1-том қазақ әдебиетінің тарихы фольклорлық кезеңІ



Pdf көрінісі
бет77/135
Дата06.01.2022
өлшемі4,33 Mb.
#11453
түріБағдарламасы
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   135
Утопиялық  әпсаналар  Кеңес  ҿкіметі  кезінде    ҿте  аз  жазылып  алынған. 

Ел арасында  «қой ҥстінде бозторғай жҧмыртқалаған заман»,   «жер жаннаты 

Жиделі Байсын», «тығулы жатқан қазына» туралы ҽпсаналар ҽлі кҥнге дейін 

айтылады,  алайда,  ҽзірше  хатқа  тҥскені    -  бір  ғана  сюжетке  қҧрылған 

утопиялық ҽпсаналар. Ол сюжет мынау: кейіпкер шҿбі шҥйгін, суы мол, елге 

де, малға да жайлы жер іздеп, жаһанды шарлайды

1

.  


Бҧл  сюжет  бірде  Асанның  ҽкесі  Сҽбиттің,  бірде  Асанқайғының,  бірде 

оның  баласы  Абаттың,  бірде  Ҿтеген  батырдың  есіміне  байланысты 

баяндалады. Олар іздеген қҧтты қоныс кейде Жерҧйық, кейде Жиделі Байсын 

деп  аталады.  Ҽпсаналардың  кейбірінде  кейіпкер  іздеген  жерін  табады, 

кейбірінде таба алмай, еліне қайтып келеді, немесе жолда қаза табады.  

Утопиялық ҽпсаналардың мазмҧны кҿбінесе ҽлеуметтік сипатта болады. 

Бҧлай  болу  себебі  –  ғалымдардың  айтуынша,  мҧндай  шығармалар,  ҽдетте, 

қоғамдық-ҽлеуметтік  ҿмірде  ҥлкен  бір  дҥрбелең  кезінде,  қауым  қиындыққа 

душар  болғанда  пайда  болады  екен

2

.    Ондай  жағдайда  халық  жақсы  ҿмірді 



армандап, «алтын дҽурен», «қой ҥстінде бозторғай жҧмыртқалаған заман», не 

болмаса  елді  қиыншылықтан  қҧтқаратын  бір  қайраткер  туралы  утопиялы 

ҽңгіме,  аңыз  шығарады.  Ол  ҽңгіме,  аңыздардың  басты  кейіпкерлері  ҿмірде 

болған  адамдар  болуы  мҥмкін.  Бара-бара  мҧндай  аңыздар  ҽпсанаға  немесе 

хикаятқа  айналады.  Осыдан  барып  мессиандық  рҿл  атқаратын  адам,  елге 

ырыс-дҽулет  беретін  қоныс  жайында  ҽпсана  мен  хикаят  қалыптасады. 

Мҧндай  ҽпсананың  тарихи  аңыздан  айырмашылығы  оның  тек  кҿркемдік 

дҽрежесінде емес. Оның басты ерекшелігі сол – тарихи аңызда ҿткен дҽуірдің 

оқиғасы  мен  адамы  мадақтала  жырланады,  ал  ҽпсанада  ҿткен  тарихтан  гҿрі 

қиялдан, арманнан туған оқиғалар мен кейіпкерлер дҽріптеледі, мҧнда заман, 

адам,  жер-су,  мекен  халықтың  қалауы  бойынша  суреттеледі,  олар  осындай 

болса екен деген тҧрғыда кҿрсетіледі. 

Міне,  Асанқайғының  Жерҧйықты  іздегені  туралы  ҽпсана  осындай 

жағдайда дҥниеге келіп, қалыптасқан болу керек. Тарихта белгілі Асанқайғы 

ХV ғасырда ҿмір сҥрген, Ҽз Жҽнібектің кеңесшісі болған. Бҧл дҽуір дҥрбелең 

оқиғалар  кҿп  болған  шақ  екені  мҽлім.  Сондай  оқиғалардың  бірінде 

Асанқайғы  бҥкіл  ел  қамын  ойлап,  ерекше  кҿзге  тҥседі.  Ҿзінен  кҥшті 

Ҽбіл0айырдан  ыққан  Жҽнібек  пен  Керей  елді  Еділ  мен  Жайық  арасынан 

                                                

1

  Асан  Қайғы  //  Дала  уалаятының  газеті.  1901.  №  13;  Асан-қойды  //  Потанин  Г.Н.  Казак-киргизские  и 



алтайские предания, легенды и сказки. Пг., 1917. С. 170-171; Асан Қайғының Жерҧйықты іздегені // Қазақ 

ертегілері.  Алматы,1959.  1-т.  375-376-б.;  Как  Асан-Қайгы  искал  Жер-Уюк //  Казахские  сказки.  Т.1.  С.230-

233; Сказочная страна Барса-Кельмес // Там же. С.234; Ҿтеген батыр. – Жабаев Ж. Екі томдық шығармалар 

жинағы.  Алматы,  1-т.  165-186.  193-213-б.;  Асан  Қайғының  жерге  айтқан  сындары  //  Қазақтың  шешендік, 

тапқырлық,  нақыл  сҿздері.  /  Қҧрастырып,  алғы  сҿзін  жазған  Адамбаев  Б.  Алматы,  1967.  30-32-б.  ҼҾИ 

қолжазба қорындағы мына бумаларды қараңыз: №№333, 426, 667, 874, тағы басқалар.    

2

 Чистов К.В. Русские народные социально-утопические легенды ХVII-ХIХ вв. М., 1967. С.14. 




 

397 


кҿшіруге  мҽжбҥр  болады.  Халық басына  тҥскен  ауыртпалықты  кҿрген  Асан 

Жҽнібекке  ата  қоныстан  жылжымау  керек  екенін  айтады.    Алайда,  қаһарлы 

ҽміршімен тіресуге шама келмеген соң бҥкіл жҧрт арып-ашып, талай михнат 

шегіп Моголстанға, Шу бойына ауады

1

.  


Міне, осындай қиыншылық заманда елге қамқоршы болған Асан жайлы 

ҽртҥрлі аңыздар, ҽңгімелер туады. Солардың ішінде, ҽсіресе, кең тарағаны  – 

Асанның ел-жҧртқа қҧтты қоныс іздегені туралысы. 

Бҧл  ҽпсанада  екі  тҥрлі  бағыт  бар.  Бірі  елді  қиындықтан  қҧтқарушы 

Мағди  жайындағы  сюжеттің  нышаны  да,  екіншісі  –  алыстағы  қҧтты  жер 

туралы сюжеттің тҥйіні.  Басқаша айтқанда, мҧнда екі тҥрлі ҽпсананың басы 

тоғысқан,  бірақ  олар  ҿзді-ҿзі  жекеленіп,  дара  дамып  кетпеген.  Кҿптеген 

елдерде бҧлар ҿз алдына дамып, ҽртҥрлі шығармаға айналған. Мҽселен, орыс 

фольклорында  мҧндай  шығармаларды  «легенды  о  возвращающемся 

избавителе» жҽне «легенды о далеких землях» деп атайды

2

.  Бҧларда таптық, 



ҽлеуметтік сарын ҿте кҥшті. 

Қҧтты  мекен  жайындағы  қазақтардың  ҽпсанасын  нҧсқалары  бойынша 

қарастырсақ, біріншіден, мҧндай сюжеттің қарақалпақ, қырғыз, қҧмық, ноғай 

елдерінде  де  бар  екенін  кҿреміз,  ал,  екіншіден,  бҧл  сюжетке  қҧрылған 

шығармалар  Асаннан  да  бҧрын  болғанын,  тіпті,  Асаннан  кейінгі  заманда 

басқа адамға байланысты айтылғанын байқаймыз. Демек, елге, малға жайлы 

қоныс  іздеу  туралы  сюжет  қыпшақ  тобындағы  тҥркілердің  бҿлінбей  тҧрған 

шағында  пайда  болған,  кейін  тағы  бір  ауыртпалық  тҧсында  ол  сюжет 

Сҽбитке байланысты айтылған. ХV ғасырда Сҽбиттің орнын Асан басқан, ал 

ақтабан  шҧбырынды  дҽуірінде  оның  орнына  Абат  батыр  мен  Ҿтеген  батыр 

қойылған.  Міне,  бҧл  сюжет  осылай  тарихи  тҧтастануға  тҥскен.  Мҧнда  тіпті 

батырлық  эпосқа  тҽн  шежірелік  те  тҧтастану  бар:  Жерҧйықты  іздеуші 

алдымен  Сҽбит,  одан  кейін  оның  баласы  Асан,  ең  соңында  оның  ҧлы  Абат 

болып кҿрінеді. Бҧл да – фольклорлық дҽстҥрдің заңдылығы. 

Асанқайғының  Жерҧйықты  іздегені  туралы  ҽпсана  сюжетінің  тарихын 

жҽне  басқа  халықтардағы

3

  осы  тектес  сюжеттерді  салыстыра  қарастырудың 



нҽтижесінде  тағы  бір заңдылық  байқалады:  бір  жақта  жер  жаннаты  –  қҧтты 

қоныс  бар,  соны  іздеп  табу  керектігі  туралы  сюжет  барлық  халықта  рулық 

қоғамның  ҽлсіреп,  таптық  алшақтықтың  кҥшейе  бастаған  тҧсында  пайда 

болады.  Ол  кезде  бҧл  сюжетте  ешқандай  таптық,  ҽлеуметтік  сарын 

болмайды.  Рулық  қауым  ыдырап,  феодалдық  қоғам  қҧрылған  кезде  сюжет 

кеңейіп,  бірнеше  шығарма  туады.  Олар  бірте-бірте  ҿзінше  дамып,  жеке 

сюжеті  бар  «елді  қҧтқарушы»,  «жерҧйықты  іздеуші»,  «тығулы  қазына» 

туралы  ҽпсанаға  яки  хикаятқа  айналады.  Қоғамның  қиын-қыстау 

кезеңдерінде  бҧл  шығармалар  жаңғырылып,  жаңа  кейіпкерлерге  таңылып 

отырады. 

                                                

1

 Валиханов Ч. Собр. соч. в 5-ти т. Алма-Ата, 1961. Т.1. С.218, 251, 358;  Материалы по истории казахских 



ханств ХV-ХVIII веков. Алма-Ата, 1969. С. 195; История Казахской ССР: В 5-ти т. Алма-Ата, 1979. Т.3. С. 

235-256-257; История казахской литературы: В 3-х т. Алма-Ата, 1979. Т.2. С. 25-27. 

2

 Чистов К.В. Аталған еңбек. 



3

 Чистов К.В. Аталған еңбек. 313-б.  




 

398 


Ал,  осы  сюжеттің  генетикалық  арғы  тамырын  іздесек,  ол  алғашқы 

қауымда  қалыптасқан  бір-бірімен  тығыз  байланысы  бар  ҥш  ҽлем  туралы 

тҥсінікпен  сабақтас  болуы  ықтимал

1

.  Бҧл  тҥсінік  кҿптеген  миф,  хикая, 



аңыздарға  негіз  болғаны  белгілі.  Біздің  Асанқайғы  іздейтін  Жерҧйық  та  – 

ойдан  шыққан,  арманнан  туған  қоныс.  Ондай  атауы  бар  мекенді  картадан 

іздеу  –  ҽбестік  болар  еді.  Жерҧйық  –  халықтың  жарқын  қиялынан  пайда 

болған еркін, азат, жанға жайлы жердің образы, «Жерҧйық» деген сҿздің ҿзі 

де, біздіңше, «ел ҧйып, тату-тҽтті ҿмір сҥретін жер» деген ҧғым береді.    

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет