ІІ-БӚЛІМ. ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ФОЛЬКЛОР
Жалпы сипаты
Адамзат тарихының ең бір ҧзақ мезгілін рулық қауым қамтыды. Рулық
қауым неолит дҽуірінде ыдырап, осыдан жеті-сегіз мың жыл бҧрын алғашқы
мемлекеттер пайда болды. Жер бетіндегі ең кҿне мемлекеттер Египетте,
Месопотамияда, Ҥндістанда, Қытайда, Грекияда, Иранда, Италияда орнығып,
қҧлиеленуші сипатта болған да, біздің дҽуіріміздің ІІІ-ІV ғасырларында
феодалдық сипаттағы қоғамға ауысқан деп есептеледі
1
. Осы уақыттан
басталатын заман ҽлем тарихының ортағасырлық дҽуірі деп саналады. Бҧл
ХVІІІ ғасырға дейін созылған да, одан бергі кезеңді жаңа заман деп атайды.
Қазақстан тарихы да осылай дҽуірленеді
2
.
Қазақстан жерінде алғашқы мемлекет б.з.д. І мыңжылдықта, сақтар
дҽуірінде орныққан. Сақтар «кҿшпелі, жартылай кҿшпелі жҽне егінші ел
болатын. Бірақ олар, ең алдымен, тамаша шабандоздар еді. Дҥниеде атпен
шауып келе жатып, садақпен оқ атуды бірінші болып сақтар меңгерген.
Қайтпас қайсар кісікиік (кентавр) бейнесінің ҥлгісі салт атты скиф жҽне сақ
адамы болған... Сақтардың ҿз жазуы, мифологиясы жҽне дҥниежҥзілік
деңгейдегі ҥздік ҿнері болды, ол ҽдебиетте «Аң стильді ҿнер» деп аталды.
Сюжеттері – жыртқыш аңдар мен шҿппен қоректенетін жануарлар, солардың
арасындағы кҥрес»
3
.
Сақтардан соң сарматтардың, ҥйсіндердің, қаңлылардың, тҥркілердің
мемлекеттері болған, олар мың жылдан астам уақытты қамтып, Қазақстан
тарихында ерекше із қалдырған. Аталған мемлекеттер де, олардан кейін
қҧрылған оғыздардың, қыпшақтардың, қарлықтар мен қарахандықтардың
мемлекеттері де, кейінірек дҥниеге келген Алтын Орда да, Қазақ хандығы да
орта ғасырлық феодалдық сипаттағы мемлекеттер болды. Олардың
ҽрқайсысы ҿз қоғамына сай мҽдениет тудырды, бірақ рухани жалғастық
ҥзілген жоқ. Ҽр дҽуір мҽдениеті ҿзіне дейінгіні пайдаланды, соны негізге
алды, жаңғыртты ҽрі дамытты. Ертедегі орта ғасырдың, яғни сақтар мен
ғҧндардың, қаңлылар мен ҥйсіндердің тҧсындағы рухани мҽдениет дамыған
орта ғасыр мен соңғы орта ғасыр кезінде сақталынып қана қойған жоқ.
Ежелгі замандағы мифтер мен аңыздаулар, т.б. фольклорлық дҥниелер ҽрі
қарай ҿзгертіле, кеңейе дамыды. Олардың классикалық фольклорға айналуы
осы дамыған орта ғасырға тҧспа-тҧс келеді. Рулық замандағы кҿптеген
ҧғымдар мен нанымдар, мифтік ҽңгімелер ендігі жерде кҿркем фольклордың
қҧрамында танымдық, эстетикалық міндет атқарады. Сҿйтіп, ескі мен
жаңаның кіріккен тҥрі, яғни біртҧтас мҽдениетке айналған руханият
қалыптасты, ал мҧның ҿзі фольклорды кҿпсатылы, кҿпсипатты жҽне
кҿпқырлы ҿнерге айналдырды.
Сонау сақтар заманында туып, кейінгі дҽуірлерге жеткен фольклорлық
1
История древнего мира. В 3-х томах. М., 1982. Т.3. С. 269-277.
2
Қазақстан тарихы (кҿне заманнан бҥгінге дейін). 5 томдық. Алматы, 1996, 1998. 1, 2-т.
3
Қазақстан тарихы: 5 томдық. Алматы, 1996. 1-т. 13-б.
267
шығармалар миф тҥрінде, аңыз ретінде ертедегі гректер мен қытай
жазбаларында орын алғанының арқасында бізге жетіп отыр. Олардың
сюжеттері мен кейіпкерлерінің іс-ҽрекеттері кейінгі уақытта туған жырлар
мен ертегілерде, аңыздауларда кҿрініс тапқан. Мысалы, атақты Геродот
«Тарихындағы» Томирис пен Кирдің арасындағы қақтығыс туралы сюжет
классикалық фольклорға тҽн
1
. Мҧнда қаһармандық эпостағы мотивтер бар.
Айталық, парсылардың патшасы Кирдің жорыққа шығуы, оның ҿз
ақылмандарымен кеңесуі; Томиристің Кирге берген жауабы жҽне Кирге
қойған шарты; Кирдің шайқас алдында тҥс кҿруі; Томирис ҧлының тҧтқынға
тҥсуі, оның ҿзін-ҿзі ҿлтіруі; екі қолдың шайқасы; Кирдің қаза табуы жҽне
Томиристің кек қайыруы.
Бҧл сюжетте ежелгі заманның нанымы сақталған. Кир ҿзінің тҥсінде
болашақ патша – Дарий аспанға ҧшып, бір қанатымен Европаны, екінші
қанатымен Азияны жауып тҧрғанын кҿреді. Ал, Дарийдің ҽкесі Гистасп
(парсыша - Виштасп) – Зардуштың қамқоршысы. Осы арқылы Кирдің
жеңілуі Ахурамазданың қолдамағанынан болды деген сол шақтағы ел
арасына тараған аңыз кҿрініс береді. Демек «тҥс кҿру» мотиві – ең ерте кезде
туып, біздің дҽуірімізге жетіп отыр. Жалпы, «тҥс кҿру» мотиві Геродоттың
кітабындағы біраз патшалардың ҿмірінде кездесіп отырады.
Сақтар мен ғҧндар кезінде туындаған фольклорлық сюжеттер мен
мотивтер кейінгі замандарда да жалғасын тауып, жаңаша ҽңгімеленетін
болған, сҿйтіп, ескі сюжеттер негізінде соны шығармалар дҥниеге келіп
отырған жҽне мҧндай туындыларда бҧрынғыға ҧқсас немесе жаңадан
қалыптасқан тақырыптар мен сарындар баяндалып отырған. Мҽселен,
ғҧндардың патшасы Мҿденің табғаштарға қарсы соғысы туралы аңыздың
бҥкіл сарыны кейінгі тҥркілер дҽуіріндегі фольклорда жалғасын тапқан, яғни
Мҿденің ҿз атамекенін, елінің бірлігін, амандығын сақтау ҥшін жҥйрік
тҧлпарын да, сҥйікті жарын да қҧрбан етуі, алған сыйларына қанағат етпей,
басынған жауға қарсы жорыққа шығуы, оны кҥйрете жеңуі – осы сияқты
тақырыптың тҥркі қағандары туралы тас жазбаларда кең баяндалатынын
айтуға болады.
Жоғарыда
айтылғандай,
Қазақстанда
орныққан
ортағасырлық
мемлекеттер, негізінен, феодалдық сипатта болды. Ол мемлекеттердің басты
ерекшелігі – қҧлдық қоғамның болмауы, ҽрі патриархалды рулық ҿмірдің,
оның салттарының, руханиятының феодалдық болмысқа сіңісіп, араласып
кетуі, тіпті, ҽлеуметтік қҧрылымға негіз болуы. Бҧл, ҽсіресе, Тҥркі қағанаты
тҧсында айрықша кҿрінді, себебі қағанат қҧрамына енген ру-тайпалар
бҧрынғы ҿмір салтын сақтай отырып, феодалдық мемлекеттің талаптары
бойынша тіршілік жасады. Осындай қоспаның арқасында ежелгі руханият
енді мемлекет мҥддесі тҧрғысынан молынан пайдаланылды ҽрі патриархалды
рулық қауымның мҽдениетін де жаңа сапаға кҿшірді. Ежелгі мифтер мен
нанымдар, сюжеттер мен мотивтер Тҥркі қағанаты тҧсында бірыңғай
идеологиялық сипат алып, қағанды дҽріптеу ҥшін біршама кҿркем қасиетке
1
Геродот. История. В 9-ти книгах. Л., 1972. С. 76-79.
268
ие болды. Мҧны Орхон-Енисей ескерткіштеріндегі жазбалардан айқын
кҿреміз
1
. Ол мҽтіндерден кҿне тҥркі заманындағы мифологиялық
ҧғымдардың ежелгі мифтік тҥсініктермен байланысты екені байқалады.
Аспанға табыну, оны Тҽңір деп білу, Кҿк Тҽңір деп қҧрметтеу, ал жерді
Ҧмай-ҽйел ретінде қастерлеу, жалпы, табиғатты қадірлеу сияқты ежелгі
анимистік нанымның, сондай-ақ тҥркі жҧртының бабасы – Кҿкбҿрі деп,
Ашинадан тарағаны туралы тотемистік ҧғымның іздері Қҧлтегін, Білге Қаған,
Тоныкҿк туралы жазуларда жақсы сақталған
2
. Ал, бҧл мҽтіндер ҿзінің
мазмҧны мен стильдік-кҿркемдік қасиеттері жағынан ерте заманғы жырдың
ҥлгісі болып есептеледі. Олардағы бейнелілік, кейіпкерлердің сипатталуы,
қағандардың ерлік іс-қимылдары, олардың астындағы аттарының бейнеленуі
– осының бҽрі батырлық эпостың поэтикасына лайық. Ендеше, Орхон-
Енисей ескерткішіндегі мҽтіндер – VІІ-VІІІ ғасырда хатқа (тасқа) тҥскен
фольклорлық шығармалар деуге толық негіз бар. Аталмыш мҽтіндердің
кейбір тҧстарында жоқтаудың ҥлгілері, мақал-мҽтел, шешендік сҿз тҽрізді
тіркестердің, тҧрақты формулалардың кездесуі сондықтан. Осы Қҧлтегін мен
Білге қаған жҽне Тоныкҿк туралы шығармалардан Тҥркі қағанаты кезіндегі
фольклор туралы, тіпті, сол шақтағы ҽдеби-кҿркем жҥйе жайында толық
мағлҧмат алуға болады. Ол ғана емес, сол замандағы Тҥркі мемлекетінің
тарихы, ҿмірі, мҽдениеті, басқа елдермен қарым-қатынасы, басты-басты
саяси, ҽскери оқиғалары жҿнінде кең ақпарат табуға болады. Сол себепті де
ол мҽтіндер тарихи дерекнама ретінде де зерттелді
3
, сондықтан да оларды
ғалым И.В. Стеблева тарихи-қаһармандық поэма деп атады
4
. Қалай болғанда
да, бҧл жазбаларда фольклорлық сипат айқын, тіпті, ҽлемнің, адамның пайда
болуы туралы рулық замандағы мифологиялық тҥсінік, сондай-ақ ел
билеушінің ерекше жаралатыны жайындағы наным анық сақталған. Мҽселен,
Қҧлтегіннің ҥлкен жазуында аспан мен жердің, адамзаттың жаралуын
«Ҥстіде Кҿк Тҽңір, Астыда жазық жер жаралғанда, екеуінің арасында адам
баласы жаралған» деп айтса, Кіші жазуда «Тҽңір текті, Тҽңірден жаралған
Тҥрк Білге Қаған. Бҧл шақта отырдым» деп, қағанның жай адам емес екенін
айтады. Патшаның жай адамнан тумай, қҧдайдың қҧдіретімен ерекше
жағдайда туатыны туралы ҧғым ежелгі рулық фольклорда ғана емес,
қҧлиеленуші мемлекеттер тҧсындағы мифтерде (мысалы, Александр
Македонскийдің, Иса пайғамбардың ғайыптан тууы), тіпті, орта ғасырдағы
аңыздар мен шежірелерде де кездеседі (Шыңғыс ханның кҥн нҧрынан
жаралғаны). Бҧл – ғайыптан туу мотиві ежелгі тотемизмнің ҿзгерген тҥрі.
Мҧндай жағдайды біздің кҿркем фольклорымыздан да таба аламыз.
Алпамыстың, Қобыландының, Ер Тҿстіктің дҥниеге келу жағдайын еске
1
Қараңыз: Стеблева И.В. Поэзия тюрков VІ-VІІІ веков. М., 1965; Жолдасбеков М. Асыл арналар. Алматы,
1990.
2
Стеблева И.В. К реконструкции древнетюркской религиозно-мифологической системы // Тюркологичес-
кий сборник – 1971. М., 1972. С. 213-226; Потапов Л.П. Умай – божество древных тюрков в свете
этнографических данных // Тюркологичесий сборник – 1972. М., 1973. С.265-286.
3
Кляшторный С.Г. Древнетюркские рунические памятники как источник по истории Средней Азии. М.,
1964.
4
Стеблева И.В. Поэзия тюрков VI-VIII веков. М., 1965. С. 61.
269
алуға болады. Кҿркем фольклорда бҧл кҿне наным ҿзгертілген,
мҧсылманданған тҥрінде де бас қаһарманды дҽріптеудің бір амалына
айналып кеткен.
Исламның Қазақстан жеріне енуі (VІІІ ғ.) Тҥркі қағанаты
қалыптастырған мҽдениетке ҿзгерістер ҽкелді, фольклорға мҧсылмандық
қасиеттер дарытты жҽне басқа да ескі дҥниелерді мҧсылмандандырып, басқа
арнаға тҥсірді. Мҧның ҿзі фольклорды жаңа биікке кҿтерді, сҿйтіп,
толыққанды классикалық фольклордың қалыптасуына игі ықпал етті.
Ҽсіресе, оғыз-қыпшақтар мен қарахандар тҧсындағы мемлекеттердің
мҽдениеті барынша жанданды, ҿйткені, бҧл кезде қазақ жеріне ислам
ҿркениеті кең етек жая бастаған еді. Соның арқасында қала мен дала
мҽдениеті, дҽстҥрлі тҥркі мен ислам мҽдениеті етене жақындасып, біртҧтас
кҿркемдік-эстетикалық жҥйеге айналған болатын. Алтын Орта заманында да
бҧл процесс ҥзілген жоқ, оған тағы бір арна – моңғол фольклоры мен
мҽдениеті келіп қосылды. Осының бҽрі, сайып келгенде, нағыз классикалық
фольклорды тудырды, яғни бҧрынғы фольклор алуан тҥрлі ҿңдеулерге тҥсті,
тҧтастану қҧбылысын бастан кешірді, бірнеше мҽдениеттің дҽстҥрін бойына
сіңірді. Міне, осындай тоғысу мен дамудың арқасында дамыған орта
ғасырдың ҿзінде-ақ кҿркемдік қасиеті жоғары, ҿзіндік кҿркем жҥйесі бар
фольклор қалыптасты. Соның нҽтижесінде ежелгі сюжеттер толығып,
кеңейіп, жаңа сипаттарға ие болды, бҧрынғы аңыздаулар ҥлкен эпикалық
туындыға айналып жатты.
Нақтылап айтар болсақ, Алтын Орда тҧсында ежелгі космогониялық,
тотемистік, этиологиялық жҽне эсхатологиялық мифтер ҿзінің бҧрынғы
«танымдық-ақпараттық» міндетімен қатар енді біршама «тҽрбиелік» қызмет
те атқарды, себебі ол баяғы қҧпия-сакралды қасиетінен ада болған еді. Оның
ҥстіне ҥлкен кҥш алып келе жатқан ислам дінінің ықпалының артуына
байланысты ол мифтер біртҧтас жҥйелену процесіне тҥспей, ыдырай
бастады. Олар бірте-бірте ҿзінің алғашқы тҥрінен айрылып, басқа жанрға
(мҽселен, хикаяға) айналды немесе ҿзге жанрлардың қҧрамына сіңіп кетті,
соның салдарынан бізде ертедегі қҧлиеленуші мемлекеттерге тҽн жҥйеленген
ҥлкен мифология қалыптасып ҥлгермеді. Есесіне, ғҧрыптық фольклордың
тҥрлері, ертегілер, батырлар туралы ҽңгімелер, мақал-мҽтелдер қарқынды
тҥрде дами бастады, жаңа жанрлар туып, фольклордың қҧрамы байи тҥсті.
Бҧл ҥрдіс ҿте-мҿте Қазақ хандығы кезінде ҥлкен қарқын алды. Фольклор
– халықтың ең негізгі руханиятына айналды, оның жанрлық қҧрамы
баюымен қатар сюжеттік һҽм тақырыптық аясы кеңейді. Фольклор жанрлары
бҧрынғы кҿпфункциялықтан арыла бастады. Ҿмір талабына сҽйкес батырлық
жыр жедел дамып, басты рҿл атқарды. Сонымен қатар қазақ пен қалмақ
арасындағы ҧзаққа созылған ҧрыстар жаңа жанрды, яғни тарихи жырды
дҥниеге ҽкелді. Байырғы «Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Сайын» сияқты
жырлар қайта жырланып, Жҽнібек хан, Есім хан жҿнінде, кейінірек Абылай,
Бҿгенбай, Қабанбай туралы жырларға ҽрі ҥлгі, ҽрі поэтикалық негіз болды.
Ежелгі мифтер мен ертегілер, аңшылық ҽңгімелер мен аңыздар жаңа
мемлекеттің саяси-қоғамдық ауанына сай жаңғыртылды, сҿйтіп, тағы бір
270
жанр – шешендік сҿз пайда болды. Дҽл осы Қазақ хандығы тҧсында
ғашықтық жыр да ҿріс ала бастайды, ерте уақыттан бері айтылып келе
жатқан Қозы Кҿрпеш пен Баян Сҧлу туралы аңыздаулар ҥлкен эпосқа
айналды, «Қыз Жібек» жыры дҥниеге келіп, ел арасына тарай бастады. Тағы
басқа жырлар туып, фольклорлық циклге тҥсіп жатты. Бҧларда кҿне
сюжеттер мен мотивтер, ескі ҧғымдар жаңаша пайымдалып, заман талабына
сай жырланып жатты. Олар енді, негізінен, кҿркемдік міндет атқарды да,
эпосты, бҥкіл фольклорды эстетикалық тҧрғыда тҥрлендірді.
Тарихтан белгілі, Қазақ мемлекеті пайда болған кезінен бастап бейбіт
ҿмірді, тыныш тіршілікті білмеді. Ол барлық уақытта экспансия объектісі
болып, жау мемлекеттер тарапынан жасалған шабуылды тойтарумен болды.
Жоңғар хандықтарымен соғыстар ҿте ҧзақ уақыт болды жҽне қиян-кескі
жҥргізілді, олар ҽлсін-ҽлсін қайталанып, ҥш ғасырға созылды. Бҧл дҽуірде
фольклордың, ҽсіресе, эпостың рҿлі ерекше артты. Жыршылар бҧрынғы
батырлық жырын асқақтата қайта жырлады жҽне ҿз замандас батырлары
туралы жаңа эпос туғызып, олардың ерлігін мадақтады. Жыршылар, ҽрине,
фольклорлық дҽстҥрді пайдаланды, олар ескі жырлардың поэтикасына
сҥйеніп, жаңа жырдың ҿзіндік сипатын қалыптастырды. Ал, ескі жырдың
ҿзін де жаңа заман мен қоғамның талап-тілектеріне байланысты ҿңдеп
отырды, сҿйтіп, екі тҥрлі эпос қатар ҿмір сҥрді. Мҧның ҿзі эпос жанрын
тарихи тҧтастануға ҽкелді. Яғни ерте кездегі эпостың оқиғалары
жыршылардың ҿмір сҥріп отырған уақытына кҿшірілді де, енді бҧрынғы
рулық-тайпалық жырда ҿз руы мен тайпасының бақыты ҥшін ындыстарға
(индустар), қызылбастарға (парсыларға) қарсы соғысқан Алпамыс та,
Қобыланды да, Сайын да, Кҿкше де, Қамбар да, Қырым батырлары да Қазақ
хандығы тҧсындағы нақты жаулармен – қалмақтармен шайқасып жҥреді.
Сҿйтіп, бір жырда бірнеше ғасыр тоғысады да, ҽр ғасырдағы оқиғалар мен
кейіпкерлер араласып жҥреді, ежелгі жҽне кейінгі жаулар бір дҽуірдің
ҿкілдері болып кҿрсетіледі (Мҧны ғылымда тарихи тҧтастану дейді, басқаша
айтқанда, бҧл – фольклордағы тарихи анахронизм). Осындай процестің
барысында эпос жанры бірте-бірте бірнеше тҧтастану тҥрінен ҿтеді: тарихи,
ҿмірбаяндық, шежірелік, географиялық. Осылайша бізге жеткен классикалық
эпостың тҥрі қалыптасты, ол – феодалдық мемлекет дҽуірінің эпосы болатын.
Нағыз мемлекеттік эпостың ҥлгілері – Қазақ хандығы кезіндегі
қалмақтармен шайқасқан батырлар мен хандар туралы эпикалық туындылар,
яғни тарихи жырлар («Есім хан», «Олжаш батыр», «Абылай хан», «Бҿгенбай
батыр», «Қабанбай батыр», «Ҿтеген батыр», т.б.). Бҧл жырлардың бҧрынғы
батырлық эпостан бірнеше ҿзгешелігі бар. Біріншіден, бҧл шығармалар
оқиғалардың ізі онша суымай тҧрғанда пайда болды; екіншіден, сол себепті
оларда шындыққа жақындық басым; ҥшіншіден, бҧл жырларда ҽсірелеу
едҽуір аз, ал мифтік, я болмаса қиял-ғажайыптық белгілер ҿте сирек,
тҿртіншіден, тарихи жырларда кейіпкерлердің кейбір кездерде кҿрсететін
ҿзіне ғана тҽн мінез-қҧлқы кҿрініс беріп қалады, яғни батырлар бҧрынғыдай
аса дҽріптелмейді, олардың образы ҿз прототипіне жақынырақ; бесіншіден,
бҧл туындыларда батырлар ру мен тайпа ҥшін емес, бҥкіл қазақ ҥшін
271
кҥреседі, қазақ жерін, мемлекетін азат ету ҥшін соғысады. Бҧл – ең басты
ерекшелігі; алтыншыдан, батырлар бҧрынғыдай жеке-жеке, ҿз бетінше жауға
шаба бермейді, олар мемлекет басшысы – ханның маңайына топтасып, оның
бҧйрығымен соғысқа аттанады. Бҧл да – мемлекеттік эпостың айырықша
белгісі.
Сонымен, орта ғасырларда, ҽсіресе, оның дамыған кезеңінде жҽне соңғы
дҽуірінде қазақ фольклорының барлық дерлік жанры тҥгел қалыптасып
болды жҽне біртҧтас руханиятқа айналды. Жаңа дҽуірде олар ҿзінің бҥкіл
кҿркемдік-эстетикалық жҥйесін орнықтырып, жаңа сападағы классикалық
фольклор тҥрінде дами тҥсті.
272
Достарыңызбен бөлісу: |