1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



Pdf көрінісі
бет76/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   135
Байланысты:
Фольклористика

Тарихи-мекендік  әпсаналарда  белгілі  бір  мекеннің,  жер-судың  тарихы 

баяндалады,  тарихта  болған  адамдардың  бір  ерен  ісі  жайында  ҽңгімеленеді. 

Рас,  ҽпсанада  айтылатын  мекеннің  тарихы,  даңқты  қайраткердің  іс-ҽрекеті 

ҿмірде  дҽл  солай  болмауы  мҥмкін,  бірақ  сол  мекен  мен  адамның  тарихта 

болғандығы  кҥмҽн  туғызбайды.  Міне,  сол  себепті  ол  тарихи-мекендік    деп 

аталады. Сондай бір-екі ҽпсанаға тоқтала кетейік. 

«Тоқпанның  балалары»  деп  аталатын  ҽпсанада  бір  кездерде  Ырғыз 

ҿлкесінде  болған  Табынқазған,  Тумалы  деген    кҿлдердің  тарихы  айтылады. 

Баяғыда Тумалы    кҿлінің жағасына Тоқпан деген адам кҿшіп келеді. Оның 

ҥш  ҧлы  тату  болып,  бҽрі  тыныш  ҿмір  кешеді.  Ҥлкен  ҧлы  арық  қазып, 

Табынқазған кҿлінен су шығарады, егін егеді... Қалған екі ҧлы, Баламбек пен 

Қҧлсары, мал бағып, ҥй кҥтеді. Алайда, ҽкесі Тоқпан ҿлгеннен кейін ҥш ҧлы 

бҧзылып,  бірінің  ҽйеліне  бірі  ғашық  болып,  берекелері  кетеді.  Соның 

салдарынан ҥшеуі айдалада қаңғып ҿледі, ал олардың ҥйі, дҥние-мҥлкі тҥгел 

ҿртеніп,  бҥкіл  аймақты  ҿрт  шалады.  Сҿйтіп,  бір  кезде  кҿк  майса  боп, 

жайқалып тҧрған шалғын, ну орман, бҽрі ҿртенеді, мал бытырап, бет-бетімен 

                                                

1

 Дала уалаятының газеті. 1890. №37; 1894, №13; 1900. №14, 15, 25; Туркестанские ведомости. 1900. №90; 



Закаспийское  обозрение.  1900.  №235;  1901,  №21;  Тургайская  газета.  1908.  №21,  22.  Сонымен  бірге  мына 

ҽпсаналарды  да  кҿрсете  кетейік:  Қисса  Алаңғасар  //  Записки  Восточного  отделения  русского 

археологического общества. 1896. Т.11. С. 292-294; Недостроенный храм // Туркестанские ведомости. 1913. 

№13;  Кзыл-Кенчь  //  Записки  русского  географического  общества.  1909.  Т.  34.  С.  211-218;  Кызыл  там  // 

Труды Оренбургской ученой архивной комиссии, 1910, вып. 22, с.73-74.    



 

393 


кетеді. Тумалы кҿлі иесіз қалады

1

.   



Бҧл ҽпсанада тарихи факті жоқ, шындығы: Ырғыз, Табынқазған, Тумалы 

кҿл  деген  жер-су  аттары  ғана.  Кҿлдің  тарихы  қиял  арқылы  баяндалады,  сол 

себепті мҧнда  кереметтік  элементтері  бар: Қҧдайдың  арамза  ағайындыларға 

кҥнҽсі  ҥшін  қаза  жіберуі,  жынның  сҧлу  қыз  бейнесінде  ҥш  жігітті 

ынтықтырып,  арбап-алдауы.  Сонымен  бірге  ҽңгіменің  бҥкіл  мазмҧны,  рухы 

мағлҧматтықтан  гҿрі  ғибраттық  мақсат  кҿздеген.  Ҽрине,  мҧнда  ҽпсананы 

жариялаушының да рҿл болуы керек. Тіпті, соны ескергеннің ҿзінде де, бҧл 

ҽңгімеде  кҿркемдік  сипат  басым  екені  айқын  сезіледі.  Ҽпсанада  сондай-ақ 

моральдық, имандылық (нравственность) мҽн де бар. Бҧл ҽпсанадан тағы бір 

байқайтынымыз  –  бҧл  жанр  шығармаларының  қайғылы  да  аяқтала 

беретіндігі.  

Осындай  ҽпсаналардың  қатарына  Қорқыт  туралы  ҽңгімелерді  енгізуге 

болады.  Қорқыт  жайындағы  шығармаларды  біз  аңыз  жанрын  қарастырғанда 

біршама  сҿз  қылдық.  Ал,  ендігі  зерттейтініміз  ол  туралы  ҽпсаналар.  Рас, 

Қорқытқа байланысты ҽпсана кҿп емес. Сондықтан оның сюжеттік қҧрамы да 

шағын,  тҥптеп  келгенде,  қолда  бар  ҽпсананың  бҽрі  бір  ғана  сюжетке 

қҧрылған: тҥсінде ҿлесің деп естіген Қорқыт ажалдан қашып, дҥниенің тҿрт 

бҧрышын  шарлайды.  Ақыры,  Сыр  ҿзенінің  ортасына  жайылған  кілемде 

отырған Қорқыт жыланның шағуынан қайтыс болады

2

.   



Қорқыт есіміне байланысты ҽпсаналар жайында жалпы фольклортануда 

кҿп  жазылған

3

,  сондықтан  біз  бҧл  жерде  ол  образдың  тарихқа  қатысын, 



эпостағы  кҿрінісін  талдап  жатпаймыз.  Біздің  мақсат  басқа:  жоғарыда 

баяндалған сюжеттің тҥпкі мҽнісін ашу. 

Адамның  ажалдан  қҧтылудың,  яғни  ҿлмеудің  амалын  іздеуі  туралы 

сюжет ҿте ерте заманда пайда болған. Осыдан 4500 жыл бҧрын хатқа тҥскен, 

ҽлемдегі ең кҿне деп саналатын «Гильгамеш» эпосында бҧл сюжет эпикалық 

тҥрде  философиялық  рухпен  жырланған:  ең  жақын  досы  Энкиду  ҿлгеннен 

кейін  Гильгамеш  ҿлмеудің  амалын  іздеп,  ҽуелі  теңіз  ортасында  тҧратын 

қҧдайлардың  ана-иесі  Сидуриге,  одан  соң  қалың  орманда  мекен  ететін 

кемеші Уршанабиге, ең соңында ҿлім теңізінен ҿтіп, ҿзеннің арғы жағындағы 

Утнапиштиге  келеді.  Утнапишти  оны  ҧйқымен  сынайды,  бірақ  Гильгамеш 

                                                

1

 Степной А. Дети Токпана // Закаспийское обозрение. 1900. № 235.  



2

  Валиханов  Ч.Ч.  Собр.  соч.    в  5-ти  т.  Алма-Ата,  1961.  Т.1.  С.487.  Вельяминов-Зернов  В.В.  Памятник  с 

арабско-татарской  надписью  в  Башкирии  //  Записки  Восточного  отделения  русского  археологического 

общества.  1859.  Т.4.  С.283;  Потанин  Г.Н.  В  юрте  последнего  киргизского  царевича  //  Русское  богатство. 

1896.  №  8.  С.  85-86;  Спиридонов  П.С.  Один  из  вариантов  легенды  о  Хор-хуте  //  Протокол  заседаний  и 

сообщений  членов  Туркестанского  кружка  любителей  археологии.  1909.  Т.13.  С.18-19;  Джетбысбаев  Н. 

Хорхут Аулие // Туркестанские ведомости. 1899. №22; Ауэзов М., Соболев Л. Эпос и фольклор казахского 

народа // Ауэзов М. Мысли разных лет. Алма-Ата, 1961. С. 99-100; Жубанов А. Струны столетий. Алма-Ата, 

1958. С. 230-231; Қорқыт туралы аңыз // Қазақ ертегілері. Алматы, 1957. 1-т. 371-374-б. Коркут // Казахские 

сказки. Алма-Ата, 1958. Т.1. С. 237-239.  

3

  Мынадай  басты-басты  еңбектерді  атауға  болады:  Ауэзов  М.О.,  Соболев  Л.  Эпос  и  фольклор  казахского 



народа // Литературный критик. 1939. № 10-11; Бартольд В.В. Турецкий эпос и Кавказ // Книга моего деда 

Коркута. Перевод академика В.В.Бартольда. Издание подготовили В.М.Жирмунский и А.Н.Кононов. М.; Л., 

1962.  С.  109-120;  Жирмунский  В.М.  Огузский  героический  эпос  и  «Книга  Коркута»  //  Там  же. С.131-258; 

Марғҧлан Ҽ. Қорқыт кҥйші // Известия АН КазССР. Серия лингвистическая. 1944. № 1; Сонікі: Қорқыт ата 

ҿмірі мен ҽфсаналары // Жҧлдыз. 1983. № 3. 139-166-б. Короглы Х.Г. Огузский героический эпос. М., 1976; 

Сонікі: Взаимосвязи эпоса народов Средней Азии, Ирана и Азербайджана. М., 1983, тағы басқалар.    




 

394 


бҧл  сынақтан  ҿте  алмайды.  Содан  кейін  Утнапишти  оған  теңіздің  астында 

адамды  мҽңгіге  жасартатын  гҥл  бар  екенін,  соны  иеленген  кісі  ҿлмейтінін 

айтады. Гильгамеш аяғына тас байлап, су астына тҥсіп, гҥлді алып шығады. 

Бірақ  қайтып  келе  жатып,  суға  шомылып  жҥргенде  гҥлді  жылан  ініне  алып 

кетеді  (гҥлді  алып  келе  жатқанда  жыланның  қабығы  сыпырылып  қалады). 

Сҿйтіп, Гильгамеш ҿлімнің қҧрығына ілінеді

1

.     


Мҽңгі  жасау  ҥшін  ажалдан  қашып,  неше  тҥрлі  ҽрекет  істейтін  адам 

туралы  сюжет  кҿптеген  елдің  фольклорында  бар

2

.    Қорқыт  туралы  ҽпсанада  



кҿне шумер-аккад эпосындағы ертегілік мотив жоқ. Егер Гильгамеш ҿлімнен 

қҧтылу жолын керемет жҽрдемшінің кҿмегі арқылы таппақ болса, Қорқыт ҿзі 

табуға  тырысады.  Дҥниені  тҥгел  шарлаған  ол  еліне  қайтып  келіп, 

«желмаясын  сойып,  оның  терісімен  қобызының  сыртын  қаптайды.  Қҧрғақ 

жерде тҧрса, бір  кҥні ажал жетіп  келер  деген қауіппен бір қырмызы масаты 

кілемді алып, Сырдарияның суына тҿсеп, сонда қобызын тартып тҧра беріпті. 

Қорқыт  дҥние  кезгендегі  арманын  да,  ҿлімнен  қашқан  қайғысын  да,  ҿзі 

кҿрген  жақсылық-жамандық  жайларын  да  қобызында  ойнаған  ғажап  сҧлу 

кҥйлерімен жеткізіп баяндайды. Қорқыт кҥйлерін бҥкіл дҥние, жан иесі тҥгел 

ҧйып тыңдайды... 

Қорқыт  Сырдарияның  кҿз  жасындай  суына  қарап  отырып,  қобызын 

кҥйлеп,  ҿлім  мені  қанша  қуса  да,  мен  оны  бҧл  жерге  келтірмеспін  деп 

қобызын  ҥздіксіз  тарта  беріпті.  Қорқыттың  кҥңіренген  кҥйлерін  балқып 

тыңдаған ажал да жақын келе алмапты»

3

.  


Демек,  Қорқыт  ажалдан  қҧтылудың  амалын  ҿзі  тапқан.  Ол  амалы  – 

қобыздың  кҥйі.  Олай  болса,  қазақ  ҽпсанасының  кейіпкері  Гильгамешке 

қарағанда  ҽлдеқайда  жігерлі,  белсенді.  Ол  ҿз  кҥшіне  ғана  сенеді,  бҿгде 

ешкімнен, ешбір ҽулиеден, Тҽңірден кҿмек кҥтпейді. Ҿз еңбегі мен ҿнерінің 

қҧдіреті  арқасында  ажалды  жеңеді.  Оның  ҿлімі  -  ҽлсіздіктің,  я  болмаса 

ажалға,  тағдырға  мойынсҧнғандықтың  белгісі  емес.  Оның  ҿлімі  –  кездейсоқ 

жағдайдың  нҽтижесі.  «Қорқыт,  -  делінеді  ҽпсанада,  -  кҥндіз-тҥні  ҧйқы 

кҿрмей, қобыз тартып ҿліммен алысыпты. Кҿп замандар бойы ҥздіксіз қобыз 

тартқан  Қорқыт  қалжырап,  қалғып  кетеді.  Қорқыттың  ізіне  тҥсіп  аңдыған 

ажал  сол  кезде  жылан  кҥйінде  жорғалап,  кілемге  келіп  шаққанда,  Қорқыт 

осыдан  ауырып  ҿледі»

4

.  Ендеше,  Қорқыт,  бҧл  айқаста  жеңілген  жоқ. 



Керісінше,  ол  –  ажалдан  кҥшті  тҧлға.  Міне,  бҧдан  біз  Қорқыттың  ҿлімнен 

қашуы  туралы  ҽпсананың  идеялық  мазмҧны  оптимистік  екенін  кҿреміз. 

Ҽңгіменің  басында  «Қайда  барсам  да,  алдымнан  кҿр  шығады!»  -  деп,  сары 

уайымға тҥскен Қорқыт бір мезет: 

 

Утнапишти, не істейін, қайда барам? 



                                                

1

 Эпос о Гильгамеше. Перевод с аккадского И.М.Дьяконова. М.-Л., 1961. таблицы IХ-ХI. С.57-82.  



2

  Чиковани  М.Я.  Сюжет  ищущего  бессмертия  юноши  в  древнем  фольклоре  и  литературе  //  ХХVI 

Международный конгресс востоковедов: Доклады делегации СССР. М., 1963; Сонікі. Народный грузинский 

эпос  о прикованном Амирани. М., 1966;  - Қараңыз: тағы да: Вопросы греческой и грузинской мифологии

Тбилиси, 1976.   

3

 Қорқыт туралы аңыз // Қазақ ертегілері. Алматы, 1964. 3-т. 373-б. 



4

 Сонда. 



 

395 


Тҽнімді Ҽзірейіл жаулап алған. 

Ҥйім ажал тҧрағына айналған, 

Кҿзім қайда тҥссе де, ажал - айналам

1

, - 



 

деп дҥниеден тҥңіліп, бабасына жалынған Гильгамешті еске тҥсірсе, соңыра 

тағдырға,  қҧдайға  қарсы  кҥресетін  ірі  тҧлға  ретінде  кҿрінеді.  Бҧл  тҧрғыдан 

қарағанда,  Қорқыт  ежелгі  гректердің  Прометейін  еске  тҥсіреді.  Тҥптеп 

келгенде,  бҧл  ҽпсанадағы  Қорқыт  бейнесі  Прометей  сияқты  қҧдайларға 

қарсы соғысатын кейіпкерлердің бҧрынғы типі болуы да мҥмкін

2

.  Стадиялық 



жағынан  келгенде  қазақ  мифологиясы  антика  дҽуіріндегі  қҧлиеленуші 

мемлекет елдерінің мифологиясынан кҿне.  

Ажалға  қарсы  кҥресу  туралы  ҽпсанада  Қорқыт  бейнесі  діни  сарыннан 

таза, сондықтан Қорқытты мҧсылман ҽулиесі етіп кҿрсететін хикаяттар жеке 

топ  қҧрайды.  Ал,  біз  талдап  отырған  ҽпсана  сюжеттің  кҿнелігімен, 

мазмҧнының  жарқындығымен  ерекшеленеді.  Бҧл  сюжет  қазақтың  ҿз 

топырағында  пайда  болған.  Қорқыт  есіміне  байланысты  фольклорлық 

шығармалары  бар  басқа  тҥркі  халықтарында  бҧл  сюжет  жоқ.  Олардың 

фольклорында Қорқыт кҿбінесе ақылгҿй қария, сҽуегей жырау, кейде батыр, 

бақсы  бейнесінде  кҿрінеді.  Ал,  мҽңгі  ҿмір  сҥру  ҥшін  ажалмен  айқасатын 

Қорқыт – қазақ фольклорындағы бірегей образ.  

Мҧхтар Ҽуезовтың сҿзімен айтқанда, бҧл ҽпсанада «оптимистік мағына 

басым.  Қорқыт  жайындағы  аңыздың  (ҽпсананың  -    С.Қ.)  тақырыбы  – 

Қҧдаймен  алысу  туралы  тақырып.  Қорқыт  жазмыш  тағдыр  даярлап  қойған 

талайына  қарсы  алысады.  Қазақ  арасына  таралған  Қорқыт  жайындағы 

нҧсқалардан  басқа  халықтардың  ежелгі  ғасырлардағы  кҿне  эпосының 

образдары  мен  кейбір  ҧқсастығы,  сарындастықты  сеземіз.  Прометей 

жайындағы  аңыз,  осетиндердің  Ҽміран  жайындағы  Қҧдаймен  алысу 

тақырыбы  қазақтың  Қорқыт  жайындағы  аңызында  (ҽпсанасында  –  С.Қ.)  ҿз 

шешімін тапқан»

3

.   


Бҧл  айтылғаннан  тағы  бір  қорытынды  шығады.  Ол  адамды  ҿлімнен 

қҧтқаратын  нҽрсенің  о  дҥниеде,  яғни  жер  астында,  су  астында,  я  болмаса 

басқа бір ҽлемде болуы міндетті емес екендігі. Ҽдетте, зерттеушілер адамды 

ажалдан  қҧтқаратын  нҽрсе  о  дҥниеде  болады,  кейіпкер  соны  іздеп,  ҿлілер 

патшалығын шарлайды деп есептейді

4

.   Бірақ Қорқыт ажалдан алып қалатын 



нҽрсені  жер  мен  су  астынан,  яғни  ҿлілер  тҧрағынан  іздемейді.  Ол  ажалдан 

қашып,  дҥниенің  тҿрт  бҧрышын  кезеді,  бірақ,  ақыры,  ҿз  жеріне  келеді.  Ол 

ажалдан  қҧтқаратын  керемет  нҽрсе  ҿзінің  ерекше  жасалған  қобызынан 

                                                

1

 Эпос о Гильгамеше. М.-Л., 1961. С. 79-80. Орысша нҧсқасы былай:  



           Что же делать, Утнапишти, куда пойду я? 

           Плотью моей овладел Похититель. 

           В моих покоях смерть обитает, 

           И куда взор я не брошу, - смерть повсюду! 

2

  Қараңыз:  Мелетинский  Е.М.  Предки  Прометея.  Культурный  герой  в  мифе  и  эпосе  //  Вестник  истории 



мировой культуры. 1958. №3. 

3

 Ҽуезов М. Уақыт жҽне ҽдебиет. Алматы, 1962. 56-б.  



4

 Костюхин Е.А. Александр Македонский в литературной и фольклорной традиции. М., 1972. С.154.  




 

396 


шыққан ҥн-кҥй деп біледі жҽне сол арқылы ажалды ҿзіне кҿп уақытқа дейін 

жолатпайды. Қорқыттың осы активті іс-ҽрекеті, ҿлімге қарсы керемет қасиеті 

бар нҽрсені емес, ҿз кҥшін жҧмсауы, сондай-ақ ҽңгімеде кҿркем қиялдың ҿте 

аз  болуы  –  бҧл  шығарманың    таза  ҽпсана  екенін,  оның  ертегіге,  эпосқа 

айналып ҥлгермегенін, дҽлелдейді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет