.д., проф. А.Сейдімбек.
2
Тілеужанов М. Ел ҽдебиеті. Алматы, 1992. 9-б.
249
Ҿзбектерде жҧмбақты таба алмаса, жасырушы «жаза» ретінде шаһар не
«қорған» беруін сҧрайды. Таппаған кісінің шаһар беремін деген сҿзінен
кейін ғана жҧмбақ жауабы, жасырылған заттың аты айтылады. Яки туған
қаласын беру – жеңілгендігін мойындау, бас ию деген сҿз, бҧл жазаланудың
ауыр тҥрі.
Қарашайлар жҧмбақты «ел берген джомаклар» деп атайды, бҧл сҿздің
шығуына кҿне ғҧрып себеп болған. Жасырғанын таба алмаған адамнан «ел
беруін» сҧрайды.
Осылайша
ҿзбек,
қарашай,
тҥрік,
тҥркімен
халықтарының
этнографиялық деректері «ел беру, шаһар беру» ғҧрпының болуы ежелгі
тҥркі тектес жҧрттар арасында кең таралғанын айғақтайды.
Ҿзбектерде
бҧрынғы
ҥлкендердің
«жҧмбақ
ойыны»
балалар
репертуарына қарай ойысқан. Ҽуелде ересектер жҧмбақ жасырысып,
сҥрінгені шаһарын берсе, қазір осы ойынды кҿшеде балалар қайталап, «жаза»
ретінде Отанын беріп, «қҧтылатын болды».
Сонымен тҥркі халықтарындағы жҧмбақ шешімі «қҧнының» ҿзгеруін ру
– ел – қорған – шаһар – мемлекет – Отан кҥйінде ҿзгеріп отырғаны
байқалады. Қазақта жҧмбақтан жеңілген «тай берумен» қҧтылған, бҧның ҿзі
малшылық кҽсіппен байланысты
1
.
Жҧмбақ айтыстарында да жҧмбақтан жеңілген адамның «сый тарту»
ҥрдісі ҿзгеріске ҧшыраған. Жҥсіпбек қожа ҿзінің Шҿкей қызбен айтысының
немен аяқталғанын тҥсіндіргенде:
Қыз тҧрып, жан қалтаға қолын салды,
Суырып тоғыз қабат кҥмісті қыз берген соң,
Ҿлеңі екеуінің тҽмамдалды, –
деп, қыздың жеңілістен соң ҿтеу тҿлегенін мҽлімдейді
2
. Ҽсет қарсыласы
Ырысжанға «омырауындағы қос тҥймеңді ҧстат» дегенде ақын қыз:
Тҥймемді ебін тапсаң, ҧстар едің,
Санаулы тҿрт-ақ жҧмбақ бағасы бар
3
, –
деп, жауап қатады.
Ҿзінің тҿрт жҧмбағын тапқаннан кейін Ырысжан оған торғын орамалға
жҥзік тҥйіп, тарту беріп, жҿн-жоралғысын жасаған.
Жҧмбақты шеше алмағандарды «жазалау» ғҧрпының ескіден келе
жатқанын Гавай аралында жҧмбақты таппағандардың сҥйегін отқа
жандырмай сақтауы дҽлел бола алады. Ал Ҥндістанда суға батыру ғҧрпының
болғаны туралы этнографиялық мҽліметтер дҽлелдейді
4
.
1
Саттаров Қ. Жҧмбақтың айтылу тарихынан // Қазақ тілі мен мҽселелері. Қазақ ССР Жоғарғы жҽне орта
арнаулы білім министрлігі. Алматы, 1972. 9-шығуы. 87-91-б.
2
Айтыс. Алматы, 1965. 1-т. 398-б.
3
Найманбаев Ҽсет. Шығармалар. Алматы, 1988. 125-б.
4
Колесницкая И.И. Загадка в сказке // Учен. Записки Ленинградского университета. 1941. № 81. С.98-142.
250
Мҧндай ҥрдістер адамдардың жҧмбақты киелі, қасиетті санаған байырғы
дҽуірлердегі тҥсінігінен пайда болған.
Зерттеу барысында жҧмбақ айтуға тек бір адам ғана емес, топ, ҧжым
болып араласатынын аңдауға болады. Ғҧрыптың ойындық бағыт алуы, екі
топқа бҿлінуі, тҿреші тағайындалу, жеңілгендерді сҿзбен жазаға тарту –
мҧның бҽрі сахналық кҿріністі елестетеді. Диалог арқылы адамдардың
кемшіліктері сыналады, жҧртшылықты еріксіз кҥлдіреді, бҧл да халықтық
юмордың, драманың сипатын білдіреді. Жҧмбақ тек ҽдеби сипатта ғана емес,
ойындық, театрлық ҿрнекпен астасып, кҥрделі синкреттік жанрлық қасиетті
иеленеді.
Қазақтың ескіден желі тартатын жарасымды дҽстҥрлерінің бірі – жар
таңдап, кҥйеуге шықпақшы болған қыздар болашақ ерінің ақыл-ойын,
парасатын, кҥш-қайратын сынауы. Мҧндай дҽстҥр тҿл эпостық
жырларымызда, ертегі, аңыздарымызда бейнеленеді. Сондай сынның бірі –
жҧмбақ тҥрінде де ҿткен.
Мҧндай ҽдет-ғҧрыптардың ҽріден бастау алатындығына Дж. Фрэзердің
алуан халықтардың қадым ҿмірлерінен келтірген этнографиялық айғақтары
дҽлел. Бҧған қарағанда ежелгі дҽуірлерде кҥйеу басқа, жат елдің адамы болса
да патша тағына мҧрагер бола алатын мҥмкіндік болған. Сондықтан болашақ
тақ иесі – кҥйеу жігіттің жеке басының қасиеттері жоғары болуы керек, қатаң
сыннан мҥдірмей ҿткен адам патша қызына ҥйлене алған
1
. В.Я. Пропптың
келтірген топшылаулары бойынша ертектердегі «қиын сын» мен ҥйлену
жҽне билікке қол жеткізу ғҧрпын бір-бірінен ажыратып алу қиын
2
. Кҥйеу
баланы қҧдалық ҥстінде жҧмбақпен сынау карел халқының «Келіншектің
жҧмбақтары» ертегісінде кҿрініс тапқан
3
. Біз келтіріп отырған ертегілік
сарын (мотив) кҿне дҽуірлердің жоралғысын елестетеді. И.И. Колесницкая
дҥниежҥзі халықтарының ертегілерінің сюжеттік қҧрамында жҧмбақтың
ҥлкен орны бар екендігін, ертек кейіпкерлерінің ақыл-ойы емеурінді
сҿздермен жҽне жҧмбақтың кҿмегімен сынға алынатындығын, бҧндай
сарынның тарихи шындықпен байланысы хақында ой ҿрбітеді
4
. Ғалымның
ойынша, бҧл сарын қоғам дамуының байырғы уақыттарындағы ырым-
кҽделерінен туындаған, бҧрын кҽмелетке толған жігіттерді ҥйленер алдында
осылайша «сынақтан» ҿткізген, мҧндай байқауға патша мҧрагерлері де
тҥскен.
Кҿне дҽуірлерде жҧмбақты шешкен адамды кҥшті, дана адам санатына
кіргізіп, оны бақыт кҥтсе, шешімін таппаған адамды ҿлім кҥтіп тҧр деп
есептеген. Ертегілерде бейнелегендей, жҧмбақ шешкенді патша «сайлап»,
шешпегендерді «ҿлтіріп» тастап отырғаны да сондықтан.
Ҽу баста ҿнер діни, дҥниетанымдық тҥсініктермен бірлікте туған
(идеологиялық синкретизм), сонымен қатар діни магиялық практикадан
(формальды синкретизм) іргесін бҿлектеп ҥлгермеген еді. Егер кҿне
1
Фрэзер Дж. Золотая ветвь. М., 1986. С.150-156.
2
Пропп В.Я. Исторические корни волшебной сказки. Л., 1986. С.334-375
3
Сонда. 334-б.
4
Колесницкая И.И. Аталған еңбек. 99-131-б.
251
дҽуірлерде ҿнерде утилитарлық, практикалық функция басым болса, кейін
эстетикалық қызметі кҥшейді. Ықылым заманда пайда болған жҧмбақ
жҿнінде де осы тҧжырымды айтар едік. Бағзы дҽуірлердегі наным-сеніммен
байланысты ҿрбіген жҧмбақтың уақыт ҿте келе қоғамдағы мҽн-мағынасы
ҿзгерген.
Сонымен ҧзақ даму жолындағы жҧмбақтың қоғамдық қызметіне тарихи
тҧрғыдан:
1. Магиялық қызмет;
2. Тҧрмыстық қызмет;
3. Эстетикалық қызмет;
4. Педагогикалық, танымдық қызмет деп, ҿзгеру барысын бақылауға
болады.
Алайда, кҿне кезеңдерде тек магиялық қызмет атқарды деп біржақты
тҥйіндеуге болмайды. Дамудың ҽртҥрлі сатысында тҧрған халықтар
материалдары ертеден-ақ жҧмбақтың педагогикалық қызметі болғандығын
аңғартады. Бірақ алғашқы қауымдық қҧрылыс кезінде магиялық қызметі
басымырақ тҥсті.
Қазақ халқы жҧмбақты адамдардың білім парқын, парасатын байқататын
ҥлкен ҿнер деп есептейді. Сондықтан жар таңдаған қыздар, ақындар ғана
емес, ел ішіндегі шешен, би, тағы басқа данагҿй, қадірменді адамдардың бір-
біріне жҧмбақ жолдап, ақыл-ой сынасып, білім жарыстырып, таным
салыстыратын да жарасымды ҿнегесі болған.
Жҧмбақтың болмысында бірнеше дҽуірге тҽн ойлау мен кҿркемдеудің
қат-қабат сатылары бар. Ҧзақ даму жолын бастан кешіп келген жанрдың
ҿзгеру сатыларын тыйым жҧмбақ; ертегі жҧмбақ; ойын жҧмбақ; таза жҧмбақ;
айтыс жҧмбақ; ҽдеби жҧмбақ деп жҥйелеуге болады.
Жҧмбақтың поэтикалық болмысы екі бағытта – ҿлеңдік-ырғақтық жҥйе
мен образдық бейнелеу тҽсілдері арқылы танылады.
Жҧмбақтың тҿл бойында оның осы екі қыры шебер жымдасып, бір
жҧдырықтай жҧмылып, мазмҧнды кҿркемдік-эстетикалық тҧрғыдан уытты
етуде бірін-бірі толықтырады.
Аталған жанрда белгілі бір ҿлеңдік қалып сақталмайды. Оның ырғақтық-
ҧйқастық қҧрылымы сан тҥрлі ҿрнектеледі. Олардың ішінде тҿрт аяғын тең
басқан ҿлең тҥріндегі ҥлгілермен қатар қарапайым қара сҿзбен келетіндері аз
емес. Жҧмбақ жанрына тҽн басты ерекшелік – кҿлемі шағын, қҧрылымы
жағынан жҧп-жҧмыр, шымыр болып, аз сҿзбен кҿп нҽрсені айта білуге
бейімділігі. Жҧмбақтың синтаксисі де осымен байланысты, бҿлек-салақ
ештеңе байқалмайды. Ол кҿбіне қысқа, жақты сҿйлемдерден етек-жеңі
жинақы пішіледі. Архитектоникасы тҥйінді, ықшам болуына қарамастан
қҧрылымдық бітімі ҽр алуан болады. Кейде образбен ҿрілген кішкене ғана
ҧғымды білдіретін сҿйлем не сҿз тіркесі тҥрінде кездеседі. Осы жағынан
алып қарағанда мақал-мҽтелге қатты ҧқсайды. Академик Зҽки Ахметовтің:
«Мақал-мҽтел де басқа поэтикалық формалардың ҥлгілері тҽрізді кейде
шағын сҿйлемдерден тҧрады. Мҧндай жағдайда ол қарапайым ғана ырғақты-
қҧрылымдық тҥрге иеленеді, ҽдетте, аяқталған ырғақтық тҥрге иеленбесе де,
252
тҥрлі дыбыстық қайталаулар арқылы бірігеді»
1
, – деген пікірінің жҧмбаққа да
қатысы бар. Жҧмбақтың жоғарыда бір ғана жолдан да тҧратындығы белгілі.
Мысалы:
1. Ҥйдің іші толған мыс кене (Керегенің кҿзі).
2. Қырық қой қырқылдақтан су ішіп жатыр (Уық, шаңырақ).
3. Таудан тас қҧлады (Кҿздің жасы).
4. Ҥй айнала қан тҿктім (Басқҧр).
5. Бір ҧяда – жеті жҧмыртқа (Апта).
Бҧл мысалдар – синтаксистік тҧрғыдан қарағанда жай сҿйлем ҥлгілері.
Біреулері толымды болса, екіншілерінің бастауыш, баяндауышы тҥсіріліп,
толымсыз сҿйлемге айналған. Жҧмбақ – ҥнемшіл, басы артық, орынсыз
тҧрған сҿзді кҿтермейді.
Задында, жҧмбақ шумақтарында қатып қалған тҽртіп жоқ. Кейде екі
жолды қысқа қайырыммен шектелсе, бірде кең сілтеп, ерікті ҿлең боп, бой
кҿрсетеді. Ерікті ҿлеңдегі тармақтар ҧзынды-қысқалы, алуан кҿлемде, ҧйқасы
қҧбылып отырады.
Жҧмбақтың кҿркемдігі жайында сҿз қозғаған ғалымдардың дені оның ең
басты поэтикалық қҧралы ауыстыру /метафора/ деп тҥйеді. Осыған орайлас
пікірді ежелгі дҥние философы Аристотельдің ҽйгілі еңбегі – «Поэтикадан»
оқимыз
2
. Сонымен бірге орыс фольклорының кҿркемдік қасиетін зерттеуші
С.Г.Лазутиннің былай деуінде де ҥлкен мағына бар:
«Ауыстыру жҧмбақтың мазмҧны мен тҥр ерекшелігін сипаттайды, оның
негізінде стилистикалық жҽне композициялық қҧрылым жатыр, сонымен
бірге шындықты кҿркем бейнелеудің творчестволық принципін айқындайды.
Ауыстыруды тҥсіну – жҧмбақты тҥсіну, оның мҽнін, жанрлық ерекшелігін
айқындаумен бара-бар»
3
.
Осы жағынан алғанда ол теңеуге ҧқсас, алайда, теңеуде қарастырған
нҽрсе тепе-тең кҥйінде бейнеленіп, теңелетін нҽрсемен теңейтін нҽрсе
қабаттаса жҥрсе, ал, ауыстыруда оның сипаттап отырған заты кейде кҿрінбей
тҧруы мҥмкін. Бірақ оны ой-сезім арқылы аңғарамыз. Ол поэзияда ойды
бейнелі, кестелі тҥрде жеткізудің ҽдісі ретінде жҧмсалады. Ҿлең ішінде
ауыстыру образды айшықтай тҥсуге кҿмектессе, жҧмбақта негізінен, астарлы
бҥкпелі ойды тҧспалдап кҿрсетуге жҽрдемдеседі. Сондықтан ауыстыруды
табу – жҧмбақты табумен тепе-тең. Мҧнда меңзеліп, астарлап жеткізе
алатындай нысанамен салыстырылады.
Жҧмбақ байламының бҿлек, оқшау тҧратын, оның ҿзіне ғана тҽн,
ҿзгелерде қайталанбас қасиетін тайға таңба басқандай етіп ҧсыну ауыстыруға
тҽуелді. Ауыстыру қҧбылысты даралап, оның басқа қҧбылыстарда жоқ
белгісін кҿрсетуі қажет. Егер осы шарт орындалмай, байламының елеулі
жақтарын дҽл, айқын суреттемесе, жҧмбақ шешімі де екіҧшты, бірнешеу
болары сҿзсіз. Ауыстыру тҧспал бейнені кҿркем образ тҥрінде жеткізу
мҥддесіне бағындырылады. Сондықтан ауыстыру жҧмбақтың ауқымды,
1
Ахметов З. Казахское стихосложение. Алма-Ата, 1964. С.212.
2
Аристотель. Об искусстве поэзии. М., 1957.
3
Лазутин С.Г. Поэтика русского фольклора. М., 1989. С.94.
253
жетекші тҽсілі ретінде талданып, оның бейнелілігі, ҧтымдылығы, тосындығы
егжей-тегжейлі сарапталғанда ғана жанрлық табиғаты ашылмақ.
Жҧмбақта тҧспал дап-дайын, ап-айқын кҥйінде кҿрінбей, емеурінмен
елес береді. Міне, ауыстырудың дҽнекерлік қызметі осы тҧста. Ауыстыру
арқылы байламның сыңар бейнесі сомдалады, оның бейнесі басқа қҧбылысқа
кҿшіріледі. Яки ол тҧспал мен байламның арасын байланыстыратын «кҿпір»
тҽрізді міндет атқарады. Ауыстыруға тҥсер салмақ-тҧспал заттың ішкі не
сыртқы қасиетін тыңдарман қҧлағына жеткізу, кҿзіне елестету.
Ауыстыруға арқау болған сҿздер жай ғана алына салынған баламалар
емес, ҿмірден алынған нақтылы ҽсерлер, тҽжірибелерге сҥйеніп, екі нҽрсе,
қҧбылыстардың ҧқсастығын айқын аңдап, байқаудың нҽтижесінде дҥниеге
келген.
Жҧмбақтың тілдік ҿрнектерінде халықтың тарихи-қоғамдық ҿміріндегі,
тҧрмыс-тіршілігіндегі ҿзгешеліктерді танытатын, солардан туындаған
нақыш-ҿрнектер, ауыстырулар ҿте мол. Кҿбіне кҿзбен кҿріп, қолмен
ҧсталған, тҧтылған заттар ауыстыруларға желі болады.
Ауыстырудың ҿрісі кең, мҥмкіндігінде шек жоқ. Айналадағы
қҧбылыстар қаншалықты ҧланғайыр болса, алмастырылар нҽрселердің
ықтималдығы соншалықты ауқымды. Ауыстыру жолымен бір-біріне кереғар,
алшақ заттар бір-бірімен тҥйіседі, шалғай нҽрселер тоғысады, тегі басқа,
тірлігі бҿлек қҧбылыстар шебер жанасады. Адамның образдық ойының
кҧдіреттілігі сол кҥнделікті ҿмірде бір-біріне жуыспайтын заттар арасынан
жалғастық, ҧқсастық табады.
М.Ҽуезов былай деп жазған еді: «...табиғат кҿріністерін адамның ҿз
тіршілігіндегі туысқандық, қандастық жігімен салыстыру да кездеседі.
Ондайда ҽке мен бала, шеше мен қыз, аға мен қарындас, ҧл мен қыз деген
сияқты егіз екі жайлар қосарланып жҥреді»
1
. Ғалымның бҧл пікірі:
Тҿрт кісі тҿсек сал дейді,
Екі кісі қарауыл қарайды.
Ҥлкен ҽйел есік аш дейді,
Кіші ҽйел тҿмпештейді
(Тҥйе, оның тҿрт аяғы, екі ҿркеші, қҧмалақ тастағаны).
Екі ағайынды,
Екеуі де бір ҥйде,
Бірін-бірі кҿрмейді (Кҿз).
Ҽкесі баласын кҿтеріп,
Баласы бҿркін кҿтеріп тҧр (Кереге, уық, шаңырақ).
Шешесі ҥйде қалады,
Баласы кісіге ереді (Қҧлып, кілт).
1
Қазақтың халық жҧмбақтары. Алматы, 1959. 10-б.
254
деген жолдарға байланысты айтылған тҽрізді.
Кейбір поэтикалық суреттемелердің байырғы дҽуірлерден желі тартатын
наным-сеніммен ҧштасып жататынына тоқтала кету абзал.
Қарындасы қонаға,
Ағасын іздеп келгенде,
Ағасы қашып кетеді,
Ҥйден шығып бір жерге.
Мҧндағы кҥн мен айды ағалы-қарындасты етіп бейнелеу тегіннен-тегін
алына салынған емес, ол – ежелгі мифологиялық сенімнің елесі.
Сҿзімізге дҽлел ретінде ел аузында сақталған кҿне мифтік маңызды
келтірелік:
«Бҧрынғы бір уақытта бір байдың Ай атты қызы мен Кҥн атты ҧлы
болыпты. Екеуі де ақылды да, парасатты болыпты. Жастайынан шешелері
ҿліп қалған екен. Балалардың ҿгей шешесі болады. Ҿгей шеше бай
балаларына кҥн кҿрсетпейді, отырса – опақ, тҧрса – сопақ ететін. Қыз бен
бала кҥнде ауыл сыртына шығып, қуыспақ ойнағанда да қарғап-сілеп тыным
бермейтін болыпты. Мҧны байқаған Алла тағала Кҥн мен Айды ҧшырып
жібереді. Міне, содан бері қанша уақыт ҿтсе де, Ай мен Кҥн жасырынбақ
ойнап келеді. Ай барда – Кҥн жоқ. Кҥн барда – Ай жоқ»
1
. Тағы бір қазақ
мифін Ай мен Кҥннің екеуі де бҧрын бір байдың қызы болып, Айсҧлудың
аспанға қашып кетуі Кҥнсҧлудың қызғанышпен бетін тырнап, содан ҧялуы
деп тҥсіндіреді
2
.
Осыған ҥндес мифтердің ҽлем халықтарының кҿпшілігінде бар екенін
нақты мысалдарды кҿлденең тарта отырып, С.Қасқабасов былайша ой
қорытады:
«Адамдардың аспанға кҿтеріліп кетуі олардың ерекшелігінен ғана емес,
сондай-ақ олардың кінҽлі болғандығынан. Кҿне мифтің бҽрінде дерлік Ай
мен Кҥн бҧрын адам болған делінеді, олардың аспанға кҿтеріліп кетуі – ҽр
себепті. Бірде олар жер бетіндегі ең кҥшті шамандар болғандықтан кҿкке
кҿтерілсе, енді бірде араздасып, бірін-бірі қуып, аспанға шығады. Тағы бірде
Ай мен Кҥн жерде кінҽлі болып, жазадан қашады немесе ҧятты болып, елден
безеді»
3
.
Осыдан ежелден-ақ халықтың ой-санасында орныққан ҧғымның
жҧмбақтағы кҿркемдік кестеге айналғанына кҿзіміз жетеді.
«Алғашқы қауымға тҽн рух – иелік мифологияда аспандағы Кҥн мен Ай,
Ҥркер, Жетіқарақшы, Шолпан тҽрізді жҧлдыздар кҿкке кҿтеріліп, аспанда
орнығып қалған адамдар екен. Олар жердегі кезінде алуан тҥрлі іс-ҽрекет
істеп, ел алдында кінҽлі болғандықтан немесе қауіптен қашқандықтан
аспанды паналайды, кейпін ҿзгертеді. Соған қарамастан жҧлдыздар адам
қауымы сияқты ҿмір сҥреді: ҿзара ҧрысып, араздасып жҥреді, я болмаса
1
Нҧрышева Айтоты жинаған материалдардан. Ҿзбекстан. Науайи обл.
2
Балдырған (журнал). 1971. № 1.
3
Қасқабасов С. Қазақ мифі жҽне ҽлемдік мифология // Жҧлдыз. 1998. № 11. 153-б.
255
ғашық болады, ҥйленісіп, балалы болады. Қысқарта айтқанда, адам ҿз ҿмірін
аспанға кҿшіріп, аспан шырақтарын ҿзінше танып-біледі»
1
.
Қазақтың ескі космонологиялық мифінде Жетіқарақшы баукеспе ҧры
болыпты. Халық соңына тҥскен соң, қылмысы басынан асқан жеті ҧл аспанға
қашып шыққан. Екі жарық жҧлдыз – Ақбозат пен Кҿкбозат – батырлардың
аты. Олар Темірқазыққа арқандаулы. Аттарды аңдыған жеті ҧры да тҥнімен
тҿңіректе айналып жҥреді. Сҿйтіп жҥргенде таң атып кетеді. Міне, осы миф
жҧмбақ тілімен былай кестеленеді:
Байладым бір қазыққа екі жылқы,
Жеті жігіт ала алмай, болды кҥлкі.
Жетеуі бір қызбенен ғашық болып,
Ағарды қасіреттен сақал-мҧрты.
Қазық – Темірқазық, екі жылқы – Ақбозат пен Кҿкбозат, жеті
Жетіқарақшы жҧлдыздарының атаулары. Жҧмбақтан тағы бір мифтің шеті
қылаң береді. Ол Жетіқарақшының қызға ғашық болуы. Қыз – Шолпан
жҧлдызының ауыстыруы, Шолпан – аспандағы жарық жҧлдыздардың бірі.
Космонологиялық миф негізінде шыққан жҧмбақ татарлар арасында да
сақталған:
Казыкка бҽйлҽнгҽн ике атым дулый,
Дуласа да бер тирҽдҽн китҽ алмый
2
.
Бҧл жҧмбақта ҥш жҧлдыз – Темірқазық, Ақбозат пен Кҿкбозат айтылған,
Жетіқарақшы туралы сҿз жоқ. Яки қазақ жҧбағында миф кеңдеу, толығырақ
қамтылған.
Жҧмбақта қолданылатын теңеудің басқа жанрларға қарағанда ҿзгешелігі
бар. Егер басқа жанрларда теңестірілген зат анық айтылып отырса, жҧмбақта
жасырған затты табу тыңдаушыға жҥктеледі. Теңеу ҽлгі жасырылған заттың
сыр-сипатын, қасиетін астарлы тҥрде жеткізуге кҿмектеседі. Жҧмбақта
заттың, не қҧбылыстың бір ғана қасиеті айтылып қоймай, бірнешеуі
қабаттаса беріледі.
Сҧм жҥзді, қҧралай кҿзді,
Киікше секірген,
Бура санды, жолбарыс тонды – дегенде бес теңеу қолданылғанын санап
шығуға болады. Жҥзі – сҧм, кҿзі – қҧралайға, секірісі – киікке, саны – бураға,
тоны – жолбарысқа ҧқсатылған. Тыңдаушы ҽлгі айтылған белгілерді кҿз
алдына келтіре отырып, оның қҧрбақа екенін шамалауы мҥмкін. Шегіртке
туралы жҧмбақта:
Ат басты,
Арқар мҥйізді,
1
Сонда. 161-б.
2
Татар халык ижаты. Табышмаклар. Казан, 1977. 40-б.
256
Бҿрі кеуделі,
Бҿкен санды, – деп, бірнеше қасиетін жҧптап айту жолымен оның
кескін-пішінін сурет салғандай елестете алған.
Қазақ жҧмбағында қолданылатын теңеулердің дені – кҿру теңеулері.
Олай болу себебі – жҧмбақ нысананы абстрактылы, дерексіз қозғалыстарға
ҧқсату арқылы емес, нақты деректі кҿзбен кҿретін қимылға ҧқсатып,
елестетуді қалайды.
Жҧмбақ жасырылған заттың барлық қасиетін айтып жатпай, бір ғана
қырынан елес беруі мҥмкін. Жасырылған заттың ҿзіне тҽн сипат белгісін,
тҥсін, дыбыс-ҥнін не басқадай ерекшелігін жеткізуде поэтикалық қҧрал –
айқындауыштың (эпитет) орны ерекше. Айқындау кҿбіне ауыстырулармен
бірге жҧмсалып, оны нақтылай тҥсуге септеседі
1
.
Айталық, «кҿк» айқындауышы кҿбіне тҥтінге байланысты қолданылады,
«кҿк кҿйлек», «кҿк ит», «кҿк сиыр», «кҿк ҿгіз» тҽрізді айқындаулармен
қабаттаса келіп, тҥтіннің тҥсін тҧспалдайды. Аспан ҽлемін сипаттаған
жҧмбақта «кҿкше теңіз», «кҿк шатыр», немесе қарбызды «кҿк лаққа» телуі
осы сҿзімізге дҽлел. Бҧл жағдайларда ауыстыру бейнелі мағынада
жҧмсалады. Жоғарыда келтірілген мысалда тҥтін кҿйлекке, итке, сиырға,
ҿгізге ҧқсатылады, оның тҧрақты айқындауышы – «кҿк», себебі – кҿк тҥс
қҧбылыстың кҿзге тҥсер белгісі. Жҧмыртқаны арқау еткен жҧмбақтарда «ақ»
тҧрақты тҥрде қолданылады.
«Кодекс куманикусте» мынадай жҧмбақ бар:
Ақ ҥй – емшегі, аузы жоқ.
Қазақтың тҿл жҧмбақтарына назар салайық:
Ақ отаудың есігі де жоқ,
Тесігі де жоқ.
Айдалада ақ отау,
Аузы-мҧрны жоқ отау.
Айдалада ақ сандық,
Аузы-мҧрны жоқ сандық.
Бҧл жҧмбақтардағы метафораларда тҧрақтылық жоқ, ол «ҥй», «отау»,
«сандық» тҥрінде ауысып келіп тҧр, тек онымен бірге қолданылатын «ақ»
эпитеті ҥш жҧмбақта да оның ажырамас белгісі тҥрінде жҧмсалған.
«Қара» эпитеті бір нысанаға алынған заттың тҥсінен хабардар етсе,
стильдік айшық тҥрінде келеді:
Қара тоқтыны қайырып соқтым (Тҥндіктің ашылып, жабылуы).
Қара атым қалтырауық,
1
Эпитет в русском народном творчестве. М., 1980. Вып. 4. С. 109.
257
Қабырғасы жалтырауық (Су).
Қабақта қара бурам шҿгіп жатыр (Қазан).
Қара тайым мықты,
Қара бием сҥтті (Қазан, ошақ).
Қара кҥшігім қабаған,
Артына киіз жамаған (Қақпан).
Қара бием қалт етті,
Қабырғасы жалт етті (Шалғы).
Топтанып келе жатыр қара қабан,
Ойлаған жерлеріне тынбай барған,
Аузынан қара кҿбік бҧрқ-бҧрқ шығып,
Болдырып шаршамайтын сондай айуан (Паровоз).
Айқындаулар басқа кҿркемдегіш қҧралдар сықылды кҿп қызметті, ҽр
жанрдың тҿл ерекшелігі, мақсат-мҥддесіне орай айқындаудың қызметі
ыңғайласып отырады.
Метафора кейде кейіптеу тҥрінде бой керсетеді. Жҧмбақ табиғат
қҧбылыстарын қҧдды тірі адамдай суреттеп, оған жан бітіруге бейім. Жҧмбақ
неғҧрлым қиын болса, оны шешу соғҧрлым кҥрделі. Осыны кҥрделендіру
мақсатымен кҿбіне жанды зат болса, оны жансыз затқа теңестіріп айтады.
Керісінше, жансыз затты жанды затқа балап, соның қасиеттерін дарыта
бейнелейді.
Кейіптеудің
тҥп-тҿркіні
адамзат
дамуының
тҿменгі
сатыларындағы анимистік тҥсініктермен тамырласады. Бағзы дҽуірде
адамдарға жаратылыстың, қоршаған ортаның сырлары қҧпия болған, кез
келген қҧбылыстың жаны бар деген ҧғым қалыптасқан. Табиғат
қҧбылыстарының
ҿзгерістері
мен
тынымсыз
қозғалыстар
себебін
білмегендіктен бҧрын жҧлдыздар мен кҥн, ағаштар мен ҿзендер, бҧлт пен
желді тірі жандардай туатын, ҿлетін, дем алып, тыныстайтын, кҿбейетін,
жҥретін нҽрселер деп ҧққан. Сондықтан найзағайдың кҥркіреуі,
жҧлдыздардың ағуы, кемпірқосақтың шығуынан тірі пенделерге тҽн мінез-
қҧлықты байқап, олардың қозғалыстарын жануарлардың ҽрекеті, тіршілігі
деп бағамдаған. Анимистік тҥсініктер кейін із-тҥссіз жоғалып кетпей,
мифтердің ҿзегіне айналған, ертегілердің сюжеттік желілерінде де оның
сілемдері айқын.
Сонымен тҥйіп айтсақ: адам баласы ҿзін қоршаған табиғат ҽлемінен
ажырата алмай, тҧтас қараған кезде ҿзінің тҿл қасиеттерін табиғат
объектілеріне айналдырып айту ҿрістеген. Уақыт ҿте келе адамдардың ой-
санасы, дҥние тану дҽрежесі биіктеп, ҽлемді ҿз қалпында ҧғынуы
қалыптасқан мезгілде кейіптеу стильдік-кҿркемдік қҧралға айналған, ҽдеби,
эстетикалық сипат алған. Демек, кейіптеудің тҧғыры боп, нҽр берген
арналары – атам заманғы діни сенімдер болғанымен, оның кҿркем категория
ретінде берік орнығуы – соңғы дҽуірлердің жемісі.
258
Кейіптеудің ең ескі саласы табиғат қҧбылыстарына байланысты ҿрбіген,
ҿйткені, мҧнда кҿркемдік мақсаттан гҿрі баян еткен нҽрселердің
жандылығына
аңғырт
сҽбилік
иланым
басымырақ
мҽн
берген.
Жҧмбақтардағы кейіптеулердің бірсыпырасы байырғы сенімнен туғанымен
араға уақыт сала, басқа кейіпке тҥскен, танығысыз боп ҿзгерген.
Қазақ жҧмбақтарында тек табиғат қҧбылыстары ғана емес, сонымен
бірге тҧрмыстағы заттар, шаруа қҧралдарына қызықты қимылдар жасатып,
тың шырай беру мҽнері ҿрістеген. Жҧмбақ жансызды қимылдатып қана
қоймайды, сонымен бірге сҿйлетеді де. Кейбір заттар адамша сҿйлеп, адамша
ойлайды, хатты «аяғы жоқ, жҥреді, аузы жоқ, сҿйлейді» деп астарлап сҿйлеу
– осы ойымызға айғақ.
Қҧйынды:
Ашуланып бҧртиды,
Аузы кҿпіріп қҧтырды,
Ашушаң ақымақ
Кез келгенді ҧшырды, –
деп бейнелейді.
Кҿк кҿйлекті жеңешем
Кҿлбең-кҿлбең етеді.
Артындағы баласы
Елбең-елбең етеді, –
деген жҧмбақты естіген адам оның тҥтін екенін тап басып, біле қоюы қиын.
Самаурынды жанды адам ретінде сипаттау – қазақ жҧмбақтарына тҽн. Оны
бірде «келіншекке», бірде «кемпірге», «молдаға» балайды. Самаурынның
бҧрқылдаған сҽтін «зікір салған қожа-молдаға» ҧқсатып, жанды адамдай
суреттеу тҽсілі тҿмендегі жҧмбақтан байқалады:
Ақсҽлделі қожалар
Зікір салып, сҧңқылдар,
Ҿз тамағы тойған соң
Бейне жынды бҧрқылдар.
Самаурынды хайуанға теңеп: «Салдыр-салдыр сары айғыр, ашуланса
кісінер» деп суреттейді. Демек, жансыз затқа қимыл – ҽрекет дарытып,
қозғалыс ҥстінде елестету – жҧмбақтың ең сҥйікті тҽсілінің бірі.
Жҧмбақтың жиі қолданатын тҽсілі – шендестіру. Ол бір-біріне кереғар
қҧбылыстарды, мҽн-мағынасы ҽр тарап ҧғымдарды, тҥр-тҥсі ҽр бҿлек
нҽрселерді ҿзара бетпе-бет қою арқылы бҧлардан мҥлде басқа бір
қҧбылыстың, ҧғымның, нҽрсенің суретін, сыр-сипатын, кескін-келбетін
анықтау, аңғарту, елестетуді діттейді
1
.
1
Қабдолов З. Таңдамалы шығармалар. Алматы, 1983. 1-т. 241-б.
259
Ақ сиыр тҧрып кетер,
Қара сиыр жатып қалар.
Шешуі – қардың кетуі. Мҧнда «ақ пен қара» бір-біріне қарама-қарсы
тҥстер. Осылайша, алшақ жатқан екі тҥсті жҽне «тҧру» мен «жату»
етістіктерін қатар қою арқылы қардың кетуін елестете бейнелейді. Сиыр –
ауыстыру, яғни ҽрі шендестіру, ҽрі ауыстыру қызметінде жҧмсалып тҧр.
Немесе:
Қара сиырым қарап тҧр,
Қызыл сиырым жалап тҧр, –
деген жҧмбақта қазан мен оттың тҥстерін қарама-қарсы қою жолымен
сипаттайды. Заттардың ҽртҥрлі қасиеттерін тілге тиек ету арқылы жасалатын
шендестіру ҥлгілері баршылық:
Базардан ҽкелген бҧлымыз,
Жан терісін тіліңіз.
Еті – арам, сорпасы – адал,
Мҧны не деп біліңіз (Қҧдықтың суы, топырақ).
Отырса – аттан биік,
Тҧрғанда – аласа.
Ойлап кҿрсеңіз,
Бес жанды бір жансызға мінгескен,
Айналып ақ тақырдан із кескен (Бес саусақ пен қалам).
Ҿзі – жаңа,
Ҿзі – тесік (Елеуіш).
Жҧмбақта адам ойына келмейтін оқыс, шындықтан шалғай
қҧбылыстарды бейнелеп кҿрсете беру қалыпты машық болып табылады.
Осылайша тыңдаушыны жауапты тап басудан адастырады.
Мысалы, найзағай туралы:
Ҽуеден кҥбі тҥсті,
Кҥбінің тҥбі тҥсті, –
деген жҧмбақты алайық. Ҽрине аспаннан кҥбінің тҥсуі – ҿмірде болмайтын,
қисынсыз, адам сенбейтін сурет. Оқыс сурет адамды бейжай қалдырмайды,
шешуін іздеп, басын қатыруға жетелейді. Немесе:
Қырымда бір қҧдық бар суы батпан,
Сол суы шілде кҥні мҧз боп қатқан.
Сіресіп, бауырдай боп қатқан мҧздың,
Бетіне бетегесі шығып жатқан, –
260
деген шумақтағы образды жолдар, кҥрделі ауыстыру тыңдаушыға ой салмай
қоймайды. Қырым – жер аты, қазақтың дҽстҥрлі фольклорында ежелден бар
бір кездегі тарихи жағдаяттарды, Алтын Орда, Ноғайлы дҽуірлерін еске
тҥсіретін атау. Қырымдағы қҧдық ауызға алынады, алайда, оның суының
шілде кҥні, жаздың ыстығында мҧз боп қатуы кісіні иландырмайды, десек те,
тыңдаушыны селт еткізеді, ой-қиялын ҽр тарапқа жҥгіртеді. Образды ой одан
ҽрі ҥстемелене, еселене тҥседі. Сіресіп қатқан мҧздың бетіне бетегесі шығып
жатуы қалай? Жҧмбақтың шешуі кҥнде ішіп жҥрген айранымыз. Алайда,
оның шешуін табуға ойы ҧшқыр болмаса, кез келген кісінің зердесі жете
қоймайды.
Жҧмбақ ҽлгіндей оқыс сурет, парадокстарға ҽдейі ҧрынады
1
. Мҧндай
поэтикалық тҽсілді ҽдебиеттануда оксюморон дейді. Оксюморон –мағынасы,
тҥр-тҥсі жағынан ҽр бҿлек, тіпті, бір-біріне жуыспайтын қҧбылыстарды,
нҽрселерді жақындата, тоғыстыра бейнелеу.
Бір қарағанда ауыстырулар абсурдты, кҥлкілі, сенімсіз болып кҿрінеді.
Мҧндағы мақсат – жҧмбақтың табылуын қиындату, басқа жолға салып
жіберу, таба алмаған адамды мазақ етіп, кҥлкіге айналдыру.
«Қарағай басына қатық ҧйыттым» деген шындықтан алшақ жатқанымен
қызғылықты ауыстыру. Қатық миға ҧқсатылып тҧр. Адамның ойлау
жҥйесінің мҥмкіндігі кең, қиялы қаншалықты жҥйрік десек, оған жҧмбақ
мысал болады. Жҧмбақ бір-бірінен алшақ, ҽр тараптағы қҧбылыс пен заттар
арасынан шартты болса да, байланыс табады.
Жҧмбақта қҧбылтудың бір тҥрі – ҽсірелеу, яки гипербола.
Алып соғып, арс етті,
Даусы Самарқанға жетті, –
дегендегі «алып» – мылтық, оның даусының қҧлақ жарардай қаттылығы бір
қиырдағы Самарқанға жетеді деу адам сенгісіз, тек ҽсерлік ҥшін алынған.
Екінші бір жҧмбақта мылтықтың даусын былайша ҧлғайтып суреттейді:
Қара кҥшігім қаңқ етті,
Даусы Бҧқараға жетті.
Немесе:
Шешесі мҽсісін кигенше,
Қызы Мҽскеуге барып қалды, –
деген жҧмбақта тҥтіннің жылдам қозғалысы ақылға сыймайтын шамада
бейнеленген. Осылайша ҧлғайту арқылы тыңдаушыны оқыс сурет, образбен
селт еткізуді, кҿңілін аудартуды мақсат етеді. Мҽселен, нысананы ерекше
ҥлкен жануарға ҧқсатады:
1
Левин Ю.И. Семантическая структура загадки // Паремиологический сборник. М., 1978. С. 294.
261
Кҿк ҿгізім жҥреген,
Мҥйізін кҿкке тіреген.
Кҿк ҿгіз – ескі мифтік тҥсініктің, халықтың байырғы діни нанымының
негізінде пайда болған образ. Бҧрынырақта хақ Тҽңірінің ҽмірімен ең ҽуелі
жер жаралды, одан соң кҿк жаратылды, жер мен кҿкті мҥйізімен кҿтеріп
тҧрған бір алып кҿк ҿгіз бар, ол ҿзіндей бір ҥлкен балықтың ҥстінде тҧрады
деген сенім болған. Кҿк ҿгіз шаршаған кезде жерді бір мҥйізінен екінші
мҥйізіне ауыстырғанда жер сілкіну болады, екі мҥйізі сынса, ақыр заман
болады деп иланған
1
. Сол сенім «Қыз Болық пен Елентайдың» жҧмбақ
айтысындағы сауалдардың арқауына айналған.
Халық тҧрмысынан алынған мына бір образ ҽсерлеумен сҽтті ҧштасады:
Ҥлкен, ҥлкен тҥйені
Тастапты атам шҿгеріп.
Ҿркеші бҧлтқа тиеді,
Бауыры жатыр кҿгеріп (Тау).
Бҧл айтылғандардан мынадай екі тҥйін жасауға болады: біріншіден, бір
байламды бірнеше образды ауыстырумен береді. Ол таным процесімен
кіндіктес, себебі бір заттың, не қҧбылыстың кҿптеген қасиеттері болуымен
бірге оны кҿретін кҿз де тҥрлі, ҽрі кҿркемдік ойлаудың дҽрежесі, нысананы
мың қҧбылған бояумен айшықтайтын ауыстыру тҽсілінің кеңдігіне, қолдану
аясының шексіздігіне куҽ боламыз. Екіншіден, бірнеше байламды бір
ауыстырумен, яки тҧрақты образбен суреттеу бел алған.
Қазақ жҧмбақтарының кҿркемдігін сипаттайтын жҽне бір қасиеті –
формулалық қайталама тіркестердің, тҧрақты образдық жолдардың молдығы.
Мҧндай формулалық сипатты тану фольклорлық жанрдың табиғатын
тереңдеп тҥсінуге жол ашатыны шҥбҽсіз. Дайын машық, жаттамалы жолдар
жҧмбақтың ауызша туу табиғатымен байланысты, олар қолма-қол суырып
айтуға мҥмкіндік туғызады. Басқа фольклорлық жанрлар іспетті жҧмбақтың
тҧрақты қалыпқа тҥскен жҥйесі бар, оның ілгерілеп дамуы да ҥрдіс аясында
болмақ. Осы дҽстҥрге иек артқан ҽрбір адамның жадында сандаған дайын
баламалар жатталып тҧрады. Олар керекті сҽтте формулаларды аяқ астынан
алып, қисынын келтіріп, қолдана береді.
Жҧмбақ айту – шығармашылықты керек ететін ҿнер. Ескі қалыптардың
аясында шектелмей, ҥздіксіз жаңа нҧсқалар пайда болып отырған. Бҧл тҧста
формулалық сипат суырып салып айтуға, тыңнан соны жҧмбақты ойлап
табуға кедергі келтірмеген, керісінше, септескен.
Фольклордың даму ҥрдісі тҧрақтылық пен ҿзгерістің диалектикалық
тығыз бірлігі арқылы жҥзеге асады. Тҧрақтылық – жаттамалы образ, сҿз,
клише, формулалардың ҽбден сіңісті болып, орнығуының кепілі. Сҽтті
1
Бекимов М. Почему сложилось мнение у киргизов, что земля держится на рогах быка // Средняя Азия.
1911. № 3. С.107-108; Казахский фольклор в собрании Г.Н.Потанина. Алма-Ата, 1972. С. 61.
262
айтылған образ, сҿз кестесі келе-келе ҿз шеңберін кеңейтіп, кҿпшілік
қолданатын айналымға енеді. Ҧдайы қолдану нҽтижесінде белгілі жанрдың
тҧрақты жҥйеге тҥскен кҿркемдік машығы мен ҽдіс-тҽсілдері, стилі
сараланып, қалыптасады.
Вариация – фольклордың жанды, тірі процесс, тоқтаусыз қозғалыс
ҥстіндегі қҧбылыс екендігінің дҽлелі. Фольклорлық тҥр ҥнемі қҧбылу,
толассыз ҿңделу, іштей тҥлеп, соныға тарту, ҥздіксіз жаңару жолымен
ғҧмырын ҧзартады. Задында варианттылық – ауызша туып, ауызша тарайтын
фольклордың ішкі заңдылықтарынан ҿрбитін тҿл қасиеті, ҿмір сҥру шарты.
Жҧмбақтағы вариациялар алмасу, трансформациялау тҽсілімен пайда
болып жатады. Тілші ғалымдардың кҿзімен қарағанда, трансформациялық
дегеніміз – белгілі морфологиялық қҧрылымда келген конструкцияны ҿзімен
мазмҧндас екінші бір конструкцияға айналдыру
1
.
Аспан мен жерді тҧспал еткен мағыналас жҧмбақтарға кҿңіл аударайық:
1. Екі тері,
Екеуі де кең тері,
2. Тең, тең, тең киіз,
Екі ортасы кең киіз.
3. Бір тҥкті кілем,
Бір тҥксіз кілем.
Осы ҥш жҧмбаққа назар салған адам олардың бір қалыппен жасалғанын
жазбай таниды: аспан мен жер шендестіріле берілген, образдары мҽндес,
ҥшеуі де тҿсенішке баланып отыр: тері, киіз, кілем. Біздің ойымызша, ең
ҽуелі тері баламасы шыққан. Себебі адамзат алдымен мал мен аң терісін
тҿсеніш қып пайдаланған, басылған киіз, тоқылған кілем тҽрізді жасанды
тҿсеніш тҥрлері кейін эстетикалық талғамның ҿсуімен байланысты кейін
шыққан. Бҧл тҧста іліктестік байқалады, тері, оның орнына киіз, оның
орнына кілем ауыстыруы жҥре алады. Бҧл ҥшеуі тҧрмыста бірін-бірі
алмастыра алатын бҧйымдар.
Жҧмбақтардың тағы бір стильдік ҿзгешелігі – экспрессивтік бояуы
кҥшті, модальдық реңкі бар сҿздерді образ ҥшін кҽдеге жаратуы. Мҧндағы
мақсат – ойға алған заттың белгісін тыңдаушыға дҽл ҽрі сезіміне ҽсері
тиетіндей етіп жеткізу. Осы орайда еліктеуіш сҿздерді жатсынбай
пайдаланатынын баса кҿрсеткен жҿн.
Мысалы, қамырды «былық, былық, былық семіз», ал, тҥтінді «елбең,
елбең етеді», «кҿлбең, кҿлбең етеді» дегендей бейнелеуіш сҿздермен
жандандыра суреттейді. Бҧл мысалдар кҿзбен кҿруге арналған образдар
болса, самаурынды «салдыр-салдыр сары айғыр», есікті «ҽрі лап, бері лап-
1
Николаева Т.М. Трансформационный анализ словосочетаний с прилагательным – управляющим словом //
Трансформационный метод в структурной лингвистике. М., 1964. С.142.
263
лап», кілтті «кірт етіп кіріп кетті, сырт етіп шығып кетті» деген дыбысқа
еліктеуден туған еліктеуіш сҿздермен береді.
Немесе тҥйе туралы:
Ҥш тың-тың,
Екі жылтың,
Тҿрт тап-тап, –
десе,
Қалың қамыс, қалың қамыс,
Астында қия қамыс,
Пысылдауық, пысылдауық,
Астында сақылдауық.
Пысылдауық, сақылдауық, –
деген жҧмбақта мҧрынды «пысылдауық», тістерді «сақылдауық» деген
экспрессивті сҿздермен сипаттайды. Яғни жасырылған заттың шығаратын
дыбысын негізге ала отырып, жасалған образды ауыстырулар. Осы
ауыстырулар кҿмегімен байламның дыбысын тыңдаушыға «естіртуді»,
естіртіп қана қоймай, сезіміне тигізіп айту мҥддесі ҧсталған.
Жҧмбақтар сҿз табының ішінен етістікті де шебер пайдаланады, кҿбіне
етістіктер затты қимыл-ҽрекет, қозғалыс ҥстінде дҽл беру ҥшін қажет.
Мҽселен, кҿлеңкені:
Еңкейсем – еңкейеді,
Шалқайсам – шалқаяды,
ерінді:
Ти десем – тимейді,
Тиме десем – тиеді,
боранды:
Қуып едім мойнын бҧрмады,
Ҧстайын деп ем қолға тҧрмады, –
деген тҽрізді етістіктер кҿмегімен ҽрекет ҥстінде бейнелейді.
Жоғарыдағы мысалдардан метафоралық ауыстыруларға арқау болатын
сҿздердің ҽртҥрлі сҿз табынан болатындығын, оның ҥстіне мағыналық-
лексикалық қҧрамы да сан тҥрлі екендігін аңғардық. Олар туысқандық
атаулар, мифологиялық негізде пайда болған сҿздер, зат атаулар, т.б. болып
келе беретініне кҿз жеткізуге болады. Бҧдан басқа жалқы есімдердің
қолданылатынын да айту қажет. Ауыстыру ретінде жҥретін жалқы есім
тҧспалдаған нҽрсенің мағынасына қатысы болмайды, оның сыны, тҥсі,
кҿлемі хақында мҽлімет бере алмайды. Дегенмен, жҧмбақты ықшам, ҽсерлі
образды жеткізуге ықпал жасайды, ҽрі оны ырғақтық-ҧйқастық жағынан
мҥсіндеуге септігі айрықша. Мысалы:
264
Ермекбайдың екі ҧлы ерегесіп келеді,
Тҿлебайдың тҿрт ҧлы тҿбелесіп келеді,
Жағалбайдың жалғызы жағаласып келеді.
Халық жҧмбақтарында молынан кҽдеге жаратылған сҿз табы – сан
есімдер. Жҧмбақтарда сан есімдер ауыстырулармен бірге келіп, нақты санды
білдіреді, шешімді дҧрыс болжауға кҿмектеседі.
Мысалы: екі кҿз, екі қҧлақ, отыз екі тіс образды тҥрде былай
жҧмбақталады:
Бір таудың екі кҥзетшісі,
Екі тыңшысы, отыз екі бҿрісі бар.
Тҿрт кісі тҿсек сал дейді,
Екі кісі қарауыл қарайды,
Ҥлкен ҽйел есік аш дейді,
Кіші ҽйел тҿмпештейді.
Бҧл жҧмбақта тҥйенің тҿрт аяғы, екі ҿркеші, қҧйрығы, қҧмалақ тастауы
бейнеленген. Бҧл мал баққан ҿмір тҧрмысынан туған жҧмбақ, кҿшпелілер
ҥшін таныс сурет.
Отыз омыртқа,
Қырық қабырға.
Бҽрін ҧстап тҧрған,
Ауыз омыртқа, –
деген жҧмбақтың шешуін білу ҥшін кҿшпелі ҿмірдің тҧрмыс-тіршілігінен
хабардар болу қажет. Мҧнда тҧспалданып тҧрған – киіз ҥй, оның уықтары,
кереге, шаңырағы. Отыз омыртқа деп уықтың санын білдірсе, қырық қабырға
дегені – керегенің саны.
Кейде жҧмбақтағы сандар нақты емес, кҿптік мағынаны аңғартады.
Мың қойым суға жҥзеді,
Қойшысы бірге жҥзеді (Кҿже мен шҿміш).
Мың қойымды бір шыбықпен айдадым (Ҧстара).
Бір шҧңқырда мың шҧңқыр (Оймақ).
Немесе:
Секірме тастың ҥстінде
Сексен қойдың ізі бар (Табақ ҥстіне жайылған қҧрт).
Алпыс кісі аяқтасты,
Ертеменен таяқтасты (Кірпік).
265
дегендегі «сексен», «алпыс» сандары кҿп дегенді ишаралайды.
Сонымен, қазақ жҧмбақтарының поэтикасына тҽн хас ерекшеліктер бар
екеніне кҿз жеткіземіз. Оларда дыбыстық қайталаулар: ассонанс,
аллитерация, буын, сҿз қайталау мол. Жҧмбақтардың ішінде ҿлең тҥрінде
келетіні де аз емес. Образдық жҥйесінде ең кҿп қолданылатын поэтикалық
қҧрал – ауыстыру. Бҧл жанрда тҧрақты формулаға айналған образдар, сҿз
тіркестері баршылық.
Кҿптеген жҧмбақтардың ҧзақ уақыт ҿміршеңдікпен халық жадында
ҧмытылмай сақталуы сыры – жҧмбақтардың сҥреңсіз, қарабайыр жолдар
болып келмей, маржандай тізілген айшықты ҽсем образды сҿздерге толы
болуында. Қиыннан қиысу, ықшамды, қысқа болуына қарамастан ойнақы
болу жҧмбақтарға тҽн қасиет.
266
Достарыңызбен бөлісу: |