1-тоқсан батырлық жырлар, батырлар жыры



бет13/60
Дата08.03.2022
өлшемі231,27 Kb.
#27231
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   60
ӘНЕТ БИ КІШІКҰЛЫ (кейде Көшек, кейде Күшік деп те аталады) 1626-1723 жылдар аралығында ғұмыр кешкен әйгілі абыз, Әнет баба аталған ара би.
«НЕ АРСЫЗ? НЕ ҒАЙЫП? НЕ ДАУСЫЗ?»
Әнет бабадан бірде Күлтөбеге жиналған ел: - Баба дүниеде не арсыз, не ғайып, не даусыз, не қадірсіз; не тәтті, не күшті, не жаман? - деп жеті сұрақ қойыпты. Сонда баба жеті сауалға үш-үпгген жұптап былай деп жауап беріпті:

Үш арсыз бар. Олар мыналар: ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз.

Үш ғайып бар. Олар мыналар: ажал ғайып, конақ ғайып, несібе ғайып.

Үш даусыз бар. Олар мыналар: мінез даусыз, көрілік даусыз, ажал даусыз.


Үш қадірсіз бар. Олар мыналар: жігіттік қадірсіз, денсаулық қадірсіз, әйел қадірсіз.

"Қадірсіз" дегенде, бұл жерде, Әнет баба, адам баласы жас уағында осы үш асыл нөрсенің қадірін білмейді, ее тоқтата келе өкінеді дегенді айтып отыр.

Үш тәтті бар. Олар мыналар: жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті.

Үш күшті бар. Олар мыналар: ақыл күшті, жүрек күшті, тіл күшті.

Үш жаман бар. Олар мыналар: нақақ қан төгу, кісі малын нақақ алу, ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу. Міне, бұдан сақ болыңдар, - депті.



ТӨЛЕ ӘЛІБЕКҰЛЫ (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Қазыбек, Айтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында "бүтін билікке Төле би жеткен" деген сөз қалған тарихи тұлға. "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет